Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому



бет12/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
ТҚАБ балаларға арналған білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Кедергісіз кеңістік

ТҚАБ бала білім беру ұйымының аумағына кіру үшін ғимаратқа кіреберісте пандус орнату қажет. Пандус бала арбасына өздігінен онымен көтерілуге және түсе алатындай барынша жайпақ болуы керек (10-12°). Пандустың ені 90 см.-ден кем емес болуы керек. Пандустың қажетті атрибуттары, ұзындықтары әрбір жағынан пандустың ұзындығынан 30 см.-ге артық болатын тұтқалары (биіктігі 50-90 см) және қоршап тұратын бортик (биіктігі - 5 см кем емес) болып табылады.

Егер ғимараттың сәулеті дұрыс пандус (мысалы, тар баспалдақ) салуға мүмкіндік бермесе, онда қайырмалы пандус жасауға болады, бұл жағдайда сырттан көмек қажет.

Ғимараттың есіктері пандусқа қарама-қарсы жаққа ашылуы тиіс, әйтпесе бала арбасымен төмен сырғанап кетуі мүмкін.

Қозғалыс патологиясы бар нашар жүретін білім алушылар ғимарат бойынша олардан ұстап жүру үшін барлық периметрі бойынша дәліздер бойымен тұтқалар жасау қажет. Есіктердің ені 80-85 см.-ден кем болмауы керек, әйтпесе бала арбасымен олардан өте алмайды.

Бала арбасымен жоғарғы қабаттарға көтеріле алуы үшін, ғимаратта баспалдақтарда көтергіштер алдын ала қарастырылуы керек [11].

Дем алу, сабақ оқу және т.б. үшін әр аймақта белгілі бір объектілер мен заттардың орналасқан орындарын бекіте отырып, кеңістікті аймақтарға бөлу қолайлы болып табылады. Аймақтарға бөлу әдісі кеңістікті танымал етеді, демек, ТҚАБ бала үшін қауіпсіз және ыңғайлы, оның кеңістікте табысты бағдарлануын қамтамасыз етеді, ұсынылатын нысандағы өзара іс-қимылға бейімдейді, өз белсенділігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады.

Бұл арада келесі шарттар сақталуы тиіс:

– осы ұйымда білім алушы қозғалыс патологиясы бар балалардың қажеттіліктерін ескере отырып санитарлық-тұрмыстық (жабдықталға киім ілгіш, санитарлық торап, орындық, жеке гигиена және т. б. болуы);

– осы ұйымның ТҚАБ баланың нақты қажеттіліктерін ескере отырып әлеуметтік-тұрмыстық (ұйымның жабдықталған кеңістігі, баланың жұмыс орнының және т. б. болуы);

– арнайы жабдықталған медициналық кабинет;

– емдік дене шынықтыруға арналған арнайы жабдықталған зал.



Қажетті арнайы құрал-жабдықтар

– жүріп-тұру құралдары: мүгедектер арбасының әр түрлі нұсқалары (бөлмелік, серуендік, функционалдық, спорттық), қайта отырғызу үшін көтергіштер, шағын автобус, басушылар мен ағашақтар (бөлмелік және серуендік), балдақ, шаяндар, таяқтар, велосипедтер; арнайы тұтқалар, пандустар, тротуарларға шығатын жерлер және т. б. Көптеген көп функционалды кресло-арбаларды балалар көп уақытын өткізе алады. Оларда тамақ ішуге және сабақ оқуға арналған үстел, алмалы-салмалы кеме, кітаптар үшін бөлімшесі, тағаммен термосты сақтауға арналған арнайы орын бар;

– өзіне-өзі қызмет көрсетуін жеңілдететін құралдар (ыдыс-аяқтар мен асханалық аспаптар, киіну және шешіну, есікті ашу және жабу, өз бетінше оқулары, телефонды пайдалану үшін құрал-жабдықтар; электр құралдарын қосатын ерекше, тұрмыстық аспаптарды қашықтықтан басқару құралдары);

– баланың қажеттілігіне сай жиһаз;

– балаларды жатқызып оқытуға арналған сыналы тіреуіштері бар медициналық кушеткалар;

– балаларды тұрғызып оқытуға арналған көлбеу үстелдер [11].


Қосымша дидактикалық материалдар

ТҚАБ балалардың ерекше білім алудағы қажеттіліктері кейде ауызша емес байланыс құралдарын қолдануды талап етеді. Балама (ауызша емес) қарым-қатынас құралдары болып табылатындар: арнайы таңдап алынған заттар; графикалық/баспа суреттер (фотосуреттер, суреттер, пиктограммалар және т. б. тақырыптық жиынтықтары, сондай-ақ жеке коммуникативтік альбомдардан жасалғандар); электрондық құралдар (бейне жазба құрылғылары, электронды коммуникаторлар, сөйлеу тренажерлер), тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілген және қосалқы құрал-жабдықтармен планшетті немесе дербес компьютер және т. б.).

Әр бала үшін жеке ортопедиялық режимді сақтау міндетті шарт болып табылады. Дәрігер- -ортопедтің, ЕДШ инструкторының ұсынымдарына сәйкес қозғалысты жүзеге асыру мүмкіндігі мен баланың кеңістіктегі барынша қолайлы жәйін қамтамасыз ететін сауықтыру техникалық құралдарын пайдалана отырып, баланы отырғызу және қозғалты ережесі, тыйым салу позициясы – рефлексі анықталады (патологиялық рефлекстердің белсенділігінің төмендеу және бұлшық ет тонусын қалыпқа келтіру үшін балаға үлкендер мән берілетін дене тұрысы).

Баланың ұзақ уақыт бойы басы төмен қарай салбырап, арқасы мен аяғы бүгулі отыр мауын қадағалап отыру керек. Бұл тұрақты патологиялық қалыпқа алып келеді, тізе мен жамбас буындарының бүгілунің дамуна қарсы ықпал етеді. Мұны болдырмау үшін баланы орындыққа басы мен арқасын түзулеп, аяғы созыңқы, табаны тіреке тіреп лтырғызу керек.

Ортопедиялық режимді сақтау қимыл-қозғалыстың бұзылуына ықпал ететін теріс тұстарын жоюға мүмкіндік береді, осылайша баланың қозғалыс мәртебесін тұрақтандыруға оң әсер етеді.

ТҚАБ балаларды оқыту келесі: қозғалыс ақауын шамадан келгенше медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқулар терапиясы, соматикалық ауруларды купелеп бөлу бағыттарында жүргізілетін емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылуы тиіс. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі жас ерекшеліктер бойынша өзгерістерді ескере отырып емдеу-сауықтыру режимін (күн тәртібін ұйымдастыру, ортопедиялық аяқ киім кию режимі, қызмет түрлерін ауыстыру, физикалық үзілістерді өткізу және т.б.) жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды жүйелі түрде сұрастырып отыруы қажет.

Қозғалысында ақау бар балаларға өзін-өзі қамтамасыз ету, гигиена, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар беру дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру маңызды шарт болып табылады. Өзіндік ұстау дағдыларын қалыптастыру және тұрмыстық бағдар қалыптастыру кезінде церебральды сал ауруымен ауыратын балаларда жалпы моториканың бірқатар ақауларынан қолдың, саусақтардың функционалдық қозғалыстарының, сөйлеудің, танымдық белсенділігінің, соның ішінде кеңістіктік көріністердің болмауын ескеру қажет.

ТҚАБ балалармен жұмыс істеудің міндетті шарты сөйлеу бұзылуларын түзету үшін логопедтік көмек ұйымдастыру болып табылады. Сөйлеуінде әртүрлі ауытқулары бар балалармен логопедтік жұмыс істеу балалардың сөйлеу қабілетін түзетуге және кейде қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Логопед оқытуларының негізгі бағыттары сөйлеуді дамыту және оның бұзылуын түзету болып табылады.

Дыбысты қалыптастыру жұмысы ең ауқымды специфика болып табылады. Церебральды сал ауруындағы бұл жұмыстың ерекшелігі артикуляторлық аппараттың зақымдануының ауырлығы мен сипатына байланысты талаптарды орындау болып табылады [11].

Сөйлеудің айқындығын қалыптастыру кезінде пассивті және белсенді артикуляциялық гимнастика, тыныс алу гимнастикасы және дауыстық жаттығулар жасалуы керек. Бұл жаттығулардың кешендері балалардың қозғалыс әрекеті мен сөйлеу қабілеттеріне байланысты жеке таңдалады.

Логопедиялық жұмыстың ерекшелігі - ортопедиялық режимді қатаң ұстану. Логопед баланың тұлғасын, аяқ-қолдың дұрыс орналасуын үнемі бақылап отыруы керек. Қажетсіз патологиялық реакциялар болған жағдайда, логопед пассивті - активті әдіс арқылы оларды жеңуге көмектеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет