Методические рекомендации по определению уровня готовности к школе нур-Султан 2020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



бет9/14
Дата11.03.2023
өлшемі164,14 Kb.
#73429
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ҚОРЫТЫНДЫ

Мектепалды даярлық білім беру жүйесінің бастапқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім берудің бастауыш мектеппен сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді және балалардың сапалы білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, олардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіруге бағытталған.


Баланы мектепке дайындауда дұрыс қалыптасқан мотивация маңызды рөл атқарады, яғни балада мектепке баруға деген ынта қалыптастыру және жаңа білім алуға қызығушылық таныту болып табылады.
Қазіргі уақытта мектепалды даярлық мәселесі өзекті, себебі барлық балаларды мектепалды біліммен қамту міндетін іске асыру бойынша біздің еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін көрсетеді
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 98% - дан астамы ұйымдастырылған мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған мектепалды жасындағы балалардың жалпы саны 2% - дан аспайды.
Балаларды бірінші сыныпта оқытуға дайындау әр түрлі нысанда:
- ата-анасының қалауы бойынша отбасында;
- мектепке дейінгі ұйымдар базасындағы мектепалды даярлық топтарында (балабақшалар, шағын орталықтар) және жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар базасындағы мектепалды даярлық сыныптарында:
- мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балалар үшін мектепалды даярлық, жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, гимназиялар мен шағын орталықтар базасында «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді жазғы курстарында жүзеге асырылады.
Мамандардың пікірінше, ең бастысы балада: мектепте оқуға деген қызығушылық; құрдастарымен қарым-қатынас жасау ынтасы болуы тиіс, сонымен қатар өзі, отбасы және қоршаған орта туралы айта алады, жалпы әңгімеге қатысады.
Ата-аналар баланы оқуға, жазуға, 100-ге дейін санауға және т.б. үйретуге асықпауы керек, бірақ оған толық, қызықты, мектепке дейінгі жылдарда белсенді өмір сүруге көмектесу керек.
Жаңартылған мазмұн жағдайында мектепалды даярлықты іске асыру болашақта баланың оқу процесіне қиындықсыз қосылуына және балаларды мектепте оқытудың сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет