Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет33/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,31 Mb.
#16021
түріМетодическое пособие
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   139
Көрнекілік принципін қолдану барысында іске асырылуы тиіс ережелер: 
-  
көрнекілік  оқушының  ойын  дамыту  және  оқыту  құралы,  сондықтан  бір 
көрнекілікпен  шектелмеу.  Алайда  көрнекі  құралдар  санын  шектен  асырмау 
қажет,  себебі  бұл  оқушы  зейінінің  шашыраңқы  болуына  әкеледі  де  негізгі 
мағынаны, ұғымды түсінуге кедергі жасайды; 
-  
сезімдік  қабылдауды,  яғни  көз  қабылдауына  –  көрінетінді,  құлақ 
қабылдауына – естілетінді т.б. барынша қолдану; 
-  
көрнекілікті проблемалық жағдаяттарда өз бетінше білім алу көзі ретінде 
пайдалану,  бұл  оқушылардың  тиімді  ізденіс  және  зерттеу  жұмыстарын 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді; 
-  
көрнекіліктер  пән  мазмұны  аясында  өтілетін  заттар,  құбылыстар, 
үдерістер туралы анық және дұрыс ұғым қалыптастыруға жағдай жасайды; 
-  
көрнекі  құралдар  оқушыларды  ондағы  бейнелерді  тұтастай  қабылдауға, 
содан  соң  бастысын  және  екінші  дәрежелілерін  анықтауға,  кейін  қайтадан 
тұтастыққа келтіруге үйретуге көмектеседі.  
Көрнекі әдістерді қолдануға қойылатын талаптар:  

қолданылатын көрнекілік оқушылардың жасына сай келуі; 

көрнекілік  бір  шамада  ғана  қолданылуы  тиіс  және  оны  біртіндеп, 
сабақтың тиісті кезеңінде ғана көрсету;  

бақылап  көру  барлық  оқушыларға  көрсетілетін  пәннің  жақсы 
көрінетіндей етіп ұйымдастырылуы;  

безендірілуін  көрсеткен  кезде  ең  бастысын,  маңыздысын  нақты  бөліп 
көрсету;  

құбылысты  көрсету  барысында  берілетін  түсініктерді  егжей-тегжейлі 
ойлап алу;  

көрсетілетін көрнекілік материалдың мазмұнымен дәл үйлесуі;  

көрнекілік  құралда  немесе  көрсетілетін  құрылымда  болуын  қалаған 
ақпараттарды табуға оқушылардың өздерін тарту керек.  
Оқытудың  көрнекі  әдістерінің  ерекшеліктері  олардың  ауызша  әдістермен 
қандай  да  бір  шамада  міндетті  түрде  үйлесетіндіктерін  жорамалдайтынында 
болып  табылады.  Сөз  бен  көрнекіліктің  өзара  тығыз  байланысы  «объективті 
шындықты  білудің  диалектикалық  жолы  тез  пайымдау,  абстакциялық  ойлау 


93 
мен тәжірибені біртұтас қолдануды болжаудан» туындайды. 
Көркем  еңбек  сабағында  бұйымдардың  негізгі  бөлігін  оқушылар 
графикалық бейнелер бойынша жасайды. Оған мыналар жатады: 

көркем  сурет  –  заттың  қолда  болмауына  байланысты,  көрсету  мүмкін 
болмаған  жағдайда  оның  кішкентай  немесе  үлкен  нақты  бейнесі 
пайдаланылады; материалы мен түсін анықтауға мүмкіндік береді; 

техникалық  сурет  –  сызба-өлшеуіш  аспаптарды  пайдаланып  қолдан 
еркінше  орындалған  графикалық  бейнелеу;  құрылымның  барлық 
элементтерінің мөлшерлері мен пропорциялары жуықтап сақталып беріледі; 

эскиз  –  мөлшерлері  мен  пропорциялары  жуықтап  сақталып  сызба-
өлшеуіш аспаптарды қолданбай орындалған заттың шартты бейнесі; 

сызба – заттың мөлшерлері мен формасы туралы деректерді сыйыстыра 
отырып  параллель  пропорция  әдістерін  пайдаланып  мөлшерлерін  дәл  сақтап, 
белгілі  масштабта  сызба-өлшеуіш  аспаптар  көмегімен  затты  графикалық 
бейнелеу; 

техникалық карта – бұйымның суреті болуы, аспаптар, материалдар және 
құралдар  болуы  мүмкін,  бірақ  міндетті  түрде  операциялардың  орындалу  реті 
және жұмыс тәсілдері бар болатын бейнелеу. 
Көркем  еңбек  сабақтарында  көрнекі  материал  ретінде:  түрлі  суреттерді 
кестелерді,  халық  шығармашылығының  туындыларын  немесе  нақты  заттарды 
(ағаштан қашап ою, кесте тігу, ұлттық ойыншықтар, матадан ою-өрнектер ою 
және т.б.) қолдануға болады. 
Әсірісе  бейнелеу  өнерінің  қарапайым  негіздері  –  сурет  салуды  меңгеру 
барысында  көрнекілікті  жиі  қолдану  қажет.  Сурет  салуды  үйренуге  қажетті 
көрнекіліктер: 
-  
суреттер  мен  кестелердің  сызбанұсқалары,  геометриялық  денелердің 
гипстен жасалған модельдері; 
-  
заттың  құрылымдық  ерекшеліктерін  көрсететін  сымнан  және  қатырма 
қағаздан жасалған модельдер; 
-  
жұмысты  орындаудың  әдістемелік  бірізділігін  көрсететін  суреттер  мен 
кестелер; 
-  
қарындашпен,  қылқаламмен,  ермексазбен,  ине-жіппен  т.б.  жұмыс  істеу 
техникасын көрсететін бейнефильмдер;  
-  
оқушылардың  бойында  түс  және  өң  (реңк)  сезімін  қалыптастыру  мен 
дамытуға бағытталған арнайы құралдар («Түстік шеңбер», «Өңдік шеңбер»).  
Аталған  көрнекіліктер  оқушыға  заттың  пішінін,  құрылымын,  түсін  және 
көркемдік  техникасының  ерекшелігін  көруге  және  түсінуге  көмектеседі. 
Мысалы, «өң (реңк)» ұғымын ашып көрсету барысында мұғалім әртүрлі түске 
боялған  қатырма  қағаздарды  қолдану  арқылы  түсіндіре  алады немесе  балалар 
түрлі  бояуларды  өз  қалауларынша  араластырып  тәжірибе  жасау  барысында 
алынған түсті көру арқылы да түсіне алады.  
Алайда  оқушы  тарапынан  белсенділік  болмайынша,  сурет  салу 
заңдылықтарын бір ғана көрнекіліктің көмегімен табысты меңгеру мүмкін емес. 
Көрнекіліктерді  көрсету  барысында  оқушы  көзбен  көруге  болатын  нақты 
бейнелерді  қабылдайды,  бұл  оның  көп  нәрсені  түсінуіне  мүмкіндік  береді. 


94 
Бірақ, ол мұғалімнің көрсеткенін тамашалайтын көрермен рөлінде ғана болады. 
Оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергенін оның өздік және белсенді 
жұмысы  ғана  көрсете  алады.  Осыдан  барып  оқытудың  саналылық  және 
белсенділік принципі шығады.  
Оқушылардың  көркем  еңбекке  оқудағы  саналылық  және  белсенділік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет