Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому


Оралман балалар, саны аз ұлттар, соның ішінде мигранттар,босқындар отбасыларынан шыққан балалардың оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер



бет23/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
2. Оралман балалар, саны аз ұлттар, соның ішінде мигранттар,босқындар отбасыларынан шыққан балалардың оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
Қазақстан халықаралық және ұлттық заңнама нормаларына сәйкес барлық балаларға білім алу құқығына кепілдік береді.

Соңғы жылдары республикада әртүрлі балалар топтары үшін білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда: Қазақстан Республикасында «2016-2019 жж. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан балалары», «Балапан» тағы басқалары.

Білім алу құқығын қамтамасыз ету оралман-балалардың, аз ұлттар отбасылары балаларының, соның ішінде мигранттар мен босқындардың арасындағы айырмашылықсыз жүзеге асырылуға тиіс.

Босқындардың отбасыларының және қазіргі қоғамдағы ел ішіндегі қоныс аударатын адамдардың проблемаларының маңыздылығы адамның жеке-қоршаған орта жүйесіндегі өмірінің әртүрлі аспектілерінде өзекті болып табылады.

Мәжбүрлі көші-қон адамның әлеуметтік бейімделуін айтарлықтай бұзады: бір табиғи және әлеуметтік ортасынан, ол басқасына ауысады, көптеген табиғи-антропологиялық байланыстарды қинала үзіп , жасанды түрде жаңа жерлерде осындай байланыстар жасайды. Соның салдарынан босқын балалар көбінесе олардың ата-аналары мен жақындарының өліміне куә болудан психикалық соққы алады. Психологтар дәлелдегендей, травматикалық оқиғалар есінде сақталып қалған баланың психикасында терең із қалады. Психологиялық шокты бастан кешірген барлық балалар оның салдарынан зардап шегеді. Көптеген физикалық және психикалық бұзылулардан басқа, оларда таным процесі мен қоғамдағы мінез-құлық процесінде бұзылушылықтар байқалады. Бұзушылықтардың ауырлығы мен олардың көріністері, әдетте, зорлық-зомбылықтың дәрежесіне, балаға келтірген дене жарақаттарының болуы немесе болмауы, сондай-ақ отбасын қолдаудың жоғалуы немесе сақталуымен байланысты.

Балалар ересек адамдарға қарағанда ең алданғыш және көнбіс болғандықтан көбінесе әртүрлі жағдайларда құрбан болып қалады. Олар отбасылық немесе мектепте, көшеде зорлық-зомбылық құрбандары болуы мүмкін [14].

Зорлық-зомбылықты бастан кешірген балалармен жұмыс жасаудың ортақ мақсаты – травматикалық ауырлықтарды азайту және жою, кемсітушілік сезімін, кінәлі және ұят сезімдерін жеңу болып табылады. Баламен жұмыс істеу кезінде қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас жасауда, оның жеке дамуына қолдау көрсету маңызды.

Қиын жағдайға тап болған балалардың проблемаларының бірі, әлеуметтік жағдайдың төмендігі, мобильдік шектеу, құрдастарымен және үлкендермен байланыстың аздығы, табиғат және мәдени құндылықтармен байланысы шектеулі болуы т.б. болып табылады. Мектеп қызметінің шектеулері көптеген оқушылардың тәрбие түріне негативті көзқарасын туғызады, оған жеке тұлға ретінде өзін көрсетуге мүмкіндік бермейді. Бала өміріндегі қиын жағдайлардың пайда болуына ең үздік және ең нашар оқушылар арасындағы үлкен айырмашылықты көрсететін білімнің қанағаттанарлықсыз деңгейі себеп болуы мүмкін. Бұл баланың жеке басына өзіндік баға беруіне тығыз байланысты. Осыдан кейін балаларда мектептегі әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімделе алмауынан түрлі бағыттағы проблемалары туындайды. Бұл проблемалар баланы қиын жағдайға әкелуі мүмкін [15].

В.А. Никитин зерттеу барысында социализацияны «адамның әлеуметтік қарым-қатынасқа ену процесі мен нәтижесі» деп сипаттайды [16].

Әлеуметтендіру - бұл адамның өмір бойы жүретін процесс екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан әлеуметтендірудің негізгі мақсаттарының бірі - ол қоғамның қалыптасуының негізі болып табылатын адамның әлеуметтік өмірге бейімделуі болып табылады. Қазіргі кезде баланың әлеуметтік төмен деңгейге әкелетін қиын жағдайларға мыналар жатады: қайыр сұрау, қараусыздық, әр түрлі девиантты мінез-құлықтар, сондай-ақ ауру мен мүгедектік.

Мұндай балаларды әлеуметтік жағдайға бейімдеудегі мәселелердің барлығы дерлік әлеуметтік мәселелер: әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіз формалары: денсаулық сақтаудың, білім, мәдениет, тұрмыстық қызметтің қолжетімсіздігі.т.б.

Бұл кешенді мәселелер балалар үшін тең мүмкіндіктер құруға бағытталған бүкіл қоғам мен мемлекеттің күшімен шешіледі.

Балалар құқықтары декларациясы «физикалық, ақыл-ой немесе әлеуметтік жағдайы төмен балалар арнайы күтіммен, біліммен және қамқорлықпен қамтамсыз етілуі тиіс» делінген [17].

Мемлекеттік деңгейде өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалар үнемі қабылданып, жүзеге асырылуына қарамастан, өмірдің қиындығына тап болған балаларға мемлекет күшімен ғана көмек көрсету жеткіліксіз екенін көрсетті. Мұндай балалардың дамуына және өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау бойынша міндеттердің алуантүрлілігі, күрделілігі мен масштабы осы жұмыста осындай балаларға жақын адамдарға қатысуды талап етеді.

Әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болған Қазақстан Республикасы кез келген өркениетті мемлекет сияқты, мемлекеттің саясатына, басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға және тарихи отанына оралғандарға қолдау көрсетуді енгізді.

Сондықтан Қазақстан Республикасының даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жан-жақты қолдау көрсету болып табылады. Сондай-ақ, адамның әлеуметтік бейімделуі елеулі түрде бұзылып жатқаны белгілі: бір табиғи және әлеуметтік ортадан ол басқасына ауысады, көптеген табиғи-антропологиялық байланыстарды үзіп, жасанды түрде жаңа жерлермен байланыстар жасайды. Мұндай жағдайларда көші-қон мәселелерін бірінші болып сезінетіндер, әрине, балалар.

Қиындықтар мына жағдайлармен байланысты болуы мүмкін:


  • тұрғылықты жерін мәжбүрлі түрде өзгерту салдарынан(балалардың ересектерге тәуелді болуына байланысты әрқашан мәжбүрлі мигранттар болып табылатын) психологиялық стресстерге ұшырауы және әдеттегі мәдени, коммуникативтік, отбасылық, табиғи-аумақтық және басқа байланыстардың құрылымын бұзуы;

  • жаңа ортада өмір сүрудің қиындықтарымен, сондай-ақ жиі шеттететін, алаңдаушылық және психикалық шиеленіс, агрессивтілік және қақтығыс туындайтын орта салдарынан;

  • білім беру процесіне ену қиындықтары (қазақ (орыс) тілін білмеуі;

  • әлеуметтік жанжалдардың өсу қаупі (әлеуметтік төмендігіне байланысты қақтығыстар).

Мұның бәрі болашақта елеулі түрлі жағдайларға ұрындыруы мүмкін, мысалы, мінез-құлықта әлеуметтік тәжірибенің жоқтығы мен педагогикалық қолдаудың болмауы аурудың, психикалық бұзылулардың өсуіне, сабақтан қашуға және девиантты және суицидтік мінез-құлықты қалыптастыруға әкелуі мүмкін. (толығырақ келесі тарауда).

Оралмандармен жұмыс жасау кезінде арнайы педагогикалық тәсілдерді талап ететін мәселелер:



  • баланың үнемі психикалық стресстері (жанжал, апатия, шаршаудың жоғарылауы).

  • қабылдамау және бас тарту сезімі (бала психикалық зорлық-зомбылықты, қысым көрсетуді сезінуі мүмкін);

  • өзін-өзі тануын, құндылықтарын, сезімдерін жоғалтады;

  • мәдени айырмашылықтардан туындайтын әртүрлі эмоцияларға (таңданыс, жеккөрушілік, наразылық, реніш) негізделген тұрақты мазасыздықты сезіну;

  • әлсіздікті, толыққанды еместікті сезінеді.

Жоғарыда айтылғандардан оралмандарға әлеуметтік-психологиялық бейімделу үшін олардың коммуникативтік және білім беру қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталған арнайы психологиялық-педагогикалық бағдарламалар қажет.

Коммуникативті құзыреттілікті жоғарылату конфликтілерді шешу дағдыларын (ішкі және сыртқы) алуды, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруды қамтиды, содан кейін нақты өмір жағдайында қолдануға бағыттайды.

Оралман баласының білім алу қажеттіліктері ережелердің бес түрлі бағытымен байланысты: тіл, базалық білімдер, эмоционалдық жағдай, әлеуметтік дағдылар, мәдени нормалар. Бұл білім беру қажеттіліктері, бірінші кезекте, мемлекеттік тілді үйренуді ұйымдастыруды қажет ететін тілдік мәселелермен байланысты. Сонымен қатар, кез-келген сабақта тілдік мәселелерді ескеру қажет және оқушыға білім алуға көмектесетін бірқатар әдістерді қолдануға болады. Атап айтқанда, балаға әдістерді таңдау (ауызша немесе жазбаша жауап нысаны, графикалық немесе сурет) және тапсырманың қарқыны, жұмыс уақытын арттыру, графикалық схемаларды, қысқа нұсқаулықтарды, пиктограммалар түріндегі алгоритмдерді қолдану мүмкіндігі беріледі.

Оралман балаларды тілге оқыту мәселелері, оның ішінде ерекшеліктер, мәні, халықаралық тәжірибе, еліміздегі жағдайды талдау, жалпы білім беретін мектептегі оқу процесінде оралман балаларды тілдерге оқыту бойынша педагогтер мен басшыларға арналған ұсынымдар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА 2017 жылы әзірлеген «Оралман балаларды тілдерге оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар» құралында толық және кеңінен қарастырылған (Академия сайты: www.nao.kz).

Тілдік мәселелер білім бағдарламаларының мазмұнын игерудегі табыстармен бейнеленеді, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынаста, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың тиімділігі, білім беру бағдарламасының мазмұнын игеру табыста, және әлеуметтік қарым-қатынаста (құрбыларымен, ересектермен) , коммуникативтік құзыреттілікті тиімді қалыптастырудан көрінеді. Өз кезегінде коммуникативтік біліктіліктің жеткіліксіздігі топтағы қарым-қатынас сипатын, конфликтілерді шешуге дайындығын/дайын еместігін, анықтайды. Мұндай мәселелерді шешуде ересек адам модератор рөлін алуға болады. Модератор қайшы тараптардың соқтығысуның себептерін, мәдени және әлеуметтік нормалардың сәйкес келмеуін түсіндіреді және келісім жолдарын таңдауда көмектеседі. Модератор үшін мәдениетаралық контекстер жағдайға қаншалықты әсер ететіні, мәдени немесе әлеуметтік айырмашылықтардан туындаған жоқпа, осылар өте маңызды. Модератор міндеті, сондықтан барлық тараптар үшін жағдайды түсіндіру [18].

Оқушылардың жеке дамуына көмектесу үшін педагог жасөспірім жаңа топтағы қарым-қатынас қиындықтарына байланысты мәселелерді шешуге жауапкершілік алады. Осы мақсатта жасөспірімдермен келесі мәселелерді талқылауға болады:



  • Қандай әдістер балаға қиын жағдайдан шығуға көмектесті (жаңа қалада өз орнын тауып, жаңа жағдайға шыдауға т.б.)?

  • Сыныптағы басқа балада қандай қиын жағдайдан шығудың қандай тәсілдері бар?

  • Ол «әдістен» өзіне не алады?

  • Оған көмектесуге кім дайын?

Білім беру ұйымының осындай диалогтарын «мектепке арналған татуластыру қызметі», сондай-ақ төзімділікті қалыптастыру және этносаралық және діни экстремизмнің алдын алу бойынша әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға болады. Мұндай бағдарламалар білім беру ұйымының негізгі білім беру бағдарламасы мен әдістемелік жұмыс бағдарламалары аясында жоспарлануы тиіс.

Әзірленген бағдарламалардың негізгі стратегиялық мақсаттары:



  • оралмандардың білім беру мекемесінің әлеуметтік-мәдени ортасына толығымен қосылуы,

  • ралмандарды білім беру мекемесінің әлеуметтік-мәдени ортасына бейімдеу (оның енгізілуін қамтамасыз ету);

  • оқу орнында оң мәдениетаралық қарым-қатынас жасау үшін жағдай жасау,

  • оралман-оқушылардың білім беру мекемесін дамытуға оң әсерін көрсету.

Мұндай бағдарламаларды іске асырудың ең тиімді түрі – тренинг; ұжымдық қызметке бағдарланған балалар және жасөспірімдер бірлестіктерде құндылық бағдарларын қалыптастыру табысты жүріп жатыр.

Білім берудің маңызды технологияларының бірі - білім беру жобасының және әлеуметтік жобаның технологиясы, ол балаға және жасөспірімдерге бірлескен қызметтің қажетті когнитивтік және әлеуметтік тәжірибесін береді.

Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-ағартушылық әдебиеттерде мәдениетаралық қарым-қатынас саласында түрлі тренингтерге арналған нұсқалар ұсынылған:

• жеке тұлғаның өз мәдениетін білетін өзін-өзі ақпараттандыру бойынша оқыту;

• когнитивті тренинг, онда қатысушылар басқа мәдениеттер туралы ақпарат алады;

• қатысушыларға басқа мәдениет тұрғысынан серіктестердің жағдайлары мен әрекеттерінің себептерін түсіндіруге үйрететін атрибуция тренингі;

• басқа мәдениетте өмір сүру немесе өз өкілдерімен қарым-қатынас жасау үшін қажетті практикалық дағдыларды үйретуге бағытталған мінез-құлық тренингі;

• нақты мәдениетаралық қарым-қатынастарды талдау, сондай-ақ туындаған мәселерді талқылау [14].

Баланы қолдаудағы жеке педагогикалық жұмыстарда бағыттардың мазмұны, сондай-ақ психологиялық қолдау бағыттары мінез-құлық ерекшеліктері, оқушылардың эмоционалдық көріністерінің ерекшеліктері арқылы анықталады, олар туралы объективті бақылау және терең диагностика негізінде қалыптасады. Іс-әрекеттердің бірыңғай стратегиясы мұғалімдер, педагогтар, психологтар, әлеуметтік педагогтар жүргізетін дамушы (түзету) сыныптардың жеке және топтық формаларын, оқушылармен және ата-аналармен кеңес беру кездесулерін қамтиды.

Оралмандардың балаларының психологиялық және әлеуметтік-мәдени бейімделуін қамтамасыз ету мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:

1. оралмандарды оқыту мен әлеуметтік-психологиялық бейімдеудегі қиындықтарды анықтау, диагностикалау және бағалау;

2. Оралмандарды интеграциялау мәселелері бойынша психологиялық, медициналық және педагогикалық кеңестер өткізу және осы балалар мен олардың отбасыларын психологиялық-педагогикалық қолдаудың бірыңғай стратегиясын әзірлеу;

3. Консультациялардың шешімдерін орындау.

Жалпы білім беру мекемелерінде жеке қолдаудың негізгі кезеңдері:

Баланың дамуындағы бірінші кезең - бұл бала туралы ақпарат жинағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет