Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ



Pdf көрінісі
бет88/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 
 
91 
жасайды  және  оны  стақандағы  суға  түп  жағымен  еппен  салады.  Балалар  бұл 
жағдайда жұқалтырдың батпай,  стақандағы судың бетінде қалықтап тұрғанын 
байқайды.  Осылайша  проблемалық  жағдаят  туындайды.  Ауыр  материалдар 
әрдайым  суға  батады  деп  айтылған  ой  жоққа  шығарылады.  Ендеше 
жұқалтырдың  суға  бату  себебі  материалда  емес,  басқа  жағдайға  байланысты 
болып  тұр.  Мұғалім  оқушыларға  тағы  да  бір  тілім  жұқалтырды  және 
жұқалтырдан  жасалған  қорапшаны  мұқият  қарауды,  олардың  арасындағы 
айырмашылықты  табуды  ұсынады.  Оқушылар  бұл  заттардың  пішінінде  ғана 
айырмашылықтың барын анықтайды: бір тілім жұқалтыр тегіс жазық пішінді, 
ал  жұқалтырдан  жасалған  қорапшаның  пішіні  –  көлемді  бос  дене.  Бос  денелі 
заттар немен толтырылған? (Ауамен). Ауаның салмағы жеңіл болады.  
Қандай  қорытынды  жасауға  болады?  (Жеңіл)  ауамен  толтырылған  бос 
денелі  заттар,  металл  тәрізді  ауыр  материалдардан  жасалған  болса  да  суға 
батпайды.  Металдан  жасалған  үлкен  теңіз  кемелері  неліктен  суға  батпайды? 
(Себебі олар бос денелі затзар). Егер жұқалтырдан жасалған қорапшаны тебен 
инемен  тессе  не  болады?  (Қорапша  суға  батып  кетеді).  Неліктен?  (Себебі 
қорапшаның ішіне су толады). Егер металдан жасалған кеменің корпусы тесілсе 
және кеменің іші суға толса, не болады? (Кеме суға батып кетеді). 
Осылайша  мұғалім  проблемалық  жағдаяттар  жасай  отырып,  тәжірибелер 
мен  бақылаулар  жүргізу  арқылы  оқушыларды  болжам  жасауға  жетелейді, 
жасаған  болжамды  дәлелдеу  немесе  теріске  шығару,  өз  бетінше  негізделген 
қорытынды  жасау  мүмкіндігін  жасайды.  Сонымен  бірге  мұғалім  түсіндіру, 
әңгімелеу, заттарды көрсету, бақылаулар мен тәжірибелер жасауды қолданады.  
Осының  бәрі  оқушылардың  алдында  проблемалық  жағдаят  тудырады, 
балаларды ғылыми ізденіске тартады, олардың ойлау қабілетін белсендендіреді, 
болжам  жасау  және  эксперимент  жасауға  қызықтырады.  Оқу  материалын 
проблемалық әдіс арқылы игеруді ұсыну жалпы білім беретін мектептердегі оқу 
үдерісін ғылыми ізденіске жақындатады. 
Зерттеушілік  әдіс  –  материалды  талдаудан,  мәселелер  мен  міндеттер 
қоюдан  және  қысқаша  ауызша  немесе  жазбаша  нұсқаулық  берілгеннен  кейін 
білім  алушылар  әдебиеттерді,  дереккөздерді  өз  беттерінше  зерделейді, 
іздеушілік  сипаттағы  бақылаулар  мен  өлшеу  жұмыстарын  орындайды. 
Ынтагерлік, дербестік, шығармашылық ізденіс ізденушілік іс-әрекет барысында 
неғұрлым  толық  көрініс  табады.  Оқу  қызметінің  әдістері  ғылыми  зерттеу 
әдісіне қарай өзгереді.  
Оқыту  процесі  барысында  бұл  әдіс  мұғалім  мен  оқушылардың  нақты 
мақсаттарға  жетудегі  және  оқушылардың  оқу-танымдық  қызметін 
ұйымдастырудың  өзара  біріккен  іс-әрекетінің  ретке  келтірілген  тәсілі  ретінде 
жүзеге  асады.  Мысалы,  аппликация  тәсілімен  орындалған  «Күзгі  ағаш» 
аппликациялық мозаикасын орындағаннан кейін оқушыларға осындай жолмен 
орындалатын басқа жұмыс түрлерін іздестіруге тапсырма беруге болады, яғни 
балалар  қосымша  әдебиеттерден,  интернеттен  материалдар  іздеп  ұқсас 
жұмыстар орындау арқылы алған білім, білік және дағдыларын тереңдетеді.  
Дәстүрлі оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті әдісі оқушыларға дайын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет