Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому



бет24/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Екінші кезең - алынған ақпаратты талдау.

Үшінші кезең балаға, мұғалімге, ата-ана үшін ұсыныстарды бірлесіп әзірлеу болып табылады: әрбір «проблемалы» оқушыға кешенді көмек көрсету жоспарын жасау.

Төртінші кезең - балалардың проблемаларын шешу жолдары мен тәсілдері бойынша кеңес беру.

Бесінші кезең - бұл мәселелерді шешу, яғни, әрқайсысының ұсыныстарын орындау.

Алтыншы кезең - барлық қатысушылардың ұсынымдарын талдау не (сәтті болды? не сәтті болмады? неге?)

Жетінші кезең - баланың дамуына қосымша талдау жасау (Бұдан әрі не істейміз?).

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «Психологиялық-педагогикалық консилиум туралы ережелері» негізінде мұндай жұмыстарды білім беру мекемелерінің психологиялық-педагогикалық кеңесі аясында жүргізу ұсынылады [19].

Жоғарыда көрсетілген сатылар шартты болып табылады, өйткені әрбір баланың өз проблемасы бар және оның шешімі жеке көзқарасты талап етеді.

Оралман баласын әлеуметтендіру бойынша қабылданған шаралардың табыстылығын сипаттайтын барлық педагогикалық іс-әрекеттердің нәтижесі:



  • жеке немесе мәдени сәйкестік сезімі;

  • жақсы психологиялық және физикалық денсаулық (өзін сезінуі);

  • психологиялық қанағаттану мен оңтайлы өзін-өзі бағалау.


3. Қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар, сонымен қоса жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтік-экономикалық және/немесе әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалардың оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
Білім беру – адамның ажырамас құқығы. Дәстүрлі түсінетін болсақ, білім беру жүйесі оның белгілі талаптарына жауап беретіндерді, яғни стандартты мүмкіндіктері бар, барлығына бірдей бағдарламалар бойынша оқуға және барлығы үшін қалыпты үлгерім нәтижелерін көрсетуге қабілетті балаларды толыққанды оқытады. Бірақ соңғы бірнеше онжылдықтағы қоғамдық жағдай білім беру мекемелерінің алдына тағы бір проблеманы ұсынып отыр, ол білім алушылардың психикалық дамуы мен оқыту жүйесінің ара қатынасы түрінде көрсетілген. Бұл мәселенің шешімі 2 мәселеде:

1) оқу процесін баланың психикалық дамуына қолайлы әсер ету мақсатында ұйымдастыру,

2) оқу материалын кедергісіз қабылдау үшін баланың психикалық дамуын ынталандыру мақсатында бейімделген педагогикалық тәсілдерді ұйымдастыру.

Барлық балалардың білімге бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті білім беру жүйесі, осы мәселелер төңірегінде көптеген міндеттерді шешуге, оның ішінде әртүрлі бұзылулары бар не болмаса балалардың тәрбиесіне, мектепте және әлеуметтік бейімделуіне кедергі келтіретін сол немесе өзге жағымсыз қолайсыздықтағы балаларды оқыту мәселелерінде бейімделетін педагогикалық бағдарламаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Десек те, бұл бұзылулардың көлемі шекті жағдайлардан бастап психикалық бұзылулардың ауыр формаларына дейін қоса алғанда, жеткілікті дәрежеде кеңейген, шартты түрде оларды «оқытудағы бейімсіздену триадасы» деп аталатын топқа жатқызуға болады:



  • білім алуға төмен мотивация;

  • төмен коммуникациялық дағдылар;

  • мектеп ережелерін қабылдамаушылық.

Бұл саладағы психологтардың зерттеулері ерекше білім беретін тәсілдерін талап ететін, әдетте «әлеуметтік бейімделуі қиын балалар» деген бір терминмен анықталатын балалардың мынадай санаттарын анықтауға мүмкіндік береді [20]:

1. Мінез-құлқында анық виктимділігі бар балалар. Бұл топтағы балаларды да бірнеше санаттарға бөлуге болады:



- соматикалық аурулармен ауыратын не әлсізденген, жиі және ұзақ ауыратын балалар. Мектепте мұндай балалар сабақты жиі босатады, тапсырмаларды қиналып орындайды. Дене шынықтырудан олар босатылады, көбінесе бұл өте әлсіз балалар. Олар қыңыр, енжар болады, өздерін нашар сезінетіндіктеріне тез үйреніп алады және бұл жағдайда олардың көңілін табуға әлектенеді, олардың жағдайын жеңілдетуге тырысады, кейде олар бұл жағдайды жақсы пайдаланады. Бұл белгілі психологиялық проблемалар «жиынтығы» (жоғары алаңдаушылық, депрессия, қорқыныш, үмітсіздік және көмексіз қалу сезімдері, фрустрация және т.с.с.) бар екенін атап көрсетеді, олар мінез-құлық бұзылуларына (агрессивті және қақтығыстық мінез-құлық, тұйықтық, қарым-қатынасымен манипуляциялау және т.б.) әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ, созылмалы соматикалық аурулары бар балаларда Мен-тұжырымының бұрмалануын атап көрсетуге болады, олар өздері туралы жұпыны түсініктер мен өзін-өзі дұрыс бағаламауда байқалады. Бұл бастан кешкен күйзелістің не зорлық-зомбылықтың салдары болуы мүмкін.

Бала тұлғасының дамуын қалыптастыруда отбасына үлкен рөл артылатыны баршаға мәлім. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, созылмалы аурумен ауыратын баласы бар отбасы қиын психологиялық деформацияға ұшырайды, отбасының құрылымы, онда қалыптасқан қарым-қатынастар, отбасылық тәрбие стилі өзгереді. Науқас баланың психикалық жайлылығы барлық отбасы мүшелері таңдаған функционалдық немесе функционалдық емес ұстанымды қоса алғанда, осы санамаланған процестердің барлығы қандай бағытта жүріп жатқандығына байланысты. Науқас балалардың отбасыларындағы балалар-ата-ана қарым-қатынастарының ерекшеліктеріне көптеген авторлардың пікірін қорытындылай келе, тәрбиенің мынадай бұрмалану жолдарын атап көрсетуге болады: баланы жоғалтып алу қорқынышы, басым немесе құптайтын гиперпротекция (гиперқамқорлық), тәрбиелік сенімсіздік пен тұрақсыздық, санкциялардың, талаптар мен тыйым салулардың төмендеу үдерісі, балалар қасиетінің проекциясы. Созылмалы соматикалық науқас балалардың аналарында баланың әрекеттерін шектеу және оның әрекетін бақылау жоғары деңгейде болатыны жиі кездеседі. Сондай-ақ, көптеген аналардың тарапынан балаларды дәрі-дәрмекке, режимге тәуелділікпен, бала күнінен бастап құрбыларына қарағанда әлсіз деп тәрбиелеумен, науқастығына иландырып тәрбиелеу жиі кездеседі [21].

Соматикалық ауруларға шалдыққан немесе әлсізденген, жиі және ұзақ ауыратын балалармен жұмыс жүргізудің негізгі ережелері – бұл коррекциялық-профилактикалық жұмыс, ол баланың жеке ерекшеліктерін және отбасылық қарым-қатынастар сипатын ескере отырып, дәлме-дәл әзірленген әрекеттер мен жаттығулар алгаоритмін талап етеді, оған мынадай бағыттар кіруі тиіс: педагог-психологпен; әлеуметтік педагогпен жұмыс; ата-аналармен жұмыс; баламен жұмыс.

– гипобелсенді немесе баяу балалар. Олар әрқашан үнемі асығып жүретін және ешқашан үлгермейтін ата-анасының ашуын келтіреді. Баланың баяулығы олардың ерекше ашуын тудырады және олар оны үнемі асықтырады не болмаса шадамай, баланың орнына барлығын өздері орындайды, бұл оның дамуын тежейді, бастаған ісін аяқтауды үйренбейді. Баяулық – жеке тұлғаның қасиеті, ол қозғалыс белсенділігінің төмендеуінде, психикалық әрекетінің баяулығында көрінеді, жүйке процестерінің аз қозғалмалылығына негізделген және дұрыс тәрбиелемеу нәтижесінде туындайды [22]. Американдық психолог Дж. Холт 1956 жылы өзі жүргізген бақылаулардың негізінде баяулықтың тіпті ең аз дәрежесінің өзі баланың оқуда табысқа жету мүмкіндіктерін төмендетеді деген қорытындыға келген. Сондықтан, мектепте ол үлгермейді, мұғалім өзімен-өзін қалдырып, оны жиі ұмытып кетеді, бұл оқуда баланың үнемі үлгермеуіне, мектепке барғысы келмеуіне және оған қарсылық білдіруіне әкеп соғады. Енжар, аз қозғалатын, сылбыр балалар – әдетте, олар өздерінің ширақ құрбыларының көлеңкесінде қала береді. Олар балалар ұжымында аз байқалады, сондықтан педагогтардың назарына түсе бермейді, сондықтан да, бір қарағанда, олардың оқудағы проблемалары тіпті байқалмайды. Кейіннен, баяу балалардың көпшілігі белгілі психологиялық қорғаныс табады: олар мүлдем тырысудан қалады және «тыныш орташа оқушы» жағдайына бойы үйренеді, не болмаса «екі алғыш» баланың агрессивті-наразылық мінез-құлқын қабылдайды («ал мен мүлдем оқымаймын»), не болмаса мектепке келуден қалады, сабақты босатады және оқу күнін өзіне өте ыңғайлы шаруамен өткізеді, мысалы компьютерлік клубтарда. Сондықтан, гиподинамикалық синдромы бар балалар (баяу балалар) да психологиялық коррекцияны және ерекше көзқарасты қажет етеді, оқу-танымдық процесті ұйымдастыру кезінде өздеріне назар бөлуді талап етеді. Сабақта оны асықтыруға және одан жұмысқа тез араласуды талап етуге болмайды, өйткені олардың жаңа тапсырмаларды орындау белсенділігі біртіндеп артады.

1. Тапсырмаларды орындау кезінде мұндай оқушыны алаңдатуға, оның назарын басқа нәрсеге аударуға болмайды.

2. Жігерсіз баланы жаңа, енді ғана өткен материалға жауап беруге мәжбүрлемеу керек.

3. Жігерсізден күтпеген сұраққа тез арада ауызша жауап алу керек болатын жағдай тудырмау керек; оған ойлануға және дайындалуға уақыт берген жөн.

4. Сабақтың басында сұрамаған дұрыс, өйткені жігерсіз оқушылар алдыңғы жағдайлардан (мысалы, үзіліс кезінде айналысқан шаруасынан) тез ауыса алмайды.

5. Неліктен екені белгісіз, егер жазудан қиындықтар болса, көбірек жазу керек, егер оқуда – көбірек оқу керек, егер бала баяу болса, барлығын «жылдамдыққа» жасау керек деп есептеледі. Бұл үлкен қателік, өйткені қанағаттанушылық бермейтін жүктемелер қиынға түседі, істеген жұмыс қуаныш әкелмейді. Сондықтан баланың шамасы жетпейтін жұмыспен оны шаршатпай, ол жақсы орындай алатын жұмыспен кезектестіріңіз.

6. Сирек жағдайларда баяу балалар үйде не істеу керектігін біледі. Үй тапсырмалары, әдетте сабақтың соңында беріледі, сыныпта у-шу болады, ал баяу бала тек шаршап қана қойған жоқ, мұғалімді де естімейді, бірақ басқалары аяқтап болған тапсырманы ол жалғастырып орындай беруі мүмкін. Сондықтан ол үйге ешқандай тапсырма берілген жоқ деп шынайы айтуы мүмкін. Не істеу керек? Ата-аналар баласының үй тапсырмасын неліктен жазып үлгермегенін міндетті түрде айтып (бұл өте маңызды!), өз баласының мектептегі досынан үй тапсырмасын сұрап біледі. Тіпті болмаса, бала өзін қорлады деп ойламас үшін, оған көрсетпей, мұғаліммен тапсырманы қағазға жазып, сізге беріп жіберуін сұрап, келісуге болады.

7. Баяу балалармен жұмыс кезінде ата-аналар үшін нақты ұсынымдар қажет [22].

депрессиялық балалар. Депрессия – елеулі эмоционалдық бұзылу, оған балалар мен жасөспірімдерді қоса алғанда, барлық жастағы адамдар шалдығуы мүмкін. Ол жабыраңқы және күйгелектік көңіл-күйдің тұрақты жай-күйімен және қызығушылық пен өмірге қанағаттанушылықты жоғалтумен сипатталады. Бұл сезімдер тәбет пен ұйқыға, белсенділік деңгейіне және зейінге, сондай-ақ өзінің хал-жағдайына әсер ететін, бірқатар қосымша симптомдармен ілеседі. Депрессия адамның барлық ағзасына, оның сезім мүшелеріне, ойы мен әрекеттеріне, сондай-ақ оның әлеуметтік бейімделуіне әсер етеді. Депрессия – бұл халықаралық проблема және кез келген ұлттың әлеуметтік дамуына елеулі қауіпті білдіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының есептеулері бойынша депрессияға шалдыққан Қазақстан тұрғындарының саны 4,4% құрайды. Бұл шамамен 800 000 адам [20]. Бірнеше жыл бұрын көптеген балалар психиатрлары балалар мен жасөспірімдер жасында депрессия болу мүмкін еместігін алға тартты, олар депрессия өсіп келе жатқан немесе ересек тұлғаға тән, ал қысым мен қайғыру белгілерін балалық шақтағы депрессия симптомдары деп мойындамады. Депрессияны заманауи зерттеулер депрессияның психотикалық және эндогендік формалары ересектерден гөрі балаларда жиі кездесетіні туралы куәландырады [20]. Мектеп оқушылары мен жасөспірімдерде депрессияның жеңіл және ауыр формалары байқалуы мүмкіндігін анықтады [23]. Сондай-ақ, жас кездегі депрессия мен суицидтік бейімділік арасындағы байланысты анықтады.

Бүгінгі күні, зерттеулер санының көптігіне қарамастан, балалар мен жасөспірімдердегі депрессивті бұзылулар проблемасы: вегетативті бұзылулар, сабаққа үлгермеушілік, қорқыныш пен үрей, беймазалық, дөрекілік және басқа да темекі шегу, алкоголь мен есірткіні теріс пайдалану, қылмысытық және әлеуметтік тәртіпті жалпы бұзушылық сияқты әрекеттер, тұлғалық ауытқушылықтары бар балалар санының артуына байланысты әлі де қалып отыр және жанданып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет