Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому



бет29/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Қорытынды
Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құжаттар адам құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық актілерде бекітілген, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамытудың әлемдік үрдістерін толық көрсетеді, олардың арасында Барлығына арналған білім беру туралы Джомтьен декларациясы (1990 ж., Таиланд) да бар, онда білім беруге қолжетімділікке жалпыға ортақ сипат беру және теңдікті қамтамасыз етуге ықпал ету қажеттілігі атап көрсетіледі. Мектепте жалпы білім беру жүйесінде оқыту барлық мүгедектердің қажеттіліктерін қанағаттандырмаған жағдайда ғана арнайы оқытуды қарастыруға болады. Ол оқушыларды жалпы мектепте білім беру жүйесінде оқытуға дайындауға бағытталуы тиіс. Мұндай оқыту сапасы жалпы білім беру жүйесіндегі білім беру сияқты стандарттар мен мақсаттарға жауап беруі тиіс және өзара тығыз байланысты болу керек.

Саламанкск декларациясында инклюзивті мектептің негізгі принипі бекітілген – барлық балалар барлық жағдайларда, егер ол мүмкін болса, ешқандай қиындықтар мен олардың арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, бірге оқуға тиіс. Инклюзивті мектептер білім беру процесін оқытудың әртүрлі түрлері мен қарқыны принциптеріне сәйкес келтіру жолымен өз оқушыларының әртүрлі қажеттіліктерін мойындауға және ескеруге тиіс.

Білікті білім беру практикалық нәтижелерге, жеке қызмет тәжірибесіне, қарым-қатынастар құруға бағытталған, бұл білім беруді ұйымдастырудағы принципиалдық өзгерістерге байланысты болады, ол білім алушылардың нақты құндылықтары мен өмірлік қажетті дағдыларын қалыптастыруға бағытталады. Осының аясында білім беру процесінің бір бөлігі ретінде оқушылардың оқудағы жетістіктерінің нәтижелерін бағалауға деген көзқарас та өзгереді. Бағалау оң принциптерге негізделуі тиіс, бұл ең алдымен, оқушының сәтсіздіктерінің дәрежесін емес, оның жетістіктерінің деңгейін есепке алуды болжайды.

Ерекше қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу әрекетінің нәтижелері мектепте білім берудің барлық кезеңдерінде біліммен, білікпен және дағдылармен шектелмеу керек, тұлғаның біліміне, тәжірибесіне және құндылықтарына негізделген жалпы қабілет ретінде біліктілікті қалыптастыру оқытудың мақсатына айналуы тиіс. Инклюзивті ортада өлшемшарттық бағалау принциптерін іске асыру ерекше қажеттіліктері бар білім алушының жан-жақты болуына, оның танымдық белсенділігі деңгейін, оқудағы талпынысын арттыруға, эмоционалдық тұрақтылығын және өз мүмкіндіктеріне сенімділігін сақтауға ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет