86
5
«Көркем еңбек» кіріктірілген пәндерін оқыту кезіндегі тәсілдер мен
принциптер
Қоғамда болып жатқан қарқынды өзгерістер мектеп өміріне серпінді
өзгерістер енгізуде, яғни пәндердің мазмұнына, оқыту жүйесіне жаңалықтар
кіргізу жүзеге асырылуда. Оқытудың бастауыш деңгейінде пәндерді кіріктіру
тиімді болып табылады, өйткені бастауыш сынып оқушылары үшін көптеген
заттардың арасында шекара болмауына байланысты, қоршаған ортаны біртұтас
қалпында қабылдайды. Сондықтан да, қазіргі кезде еңбекке баулуды бейнелеу
өнерімен біріктіру, құрастыру түріндегі жұмыстарды «Математика» және басқа
пәндерге енгізу тәжірибесі кең таралуда.
Пәндерді кіріктіріп оқыту әдісі қазіргі кездегі білім берудің маңызды
қажеттілігі болып қабылдануда. Оқу пәндері бойынша бағдарламаларды талдау
жұмысы, пәндердің мазмұнында бір біріне ұқсас тақырыптардың көптеп
кездесетінін көрсетті. Алайда, бұл тақырыптарды оқу уақыты және
қарастырылатын мәселелердің мазмұны бойынша сәйкессіздіктер кездеседі.
Пәндердің арасындағы бұндай кедергілерді болдырмау үшін, оларды негізгі
ұғымдар мен тақырыптар айналасында біріктіруге болады. Бұл жағдай пәннің
мазмұнын жан-жақты қарастыруға, олардың өзара байланысын ашуға
мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптарда пәндерді кіріктірудің өзіндік ерекшеліктері бар,
себебі түрлі заттар мен құбылыстарды жергілікті және жекелеп қарастырудан,
оларды өзара байланыстырып кешенді оқуға мүмкіндік береді. Кіріктіру
жүйесін енгізу жан-жақты білімді, тұтас дүниетанымдық көзқарасы бар, алған
білімін өздігінен бір жүйеге келтіре алатын және мәселелерді шешудің өзіндік
жолын таба білетін адам тәрбиелеуге ықпал етеді. Сонымен бірге кіріктіріп
оқытуды өзара бір біріне жақын салаларды біріктіру арқылы жүзеге асыру
қажет.
Кіріктірілген «Көркем еңбек» пәнінде еңбекке баулу мен бейнелеу өнері
бір-бірін өзара толықтырып отырады, сонымен қатар оқушылардың
технологиялық мәдениетін, техникалық-технологиялық құзыреттілігін және
шығармашығын дамытуды жүзеге асыруды қарастырады.
Бұл пәннен оқушылар алғашқы көркем материалдарды меңгеріп, еңбек
әрекетінің және бейнелеу өнерінің технологиясын үйренеді [17].
Бастауыш сынып оқушылары нысанды бақылауға (зерттеуге), бақыланған
нысанның қасиеті мен сапасын анықтауға, баға беруге үйренеді. Сонымен
қатар, қоршаған ортасын жан-жақты зерттей отырып түрлі суреттер салып,
оның құрылысын құрастырады немесе оның бейнесін мүсіндей отырып дайын
өнім шығарады, олардың назарын қоршаған ортадағы адамдардың кәсібіне,
суретшілерге қажет маңызды іскерліктер: өмірді суретші көзімен көре білу,
әрбір көрген затты көңілімен қабылдау, адамның істеріне, туған жердің
әсемдігін түсіне білуіне, ол өнімдердің қандай техникамен жасағандарын
дәлелдеп, жұмысты қорғайды, ол жайлы жаңылтпаштар, жұмбақтар, тақпақтар,
өлеңдер айтады. «Көркем еңбек» пәнінен зат жасауда, яғни қандайда бір өнімді
алу үшін оның дәстүрлі түрлері қарастырылады: мысалы, өнім алу процесінде
87
оны құрастыруды, көркемдік жағын, жұмыс нәтижесін, оған қолданатын
заттарды таңдай біледі. Балалардың психологиялық, жас ерекшеліктері
ескеріледі, білім беру процесінің нәтижесінде дәстүрлі іс-әрекеттің
көріністерінде күнделікті қайталауға, бекітуге және білімдерін тереңдетуге
болады. Сонымен қатар, тақырыптар сыныптан сыныпқа қарай тереңдетіліп
отырады.
Бейнелеу өнері мен еңбекке баулу сабақтарының бір тақырыпқа
біріктірілуі балалардың табиғатты, қоршаған ортаны қызығушылықпен
қабылдауына, кез келген нақты істі орындау барысында оқушының бойында
шеберліктің бастамасын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Пәнді оқу барысында алға қойылатын басты мақсат қолдың моторикасын
дамытуға қажетті жаттығулар жасауға арналған қызықты бұйымдарды жасау
ғана емес, сонымен бірге шеберлік арқылы жоғары рухани байлық пен ақыл-
парасатты қалыптастыру.
«Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқытуды жоспарлауға қойылатын
талаптар:
-
бір оқу жылында сыныпта өтілетін кіріктірілген сабақтар жүйесін
анықтау;
-
әр сабақты жоспарлау барысында басты және қосалқы мақсаттарды
белгілеп отыру;
-
басты мақсатқа жетуге ықпал ететін тақырыптардың мазмұнын
қосымша ақпартпен толықтыру, сабақтың мазмұнын модельдеу;
-
сабақтың түрін, құрылымын, қолданылатын әдіс-тәсілдерді, оқыту
құралдарын, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру түрлерін алдын-ала мұқият
жоспарлау;
-
балалардың сабақтан алатын әсерінің, олардың білім, білік және
дағдысы үшін ұтымды болуы.
«Әдіс» (грек тілінде «бір нәрсеге жетудің жолы») – мақсатқа жету тәсілі,
білім алу тәсілі деген мағынаны білдіреді.
Педагог-ғалым Ю.К.Бабанский оқыту әдістерінің түрлерін үш үлкен топқа
бөлген:
-
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдісі;
-
оқу-танымдық іс-әрекетіне ынталандыру;
-
оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау
әдісі.
М.А.Данилов және Б.П.Есипов оқыту әдістерін үш топқа жіктейді:
-
жаңа білім алу әдістері;
-
білімді тәжірибеде қолдану бойынша біліктер мен дағдылар
қалыптастыру әдістері;
-
білім, білік және дағдыны бақылау мен бағалау әдістері.
ХХ ғасырдың 65-ші жылдарында И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин келесі
әдістерді ұсынды және бұл әдістер қазіргі заман талабына сәйкес келіп,
маңызды болып отыр:
Педагогикада әдіс ұғымы – мақсатқа жету жолы деген мағынаны білдіреді.
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында білім мазмұнын
88
анықтаудың әдістерін келесі тұрғыда топтауға болады: кiрiктiру әдістері, жас
ерекшелiгiн ескеру әдісі, мәдениеттендiру әдісі, экологиялық әдіс, өлкетану
әдісі, бiлiмнiң жеңiлден ауырға, нақтыдан белгiсiзге қарай берiлу әдісі.
Кiрiктiру әдістері – ғылыми-жаратылыстанулық бiлiм мен адам әрекетiнiң
түрлерi және қоғам туралы ұғымдар кiрiктiрiлiп бiртұтастықта берiлуi. Адам,
табиғат, қоғам бөлек қаралмай, адамның iс-әрекетi үнемi табиғи ортада,
қоғамда (отбасында, мектепте, қоғамда, табиғатта, т. б.) бiр-бiрiмен байланыста
қаралады. Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезiнде де
адам әрекетi солармен бiрлiкте, байланыста қаралады. Кiрiктiру «адам – табиғат
–
қоғам» ретiнде ғана емес, «адам – заттар», «адам – басқа адамдар», «адам –
отбасы», «адам – оның шығармашылық әрекеттерi», сонымен қатар пәндерді
кіріктіру арқылы да жүзеге асады.
Жас ерекшелiгiн ескеру әдісі– бастауыш сынып оқушыларының ұғымына
жеңiл, психологиялық ерекшелiктерiне лайықты, бiлiм деңгейлерiне сай келетiн
және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын материалдар қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |