Методические рекомендации по подготовке областного доклада о состоянии и развитии системы образования білім беру жүйесінің жағдайы


ГЛОСАРИЙ  Педагогикалық  қызметкерлерді    аттестаттау-



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата13.02.2017
өлшемі1,4 Mb.
#4045
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ГЛОСАРИЙ 
Педагогикалық  қызметкерлерді    аттестаттау-
 
педагог  қызметкердің 
біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында 
жүргізілетін рәсім
.
 
Жалпы  ішкі  өнім-
 
(ЖІӨ)
 
–  экономикалық  жүйенің  барлық  өндірушілері, 
оның ішінде, көтерме және бөлшек сауда, көлік, өнімдерге салынған барлық 
салықтан, өнім құнына кірмеген барлық субсидияларды қоспағанда, өнімнің 
бағасынан бөлек  құн. 
Жоғары  білім  беру  (ЖББ)  –  мамандарды  жоғары  білім  беру 
бағдарламасымен дайындайтын білім беру деңгейі. 
Жоғары оқу орны (ЖОО) – жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік 
білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, ғылыми зерттеулер жүргізетін 
жоғары кәсіптік оқу орны  (институт, академия, университет). 
Гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш, 
негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитарлық бейіндері бойынша 
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.  
Білім  беру  ұйымдарын  мемлекеттік  аттестаттау    – білім беру ұйымдары 
көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт 
талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім.  
Мемлекеттік  білім  беру  тапсырысы    -  мемлекеттік  бюджет  есебінен 
қаржыландырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, экономика мен 
өндірістің  сұраныстарын  білікті  жұмыс  күшімен  және  қоғамның 
интеллектуалды  әлеуетімен  қамтамасыз  ету  үшін  білікті  қызметкерлер  мен 
мамандар  даярлау,  біліктіліктерін  арттыру  және  қайта  даярлау,  сондай-ақ 
білім  беру  жүйесін  оқу-әдістемелік  жағынан  қамтамасыз  ету  бойынша 
қызметтер көлемі.   
Ересектердің  сауаттылығы  –  15  және  одан  да  жоғары  жастағы  сауатты 
халық үлесін көрсетеді. 

 
 
42 
Қосымша  білім  беру-  білім  алушылар  мен  тәрбиеленушілердің 
қажеттіліктерін  жан-жақты  қанағаттандыру  мақсатында  жүзеге  асырылатын 
үрдіс. 
 
Мектепке  дейінгі  ұйымдар  –  мектеп  жасына  жетпеген,  1  жастан  6  жасқа 
дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  білім  беру 
ұйымдары.  
Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  (ҰБТ)  –  орта  білімнен  кейінгі  немесе  жоғары 
білім  беретін  білім  беру  ұйымдарына  түсу  емтихандарымен  біріктірілетін, 
жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарында  білім  алушыларды  қорытынды 
аттестаттау нысандарының бірі.  
Инклюзивтік  білім  беру  –  оқытудың  тиісті  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларына  білім  алушылардың  өзге  де  санаттарымен  тең 
қолжетімділікті,  арнайы  жағдайларды  қамтамасыз  ету  арқылы  дамытуға 
түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, даму мүмкіндігі 
шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу. 
Шетелдік студенттер – Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім 
алып жатқан шетелдік студенттер.  
Біліктілікті арттыру институты - білім беру ұйымы, үздіксіз оқу жүйесінде 
кәсіби  біліктілікті  арттыру  және  кадрларды  қайта  даярлауға,  инновациялық   
қозғалыстардың қолдауын жүзеге асыру, әдістемелік  жұмыстың тиімділігін 
қамтамасыз етеді. 
Интеграцияланған  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  -білім  беретін  оқу 
бағдарламаларының  тиісті  мазмұнды  аспектілерін  біріктіру  негізінде 
әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары. 
Біліктілік  –  түлектің  кәсіптік  қызметті  орындауға  немесе  білімін 
жалғастыруға  мүмкіндік  беретін  кәсіптік  дайындық  деңгейі  мен  білім  алуы 
жөніндегі құжатта көрінетін түрі  

 
 
 
43 
Колледж – жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен жалпы орта білім 
беретін  техникалық  және  кәсіптік,  орта  білімнен  кейінгі  білім  берудің 
кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы. 
Қабылдау  контингенті  – оқу орнына қабылданған үміткерлердің саны мен 
жалпы сипаттамасы. 
Бітіру  контингенті  –  оқу  орнын  бітірушілердің  саны  мен  жалпы 
сипаттамасы. 
Білім  алушылар  контингенті    –  оқу  орнында  білім  алып  жатқандардың 
саны мен жалпы сипаттамасы. 
 
Бәсекеге қабілеттілік – бәсекелестікті ұстап тұра алу, бәсекелестікке қарсы 
тұра алу қабілеттілігі. 
Бітіру  коэффициенті  –  бітірушілер  санының  оқу  орнындағы  білім 
алушылардың жалпы санына арақатынасы. 
Білім  берумен  қамту  коэффициенті  –  жас  ерекшеліктері  ескерілмеген, 
белгілі  бір  білім  беру  деңгейінің  типтік  жас  тобындағы  халық  санынан 
пайыздық  қатынастағы,  белгілі  бір  білім  беру  деңгейіндегі  білім  алушылар 
саны. 
Жалпыға  ортақ  бастауыш  білім  берумен  қамту  коэффициенті  – 
бастауыш  және  орта  білім  берумен  қамтылған  мектеп  жасындағы  балалар 
үлесі
.  
Лицей  –  негізгі  орта  білім  беру  мен  жалпы  орта  білім  берудің 
жаратылыстану-ғылыми,  физика-математикалық  бейіндері  бойынша  жалпы 
білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  білім  алушылардың  бейімділігі  мен 
қабілетіне сәйкес іске асыратын оқу орны.  
 

 
 
44 
Магистр  –  жоғары  білімнен  кейінгі  білім  берудің  тиісті  бағдарламаларын 
меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже.  
Магистратура  –  тиісті  мамандығы  бойынша  «магистр»  академиялық 
дәрежесі  беріле  отырып,  ғылыми  және  педагог  кадрлар  даярлауға 
бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін 
оқу бағдарламасы. 
Шағын  жинақты  мектеп  –  білім  алушылар  контингенті  шағын,  сынып-
жинақтары  біріктірілген  және  оқу  сабақтарын  ұйымдастырудың  өзіндік 
нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.  
Модульдік  оқыту  –  нақты  кәсіби  құзыреттіліктердің  құрылымдық 
компоненттеріне бағытталған аяқталған блоктардан тұратын оқыту жүйесі. 
Ұлттық  білім  беру  сапасын  бағалау  жүйесі  –  білім  беру  сапасын 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарына  тұлғаның, 
қоғамның,  және  мемлекеттің  сұраныстарына  сәйкестендіріп  бекітудің 
институционалдық құрылымы, үрдіс және үлгілер жиынтығы. 
Білім  беру  гранты  —  кәсіптік  білім  алуға  төлеу  үшін  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасымен  белгіленген  шарттармен  білім  алушыға 
берілетін ақшаның нысаналы құны. 
Білім беру кредиті- қарыз алушыға қаржы ұйымдарының оқу ақысын төлем 
қабілеттілігі , қайтарымды , жедел жағдайда беретін қаржысы. 
Білім беру мониторингі – білім беру үрдістерін  жүзеге асырудың жай-күйін 
және  нәтижелері  мен  шарттары  өзгеруінің  серпінін,  білім  алушылар 
контингентін,  білім  беру  ұйымдары  желісін  жүйелі  түрде  байқау,  талдау, 
бағалау және болжау. 
 

 
 
 
45 
Жалпы  білім  беретін  мектеп  —  бастауыш,  негізгі  орта  және  жалпы  білім 
берудің 
оқу 
бағдарламаларын, 
сондай-ақ 
білім 
алушылар 
мен 
тәрбиеленушілердің    білім  алуының  оқу  бағдарламаларын  жүзеге  асыратын 
оқу орны. 
Тірек  мектеп  (ресурс  орталығы)  -  шағын  жинақталған  мектеп 
оқушыларының  сапалы  білім  алуына  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету 
мақсатында  қысқа  мерзімді  сессиялық  сабақтарды  және  аралық  әрі 
қорытынды  аттестаттауды  өткізу  үшін  таяу  маңдағы  шағын  жинақталған 
мектептердің  білім  беру  ресурстары  шоғырланатын  жалпы  орта  білім  беру 
ұйымы.  
Кәсіптік дайындық деңгейін бағалау -  Білім беретін ұйымдар түлектерінің 
нақты  таңдаған  мамандықтары  бойынша  кәсіптік  біліктілік    дайындығын 
бағалау. 
Педагог кадрлар – білім алушының оқуы мен тәрбиесін тікелей қамтамасыз 
ететін, оқу орнына қабылданған қызметкерлер.   
Жоғары  білімнен  кейінгі  білім  беру  (ЖБКББ)  –  жоғары  білікті  педагог 
және ғылыми-педагог кадрларды даярлау мақсатында берілетін үздіксіз білім 
беру  жүйесінің  ең  жоғары  сатысы  (магистратура,  аспирантура, 
докторантура). 
Мектепалды  даярлық    –  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының 
мектепалды  топтарында  немесе  жалпы  білім  беретін  оқу  орындарының 
мектепалды  топтарында  жүзеге  асырылатын,  мектеп  бағдарламасын 
меңгеруге  бағытталған,  5  (6)  жастағы  балаларды  міндетті  және  тегін 
дайындау үлгісі.    
Бейінді оқыту бағдарламасы  – бейіндік пән бойынша білім беру мазмұнын 
айқындайтын  және  белгілі  бір  пәнді  тереңдетіп  оқытуды  қарастыратын 
құжат.  

 
 
46 
Бейінді  пән    –  жалпы  орта  білім  берудің  жоғары  сатыларында  тереңдетіп 
оқытылатын оқу пәні.  
Рейтинг  –  қандай  да    болса  берілген  мөлшерлеменің  субъективтік 
бағалау тәсілі.  
Типтік жас  – оқуға түскен және  оқыған жастан шығатын, белгілі бір білім 
беру деңгейіне сәйкес халық тобының жас ерекшелігі.  
Оқу жоспары – білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен 
көлемін,  оларды  зерделеу  тәртібі  мен  бақылау  нысандарын  қадағалайтын 
құжат. 
Оқу бағдарламасы – әрбір пәннің мазмұны мен білім көлемін, іскерлігі мен  
құзыретін, меңгеруін көрсететін бағдарлама.  
Оқыту  нысаны  –  оқыту  мен  тәрбиелеуді  ұйымдастыру.  Күндізгі  (күндізгі 
және  кешкі)  және  сырттай  (сырттай  және  экстернат)  оқыту  нысандары 
арқылы жүзеге асырылады.  
E-learning (ағылшын тілінен қысқ. Electronic  Learning) — электрондық оқу  
жүйесі:  электрондық  оқыту,  қашықтықтан  оқыту,  компьютер  қолдану 
арқылы  оқыту,  виртуальдық  оқыту,  ақпараттық,  электрондық  технология 
көмегімен оқыту сияқты терминдерге синоним. 
PISA  (Programme  for  International  Student  Assessment)  –  15-16  жастағы 
оқушылардың  математикалық  және  оқу  сауаттылықтарын  бағалауға 
бағытталған халықаралық зерттеу. 
 
 
 
 
 

 
 
 
47 
БИБЛИОГРАФИЯ 
Жалпыхалықтық мәні бар құжаттар 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтің  Қазақстан 
халқына  Жолдауы  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  Өрлеу  – 
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Астана, қаңтар, 2010. 
2.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтің  Қазақстан 
халқына  Жолдауы  «Болашақтың  іргетасын  бірге  қалаймыз!».  Астана, 
қаңтар, 2011. 
3.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтің  Қазақстан 
халқына  Жолдауы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 
дамуының басты бағыты», Астана, қаңтар, 2012. 
4.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтің  Қазақстан 
халқына  Жолдауы  «Қазақстан  -2050»  СТРАТЕГИЯСЫ,  Астана, 
желтоқсан, 2012. 
Қазақстан Республикасының заңдары 
5.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2011.24.10 берілген 
өзгерістер мен толықтыруларымен). 
6.
 
Қазақстан  Республикасының  «Лицензиялау  туралы»  Заңы  (2012.01.12 
берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). 
7.
 
Қазақстан  Республикасының  «Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 
әлеуметтік медико-педагогикалық қолдау туралы» Заңы, 2002.  
Мемлекеттік бағдарламалар 
8.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
9.
 
Қазақстан  Республикасының  үдемелі  индустриялық-инновациялық 
дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
10.
 
Қазақстан  Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың                  
2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

 
 
48 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары 
11.
 
Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі                   
2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  25  маусымдағы                      
№ 832 қаулысы. 
12.
 
 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011  – 2015 
жылдарға  арналған  стратегиялық  жоспарын  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  19  ақпандағы  №  160  қаулысына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 
13.
 
Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы  
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  27  сәуірдегі                           
№ 536 Қаулысы. 
14.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 
-  2015  жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарын  (І  кезең)  бекіту  туралы 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  11  ақпандағы                           
№ 130 Қаулысы.  
15.
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  «ҚР  Үкіметі  жанынан  техникалық 
және кәсіптік білім беруді дамыту мен мамандар даярлау жөнінде Ұлттық 
кеңес құру туралы» 2009 жылғы 11 тамыздағы №1211 Қаулысы. 
16.
 
«Білім  беру  ұйымдарының  білім  алушылары  мен  тәрбиеленушілерін 
оқулықтармен  қамтамасыз  ету  ережесін  бекіту  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы  19 ақпандағы №173 қаулысы. 
17.
 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  мемлекеттік 
қызмет  көрсету  стандарттарын  бекіту  және  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  2010  жылғы  26ақпандағы  маусымдағы№  561  қаулысына 
өзгеріс  енгізу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2010  жылғы                  
26 ақпандағы № 140 Қаулысы.  

 
 
 
49 
18.
 
Қазақсан  Республикасы  Үкіметінің  «Білім  беру  ұйымдарын  мемлекеттік 
аттесттау  және  аккредиттеу  ережелерін  бекіту    туралы»  2007  жыл                            
24 желтоқсандағы  №1270 қаулысы . 
19.
 
2010-2014  жылдар  аралығындағы  мектепке  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу 
мен  оқытудағы  «Балапан»  бағдарламасын  іске  асыру  туралы  Қазақстан 
Республикасы үкіметінің 2010жылы 28 мамыр №488  Қаулысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
бұйрықтары 
20.
 
«Техникалық 
және 
кәсіптік 
білім 
берудің 
типтік 
оқу 
бағдарламаларын,мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттарды  бекіту 
туралы» ҚР БҒМ 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587  бұйрығы. 
21.
 
«Техникалық және кәсіптік білім берудің  кәсіптік оқу бағдарламаларын 
іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін 
бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2007  жылғы  29  қарашадағы  №  587  бұйрығына 
толықтырулар енгізу туралы ҚР БҒМ 2010 жылғы    28 қыркүйектегі № 
466 бұйрығы. 
22.
 
«Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту»  Қазақстан  Республикасы  білім 
берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарттарын  бекіту  туралы» 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартын іске асыру мақсатында ҚР БҒМ 2008 жылғы 28 қарашадағы 
№ 628 бұйрығы. 
23.
 
«Бастауыш,  жалпы  негізгі,  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын  бекіту  туралы»  ҚР  БҒМ  2010 
жылғы 9 шілдедегі  № 367 бұйрығы. 
Баяндамалар мен есептер 
24.   «Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің 5 және 9 сынып 
оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау»  мониторингтік 
зерттеу нәтижелері  ҰБСБО: Астана, 2012. 

 
 
50 
25.  «Қазақстанның жалпы білім беретін мектептердің 9-шы сынып 
оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау»  мониторингтік 
зерттеу нәтижелері  ҰБСБО: Астана, 2013. 
Статистикалық жинақтар 
26. 2012-2013  жылғы мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінің негізгі 
көрсеткіштері – Астана ,2012, 
27.
 
2011 жылғы орта білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштері – Астана, ҚР 
БҒМ, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті, 2011. – 319 б. 
28.
 
2012  жылғы  ТжКБ-ның  негізгі  көрсеткіштері  және  2011  жылғы    ТжКБ-
ның дамуына Талдамалық шолу . Астана 2012 – 59 б. 
29.
 
Республикадағы 
 
білім  беру  жүйесінің  статистикасы.  Ұлттық  жинақ.  - 
Астана: ҰБСБО, 2013.- 193 б.  
 
Әдебиеттер 
30.
 
Ұлттық  Бірыңғай  Тестілеу  нәтижелерін  талдау  (ҰБТ-2013)  Талдамалық 
жинақ. - Астана: ҰБСБО, 2013. 
31.
 
9-шы  сынып  оқушыларының  оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау 
нәтижелерін талдау (ОЖСБ-2013) Талдамалық жинақ.  - Астана: ҰБСБО, 
2013. 
32.
 
Кешендік Тестілеу нәтижелерін бағалау (2013 год): Талдамалық жинақ. - 
Астана: ҰБСБО, 2012. 
33.
 
Қазақстан  Республикасындағы  жоғары  білім  беретін  ұйымдардың    оқу 
жетістіктерін  сырттай  бағалау    нәтижелерін  талдау  (ОЖСБ-2013): 
Талдамалық жинақ. - Астана: ҰБСБО, 2012. 
 
 
 

 
 
 
51 
1 қосымша 
Облыстардағы білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы  туралы жыл сайынғы баяндаманы дайындауға  
ҚР БҒМ  Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығынан кеңеспен сүйемелдейтін 
 Кураторлар тізімі 
№ 
Облыстар атауы 
ТАӘ 
телефондары 
1. 
Ақмола облысы 
Қабатова Ботагөз Амантайқызы 
87016107455 
kabatova_botagos@mail.ru 
2. 
Ақтөбе  
Қаражанова Даржан Макарқызы 
87015458394 
 Darzhan.ka@ mail.ru 
3. 
Алматы  
Бекіш Раухан Мухамедьярқызы 
87016282225  
imko_2010@ mail.ru 
4. 
Атырау   
Қаражанова Даржан Макарқызы 
87015458394 
 Darzhan.ka@ mail.ru 
5. 
Шығыс Қазақстан  
Құсиденова Гульнара Құндаққызы 
87053110846 
guss14-93@ mail.ru 
6. 
Жамбыл       
Құлназарова Мая Сұлтанқұлқызы 
870176110533 
kulnazarova_1970@ mail.ru 
7. 
Батыс Қазақстан  
Есінбаева Жанна Оқасқызы 
87014566369  
imko_2010@ mail.ru 
8. 
Қарағанды 
Оспанова Қарлығаш Бекетқызы 
87011853026 
Kuska.62@ mail.ru 
9. 
Қостанай   
Алшымбаева Сәуле Балмұхамедқызы 
87013542752  
imko_2010@ mail.ru 
10. 
Қызылорда             
Ибекова Нағима Тастемірқызы 
87014269525 
nagi.88@ mail.ru 

 
 
52 
11. 
Маңғыстау 
Ибраимова Эльмира Сейдазымқызы 
87058166600 
elmira.ibraimova@ bk.ru 
12. 
Павлодар 
Құсиденова Гульнар Құндаққызы 
87053110846 
guss14-93@ mail.ru 
13. 
Солтүстік Қазақстан  
Алшымбаева Сауле Балмухамедқызы 
87013542752 
imko_2010@ mail.ru 
14. 
Оңтүстік Қазақстан  
Құлназарова Мая Сұлтанқұлқызы 
870176110533 
 kulnazarova_1970@ mail.ru 
15. 
Астана қаласы 
Есінбаева Жанна Оқасқызы 
87014566369  
imko_2010@ mail.ru 
16. 
Алматы қаласы 
Бекіш Раухан Мухамедьярқызы 
87016282225  
imko_2010@ mail.ru 
 
Білім сапасын бағалау зертханасы 
Тел.:  8(7172) 69-51-25 
Факс: 8(7172) 69-51-10 

 
 
 
53 
2 қосымша 
Білім беру жүйесі жағдайының көрсеткіштері мен индикаторлары/ 
аудандар рейтингісі 
Білім    беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  қағидалары 
білімге  қолжетімділік,  республиканың  барлық  азаматтарының  сапалы  білім 
алуға тең құқылылығы болып табылады. 
Білім беруді басқару жүйесінде негізделген шешімдер қабылдау үшін, 
білім  саласының  жағдайы  туралы  ғана  емес,  сонымен  қатар,  даму 
тенденцияларының  обьективті  бейнесі  қажет  болады.  Оқыту  үрдістерін 
жүзеге  асыру  шарттарының  және  нәтижелерінің  өзгеру  динамикасына 
талдау,  бағалау,  жағдайын  болжау  білім  беру  ұйымдары  қызметінде 
жетістікке  жетуде  оның  қызметінің  тиімділігін  жоғарылатып,  нәтижесінде 
аймақтық деңгейдегі білім сапасының 
жақсаруына әкеледі. 
 
Білім  беру  саласындағы  стратегиялық  құжаттарда  берілген  нысаналы 
индикаторлар  мен      көрсеткіштер  есепке  алынып,  білімнің  аймақтық 
жүйесінің  көрсеткіштері  Ұлттық  білім  беру  статистикасы    және  бағалау 
орталығында қайта қарастырылды. 
  Аймақтық  білім  беру  жүйелерін  салыстыру  білім  беру  қызметтері 
сапасының  талаптарына  тікелей  әсер  ететін  - 
білімнің  қолжетімділігіне, 
қаржылай  және  материалдық-техникалық  қорларға,  кадрлық  қорларға  және 
білім беру ұйымы қызметінің нәтижелілігіне 
сәйкес жүзеге асырылады.
 
Әр  ауданның  рейтингтік  балы  бекітілген  формула  бойынша  жеке  
есептеледі: 

қорытынды
= R
бқ
+ R
қмтқ
+ R
кқ
 + R
қн
, мұндағы 

 
R
қорытынды
– ауданның қорытынды рейтингтік балы;  

 
R
 бқ   
- «білім берудің қолжетімділігі» блогы бойынша рейтингтік балл;  

 
R
қмтқ
–  «қаржылай  және  материалдық-техникалық  қорлар»  блогы 
бойынша рейтингтік балл;  

 
R
кқ
- «кадрлық қорлар» блогы бойынша рейтингтік балл;  

 
 
54 

 
R
қн
-«білім  беру  ұйымы  қызметінің  нәтижесі»  блогы  бойынша 
рейтингтік балл. 
R
бқ
=


9
1
i
( K
i
*R
i
);     R
қмтқ
=


9
1
i
( K
i
*R
i
);    R
кқ
=


6
1
i
( K
i
*R
i
);        R
қн
=


9
1
i
( K
i
*R
i
); 

 
R
i
 – і-сол индикатор бойынша ауданнның рейтингтік  коэффициенті; 

 
К
i
- і-сол индикаторының мәні бойынша салмақтық коэффициенті. 
Сапалы  білім  берудің  қолжетімділігін
  қамтамасыз  ету  2020  жылға 
дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық 
бағыттарының бірі болып табылады.
 
Берілген блок бойынша аудандарды саралауды жүргізу үшін мектепке 
дейінгі,  жалпы  орта,  техникалық  және  кәсіби  білімнің  қолжетімділігін 
қамтамасыз ететін ең көкейтесті тоғыз көрсеткіш пен индикаторлар іріктеліп 
алынды. (1 кесте). 
 
1 кесте. Білім берудің қолжетімділігі 
 
№ 
Көрсеткіштер мен индикаторлар 
Салмақтылық 
коэффициентінің 
мәнділігі 
1  1-ден  6  жасқа  дейінгі  аралықтағы  мектепке  дейінгі  балалардың 
тәрбиелеу және оқытумен қамтылу коэффициенті, % 

2  5-6  жастағы  балаларды  міндетті  мектепке  дейінгі  дайындықпен 
қамту коэффициенті,  % 

3  Мектепке  дейінгі  ашық  ұйымдардың,  олардың  жалпы  санынан 
үлесі,  % 

4  Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқушылардың  қосымша 
біліммен қамтылғандарының үлесі,  % 

5  Әр  түрлі  пәндерді  тереңдетіп  оқытатын  жалпы  білім  беретін 
мектептер және сыныптардағы оқушылардың үлесі, % 

6  Дамуында  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жалпы  санынан 
инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі,  % 

7  Оқушы орындарының жеткіліксіздігі, бірлік. 
16 
8  Типтік  жастағы  (14-24)  жастардың  техникалық  және  кәсіби 
біліммен қамтылу үлесі, % 
10 
9  Техникалық  және  кәсіби  білім  беру  орындарында  мемлекеттік 
тапсырыс есебінен білім алушылардың үлесі,  % 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет