Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет71/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   184
Байланысты:
жоба эжазу улгісі

Болжанатын нәтижелер:
Білу керек: ақынның өмірбаянын, оның өмір тарихын, шығармалармен 
танысу; шығармаларды ажырата білу; қазақ халқының мәдениеті мен 
дәстүрлерін үйрену қажеттілігіне өзімді тәрбиелеу. 
Оның туындысы қай сыныпта оқылғанына қарамастан, жоғары сынып 
білім алушыларына зерттеу дағдыларын дамыта отырып, бұл білімді бекіту 
пайдалы. 
Осылайша, жоғары сынып білім алушыларының жобалық және зерттеу 
жұмысы білім алушыларға үлкен әсер етеді, тұлғаны қалыптастырады, 
шығармашылық әлеуетті барынша ашуға мүмкіндік береді, оқытудың 
тиімділігін арттырады. 


121 
Қорытынды 
Шағын жинақты мектеп педагогтерінің шығармашылық жұмысы оның 
кемшіліктерін артықшылықтарға түрлендіруге, ауыстыруға бағытталған. 
Соңғы жылдарда ең қарқынды ізденістер келесі бағыттар бойынша дамып 
келеді: 

мектеп білім алушыларының әртүрлі жастағы бірлестіктерінің 
артықшылықтарын пайдалану; 

дифференциалды (яғни әртүрлі) және жеке оқытуды қолдану; 

әртүрлі жастағы топтарда оқытудың топтық тәсілін енгізу, 

жаңа ақпараттық технологияларды қолдану. 
Шағын жинақты мектептің проблемасы ондағы әртүрлі жастағы 
балалардың бірлескен қызметі жоқ, бұл сабақтың құрылымын, ағымын және 
эмоциялық фонын өзгертеді. 
Бірлескен оқытудың көптеген артықшылықтары жоғалады. 
Бірнеше білім алушы оқитын сыныптағы қарым-қатынас шеңбері азаяды. 
Сондықтан үнемі Барлық балаларға қалай жұмыс істеу керек? Әртүрлі жастағы 
сабақтарды өткізуге бола ма?
Қандай пәндер бойынша және бір уақытта қанша 
сынып оқи алады? деген сұрақтар туындайды. 
Осы мәселелердің барлығы бірлескен зерттеу мен жобалық жұмысты 
тиімді шешуге мүмкіндік береді. 
Мұндай формалар әр білім алушының дайындығы мен мүмкіндіктерінің 
деңгейін ескере отырып, жеке және сараланған тәсілдерді байланыстырады. 
Зерттеулер мен жобалар әдісі білім берудегі жаңа тәсілдердің белгісі 
болып табылады. 
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, жоба әдісінің негізін қалаушы 
американдық ғалым Джон Дьюи болды. Жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты 
мақсаты еркін кәсіпкерлік жағдайында «әртүрлі жағдайларға бейімделе білу». 
Ол дәстүрлі білім беру жүйесі шеңберінде бала практикалық дағдыларды 
меңгере алмайды және оларды өмірде қолдана алмайды деген идеяны ұсынды. 
Дьюидің эксперименттік әдісі бойынша, өз қызметіміз арқылы шын 
мәнінде нәрселерді өзгерте алсақ,
олар біздің білімдерімізді растайды немесе 
жоққа шығарады. Онсыз білім тек болжам түрінде ғана қалады.
Дьюидің идеялары ХХ ғасыр бойы дамыды және бүгінде жобалау әдісі 
Батыстың білім беру жүйесінде өздерінің тиімділігін дәлелдеген, орнықты 
орынға ие болды. Қазақстандық білім беру қазіргі қоғамның талаптарына 
сәйкес білім беруді жаңарту жағына қарай үздіксіз жылжи отырып, шетелдік 
тәжірибені белсенді зерттеумен қатар, оны отандық негізде нәтижелі түрде 
қайта өңдейді. 
Дифференцияланған кіші топтарда жұмыстың әр білім алушыға жеке 
көзқараспен үйлесуі – шағын жинақты мектептегі проблемаларды шешудің 
жеткілікті әрі тиімді әдісі болып табылады. 
Бұндай зерттеулер мен жобаларда жоғары сынып білім алушылары кіші 
жастағы балаларға жетекші болады. 


122 
Дегенмен, зерттеу мен жобалау әдісін қолданған кезде шағын жинақты 
мектептің педагогі топқа кіретін білім алушылардың жас ерекшеліктерінен 
зерттеу немесе жобаны жоспарлау ерекшеліктеріне қарай бірқатар факторларды 
ескеруі керек. Мұның бәрі әдістемелік дайындықты мұқият жүргізуді талап 
етеді. 
Зерттеу және жобалау әдістердің тиімділігі бүгінде күмән тудырмайды. 
Ол одан әрі зерттеуді және жүзеге асырудың жаңа нысандарын іздестіруді 
талап етеді. Бұл әдіс білім беру саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес 
мектепте оқытудың барлық деңгейінде қолданылуы және әртүрлі үлгідегі оқу 
орындарының білім алушыларына қол жеткізуі маңызды болып табылады.
Жоғары білімді, сыни ойлауға қабілетті, қазіргі заманғы құзыреттеріне ие 
бітірушілерді даярлау – қалалық немесе ауылдық, толық немесе шағын 
жинақты білім берудің ұлттық жүйесінің мақсаты. Қазіргі жағдайда білім беру 
ауыл мектебінің түлегі қалалық мектепті бітірген білім алушы сияқты 
құзыреттілікке ие болуға ұмтылады. Және бұл тұрғыда жобалау және зерттеу 
жұмысының әдісі қажетті құзыреттерді дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет