Методические рекомендации по обобщению передового педагогического опыта в республике казахстан


Әңгіме әдіс ретінде педагог және білім алушылармен тікелей қарым-



Pdf көрінісі
бет28/119
Дата15.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#122466
түріМетодические рекомендации
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   119
Байланысты:
РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ОБОБЩЕНИЮ опыта

Әңгіме әдіс ретінде педагог және білім алушылармен тікелей қарым-
қатынас жасауға мҥмкіндік береді. Әңгімелесу, бақылау сияқты, оқу-
тәрбие ҥдерісі жағдайында ӛткізіледі. Жауаптар ауызша және жазбаша 
тҥрде берілуі 
мүмкін. Әңгімелесу нәтижелері міндетті түрде ұғынуға және 
талдауға жатады. 
Сауалнама - 
идеяларды анықтауға, педагогтың ӛз тәжірибесін түсінуіне, 
әріптестеріне жинақталған тәжірибенің құндылығына кӛмектесетін әдіс. 
Сауалнама әдісі үдеріске қатысушылардың кӛп санын зерттеуге және олар 
туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Қҧжаттаманы зерделеу - 
педагог қызметінің кӛрінісі мен жүйесін 
анықтауға мүмкіндік беретін әдіс. 
Эксперимент 
әдіс ретінде педагогикалық тәжірибені жалпылау мен 
таратудың мақсатқа лайықтылығына кӛз жеткізудің басқа тәсілдері жоқ 
жағдайларда жүргізіледі. Педагогикалық тәжірибені жинақтайтын адамның 
міндеті, осы бағытта жұмыс істейтін, басқа педагогтардың идеяларын алу және 
оларды қолдану үшін ғана емес. Педагог ӛзінің білім беру ұйымының, 
сыныптың ерекшеліктерін ескере отырып, ӛзіндік тәжірибе жасауы, тәжірибені 
жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуі, яғни педагогикалық тәжірибені 
басқаруы қажет. 
Нақты материалды ӛңдеу 
идеяларды, фактілерді, кӛрсеткіштерді 
талдау, жинақтау, белгілі бір ӛзара байланысты орнату арқылы жүзеге 
асырылады. 
Сонымен қатар педагогикалық тәжірибені тарату әдістерінің жіктелуі 
қолданылады: 


60 
- ауызша әдістер (әдістемелік кеңестерде, әдістемелік бірлестіктің немесе 
кафедраның отырыстарында баяндамалар жасау, семинарларда, ғылыми- 
практикалық конференцияларда сӛз сӛйлеу және т. б.); 
- кӛрнекі әдістер (педагогикалық экспозициялар, презентациялар
біліктілікті арттыру курстарында түсінік беру және т. б.); 
- жазбаша әдістер (мақалаларды жариялау, сұхбат, әдістемелік құралдар, 
ұсыныстар, 
оқу-әдістемелік 
кешендер 
және 
т.б.). 
(http://ogk.edu.ru/sites/all/files/metodicheskie_rekomendacii_po_oboshcheniyu_peda
gogicheskogo_opyta
.pdf ) 
Педагогикалық тәжірибені тарату тәжірибесінде келесі әдістер 
қолданылады: 
1. Баддинг 
2. Борт журналы 
3. Денотатты бағандар 
4. Педагогикалық тәжірибе сипаттамасы
5. Панорама - кӛрінісі 
6. Әңгіме 
Оларды толығырақ ұсынамыз. 
Баддинг 
(ағылш. – budding, buddy system. Buddy-дос) - педагогтарға 
ақпарат беруге, кері байланыс орнатуға негізделген оқыту әдісі, ол мақсатқа 
жетуде және таратылатын педагогикалық тәжірибе бойынша кәсіби 
дағдыларды алуда қолдауды білдіреді. Бұл әдіс әріптесі - педагог тек 
педагогикалық тәжірибе туралы ақпаратты оқып қана қоймай, сонымен қатар ӛз 
тәжірибесін тарататын педагогты бақылау барысында ӛзі оқып, тәжірибе 
идеяларын есіне алады және ӛзін-ӛзі бақылауды жүзеге асырады. 
Борттық журнал
– сұрақтарға жауап беруді қарастыратын 
педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі: осы тақырып бойынша маған не мәлім? 
мен не білдім? Педагогтің ӛз жауаптары борт журналында тіркеледі,онда сол 
жақ бӛлігінде бірінші сұраққа жауаптар, ал оң жақ бӛлігінде екінші сұраққа 
жауаптар болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет