Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет32/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   139
Зерттеушілік  әдіс  –  материалды  талдаудан,  мәселелер  мен  міндеттер 
қоюдан  және  қысқаша  ауызша  немесе  жазбаша  нұсқаулық  берілгеннен  кейін 
білім  алушылар  әдебиеттерді,  дереккөздерді  өз  беттерінше  зерделейді, 
іздеушілік  сипаттағы  бақылаулар  мен  өлшеу  жұмыстарын  орындайды. 
Ынтагерлік, дербестік, шығармашылық ізденіс ізденушілік іс-әрекет барысында 
неғұрлым  толық  көрініс  табады.  Оқу  қызметінің  әдістері  ғылыми  зерттеу 
әдісіне қарай өзгереді.  
Оқыту  процесі  барысында  бұл  әдіс  мұғалім  мен  оқушылардың  нақты 
мақсаттарға  жетудегі  және  оқушылардың  оқу-танымдық  қызметін 
ұйымдастырудың  өзара  біріккен  іс-әрекетінің  ретке  келтірілген  тәсілі  ретінде 
жүзеге  асады.  Мысалы,  аппликация  тәсілімен  орындалған  «Күзгі  ағаш» 
аппликациялық мозаикасын орындағаннан кейін оқушыларға осындай жолмен 
орындалатын басқа жұмыс түрлерін іздестіруге тапсырма беруге болады, яғни 
балалар  қосымша  әдебиеттерден,  интернеттен  материалдар  іздеп  ұқсас 
жұмыстар орындау арқылы алған білім, білік және дағдыларын тереңдетеді.  
Дәстүрлі оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті әдісі оқушыларға дайын 
белгілі  білім  беру  болып  табылады.  Аталған  әдісті  келесідей  топтастыруға 
болады: 
-  
мұғалімнің  білімді  ауызша  баяндау  және  оқушылардың  танымдық 


91 
әрекетін белсендендіру әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, баяндама, сұхбат); 

оқылатын  материалды  ауызша  әңгімелеу  барысында  көрнекіліктер 
қолдану әдісі; 
-  
оқылған материалды қорытындылау әдісі; 
-  
жаңа  материалды  түсіну  және  меңгеру  бойынша  оқушылардың  өздік 
жұмыстары  әдісі  (оқулықпен,  қосымша  әдебиетпен,  дереккөздермен  жұмыс, 
тәжірибелік жұмыстар орындау); 
-  
білімді  тәжірибеде  (күнделікті  өмірде  кездесетін  жағдаяттарда)  қолдану 
және  біліктер  мен  дағдылар  (жаттығулар,  практикалық  жұмыстар) 
қалыптастыру бойынша оқу әдісі; 
-  
оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалау әдістері. 
Көркем 
еңбек 
сабақтарының 
нәтижесінде 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының бойында біліктің негізгі үш тобы қалыптасады: 
-  
политехникалық  –  өлшеу,  есептеу,  графикалық  және  технологиялық 
біліктер; 
-  
жалпы 
еңбектік 
– 
ұйымдастырушылық, 
құрастырушылық, 
диагностикалық немесе жорамал жасаушылық біліктер; 
-  
арнайы еңбек – әртүрлі әдістермен түрлі материалдарды өңдеу білігі. 
Білікті  қалыптастыру  әрқашанда  практикалық  іс-әрекетпен  тығыз 
байланысты болады.  
Нұсқаулық.  Бұл  әдіс  еңбек  іс-әрекеттері  тәсілдерінің,  олардың  дәл 
көрсетілуі  мен  қауіпсіз  орындалуының  түсіндірілуі  деп  ұғынылады  (көркем 
еңбек). 
Нұсқаманың түрлері жүргізілу уақыты бойынша: 
кіріспе – сабақтың басында жүргізіледі, нақты еңбек міндетінің қойылуын 
қамтиды, операцияға сипаттама беріледі, жұмыс тәсілдеріне түсінік беріледі. 
Ағымдағы  –  тәжірибелік  іс-әрекет  жасау  кезінде  жүргізіледі,  жіберілген 
қателерді түсіндіру, себебін анықтау, жұмыстың кемшіліктерін, қателерді түзеу, 
дұрыс тәсілдерді түсіндіру, өзін-өзі бақылауды қамтиды. 
Қорытынды  –  жұмыстарды  талдау,  жұмыста  жіберілген  қателерге 
сипаттама, оқушылардың жұмысарына баға қоюды қамтиды. 
Оқушыларды қамту бойынша: жеке, топтық, сыныптық. 
Баяндау түрі бойынша: ауызша, жазбаша, графиктік, аралас. 
Оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін  және  оқу  қызметіндегі  олардың 
өзбетінше  әрекет  ету  деңгейін  сипаттамайтындығы,  оқытудың  аталған 
әдістерінің басты кемшілігі болып табылады. Алайда бұл әдістер кіріктірілген 
«Көркем еңбек» пәнінде кеңінен қолдануға болатын тәсілдер болып отыр. 
Сонымен  бірге,  кіріктірілген  сабақтар  техникалық  құрал-жабдықтарды 
кеңінен қолдануды, проблемалық міндеттер қоюды, оқулықпен жұмыс істеуді, 
көрнекіліктерді  пайдалануды,  оқытудың  жеке,  топтық,  ұжымдық  формаларын 
ұйымдастыруды,  сабақтан  тыс  жұмыспен  байланыс  болуын  және  оқыту 
принциптерін тиімді пайдалануды қажет етеді.  
Оқыту  принциптері  дегеніміз  дидактикалық  процесті  жүзеге  асыруда 
басшылыққа  алынатын  жетекші  идея  мен  оны  ұйымдастырудағы  қағидалық 
ұстаным  және  тиісті  деңгейлік  мөлшерге  қойылатын  негізгі  талаптар.  Бұл 


92 
оқыту  үрдісін  реттеп,  ереже  белгілеп,  деңгейін  айқындауға  ортақ  жалпылама 
нұсқау арқылы сипатталады.  
Қазіргі  заман  дидактикасында  оқу  принциптері  табиғи  сәйкестік  басты 
принципінің  төңірегінде  жүйелі  біріккен.  Бұл  жүйедегі  дидактикалық 
принциптер төмендегідей:  

көрнекілік;  

саналылық және белсенділік; 

жүйелілік және бірізділік;  

беріктік;  

түсіністік;  

ғылымилық;  

көңіл-күй;  

теория мен практиканың байланысы [18].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет