Аутистикалық спектр бұзылыстары бар балалар үшін білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Аутистикалық спектр бұзылыстары бар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен ерекше білім беру қажеттіліктері
Аутистикалық спектр бұзылыстары – бұл мінез-құлық сипаттамаларының үлкен әртүрлілігімен байланысты бұзылулар, олар ең төменнен бастап айқын көрінетін әртүрлі формаларда байқалуы мүмкін. Бала өзін ақыл-ой кемістігі бар және жоғары интеллектуалды, қандай да бір салада парциалдық дарынды, бірақ бұл ретте қарапайым тұрмыстық және әлеуметтік дағдылары жоқ етіп көрсетуі мүмкін; бір және сол бала бір жағдайларда ебедейсіз болып көрінсе, ал басқа жағдайларда таңқаларлық ептілік көрсетеді.
Әлеуметтік өзара әрекеттесу саласындағы ерекшеліктер:
жақын адамдармен байланысының бұзылуы;
«көзбе көз» көру арқылы байланыстан қашады немесе ұзақ емес, құбылмалы көзқарас, «басқа жаққа» қарау, «өтіп кетіп» қарау;
ересек адамның сөзіне жауап берген кезде күлімдемеу;
балалармен сайма-сай байланыстың болмауы: басқа балаларды елемейді, достасуға, қарым-қатынас жасауға мүлдем тырыспайды;
құрбылыстарымен ойнамайды/ойынды қолдмамайды;
қоғамда өзін-өзі ұстау нормалары мен қағидаларын түсінбейді;
эмоцияларының диапазоны тар, сайма-сай емес көріністер көрсетуі ықтимал (орынсыз күледі немесе айқайлайды);
бет әлпетін, ымдар мен жалпыға танымал сигналдарды «оқи алмайды»;
басқалар өздерін қалай сезінетінін және өз эмоцияларын қалай білдіретінін нашар түсінеді;
оқиғалар мен адамдар арасындағы байланысты меңгерудегі қиындықтар;
басқа адамдардың (және өзінің) болжамдары мен жоспарларын түсінуге қабілетсіздігі;
өзінің есіміне бұрылып қарамайды немесе естімегендей болып көрінеді;
онымен кім сөйлесіп тұрғанын байқамайтындай көрінеді;
кейбір балаларда сөйлеу тілі дамуының кеш қалғаны немесе сөйлеу тілінің жақсы дамығаны байқалады, бірақ әрқашан коммуникативті функциялары бұзылғаны білінеді: ол басқалардың не айтып жатқанын естіместен, өзінің қызығушылықтары туралы ғана әңгімелейді;
үлкен сөздік қоры, «ересектер» кеңінен қолданатын сөз орамы бар сөйлеу тілі жақсы дамыған жағдайда ‒ дағдылы, мәнерлеп, «фонографиялық» сипатқа ие болады. Әңгімелесушіні тыңдау білмейді, үнемі оның сөзін бөледі, әңгімеге қосыла алмайды және кезек сақтай алмайды, ақпаратты жеткізе алмайды, өзінің өзіндік, әдетте, бір және сол тақырыпты алға тарта береді;
эхолалиялар тән (естіген сөздерін немесе сөз орамдарын тез арада немесе кешеуілдетіп қайталай беру);
сөйлеу тілінде жеке есімдіктерді дұрыс пайдалана білмеу;
тақуалықпен сөйлеу: тым сөзбе-сөз, түсіну деңгейінің төмендігін немесе метафораларды, идиомаларды және әзілдерді түсіне алмайтындығын көрсетеді;
коммуникациялық құралдар жиынтығы шектеулі, бұл ретте оларды жағдайға барабар пайдалана алмайды;
ымдарды, дауыс ырғағын, қарым-қатынас жасау үшін дұрыс мимиканы имитациялау немесе пайдалану кезінде жиі қиындықтарға кезігеді («аффективті блокада»);
мимика мен ымды, дауыс пен дауыс ырғағының қаттылығын танып білудегі қиындықтар;
өрістетіп айту және диалог құру кезіндегі қиындықтар;
көмек сұрауға қиналады;
басқалармен қарым-қатынас кезінде қызығушылық танытпайды немесе жанындағы ңгімелесушінің қызығушылықтарын ескермейді;
функциялық және рөлдік ойынды имитацияламайды немесе көрсетпейді;
Мінез-құлық ерекшеліктері:
қолы тиіп кеткен, құшақтаған кезде ұнатпайды немесе ширығып қалады;
стереотипті (қайталанатын) қозғалыстар: саусақтарымен тарсылдатады, қолын сіліклейді, теңселеді және т.с.с.;
кейбір дыбыстық қоздырғыштарға өте сезімтал; кейбір дыбыстық қоздырғыштарға ден қоймайды;
стереотипті және қайталана беретін сөйлеу тілі немесе идиосинкразиялық сөйлеу мәнері;
қандай да бір заттарға асыра назар аудару; қалыпты тәртіпті ұстануға негізсіз табандылық көрсетеді және оны өзгертуге қарсылық білдіреді;
көптеген қорқыныштарды сезінеді: әртүрлі тұрмыстық шудан, газет сыбдырынан, масаның ызыңынан қорқу, тактильді гиперестезиямен байланысты қорқулар және т.б.), бірақ шынайы қауіптен қорықпайды;
барабар емес, сандыраққа ұқсас қорқынышты сезінеді, оларды сандыраққа алғышарт ретінде бағалауға болады;
өзгерістер алдындағы қарсылық және қорқыныш, барлық жаңадан қорқу (неофобия) [11];
Достарыңызбен бөлісу: |