Методическое пособие. Астана: нао имени



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата13.02.2017
өлшемі1,55 Mb.
#4041
1   2   3   4   5   6   7

 

1.2  Халықаралық  PISA,  TIMSS  зерттеулерінің  мақсаты,  маңызы  мен 

мәні 

 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі 



2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық  жоспарда  көрсетілген  функционалдық 

сауаттылықты қалыптастырудың үшінші тетігі – оқу нәтижелерінің бағалау 



жүйесін өзгерту [4]. 

Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу 

және  жинақтау  сияқты  критерийлер  бойынша  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 

жаңа  тәсілдерін  талап  етеді.  Мұндай  жүйе  әлемдік  тәжірибені  жан-жақты 

зерттеу  арқылы  енгізіледі.  Олар  ұлттық  және  халықаралық  бағалау  жүйелері 

арқылы  жүргізіледі.  Ұлттық  жүйе  арқылы  бағалау  –  жыл  сайын  өтетін  оқу 

жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралық бағалау 

жүйелері  –  PISA  (Programme  for  International  Student  Assessment),  TIMSS 



(Trends  in  Mathematics  and  Science  Study)  және  PIRLS  сияқты  халықаралық 

зерттеулер. Қазақстанның осы сияқты халықаралық зерттеулерге қатысуындағы 

басты мақсат:  

 



білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформалаудағы қажеттілік;  

 



қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  әлемдік  білім  беру  кеңістігімен 

бірігуі;  

 

оқытудың  халықаралық  сапа  стандарттарын  енгізудегі  және  оның 



нәтижелерін бақылаудағы қажеттілік;  

 



білім  беру  мазмұнын  өзгерту,  білім  беру  сапасын  бағалаудың 

қазақстандық жүйесін құру;  

 

білім сапасын бағалайтын қазақстандық жүйе енгізу. 



Зерттеу  идеологтарының  ойластыруы  бойынша  PISA  (Programme  for 

International  Student  Assessment),  TIMSS  (Trends  in  Mathematics  and  Science 

Study) және PIRLS сияқты тестілер – заман талабы мен тапсырыс берушілердің 

сұранысына сай оқыту нәтижелерінің өміршеңдігін анықтаушы құрал.  

Еліміздің  2011  жылы  өткен  халықаралық  PISA  –  2012  апробациялық 

зерттеуіне,  2012  жылы  сәуір  айында  болған  PISA  –  2012  негізгі  зерттеуіне 

қатысуы  өзін-өзі  дамытуды  максималды  түрде  іске  асыру  мен  қоғам  өмірінде 

орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды 

дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.  


 

14 


Қазақстан  PISA  халықаралық  зерттеуіне  тұңғыш  рет  –  2009  жылы  15 

жастағы  оқушылардың  білім  сапасын  анықтау  үшін  дәйекті  ақпарат  алу 

мақсатында  қатысты.  Біздің  еліміз  үшін  бұл  бағдарламаға  қатысуға 

қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі 

себеп болды. 

PISA  зерттеуінің  мақсаты  –  мектептің  білім  беру  тиімділігін  15  жастағы 

оқушылардың  математикалық  сауаттылығы,  оқу  сауаттылығы  және 

жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығы  бойынша  оқу  жетістіктерін  бағалау 

арқылы  анықтау,  яғни  бұл  бағдарлама  оқушылардың  оқу  барысында  алған 

білімдері  мен  дағдыларын  өмірлік  жағдайларда  қолдана  білу  машықтарын, 

нақты  бір  оқу  пәндерімен  тікелей  байланысты  емес  мәселелерді  шеше  білу 

құзіреттіліктерін  бағалауға  бағытталған.  Бұл  әрбір  қатысушы  елге  білім  беру 

жүйесінің  стратегиялық  мақсатын  анықтауға  мүмкіндік  береді.  PISA  зерттеуі 

2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен (2000, 2003, 2006, 2009, 2012, 2015) 

өткізіледі.  

Халықаралық  PISA  зерттеуі  15  жастағы  оқушылардың  математикалық 

сауаттылығы

оқу 

сауаттылығы 

және 


жаратылыстану-ғылыми 

сауаттылығы бойынша оқу жетістіктерін бағалайды. 

Оқу  сауаттылығы  –  жазба  мәтіндерді  түсіну,  өз  мақсатына  жету  үшін 

оның  мазмұнын  қолдану,  қоғам  өміріне  белсенді  қатысу  үшін  білімі  мен 

мүмкіншіліктерін  дамыту    қабілеті  (оқу  сауаттылығы  2000,  2009  жылдары 

жүргізілді). 

Математикалық  сауаттылығы  -  өзі  тұрып  жатқан  әлемде  математика 

рөлін  анықтау  және  түсіну,  жасампаз,  мүдделі  және  ойшыл  азаматқа  тән 

дәйектелген  математикалық  пікір  айту  және  математиканы  қазіргі  таңда  және 

болашақта  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін  қолдана  алу  қабілеті 

(математикалық сауаттылығы 2003, 2012 жылдары жүргізілді). 

Жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығы  –  нақты  жағдайларда  ғылыми 

әдіс  көмегімен  шешілетін  және  зерттелінетін  проблемаларды  анықтау  үшін, 

тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін жаратылыстану 

білімін қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған ортаны және оған адам 

ісімен  енгізілетін  өзгерістерді  түсіну  үшін,  сонымен  қоса  тиісті  шешімдерді 

қабылдау  үшін  қажет  (жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығы  2006,  2015 



жылдары жүргізіледі). 

Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) 

жүзеге  асырылады.  Оның  құрамына  білім  беру  сапасын  бағалау  аймағындағы 

төмендегідей  жетекші ұйымдар кірді: 

 

Білім  беру  аймағындағы  Нидерланд  Ұлттық  өлшеу  институты  



(Netherlands National Institute for Educational Measurement, CITO)

 



АҚШ педагогикалық тестілеу қызметі (Educational Testing Service, ETS)

 



Білім  беру  аймағындағы  Жапония  Ұлттық  зерттеу  институты  (National 

Institute for Educational Research, NIER)

 



Статистикалық  ақпараттар  жинау  бойынша  түрлі  зерттеулерді 

орындайтын  Америкалық ұйымы (WESTAT)



 

15 


Консорциумның  жұмысын  педагогикалық  зерттеулердің  Австралиялық 

Кеңесі  үйлестіреді  (The  Australian  Council  for  Educational  Research,  ACER)

Халықаралық  үйлестіруші  орталық  дайындаған  бірыңғай  ережелерге  сәйкес 

зерттеу барлық қатысушы елдерде бірдей болу үшін жүргізіледі. 

PISA  зерттеуі  15-жастағы  оқушылардың  оқу,  математика  және 

жаратылыстану  бағытындағы  пәндерден  білім  жетістіктерін  мынадай  мазмұн 

бойынша тексереді:  

Оқу пәні бойынша: 

-  «бірыңғай»  мәтін  (прозалық  туындылар,  мысалы,  сипаттама,  әңгіме, 

түсіндірме, дәйектеме);  

- «бірыңғай емес» мәтіндер (графиктер, пішіндер, ақпараттық беттер және 

т.б.).  

Математика пәні бойынша: 

- мөлшер;  

-  кеңістік және форма;  

- өзгеріс және қатынас;  

- белгісіздік. 

 

Жаратылыстану пәні бойынша: 

- заттың құрылысы және құрамы;  

- атмосфералық өзгерістер;  

- физикалық және химиялық өзгерістер;  

- қуат өткізу;  

- күш және қозғалыс;  

- физиологиялық өзгерістер;  

- генетикалық бақылау;  

- экожүйе;  

- әлемдегі жер;  

- географиялық өзгерістер.  

Оқушылардың  білім  жетістіктері  мынадай  құзыреттіліктер  бойынша 

тексеріледі:  

Оқу пәні бойынша: 

- ақпаратты табу;  

- мәтінді талдауы;  

- мәтін мазмұнына немесе формасына және оны бағалауына рефлексиясы. 



 

Математика пәні бойынша: 

-  елестету  (стандартты  қабылдаулар  мен  әдістер,  белгiлi  алгоритмдарды 

қолдану;  таныс  өрнектермен  жұмыс;  қарапайым  математикалық  амалдарды 

орындау);  

-  байланыс  орнату  (тапсырманың  бір  түрінен  екінші  түріне  өтуі, 

математикалық  модельдер  жасауы,  есептердің  шартын  шешуде  әртүрлі 

тәсілдерді қолдана білуі, тапсырма шешімін интерпретациялау);  


 

16 


-  пікір  (күрделi  мәселелер;  ойлау  және  тұжырымдау;  шығармашылық  

тәсілдер,  шешу    тәсілдерін  өңдеу;  жалпылау;  дәлелдеу;  математикалық 

икемділіктің кең спектрі).  

 

Жаратылыстану пәні бойынша: 

 



жаратылыстану  құбылыстарын  сипаттай  алуы,  түсіндіре  білуі  және 

болжай алуы; 

 

құбылыстарға ғылыми түсінік бере білуі;  



 

ғылыми дәлелдерді пайдалануы және тұжырымдауы.  



 

Зерттеу тапсырмалары мынадай жағдаяттарға сәйкес болады: 



Оқу пәні бойынша: 

 



жеке мақсатта оқу (мысалы, жеке хат);  

 



қоғамдық мақсатты көздей отырып оқу (мысалы, ресми құжаттар);  

 



кәсіби қызметте оқу (мысалы, есептер);  

 



білім алу мақсатында оқу (мысалы, оқулықтар).  

 

Математика пәні бойынша: 

 



жеке өмір;  

 



оқу және кәсіби қызмет;  

 



қоғамдық.  

 

Жаратылыстану пәні бойынша: 

 



өмірдегі жаратылыстану;  

 



денсаулық;  

 



жер және қоршаған орта;  

 



жаратылыстану және техника.  

Әрбір  тапсырма  бір  мәселені  суреттеген  мәтінді  қамтиды  және  мәтінмен 

қатар  төрт  немесе  бес  нұсқада   жауабы  бар  сұрақтар,  немесе  таңдау  бойынша 

қатар  екi  жауабы  болуы  мүмкін  жорамалдар  мен  нақты  бекiтулер  

қалыптарында  көрсетiлген  қиындық  дәрежесі  әртүрлі  бірден  алтыға  дейін 

сұрақтарды  қамтиды.  Сұрақтардың  қалған  бөлімдеріне  оқушылар  өз 

жауаптарын  құрастырулары  керек,  олардың  кейбiрi  қысқа  жауапты,  қалғаны 

толық  жауаптарды  талап  етедi.  Соңғысы  тест  тапсырушылардан  жеке  өзіндік 

пiкiрді  талап  етедi  және  өз  көзқарасын  айқындауға  мүмкiндiк  бередi.  Өзге 

кейбір  сұрақтар  оқушылардан  шеңберде  шектелген  жауаптар  нұсқаларын 

таңдауын  талап  етеді,  дұрыс  немесе  бұрыс  болып  бағаланады  (жабық 

құрастырылған жауаптар). 

Тест  жұмыстары  аяқталғаннан  соң,  әрбір  оқушы  жарты  сағаттың  ішінде 

білім  алатын  мекемесi,  отбасы,  араласатын  ортасы,  өз  мүдделері  туралы 

сұрақтарға  жауап  беріп,  сауалнама  толтырады.  Қосымша  бiлiм  ұйымдары 

әкiмшiлiгiнен  де  сауалнамалар  жүргiзiледi.  Жауаптардың  бағалануы 

халықаралық  жауаптарды  кодтау  нұсқауының  қатал  орындалуы  бойынша 

жүргiзiледi,  әрбiр  жауап  өз  кодына  сәйкестелініп,  бiлiктi  мамандармен  iске 

асырылады.  Кейбір  тапсырмалардың  жауаптары  дұрыс  немесе  бұрыс  деп 


 

17 


бағаланады,  ал  жартылай  дұрыс  немесе  оңай  жауаптар  жартылай  дұрыс  деп 

бағаланады. 

Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу барысында әрбiр оқушыға әрбір 

топтағы тапсырманы орындауына қарай (оқу, математика және жаратылыстану 

бойынша) халықаралық 1000-балдық шкала бойынша балл қосылады. Сонымен 

қатар,  тапсырма  барлық  тестіленушілермен  қаншалықты  орындалғанына 

байланысты  әрбiр  тапсырмаға  аталған  шкалаға  сәйкес  нақты  балл  қосылады 

(тапсырманың қиындығы үшін). 

Әрбір  елдің  нәтижелерін  талдауда  және  халықаралық  шкаланы 

құрастыруда  жеке  елдердің  тапсырмаларды  орындау  ерекшелiктерi  есепке 

алынады.  Ал  қатесі  бар  тапсырмалар,  мысалы,  полиграфиялық  немесе 

аудармасында қателескен тапсырмалар талдаудан шығарылып тасталады. 



 

Халықаралық  TIMSS    (Trends  in  Mathematics  and  Science  Study) 

зерттеуі  оқушылардың  математика  және  жаратылыстану  бағытындағы 

пәндерден  білім  жетістіктерін  анықтауды  мақсат  етеді.  Зерттеу  оқушылардың 

қабілеттерін  емес,  ол  оқу  барысында  меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын 

өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл 

зерттеудің  мақсаты  –  математика  мен  жаратылыстануды  оқыту  үрдістерін 

дамыту  үшін  зерттеуге  қатысушы  елдерді  оқушылардың  білім  жетістіктері 

туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету. 

Халықаралық TIMSS зерттеуі 1995 жылы басталып, төрт жылдық кезеңмен 

(1995, 1999, 2003, 2007, 2011, 2015) өткізіледі.  

Қазақстанда бұл зерттеуді алғаш рет 2007 жылы Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық білім беру сапасын бағалау 

орталығы» өткізеді. 

Зерттеудің  негізгі  әдіс-тәсілі  –  сауалнамалар  жүргізу  және  тестілер  алу. 

Оған бастауыш мектепті, яғни 4-сыныпты және 8-сыныпты бітірген оқушылар 

қатысады.  

Бұл 


зерттеу 

Білім 


жетістіктерін 

бағалаудың 

Халықаралық  

Ассоциациясымен    (IEA)  жүзеге  асырылады.  Оның  құрамына  білім  беру 

сапасын бағалау аймағындағы төмендегідей  жетекші ұйымдар кіреді:  

 



Білім саласындағы тестілеу қызметі (ETS – США);  

 



Канада статистика орталығы  (Statistics Canada);  

 



Білім  жетістіктерін  бағалаудың  Халықаралық  Асссоциациясының 

ақпараттарды  өңдеу  орталығы    (DPC  IEA  –  Data  Processing  Center  IEA, 

Германия);  

 



Білім  жетістіктерін  бағалаудың  Халықаралық  Асссоциациясының 

хатшылығы (IEA, Нидерланды);  

 

Халықаралық  басқарушы  орталығы  –  Бостон  колледжі  (ISC  – 



International Study Center, Boston College, США). 

Халықаралық  зерттеулерде  оқушыларға  қазақстандық  мониторинг 

зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі 

математикалық  тапсырмалар  нақты  өмірлік  мәселелерге  жақын,  қоршаған 

өмірдің  түрлі  аспектілерімен  байланысты  және  өз  шешiмдерi  үшiн 


 

18 


математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке 

өмірі, кәсiби қызметi, спорт  және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады. 

Зерттеу  тұжырымдамасына  сәйкес,  әрбір  тапсырма  математиканың 

мазмұнды  бөліктерінің  біріне  сәйкес  келеді.  Атап  айтсақ,  4-сыныпқа  арналған 

тапсырмалар  сандар  (50%),  геометриялық  фигуралар  мен  өлшеулер  (35%), 

мәліметтерді  беру  (15%)  бөлімдері  бойынша;  8-сыныпқа  –    сандар  (30%), 

алгебра  (30%),  геометрия  (20%),  мәліметтер  мен  болжамдар  (20%)  бөлімдері 

бойынша дайындалады.  

Аталған  мазмұндық  бөліктерді  ашып  қарастырар  болсақ,  олар  мынадай 

тақырыптарды қамтиды: 

4-сынып.  Сандар:  натурал  сандар;  жай  және  ондық  бөлшектер;  сандық 

көрсеткіштер және теңдеу; тізбек мен тәуелділік.  



Геометриялық  фигуралар  мен  өлшемдер:  нүкте,  кесінді  және  бұрыш; 

фигуралардың жазықтықта және кеңістікте белгіленуі. 



Мәліметтердің  берілуі:  мәліметтерді  үйлестіру  және  оқып-түсіну; 

мәліметтерді үйлестіру және беру. 

8-сынып.  Сандар:  натурал  сандар;  жай  және  ондық  бөлшектер;  бүтін 

сандар; қатынас, пайыз және пропорция.  



Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; теңдеу/теңсіздік және функция.  

Геометрия: 

геометриялық 

өлшемдер; 

геометриялық 

фигуралар; 

фигуралардың орналасуы және қозғалысы.  



Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді талдау; мәліметтерді үйлестіру және 

беру; ықтималдылықтар.  

Оқушылардың  математикалық  сауаттылығының  деңгейі  осы  аталған 

мазмұнды  бөлімдерімен  қатар  «математикалық  құзыреттiлiктiң»  даму 

деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде 

«тұлғаның  математикалық  бiлiмдерінің,  біліктілігінің,  тәжірибесінің  және 

қабілеттерінің үндесуімен» анықталады.  

Халықаралық  TIMSS  зерттеуінде  үш  математикалық  құзыреттiлiктiң 

деңгейлерi  қарастырылады:  білім  деңгейi,  қолдану  деңгейі,  тұжырымдау 

деңгейi.  

Білім деңгейі бойынша: 

 



оқушылардың  терминдерді,  сандардың  қасиеттерін  еске  түсіру  арқылы 

суреттеу; есептеу;  

 

график пен кестеден мәліметті алу;  



 

құралдарды қолдану;  



 

классификациялау,  математикалық  объектілерді  тану  қабілеттері 



бағаланады. 

Қолдану деңгейі бойынша: 

 



нәтижелі шешу тәсілін таңдау;  

 



математикалық ақпаратты көрсету;  

 



модельдеу;  

 



тізбек тапсырмаларды орындау;  

 



стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланады. 

Ойлау деңгейі бойынша: 

 

19 


 

объектілердің арасындағы тәуелділікке анализ жасау;  



 

қорытындылау, әр түрлі шешу жолдарын синтездеу;  



 

дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу;  



 

стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланады.  



Бұл  зерттеулер  қатысушы-елдерге  оқушылардың  білім  жетістіктерінің 

нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді 

бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді. 

 

 



1.3  Оқушылардың  математикалық  сауаттылығын  дамытудағы 

отандық және шетелдік тәжірибелер 

 

Білім  беру  саясаты  білім  беру  саласындағы  жалпыхалықтық  мүддені 



білдіреді  және  сонымен  қатар,  әлемдік  дамудың  жалпы  үрдісін  ескере  отыра 

оларды  әлемдік  қауымдастыққа  ұсынады.  Жаңа  өркениеттік  талаптар  заңды 

түрде  көптеген  елдерді  жаңа  «білім  беру  дүмпуіне»,  білім  жүйесінің  терең 

реформалар толқынына әкелді. Бұл АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Шығыс Еуропа 

елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка және т.б. елдерде өтуде. 

Шет  елдерде  өткізіліп  жатқан  білім  реформалары  қоғамның  ағымдағы  және 

алдағы  қажеттіліктеріне,  ресурстарды,  соның  ішінде  білім  беру  жүйелерін 

тиімді пайдалануға бағытталған. 

Әр елдің білім беру жүйесі бірегей, себебі түрлі елдердің білім беру жүйесі 

қандай  да  бір  дәрежеде  түрлі  мақсатты  көздейді,  сонымен  қатар,  оларға 

қайталанбас сипат беретін, қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар [10]. 

Финляндия – дүние жүзінде білім берудегі бірден бір көшбасшы ел. Қазір 

бұл мемлекет функционалдық сауаттылық деңгейі (93%) мен орта және жоғары 

оқу  орындарына  қабылдау  (тұрғындардың  1  мың  адамына  103)  бойынша 

әлемде жетекші орында. АҚШ үшін сәйкес көрсеткіштер – 82% және 95 адам.  

Финдердің 40,6% – орта тоғызжылдық, 36,1% – лицейлік, 23,3% – жоғары 

білімі  бар.  2001  жылы  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымы 

(ЭЫДҰ)  Еуропаның  32  елінде  15  жасар  оқушылар  арасында  олардың  ХХІ 

ғасыр  талаптарына  қаншалықты  даяр  екенін  анықтау  мақсатында  зерттеу 

жүргізді.  Жас  финдер  тек  жалпы  сауаттылық  бойынша  ғана  емес,  сонымен 

қатар математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша көшбасшылардың 

бірі болды. ЭЫДҰ 2003 жылдың шілде айында дүние жүзі өнеркәсібі дамыған 

43  елдің  арасында  өткізген  «Әлем  ертең»  атты  жаңа  зерттеуі  бұл  үрдісті 

дәлелдеді. 

ХХ  ғасыр  барысында  фин  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай  өзгеріске 

ұшырады.  1921  жылы  жалпыға  ортақ  және  тегін  білім  беру  туралы  заң 

(принциптің  өзі  1919  жылы  конституцияда  жазылған  болатын)  қабылданған 

сәттен  бастап  70-жылдарға  дейін  мұндай  білім  берудің  негізі  алтыжылдық 

(бастауыш)  халықтық  мектептер  болды.  Фин  балалары  мектепке  дейінгі 

мекемелер  жүйесінде  білімге  бейімделеді.  Ол  негізінен  балалар  бірінші 

сыныпқа қабылдар алдындағы бір жыл бойы балалар тәрбиеленетін мектептер 

мен балабақшаларда жүргізіледі. Қолданыстағы заңға сәйкес муниципалитеттер 


 

20 


алты  жастағы  барлық  балалар  үшін  тегін  ұйымдастыруы  тиіс.  Кішкентай 

финдердің  75%  мектепке  дейінгі  оқумен  қамтылған.  Оларды  жаңа  білім  және 

білікке ойын әдістерінің көмегі арқылы оқытады. Бағдарлама 700 оқу сағатына 

есептелінген.  Алдыңғы  орынды  1964  жылы  Хельсинкиде  ашылған  Фин-орыс 

мектебі  алған.  Жекеменшік  фин-орыс  бала-бақшасы  мектеппен  байланыста 

жұмыс  жасауда.  Жұмыс  жасау  тілдері  –  фин  және  орыс  тілдері.  Жай 

мектептерде алатын білімнен басқа, мұнда балаларды орыс тіліне және ресейлік 

мәдениетті жақсы білуге оқытады. Оқушылардың 15% үшін орыс тілі ана тілі 

болып саналады [14]. 

Әлемдегі  білім  беру  жүйесі  ең  үздіктердің  қатарындағы  Финляндия  елі 

оқу-тәрбие  үрдісінде  қандай  алдыңғы  қатарлы  ғылыми  технологияларды 

қолданады?  Финлиядияның  білім  жүйесінің  қысқаша  тарихымен  танысатын 

болсақ,  2000  жылғы  PISA  зерттеулері   қорытындысы  бойынша  Финляндия 

білім  жүйесі   бірінші  орынға  ие  болды.  Бұл  елдің  білім   беру  жүйесіндегі 

реформасына  және  оны  бағалауына  тоқсалсақ,  дұрыс  құралған  реформа  – 

білімнің  табысты  болуына,  баланың  қоғамға  сай  бейімделуіне  ықпал  етеді. 

Елдің  экономикалық  дамуы,  заманына  сай  мектептің   бағалануы,   білім 

жүйесінің 

дамуы 

реформаның 



негізгі  

аспектілерімен 

сипатталады. 

Реформаның  негізгі  аспектілері  оқу  бағдарламасын  қайта  құру,  реформаның 

дидактикасы,  мектепті және білім сапасын басқару. Білім жүйесі балабақшадан 

басталады. Бүкіл қоғам болып баланың дамуына зиян келтірмей балабақшадан 

мектепке  көшіру  жағдайын  ойластырады.  Негізгі  мектеп  бітірсе  де  емтихан 

тапсырылмайды,  дифференцалды  сыныптар  жоқ,  бар  сыныптар  біркелкі. 

Мектептен  кейін  бала  бір-ақ  рет  матрикулляциондық  емтихан  тапсырады. 

Мектептерінде  оқушылардың  әлеуметтік  шығындарын  мемлекет  төлейді. 

Финляндияда   оқушыға  сенім,  мұғалімге  сенім  және  мектепке  сенім  деген  

принциппен жұмыс істейді. Финляндияда әрбір мұғалім өзінің қоғаммен қалай 

бағаланытынын біледі. Халықаралық зерттеулер нәтижесі бойынша біріншіден, 

параллель оқытулардан бас тартып, бірыңғай мектепке көшулері білім сапасын 

жоғарылатты. Екіншіден, жүргізілген  білім саясаты мен педагогика өзгерістері, 

білім  жүйесін  басқа  елдермен  салыстырғанда  бірінші  орынға  шығарды.  PISA 

қорытындысын сараптасақ, жоғарғы сатыда математикадан, жаратылыстанудан 

оқу  сапасы  жоғары.  Реформаның   негізгі  принциптерінің  бірі  дамытуға 

бағытталған  білім  берудің  мазмұны  мен  құрылымының  тең  құқықтылығы, 

қоғамда  және  тәрбиеде  тең  құқықтылықты  дамыту.  Барлық  тұрғындардың 

жалпы  білім  деңгейін  көтеру,  бір  жылда  туған  балаларға   ұзақ,  жеткілікті 

мерзімді  (9  жыл)  жалпы  арнайы  білімнің   берілуін  біркелкі  ұйымдастыру. 

Үздіксіз  білім  берудің  қамтамасыз  етілуі  білім  жүйесінің  біртұтас  барлық 

тармақтарында  келесі  жоғары  сатыға  «үздіксіз  білім»  принципі   бойынша 

жылжу  мүмкіндігіне  негізделген.  Оқушылардың  оқудағы  қиындықтарды 

барлық  деңгейде  жеңе  білуі  оқудағы  проблемаларға  ерекше  көңіл  аудартады. 

Оқу  материалдарында  басты назар нақты  мақсаттар  мен   оқу  тапсырмаларына 

бөлінеді.  Мақсатқа  жетуі  қалыптастырушы  және  жиынтық  бағалау  арқылы 

қадағаланады. Қалыптастырушы бағалау материалды оқу кезінде қай бөлімінде 

қиындық  туындады,  қандай  оқушының  оқуда  проблемалары  бар  екенін 



 

21 


ажырата  алуға  көмектеседі.  Оқудағы  қиындықтың  алдын  алу  дереу  оқытуды 

түзету арқылы іске асырылады, өзіне, өз күшіне сену, қабілеттеріне және оқуға 

деген  оңтайлы  көзқарас  табысқа  деген  ұмтылыспен  іске  асады.  Мұғалім 

мақсатына  сай  сабағын  жоспарлап,  әр  мақсаттың  маңызын  түсініп  оқушының 

оқуы үшін іс –әрекетін алға жылжуын бақылай алады, оқу үрдісіне әр баланың 

ерекшелігін ескере отырып түзетіп, ынталандыра отырып кері байланыс жасай 

алады. Елде белгілі бір сыныпты бітіргенде баланың білім деңгейін тексерудің 

бірыңғай  жүйесі  қарастырылмаған.  Арнайы  таңдау  экономикалық,  аймақтық, 

әлеуметтік  және  жыныстық  критерийлер  бойынша  жүргізіледі.  Осыған 

қарамастан екі немесе үш есе көп мектептер сапаны ерікті бағалауға қатысады. 

Жыл сайын математика, ана тілі және әдебиетті бағалау ауысып келіп отырады. 

Бес жыл сайын әр пән бойынша сапа тексеріліп отырады. Мектептерге рейтинг 

жасалмайды, әрбір мектептің сапасы жарияланбайды, өздеріне ғана айтылады. 

Тек  мектептердің  орташа  сапасы  ғана  жарияланады.  Мектептерге  сапаны 

тексеру  туралы  нақты  нұсқау  беріледі,  осыған  орай  әр  мұғалім  кері  байланыс 

береді.  Оқыту  қорытындысының  мақсаты  теңқұқылы   білім  принципіне 

негізделген,  оқу  жетістігі  біркелкіліке  тең,  мектептің  негізгі  сатысының 

қорытынды  кезеңінде  барлығы  бірдей  жоғарғы   деңгейге  жету  керек  деген 

талап қойылады. 

Финляндияның  білім  жүйесінің   біздің  елмен  ұқсастығы  –  білім  алудың 

балабақшадан басталатындығы,  оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген 

принциппен  жұмыс  істейтіндігі.  Сонымен  қатар,  елдегі  білім  беру  мазмұны 

оқушының  табысқа  жетуіне  бағытталған  және  олар  бағалаудың  әр  түрлі 

әдістерін  пайдаланады.  Бұл  елдің  мектептері  статусқа  бөлінбейді,  барлық 

балаға  нәтижеге  бағытталған  білім  мен   тәрбие  бірдей  беріледі.  Сингапур, 

Жапон,  Финлиядияның  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  мақсатында  жүргізілген 

реформаларын  зерттей  келе  елімізде  білім  жүйесін  дамытуға  байланысты 

белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

2009  жылғы  PISA  зерттеуі  негізгі  мектеп  оқушыларының  оқудағы 

функционалдық  біліктерін  бағалауға  бағытталды,  математикалық  және 

жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы төменірек дәрежеде бағаланды. Ал енді, 

эстондық оқушылардың нәтижелері бұрынғыша өте жоғары көрсеткіште қалып 

отыр.  Еуропа  елдері  арасында  эстондық  оқушылар  функционалдық  оқу 

саласында  2006  жылғы  зерттеумен  салыстырғанда  баллмен  есептегенде  8-

орыннан  5-орынға  көтерілді,  математикалық  сауаттылық  бойынша  −  7,  ал 

жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  бойынша  2-орынды  иеленді.  Әлем 

бойынша  функционалдық  оқудан  13-орын,  математикалық  сауаттылық 

бойынша − 17, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша 9-орында.  

Пайыздық  бөлінуде  оқушылардың  87%-ы  функционалдық  оқуда  базалық 

немесе  одан  жоғары  деңгейге  қол  жеткізді.  Сәйкес  көрсеткіштер  негізінде 

еуропалық  елдер  арасында  эстондық  оқушылар  функционалдық  оқудан  

2-орында, 

жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  бойынша  −  2  және 

математикалық сауаттылық бойынша 3-орында (2009 жылғы зерттеу бойынша). 

Әлем  бойынша  эстондық  оқушылар  функционалдық  оқудан  7-орын, 

жаратылыстану-ғылыми  сауаттылық  бойынша  −  5  және  математикалық 


 

22 


сауаттылық  бойынша  10-орынды  иеленді.  Сонымен,  эстондық  оқушылардың 

басым  көпшілігінде  қоғам  өміріне  толыққанды  қатысуы  үшін  қажет  базалық 

білім және дағдылары бар. Функционалдық оқу бойынша орташа нәтижелердің 

негіздемесінде  Шанхай  (Қытай),  Корея,  Финляндия,  Гонконг  (Қытай), 

Сингапур және Канада оқушылары ең үздік нәтиже көрсетті.  

Эстония,  Финляндия,  Норвегия,  Жапония  және  Канада  –  оқушылардың 

әлеуметтік-экономикалық  жағдайына  нәтижеліліктің  тәуелділігі  өте  төмен 

елдер  болып  саналады  –  көрсеткіш  10%-ға  жуық.  Ең  төмен  сәйкес  көрсеткіш 

Исландияда – 7% [12]. 

Сингапур елі білім жүйесі әлем бойынша ең үздіктердің бірі болғандықтан, 

білім беру саласындағы сарапшылардың назарын өзіне ерекше аударып отыр.  

Сингапур  елінің  білім жүйесі  аз  уақыт аралығында  табысқа  қалай жетті?  

Бұл елде білім беру жүйесінде нені басты назарға алады екен?  Әр елдің білім 

беру  жүйесі  ерекше,  мақсаттары  әр  түрлі  және  өзіне  тән  тарихи   даму  

сатыларынан  өтіп  дамыған.  Осы  ел  соңғы  не  бары  45  жыл  ішінде  құрылып, 

білім жүйесінде жоғары нәтижеге жетіп, әлемге танылды. Сингапурдың мектеп 

оқушылары  халықаралық  тестілеуде  тұрақты  түрде  жоғары  нәтижелер 

көрсетеді. 

Білім  инфрақұрылымы  шағын  және  экономика  құрылымымен  өте  жақсы 

интеграцияланған   білім  беру  институттарының  қызмет  көрсету  сапасы  жедел 

дамып,   дамыған  елдердің  қатарына  қосылды.  Білім  әлемдік  экономикаға 

бағытталып,  табысқа  жету  мақсатында  әлеуметтік  және  шаруашылық 

қажеттілікке бейімделе негізделген. 

Білім саласындағы эксперттер осы елдің оқу жүйесін әлемде жоғары  деп 

бағалады.  Біріншіден,  PIRLS  зерттеулеріне  сүйенсек,  сауаттылығы  жағынан  

әлемде алдыңғы қатарлардың бірінде, екіншіден, сингапурлық оқушылар 1995 

жылдан бастап математика және жаратылыстану ғылымдарынан  халықаралық 

(TIMSS)  тестілеуден  әлемде  жоғарғы  нәтиже  көрсетуде,  үшіншіден,  2008 

жылдан  бастап  консалтинг  компаниясы   Сингапур  білім  жүйесін  әлемде   ең 

тиімді деп атады (әсіресе педагог мұғалімдерді дайындау саласы), төртіншіден,  

2007  жылы  IMD  зерттеулер  нәтижесі  бойынша   осы  жүйесі  кең  ауқымды 

экономикалық  талаптарына  бейімделген.  

1997  жылдан  бастап  сингапурлық  білім  жүйесі  білімге  негізделген, 

ғаламдық  экономика  үшін  жұмысшы  күшін  дайындауға  бағытталған  дамудың 

жаңа сатысына көтерілді. Білім беру жүйесінде келесі реформалар өтті: 

 

екі  сатылы  бастауыш  білім  енгізілді:  4  жыл  –  негізгі  бастауыш, 



қосымша 2 жыл – бағдарлы оқыту; 

 



бастауыш  мектепті  бітіру  емтихандар  жүйесі  өзгерді.  Олардың 

қорытындылары  бойынша  оқушыларға  орта  мектептегі  таңдау  бойынша 

ұсыныстар беріледі; 

 



орта  мектеп  кезеңінде  және  оны  бітіргеннен  кейін  техникалық  және 

кәсіптік  білім  алу  мүмкіндіктері  пайда  болды.  Техникалық  білім  беру 

институтының негізі қаланды. 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы – бұл мектеп оқушыларының 

оқу әрекетінде және одан тыс жағдайда тиімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін, 


 

23 


басты  құзыреттілікті  меңгеру  деңгейін  көрсететін  белгілі  бір  дәрежедегі 

білімділік деңгейі [13]. 

Сингапурдың  ішкі  нарығы  көлемі  жағынан  шағын  болған  соң  толық 

импорттау  стратегиясы  мүмкіндігін  пайдалана  алмады,  су,  азық-түлік  және 

барлық  ресурстарымен  қамтамасыз  ету  үшін  Малайзиямен  тығыз  байланыста 

болды.  Бұл  бетбұрыс  Сингапурда   өмір  сүретін  көп  ұлтты  білім  жүйесіне   оң 

әсерін  берді.  Негізгі  өндіріс  саласы  кеме  жасау  және  жөндеумен  айналысқан 

бұл елдің 45 жыл бұрын ұлт нышанын көрсететін  не білім жүйесі, не армиясы, 

не  флоты,  тіпті  елін  дамытуға  ресурстары  да  болмаған.  Мемлекет  тек  өзінің 

әлемдік белсенді сауда жолдарының қиылысында сәтті орналасуын және адами 

капиталды  ресурстарын  ғана  арқау  қыла  алды.  Тәуелсіздік  алған  соң 

мемлекеттің  даму  жолдарын   іздестіріп,  жан-жақты  анықтай  бастады.  Табиғи 

ресурстардың  болмауына  байланысты   жоғарғы  кәсіби   нарық  құру,  шетелдік 

инвестрларды  тарту  және  экспорттауға  бағытталған  экономикаға  көшу  үшін 

үкімет  интеллектуалды  модернизация  жолын  таңдады.  Білім  жүйесінің 

алдындағы   міндет  –  елді  сауатты  және  техникалық  білімді  мамандармен 

қамтамасыз ету. Бірнеше ұлттардың білім құрылымдарына біркелкі стандартты 

енгізу  арқылы  оптимизациялау  мәселесі  туындады.  Барлық  пәндерді  бір  тілде 

жүргізу  таңдалды,  ол  -   ағылшын  тілі.   Сингапурдың  барлық  азаматтарын 

ағылшын тілінде сөйлеуге әзірлеу, дайындау жүйесі халықаралық өндіріс, сауда 

және  білім  саясатын  жүргізуге  бағытталса,  ал  қытай  тілі  Азиялық  бизнеске 

тиімді.   Бүгінгі  уақытта  Сингапурда  он  жылдық  білім  жүйесі,  алты  жастан 

бастап сан қырлы, түрлі оқу бағдарламалар аясында білім алады. Осы жүйе әр 

оқушының  бейім-қажеттілігіне   қарай  таңдау  және  мектеп  кеңесінің  берген 

бағдарламасымен  оқуға  мүмкіндік  туғызады.  Оқушыларға  мектепте  қосымша 

спорт,  шығармашылық   іс-әрекеттерге  көп  көңіл  бөлінеді  екен.  Барлық  білім 

жүйесі  әлемге  ашық  топта  жұмыс  істей  алатын  көшбасшыларды  тәрбиелеуге 

бағытталған.  Сыныптың   тығыздығы-40  балаға  дейін  екен,  мұғалім  сабақты 

сегіз топқа бөліп, топтық әрекеттермен өткізеді [10]. 

Білім  беру  процесінің  тиімділігін  арттыру  мақсатында  1979  жылы  жаңа 

білім  беру  жүйесі  қабылданды.  Ол  бастауыш  және  орта  мектепте  балалардың 

білім  баспалдағы  бойынша  өз  қабілеттеріне  сәйкес  жылжуына  мүмкіндік 

беретін, сатылы оқытуды қарастырды. Оны енгізудің басты мақсаты – әр балаға 

орта  мектепті  бітірте  отыра,  одан  әрі  қарай  кәсіптік  оқуы  мен  жұмысқа 

орналасуы үшін базалық білім алуына мүмкіндік беру.  

Сингапурдағы  білім  беру  жүйесі  заманауи  кезеңінің  негізгі  мақсаты  –  әр 

адамды  өмір  бойы  оқуға,  жаңа  білім  және  дағдылар  алуға,  технологияларды 

меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға, тәуекел ету және өзіне 

жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін ынталандыру ортасын құру 

болып  табылады.  Кезеңнің  мәнін  қысқаша  мектептегі  білім  беру  кезеңнің 

әрқайсысында  баланың  қабілеттерін  және  дарынын  анықтау  мен  дамытудың 

институционалдық  механизмдерін  жасау  ретінде  сипаттауға  болады.  Түрлі 

білім  беру  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға  ықпал  ету  үшін  үкімет  Edusave 

ынталандыру  гранттық  жүйесін  әзірледі,  ол  оқушыларға  оқуға,  соның  ішінде 

қосымша білім мен шетелге іс-сапарына байланысты барлық шығынды өтеуіне 


 

24 


мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  ата-аналар  балаларын  мектепке  жібере 

отыра,  оларды  туған  мәдениетіне  менсінбей  қарауға  тәрбиелемейтініне  және 

ана тілін оқитынына сенімді болуы тиіс. 

Сингапурдың  білім  беру  жүйесіндегі  басты  жетістіктер  ретінде  келесі 

фактілерді атауға болады: Сингапур – функционалдық сауаттылық деңгейі әлем 

бойынша ең жоғарылардың бірі (Progress in International Reading Literacy Study); 

сингапурлық мектеп оқушылары математика және жаратылыстану ғылымдары 

бойынша салыстырмалы халықаралық тесттерде (TIMSS) үздік нәтиже көрсетіп 

отыр;  2008-2009  жылдары  сингапурлық  білім  жүйесі  әлем  бойынша  ең  тиімді 

деп  аталды  (McKinsey);  Сингапурдың  білім  жүйесі  ғаламдық  экономика 

талаптарына  барынша  жақсы  бейімделген  (IMD  World  Competitiveness 

Yearbook 2007).  

Сонымен,  еліміздің  оқу  жүйесін  Сингапурдағы  білім  беру  жүйесімен 

салыстырсақ,  екі  елдің  өзіндік  ерекшеліктері  байқалады.  Сингапурда  әр 

оқушының  бейім-қажеттігіне   қарай  таңдау  мүмкіндігі  беріледі  және  әлемдік 

экономиканың саясатына сәйкес ағылшын тілінде дәріс беріледі. Білімнің даму 

сатысында  адамның  өмір  бойы  білім  алуына,  жаңа  технологияларды  игеріп, 

өзіне  жауапкершілік  пен  міндеттер  алуына  ынталандыру  ортасы  құрылған, 

негізгі  идеясы   қабілетті,  дарындыларды  қолдауға,  көшбасшыларды 

тәрбиелеуге  арналған.  Сабақтарын  бақылайтын  болсақ,  әр  топтан  оқыту, 

қарым-қатынас,  жеке  тұлғаны  қалыптастыратын  жұмысты  байқауға  болады. 

Соңғы  кезде  біздің  елімізде  де  көп  тілділікке  терең  көңіл  бөлініп  отыр. 

Ағылшын  тілін  жаппай  меңгеруге  біртіндеп  көшуде.  2013-2014  оқу  жылынан 

бастап  жалпы білім  беру  ұйымдарына  ағылшын  тілін игеру  бірінші  сыныптан 

енгізілді.  

Америкалық  мектепте функционалдық сауаттылыққа оқытуда оқушы ерте 

балалық  шақтан  бастап  сөйлемнің  ғана  емес,  тұтас  шығарманың  құрылымын 

меңгереді.  Кез  келген  пән  бойынша  орта  мектептегі  шығарма  (essay)  тек 

кіріспе,  талқылау  және  қорытындыдан  ғана  тұрмайды.  Ондағы  әр  сөйлемнің 

орны,  арналуы  және  көлемі  бірнеше  рет  практикалық  қайталаудан  соң 

айқындалады  және  бекітіледі.  Жоғары  мектепте  шығармашылық  жазу 

сабағында (осындай таңдау пәні бар) балалар күніне бір беттен еркін мәтіндер 

немесе апта сайын бір әңгіме жазады.  

SAT  –  бұл  «сын  тұрғысынан  оқу»  (critical  reading),  оқушылардың  мәтінді 

талдау,  көбінесе  түрлі  авторлардың  ұқсас  тақырыпқа  жазған  екі  мәтінін 

салыстыру  қабілеттерінен  тұрады;  жазу  (writing)  –  ойды  жеткізудің  тиімді 

құралдарын  таңдау  білігі,  жеке  алғанда,  25  минут  аралығында  кіріспе  және 

қорытындымен бірге бес параграфқа шығарма жазу; математика негіздері. Төрт 

мүмкін  нұсқадан  таңдалған  бір  тапсырмадан  бөлек,  SAT-та  еркін  формадағы 

жауапты  талап  ететін  тапсырмалар  да  бар,  ал  тапсырмалардың  күрделілігі  әр 

түрлі.  Ол  3  сағат  45  минутқа  созылады,  және  уақыт  үнемі  жеткілікті  бола 

бермейді.  

Мектепте  шығатын  журналдардың  беттерінде  оқушылардың  үй 

тапсырмаларынан  берілген  әдеби  шығармалары  және  суреттері  басылады. 

Мектеп  кітапханасы  бірнеше  ғылыми  басылымды  қосқанда,  140  журнал 



 

25 


жазғызып  алады.  Холлдар  мен  дәліздерде  мектеп  оқушылары  еңбектерінің 

көрмесі  бірін  бірі  алмастырады,  мектеп  оркестрлерінің  концерттері,  басқа 

қалашықтармен  өткізілетін  спорттық  сайыстар  көпшілікке  танымал,  бірақ 

жылдың  ең  басты  оқиғасы  –  мюзикл  қойылымына  мектептегілердің  барлығы 

дерлік  жиналады,  тіпті  мұғалімдер  мен  оқушылар  арасында  өтетін  баскетбол 

матчы да осынша көрермен жинамайды [11].  

Америка  Құрама  Штаттарының  әрбір  ірі  мектебінде  ата-аналар  мен 

ұстаздар  қауымдастығының  жалпыхалықтық  филиалының  жұмысы  назар 

аударарлық.  Ата-аналар  –  мектеп  реформаларының  белсенді  қатысушылары. 

Кей  мектептерде  ата-аналар  комитетінің  пікірі  оқу  процесін  ұйымдастыруда, 

тіпті бағдарламалар мен әдістерді таңдауда басым рөл атқарады [11]. 

Шетелдердің  тәжірибесі  көрсеткендей,  бүгінгі  таңда  тұлға,  отбасы,  білім 

беру  мекемесі  мен  қоғамның  іс-әрекеті  –  ғаламдық,  жалпыәлемдік  проблема 

болып отыр. Отбасы рөлінің төмендеуі және кей жағдайларда оның өз қызметін 

орындауының  объективті  түрде  мүмкін  болмауы  –  даусыз  мәселе.  Қазіргі 

отбасы  бала  дамуы  мен  тәрбиесі  бойынша  барлық  салмақты  өзіне  алуға  даяр 

емес.  Қалыптасқан  дәстүр  бойынша,  педагог  отбасы  тәрбиесіне  жетекшілік, 

басшылық  жасауы,  өз  тәрбиеленушісіне  және оның  ата-анасына қоғам  атынан 

талап қоюы тиіс болды [12]. 

Бүгінгі  ахуал  педагог  алдына  көрсетілген  көзқарастарды  қайта  қарау 

қажеттілігін  қойып  отыр.  Педагогтар,  тәрбиешілер  мен  ата-аналар  баланың 

әлеуметтену  процесінің  біртұтас  аясында  серіктестер  ретінде  қарастырылуы 

тиіс.  

Отбасы  саласындағы  мемлекеттік  саясат  тікелей  отбасымен  жұмыс 



жасайтын мамандарға сүйенуі қажет, қазіргі таңда оларға деген қажеттілік өте 

жоғары.  Сол  себепті,  әр  тәрбиеші,  педагог  өзінде  бар  кәсіби  білімі  мен 

педагогикалық  тәжірибесіне  сәйкес  ата-анаға  баланың  дамуы  мен  тәрбиесіне, 

олардың  әлеуметтік-мәдени  бейімделуіне  көмек  көрсетуге  міндетті.  Бұл 

педагогтың  отбасымен  тиімді  ынтымақтасуына  дайындалу  сапасын  көтеруді 

талап етеді. 

Отбасы  мен  білім  беру  мекемесінің  серіктестік  пен  өзара  көмек 

тұрғысынан  басымдық  бағыттардағы  баланың  әлеуметтену  процесінде  тиімді 

ынтымақтасуына көңіл бөлу маңызды. Отбасы мен отбасылық тәрбие моделінің 

әлеуметтік-психологиялық диагностикасы қажет.  

Отбасы  проблемасының,  оның  әлеуметтік-мәдени  рөлінің  пилоттық 

талдауы бұл институт әлеуметтік құндылық болып есептелінетінін көрсетті, ол 

бала  дамуы,  оның өздік өмірге,  кәсіби бағдарлануға  дайындалуы  үшін  жағдай 

тудыруы  керек.  Мысалы,  отбасы  және  мектептің  өзара  іс-әрекетінде  әлемнің 

көптеген елдерінің білім беру мекемелерінде құрамына ата-аналар кіретін ата-

аналар  комитеті  немесе  мектеп  кеңестері  бар.  Бірақ  бұл  органдардың 

құрамында негізінен, тұрмысы жақсы оқушылардың ата-аналары болады. Қиын 

балалардың ата-аналары мектеппен тұрақты байланыс жасамайды.  

Шет  мемлекеттер  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру  бойынша  отбасы  мен  мектептің  өзара  әрекеттесуі  түрлі 

бағыттарда жүзеге асырылады: 


 

26 


– ата-ананың педагогикалық мәдениетін (педагогикалық жалпыға міндетті 

оқу,  ата-аналар  үшін  лекторийлер,  педагогикалық  оқулар  және  т.б.)  көтеру 

есебінен бала тәрбиесін оңтайландыру; 

–  ата-аналарды  ішінара  оқу-тәрбие  процесіне  (мектептің  және  сыныптың 

ата-аналар комитеті) қатынастыру; 

 



 өзара іс-әрекетке қатысушылардың ерекше мүмкіндіктерін жүзеге асыру 

үшін  қолайлы  жағдайлар  (демалысты  ұйымдастыру,  кәсіптік  бағдарлық 

кеңестер,  факультативтік  сабақтар,  спорттық  туристік-өлкетанулық  қызметтер 

және т.б.) жасалғандағы өзара серіктестік іс-әрекет. 

 

Жапон елінің білім жүйесі ерекше көңіл аудартады. Жапон елінде балалар 



қиындықтарды  өздері  шешеді.  Олардың  бар  қиындықтары  оқуда  ғана, 

сондықтан олар емтихан тапсыру арқылы өзінің орнын анықтайды. Егер жақсы 

білім  алса,   мемлекеттік   жоғарғы  оқу  орындарында  оқуын  жалғастырып, 

мемлекеттік  қызметке  орналаса  алады.  Оқу  деңгейі  төмендеу  болса,  жеке 

меншік  қымбат  оқуға  түсуге  мүмкіндігі  ғана  болады  және  оны  тамамдаған 

мамандарды  жұмысқа   алмайды.  Сонымен  олардың  қоғамда  бөлінуі  бала 

кезінде емтихандардан өтуіне байланысты, бәсекелестік ерте жастан басталады. 

Білім  берудегі  тәрбие  мен  оқудың   негізгі  саясаты-ерекше  ойлайтын, 

шығармашыл,  жан  дүниесі  бай  тұлға  тәрбиелеу.  Барлық  білім  бөлімдерінің 

мақсаты – өскелең ұрпағына дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету. Ол 

елде  мектепке  дейінгі  білімге  көп  көңіл  бөлінеді,  кіші  жастағы  балаларда 

қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, ұжымдыққа баулитын құндылықтар өте 

маңызды.  Балаларға  отбасының  тәрбиесі  өте  маңызды,  өмірінің  мәні 

балалардың  тәрбиелі  болуына  байланысты  екенін  айтады.  Кіші  және  орта 

буындарда топтық  тәртіппен оқытылады, топ құрамы іс-әрекетінің тиімділігіне 

сәйкес  7-8  баладан  тұрады.  Әңгімелеуші  құрбысына  қалай  қарау  оның  пікірін 

тыңдай  білу,  өзін  көрсету  дағдыларын  қалыптастырады.  Мұғалімдер  мен 

балалар  тапсырмаларды  бағалау  кезінде  тәртібі  мен  басқа  мәселелер  туралы 

сұрақтар  туындаса,  жеке  оқушыға  емес,  топқа  байланысты,  ол  жүйе 

алшақтатудың,  кикілжіңді  болдырмай,  балалардың  денсаулығын  сақтауға 

ықпал  етеді.  Соробон  құралы  пайдаланылады,  ол  шығармашылық  қабілетін 

арттырып, ойша есептеуге ықпал етеді.   

Жапон  мектептерінде  дене  тәрбиесіне  көп  көңіл  бөлінеді:  кез  келген 

оқушы  үстел  тенисі,  әскери  қимыл  әрекеттерін,  жеңіл  атлетика  негіздерін 

игереді.   Мектепте  білім  алу  мерзімі  12  жыл,  ана  тілінің  қиындығына 

байланысты  оның  жартысы  бастауыш.  Ағарту  министрлігімен  бекітілген 

бастауыш сыныпта минимум 1850 иероглиф меңгерілуі тиіс. Кітап оқу үшін 3 

мыңнан артық білу керек. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектептен кейін 

міндетті  емес  «шеберлік»  мектебінде   дайындыққа  қатыса  алады.  Кіші  және 

орта  буында   барлық  бағдарламалар  арқылы  күнделікті  өмірде  өзін  бақылай 

білуге,  адамдарға,  жануарларға,  табиғатқа  қамқорлықпен  қарауға,   әдемілікті 

сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды,білім білік дағдысына 

аз  көңіл  бөлінеді.  Жоғары  сыныптарында  жоғарғы  оқуға  түсуге  дайындайды. 

Қоғамда  адам  еңбекпен  тәрбиеленген,  тек  іскер  қабілетімен  ғана  бағаланады. 

Жапон халқының тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін негізгісі қызмет емес, ана 


 

27 


болу  деп  қарайды  да,  ер  балаларға  ерекше  қатал  талаптар  қойылады. 

Халықарлық математикалық сайыстардан жүлделі орындарды иеленеді [15]. 

Жапон  елінде  оқу-тәрбие  үрдісі  оқушылардың  рухы  мықты  болуына 

бағытталталған және әр бала міндетті спорт түрлерін игеруі, олардың салауатты 

өмір  салтына  бейімделуі  мектеп  жасынан  басталады  екен.  Білім  алуында 

иероглифтары өте көп, сонымен қатар білімді игеруде қиын, көбінесе жаттанды 

білімге  көп  көңіл  бөлінетіні  байқалды.  Аналары  ер  балаларды  оқытуда   аса 

басымдылық, қаталдық көрсетеді екен. Ұқсастығы: Жапон елі де біздегідей қыз 

балаға  болашақ ана ретінде қарап, ерекше көзқараспен тәрбиесіне көңіл бөледі 

екен,  қазақ  халқы  да  қыз  балаға  қонақ  деп  қарап  ерекше  құрмет  көрсетеді, 

дегенмен гендерлік саясат бойынша қызмет басым.

  

Францияда  жалпы  білім  беретін  оқу  мекемелері  ата-аналарының                     

3  жалпыхалықтық  бірлестігі  бар:  екеуі  –  қоғамдық  және  біреуі  –  жекеменшік 

білім  беру  саласында.  Қоғамдық  мектеп  оқушыларының  ата-аналар 

федерациясы саны жағынан ең көп және белсенді болып табылады. Ата-аналар 

бірлестігінің  мүшелері  түрлі  білім  беру  құрылымына:  мектептік  және 

сыныптық  кеңестерге,  стипендиялық  комиссияларға  т.б.  кіреді.  Кейбір 

мектептерде  ата-аналар  балалар  үйірмелеріне,  клубтарға  жетекшілік  етеді, 

кітапхананы  меңгереді,  шет  тілдерінен  факультативтік  сабақтар,  спорттық 

үйірмелер жүргізеді, оқу саяхаттарын және т.б. ұйымдастырады [16]. 

Жалпы,  Еуропа  елдері  өз  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  –  мектепте  алған  білімді  өмірде  қолдану,  жанрлары  жағынан 

түрлі  мәтіндерден  ерекше  ақпаратты  табу  және  оған  өз  көзқарасын 

тұжырымдау білігін – жоғары бағалайтынын айта кетуге болады. 



Қазақстан  республикасында  орта  білім  беру  үдерісі  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080  қаулысымен 

бекітілген  білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

білім беру стандарттары (одан әрі – МЖМБС), оның ішінде орта білім берудің 

(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті 

стандарты негізінде жүзеге асырылуда. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-

2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын [4] іске асыру мақсатында 

және ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 

берудің пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары әзірленіп, ҚР Білім және 

ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 Бұйрығымен бекітілді. 

Бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру  деңгейлеріне  арналған 

«Математика»  пәні  бойынша  оқу  бағдарламаларының  мазмұны  оқушының 

функционалдық  сауаттылығын    дамытуға,  білімдерін  практикалық  жағдаяттар 

мен  әлеуметтік  бейімделу  барысында  тиімді  қолдануға  бағытталған. 

Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар  үш  аспектімен 

анықталған:  пәндік  құзыреттіліктер,  жүйелі-әрекеттік  нәтижелер,  тұлғалық 

нәтижелер. 

Математикалық  құзыреттілік  –  ол,  шыққан  нәтижелерді  түсіндіру,  оны 

талдау  және  түрлендіру,  жағдайдың  математикалық  моделін  жасау, 

математикалық  қатынастарды  мүшелеу,  мәліметтерді  (жағдайды)  құрылымдау 


 

28 


қабілеттілігі.  Басқаша  айтқанда,  оқушының  математикалық  құзыреттілігі, 

күнделікті өмірде пайда болатын мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-

дәл қолдануға мүмкіндік береді. 

Оқу  бағдарламаларында  математикалық  құзыреттілік  деңгейін  сипаттау 

үшін, пайдалануға қабылданған  оқушылардың дайындық деңгейіні қойылатын 

келесі  талаптар  тұжырымдалған:  «Алған  білімдері  мен  біліктіктерін 

тәжірибелік іс-әрекет пен күнделікті өмірде: 

 



қажет  болған  жағдайда  анықтамалық  материалдарды  және  қарапайым 

есептеуіш  құрылғыларды  пайдаланып,  дәрежесі,  радикалы,  логарифмі  және 

тригонометриялық  функциялары  бар  формулаларды  қоса  алғанда,  формулалар 

бойынша тәжірибелік есептеулер; 

 

ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу; 



 

нақты  байланыстарды  функцияның  көмегімен  суреттеу  және  зерттеу, 



оларды график түрінде беру; 

 



нақты үдерістерді графиктерін түсіндіру; 

 



геометриялық,  физикалық,  экономикалық  және  басқа  да  қолданбала 

есептерді, оның ішінде математикалық анализ аппараты қолданылатын ең үлкен 

және ең кіші мәндерге арналған есептерді шешу

 



диаграмма,  графиктер,  статистикалық  сипаттағы  ақпараттарды  талдау 

түрінде берілген нақты сандық мәліметтерді талдау; 

 

оқып  игерілген  формулалар  мен  фигуралар  қасиеттері  негізінде 



қарапайым  тәжірибелік  жағдайларды  зерттеу  (моделдеу);  қажет  болған 

жағдайда анықтамалықты және есептеуіш құрылғыны пайдаланып, тәжірибелік 

есептерді  шешу  кезінде  нақты  объектілердің  ұзындықтарын,  аудандарын  және 

көлемдерін есептеу  үшін пайдалану». 

Оларды  шешу  үшін,  математиканы  оқытуда  қалыптасатын  білім  мен 

біліктікті қажет ететін күнделікті өмірде пайда болатын жағдайларды талдау. Ол 

үшін қажетті пәндік біліктік тізімі көп емес екенін көрсетеді: 

 



есептеу  үшін  белгілі  формулаларды  пайдаланып  амалдардың 

нәтижелерін  дөңгелектеуді  және  бағалауды  (шамалауды)  қоса  алғанда  есептеу 

жүргізе білу; 

 



әр түрлі формада берілген (кесте, диаграмма, графиктер, схема және т.б.) 

ақпаратты алу және түсіндіре білу; 

 

қарапайым нақты құбылыстар мен үдерістерді сипаттау үшін статистика 



және ықтималдық элементтерін біліп қолдана білуі; 

 



практикалық  мазмұнды  есептерді  шешу  кезінде  нақты  объектілердің 

ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептей білуі; 

 

халықаралық  деңгейде  оқушылардың  құзыреттілігін  тексеру  үшін, 



есептердің  екі  типі  –  таза  математикалық  және  мәнмәтіндік  (тәжірибелік-

бағдарлық) пайдаланылады. 

 

есепті  шешуде  математиканы  пайдалану  үшін,  мәнмәтіні  шынайы  



шарттарды  қамтамасыз  ететін,  оның  шешуне  және  түсіндіруіне  әсер  ететін 

есептер, мәнмәтінді есептерге жатады; 

 

мұндай  типті  есептерді  шешу  кезінде  ауырлық  орталығы,  нақты 



жағдайдың  моделін  жасау  аймағында  жатады.  Моделді  жасау  математикалық 

 

29 


дайындықтың  жоғары  деңгейін  талап  етеді  және  жалпы  мәдениеттік  (жалпы 

білім беретін) деп атау орынды болатын оқыту нәтижесі болып табылады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

30 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет