Методические указания к семинарским занятиям и срсп для студентов всех специальностей дневного отделения



бет1/16
Дата27.09.2023
өлшемі78,54 Kb.
#110364
түріМетодические указания
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Мәдениеттану әдістемелік нұсқаулар және СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары


Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым образования и науки
министрлігі Республики Казахстан

Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ


ШҚМТУ им. Д. Серикбаева

БЕКІТЕМІН


Гуманитарлық білім беру
және дене шынықтыру
мектебінің деканы
______­­_С.А.Сарсембаева
_______________ 2020 ж.

МӘДЕНИЕТТАНУ


Барлық мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге семинар сабақтарын және СОӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Методические указания к семинарским занятиям и СРСП


для студентов всех специальностей дневного отделения

Өскемен
Усть-Каменогорск


2020
Әдістемелік нұсқау «Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының әдістемелік семинарында қаралып, талқыланды.

Гуманитарлық білім беру және дене шынықтыру мектебінің әдістемелік кеңесімен талқыланып, бекітілді.


Төраға Айдарбаева Р.К.


Кафедра меңгерушісі Айдарбаева Р.К.

____________________ж. №____ хаттама


Аға оқытушы Джаксылыков А.Ф

оқытушы Қасен Н.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ДЖАКСЫЛЫКОВ А.Ф.
ҚАСЕН Н.


МӘДЕНИЕТТАНУ

Барлық мамандықтар бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге семинар сабақтарын және СОӨЖ орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы: «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде әзірленген барлық мамандықтағы 1 курыс студенттеріне пайдалануға арналған


Өскемен
Усть-каменогорск


2020
МАЗМҰНЫ

Кіріспе .................................................................................................................... 5


1 Пәннің мақсаты мен міндеттері және оның оқу үрдісіндегі орны ................ 7
2 Семинар сабақтарының мазмұны және студенттермен оқытушының өздік жұмыстарының тапсырмалары ......................................................................... 14
4 Әдебиеттер тізімі.............................................................................................. 26

КІРІСПЕ


Оқырманға ұсынылатын бұл әдістемелік құралда күрделі терминдерге бай философиялық мәтіндер топтастырылған. Олардың мән-мағынасын түсініп қабылдау үшін, зерделеуге ұмтылған табанды жігер мен біраз еңбек қажет. Бұл постмодерндік мәтіндер қазақ ау-диториясына әлем философиясының ең ықпалды және кең тараған бағыттарының өкілдерін ұсынады. Әлемдік философия демекші, қазіргі таңда Батыс пен Ресейде постмодерндік ішкі түйсік рухындағы жобаларды жасау қолға алынуда. Ал, қазақ ойшылдарының мұрасын постмодерндік көзқарас негізінде пайымдауға ұмтылу және жалпы постмодерндік қайта құруға деген қызығушылық Қазақстанда да байқалады.Білімі таяз кейбір теоретиктер постмодернизмді байыпты әрі іргелі философиялық концептердің шеңберінен шығарып тастап, бос мазмұндылық пен жоқ мағынаны әккі терминдер арқылы бүркейтін кезекті зияткерлік сән ретіндегі, жұртшылықты әдейі дүрліктіру ниетіндегі нәрсе ретінде көрсеткісі келеді. Бірақ, постмодернизм адвокаттарға мұқтаж емес, бәлкім ол түсіндіруді қажет етеді.Мұндай түсіндіру философиялық сәнге емес, ғасырлар тоғысындағы мәдениетте байқалатын шынайы жағдайды философия тілінде ұғынып, пайымдауға қатысты. Үйреншікті, қарсылық туғызбайтындай сипаттағы жаһандану процесі, тармақталған коммуникативті байланыстар жүйесі мен Интернет дамыған постиндустриялық қоғамның пайда болуы, адамның әлеуметтік және онтологиялық дәрежесінің өзгеріске ұшырауы, бұрын естім-ген жаңа мүмкіндіктердің ашылуы, сонымен қатар – қауіптер мен тәуекелдердің қылаң беруі. Адамның осындай жаһандық өзгерісін пайымдау үшін радикалды концептер мен радикалды терминология қажет.Соңғы ғасырлардағы батыс философиясында екі межені, екі шекті бөліп қарауға болады. Біріншісі – классикалық парадигмадан классикалық емес парадигмаға өту болса (С.Кьеркегор мен Ф.Ницше еңбектерінен бастап – М.Хайдеггер, Г.Г.Гадамер, Т.Адорно және т.б. дейін), екіншісі - классикалық емес парадигмамен қоштасу және постклассикалық емес дискурсқа немесе постмодернизмге өту ХХ ғасырдың орта тұсында басталды (Ж.Ф.Лиотар еңбектерінен бастап Ж.Деррида, Ж.Делез және т.б. дейін). Бейклассикалық философия батыс мәдениетінің адамның ішкі де, сыртқы да болмысына қатысты үстемдік қағидасына негізделген онтологиялық, антропологиялық және гносеологиялық жобаларын сынға алды. Классикалық емес бағыттың негізгі көздеген нәрсесі – логоцентризмді, рациоцентризмді және фаллоцентризмді бұзу, Шығысқа бетбұрыс жасау, біржақты субъект-объект антитезасы орнына адам мен әлем қатынасының тұтастығын қайта жасау.Бірақ мәдениеттегі өзгеріп отыратын жағдай әуелгіде жаңашыл болып көрінетін классикалық емес үлгілерге күмәнмен қарайды. Ерекше магия мен философиялық сиқырға толы хайдеггер-лік пайымдаулар архаика мен “үлкен жұбату” әрекеті ретін-де қабылдана бастайды. Құрылымдық тәсілдер мен жұбатушы сұлбалар өздерінің күші мен тартымдылығынан айырылады. Постиндустриалды мәдениет мынадай көз үйренбеген ландшафтарды айқындап береді: дәстүрлі мәдениеттің мақсаты болып табылатын қосарлы қарамақарсылықтар алынып тасталады; барлық құрылымдардың, метафизикалық метафоралардың, кодтардың және символдардың орталықсыздануы жүзеге асатын болады; маргиналды тәжірибеге, “кескіндерге”, “қыртыстарға”, “шек-терге”, яғни өзгешеліктерге назар аударылады; “үш өлшемді” тарихи уақыт – өткен, қазіргі, болашақ алынып тасталады. Әдістемелік оқу құралында тақырыптық жоспар, дәріс сабақтары, студенттердің өзін тексеруге арналған сұрақтар, педагогикалық ұғымдарға түсініктер және қосымша әдебиеттер тізімі көрсетіледі. Әдістемелік оқу құралы студентер және білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін ұсынылады.

2 Семинар сабақтарының мазмұны және студенттермен оқытушының өздік жұмыстарының тапсырмалары







  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет