Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019


Ары қарай не істейміз? Қандай жобалар конкурстары мен



Pdf көрінісі
бет38/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   184
Байланысты:
жоба эжазу улгісі

 
Ары қарай не істейміз? Қандай жобалар конкурстары мен 
конференциялар бар? 
Білім алушы өз жобасын ойдағыдай қорғағаннан кейін мектепте немесе 
РО ұйымдастырған конференцияда өзінің зерттеу жұмысының нәтижелері 
туралы баяндама жасағаннан кейін, өз жұмысын неғұрлым маңызды ғылыми іс-
шараларда көрсетеді.
ҚР Білім министрлігі «Ұсынған пәндік олимпиадалардың, кәсіптік 
конкурстардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-


56 
шаралардың тізбесін» (29.11.2018 ж. № 656 бұйрық), сондай-ақ «Жалпы білім 
беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен 
ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар 
конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық 
жарыстардың тізбесін» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығы) зерделеу қажет, 
жақын арада жоспарланып отырған конференциялар мен жобалар конкурстар 
туралы жаңалықтарды уақытылы хабардар ету. 
1-
11 (12) сынып білім алушылары қатысатын конференциялар немесе 
конкурстар облыс орталықтарының мектептерінде, қосымша білім беру 
ұйымдары базасында, сондай-ақ ТжКБ және жоғары оқу орындары базасында 
өткізілуі мүмкін. 
Жекелеген жағдайларда конференциялар білім алушылар үшін арнайы 
өткізіледі, бірақ көбінесе мектеп білім алушылары студенттермен
магистранттармен және жас ғалымдармен тең дәрежеде қатысуға жіберіледі. 
Ұйымның мұндай формасы өзінің артықшылықтарына да, кемшіліктеріне 
де ие: бір жағынан, білім алушылар бірден студенттік жұмыстарды тең болуы 
керек бағдар ретінде көреді; екінші жағынан, егер зерттеу жұмыстары конкурсы 
қарастырылған болса, білім алушылардың студенттермен салыстырғанда аз 
тәжірибе мен білім көлеміне байланысты жоғары жүлделі орындарға ие болу 
мүмкіндігі аз. 
Әрине, конференцияға студенттер мен магистранттармен бірге қатысу 
білім алушыларға құнды және ұмытылмас тәжірибе береді. 
Төменде Қазақстанның әртүрлі облыстарында және Ресейдің 
Қазақстанмен шекаралас облыстарында өтетін дәстүрлі (жыл сайынғы) 
конференциялар мен жобалар конкурстарының, зерттеу жұмыстарының 
(ақылы, сондай-ақ тегін) тізбесі ұсынылған, оларға мектеп білім алушылары 
қатыса алады: 
1.
1-
7 сынып білім алушылары арасында зерттеу жұмыстары мен 
шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсы өтеді (ақтық 
кезеңі Ақмола облысы, Щучинск қаласы); 
2.
Республикалық ғылыми жоба бойынша жалпы білім беретін 
пәндерден конкурсы өтеді (ақтық кезеңі Алматы облысы, Алматы қаласы); 
3.
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу 
жобаларының халықаралық конкурсы өтеді (ақтық кезеңі Алматы облысы, 
Алматы қаласы); 
4.
«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық 
ғылыми жарыстар өтеді (ақтық кезеңі Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы); 
5.
Т. Е. Дәулетбаева атындағы мектеп білім алушыларының аймақтық 
ғылыми-практикалық конференциясы өтеді (ақтық кезеңі Қостанай облысы, 
Қостанай қаласы); 
6.
«Шәкәрім оқулары» қалалық ғылыми конференциясы өтеді (ақтық 
кезеңі Шығыс-Қазақстан облысы, Семей қаласы); 


57 
7.
«Сәтбаев оқулары» жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен 
білім алушылардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді (Павлодар 
облысы, Павлодар қаласы); 
8.
Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының (ҚР КҒА) 
«Білім және ғылым интеграциясы – болашаққа қадам» ғылыми – практикалық 
конференциясы өтеді (Павлодар облысы, Павлодар қаласы); 
9.
ҚР ШҒА ОҚБ білім алушыларының аймақтық ғылыми-практикалық 
конференциясы өтеді (Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы); 
10.
ҚР Кіші Ғылым академиясының Республикалық ғылыми-практикалық 
конференциясы өтеді (Алматы облысы, Алматы қаласы); 
11.
«Жансүгіров 
оқулары» 
республикалық 
ғылыми-практикалық 
конференциясы өтеді (Алматы облысы, Талдықорған қаласы); 
12.
Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен білім алушылардың 
«туған өлке-жас ұрпақтың барлық бастамаларының негізі» атты республикалық 
ғылыми – практикалық конференциясы өтеді (Қостанай облысы, Рудный 
қаласы); 
13.
«Келешек» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-
практикалық конференциясы өтеді (Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы); 
14.
«Ғылым және жаңа ұрпақ» атты студенттер мен магистранттардың 
ЖОО аралық ғылыми конференциясы өтеді (Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан 
қаласы); 
15.
«Медицинаға жол» атты білім алушылардың өңіраралық 
конференциясы өтеді (Орынбор қаласы); 
16.
Білім алушылардың «Ғылымның жаңа көкжиегіне» атты аймақтық 
ғылыми-практикалық конференциясы өтеді (Саратов қаласы); 
17.
«Географиялық ғылым және білім» бүкіл ресейлік ғылыми-
тәжірибелік конференция (Астрахань қаласы); 
18.
«Жоба әлеміне саяхат» бүкіл ресейлік ғылыми-практикалық 
конференциясы өтеді (Астрахань қаласы). 


58 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет