Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019


  Мұғалімнің жоба тақырыбын ойлауы



Pdf көрінісі
бет53/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   184
Байланысты:
жоба эжазу улгісі

1. 
Мұғалімнің жоба тақырыбын ойлауы. 
Мұғалім жоба тақырыбын анықтау үшін, оқу бөлімін, стандартты оқу 
курсының бір бөлігін немесе оқу пәні бағдарламасына сәйкес бірнеше 
курстарды таңдайды, сондай-ақ жобаны өткізу уақытын анықтайды. 
2. 
Білім алушылардың санатын таңдау. 
Мұғалім болашақ жобаға қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, сынып білім алушыларының қандай жобамен жұмыс істейтінін 
анықтайды. 
3. 
Оқу тақырыбының негізгі сұрақтары мен проблемалық 
сұрақтарын қалыптастыру. 
Негізгі сұрақтар – бұл бір сөйлеммен жауап берілмейді. Білім алушылар 
зерттеу нәтижесінде бұл сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мысалы: үлкен қалалар 
арқылы өтетін өзендер неге қатып қалмайды?, Жарық бөлшектер немесе 
толқын?, Жеріміздің жануарлар әлемі қандай? 
4. 
Жобаның дидактикалық мақсаттары мен әдістемелік 
міндеттерін қалыптастыру. 
Мұғалім жоба жұмысы қандай дидактикалық мақсаттарды шешетінін, 
нәтижесінде қандай білім, білік, дағды, құзыреттілік жүзеге асырылып 
жатқанын анықтайды. Мұнда Блум таксаномиясын қолдану және оның 
деңгейіне сәйкес мақсаттарды құрады. 
5. 
Проблеманы қалыптастыру (білім алушылардың жеке зерттеу 
тақырыбын таңдау). 
Бұл тармақты мұғалім білім алушылармен бірге әзірлейді. Зерттеу 
барысында білім алушыларда жауап беретін жеке сұрақтар қалыптасады. 
Мұнда белгілі бір уақыт ішінде – 15 минуттан 40 минутқа дейін миға шабуыл 
жүргізу немесе жетекші сұрақтар әдісін пайдалану орынды. Білім алушылар 
жалпы жобаны жүзеге асыру барысында жауап бере отырып, жеке сұрақтарды 
тұжырымдауы тиіс. 
 
 


89 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет