Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата22.12.2016
өлшемі4,21 Mb.
#112
түріМетодическое пособие
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
98
 
бірқатар  ғылымға  негізделеді.  Перспективалы  суретке  оқыта  отырып  барлық 
балалардың  назарын  перспективаның  ережелері  мен  заңдарын  дәл  сақтауға 
аударамыз.  Форманың  құрылымдық  құрылысын  талдап,  барлық  оқушылар 
берілген  заттың  құрылымын  суретте  қатал  сақтауға  үйренеді.  Суреттің  үлгісі 
дара болуы мүмкін, бірақ жазықтықтардың кеңістікте орналасуы заңдылығында 
әркім дұрыс, бірдей жеткізуі керек, өйткені бұл суреттің ғылыми негіздері. Дәл 
осыны түс туралы, пропорция туралы да айтуға болады. 
Ғылымилық  принциптерін  сақтай  отырып  мұғалім  бояулардың  негізгі 
қасиеттері  туралы  айтуы  керек,  оқушылар  оны  есте  жақсы  қалдыруы  үшін 
қосымша түстердің схемасын (кестесін) көрсетуі керек. 
Табиғат формалары мен болмысы құбылыстарының заңдылықтары оларды 
кім  бақылап  отырғандығына  қарамастан  сол  бір  қалыпта  қалады.  Оқушыға 
қандай болып көрінсе де әрбір құбылыс пен әрбір заттың құрылысының дұрыс 
және  біздің  сезімімізге  қарамастан  белгілі  заңдылықтары  болады.  Заттар 
сезімнің арқасында емес, сезім заттың арқасында бар болады.  
Білім  алушылар  үшін  еңбектің  қолжетімділік  және  күш  жетерлік 
принципі – еңбекті талап ететін тапсырмалар мазмұны, көлемі және орындалу 
тәсілі  бойынша  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  және  дайындық 
деңгейлеріне, сонымен бірге олардың дене күші мен танымдық мүмкіндіктеріне 
сәйкес  болуын  талап  етеді.  Алайда,  оқу  тапсырмасы  шамадан  тыс  жеңіл  де 
болмауы  тиіс,  себебі  күш  салмай  орындалған  тапсырмалар  оқушылардың 
дамуына  мүмкіндік  бермейді.  Қолжетімділік  тапсырманы  біртіндеп  қиындату 
арқылы  оқушы  мүмкіндігінің  ең  жоғары  шегіне  жетумен  анықталады. 
Орындалатын  жұмысты  дұрыс  жоспарлау  үшін  алдымен  оқушылардың  жеке 
қабілеттері  және  денсаулық  жағдайлары  ескерілуі  тиіс.  Егер  материал  үлкен 
көлемде  берілсе,  онда  оқушы  үшін  ең  қарапайым  тапсырманың  өзі  қиындық 
туғызады. Сондықтан да, материалдарды сабақтар бойынша дұрыс бөлу қажет. 
Тапсырмалардың  саны  алдыңғы  сабаққа  қарағанда  келесі  сабақта  көбірек 
болуы мүмкін. Келесі бұйымды жасау барысында 1 немесе 2 жұмыстың жаңа 
кезеңдерін  енгізуге  және  жаңа  кезеңдер  бойынша  қысқа  мерзімді  дайындық 
жаттығуларын  орындауға  болады.  Мысалы,  «Шегіргүл»  ашықхаты  (10-сурет
ауқымды  жұмыс  болғандықтан  уақыт  көлемі  көбірек  бөлінуі  тиіс,  сондықтан 
бірінші  сабақта  жұмыстың  орындалу  жолдары  түсіндіріліп  және  гүл 
күлтелерінің  және  жапырақтардың  суреттерін  түрлі-түсті  қағазға  салып, 
қайшымен қиып алу жұмысын орындауға болады. Екінші сабақта жапсырумен 
айналысуға болады. 
 
10-
сурет – «Шегіргүл» ашықхаты 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
99 
Бастауыш сыныптарда көркем еңбек сабақтарында декоративті сурет салу 
барысында оқушылар мұғалімнің басшылығымен алдымен кезеңдерге бөлінген 
сызбанұсқа  бойынша  өрнек  құрастыруды  үйренеді.  Бұл  ретпен 
тапсырмалардың  біреуі  ғана  орындалуы  мүмкін,  келесісін  басқаша  өткізу 
қажет. Тапсырма орындалуының әдістемелік ретін көрсеткеннен кейін, мұғалім 
келесі  тапсырманы  оқушылардың  өз  беттерінше  орындауларына,  яғни 
балалардың  шығармашылықпен  айналысуларына  мүмкіндік  беруі  тиіс.  Бұл 
оқушылардың  бойында  шығармашылық  көзқарастың  және  өзіндік  бастама 
жасау  қабілеттерінің  дамуына  жағдай  жасайды.  Бастауыш  сыныптарда 
оқушылардың  әрдайым  тек  мұғалімнің  көмегімен,  басшылығымен  жұмыс 
істеуінің  нәтижесінде,  олардың  бойында  енжарлықтың,  селсоқтықтың 
қалыптасатынын  ұмытпау  қажет.  Балалар  әрдайым  мұғалімнен  көмек  күтетін 
болады  және  өз  беттерінше  жұмыс  істеу  қорқынышы  пайда  болады.  Бұндай 
жағдайда  қолжетімділік  және  күш  жетерлік  принципі  кері  әсерге  ие  болады. 
Кері  әсерді  болдырмау  үшін  мұғалім  сыныптағы  әр  оқушының  неғұрлым 
жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасауы тиіс. 
Тапсырмаларды  саралау  қолжетімділік  және  күш  жетерлік  принципін 
жүзеге  асырудың  маңызды  құралы  болып  табылады,  яғни  әр  оқушының  жеке 
қабілетін  ескеріп  отыру  қажет.  Қабілеті  төмен  оқушыларға  біліміндегі 
олқылықтарды  толықтыруға  және  негізгі  жұмысты  орындауға  көмектесетін 
неғұрлым  жеңіл  тапсырмалар  беруге  болады,  қабілеті  жоғары  оқушыларға 
қиындығы жоғары тапсырмалар беріледі. 
Білімді  меңгерудегі  беріктік  принципі.  Бұл  принципті  жүзеге  асырудың 
маңызды  шарты  сабақтың  мақсатын  дәл  көрсету  болып  табылады.  Мұғалім 
сабақтың  басында  оқушылардың  сабақ  соңында  қандай  нәтижеге  жетулері 
керек, осы уақыттың ішінде қандай білім және біліктер алуы керек екені туралы 
айқын түсініктерді балалардың бойында қалыптастыруы керек. 
Білімді  меңгерудегі  беріктік  принципі  ақпараттар  санымен  тығыз 
байланысты.  Оған  қайталау,  жүйелі  машықтандыру  жаттығуларын  бекіту, 
лабораториялық  жұмыстар  жүргізу  және  техника  қауіпсіздігі  ережелерін 
орындау арқылы ойдағыдай қол жеткізіледі. 
Бұйымдарды,  суреттерді,  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларды 
дұрыс  таңдау,  шығармашылық  мақсаттар  қою,  өздігінен  жұмыстар  жүргізу 
кезінде  арттырылатын  оқуға  деген  ықылас  білім  және  біліктерді  меңгерудің 
беріктігіне үлкен әсер етеді. 
Теорияның тәжірибемен байланысы принципі. Бұл байланыс көркем еңбек 
сабақтарында  екі  жақты  сипатта  болады.  Бір  жағынан  балалар  математика, 
дүниетану  және  т.б.  сабақтарда  алған  білімдерін,  сондай-ақ  көркем  сурет 
сабақтарында  алған  техникалық  құжаттар,  құралдар,  материалдар  туралы 
білімдерін  тәжірибеде  пайдаланады.  Сонымен  бірге,  теориялық  білімдер 
тәжірибелік біліктерінде жүзеге асырылады. 
Екінші  жағынан,  оқушылардың  алдына  шамалары  келетін  мәселелер  қоя 
отырып,  мүғалім  балаларды  тәжірибелік  біліктерін  жаңа  теориялық 
білімдермен  толықтыруға  мәжбүрлейді  (тәжірибелер,  лабораториялық 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
100
 
жұмыстар, бақылаулар арқылы). Мұның барлығы оқушылардың ойын пәрменді 
дамытады. Мысалы, математика сабақтарында сызғышпен ұзындықты өлшеуді 
үйренсе, сол біліктерін көркем еңбек сабақтарында заттың ұзындығын өлшеуге 
қолданады.  «Дүниетану»  пәнінің  жыл  мезгілдері,  өсімдіктердің  өмірі  туралы 
тақырыптарын  көркем  еңбек  сабақтарында  бөлме  өсімдіктерін  күтуді 
үйренумен байланыстыруға болады.  
Оқытудың политехникалық принципі. Көркем еңбек сабақтарында жүзеге 
асырылады.  Бұл  принцип  нақты  оқу  материалында  бірінші  сыныптан  бастап 
оқушылардың  бойында  заманауи  өндірістің  ең  типтік  ерекшеліктері  туралы 
түсініктердің  қалыптасуын,  оқушылар  жаңа  жұмыс  жағдайына  көшіре 
алатындай жинақталған политехникалық біліктердің қалыптасуын талап етеді. 
Мұғалім  көркем  еңбектің  затын  дайын  бұйымға  айналдыру  процесімен 
балаларды  таныстыруы  керек,  ал  бұл  дегеніміз  материалдан  бұйым  (еңбек 
өнімі)  қалай  жасалатынын  балаларға  рет-ретімен  көрсету  және  айтып  беруді 
білдіреді.  Жұмыс  уақытында  балалар  материалдардың  қасиеттерімен, 
құралдармен  және  оларды  қолдану  ережелерімен,  жұмыстағы  адамның  іс-
әрекетімен,  техникалық  операциялармен  танысады  және  еңбек  бұйымдарын 
пайдалануды үйренеді. 
Политехникалық принциптің мәні, оқушылардың білім алу және біліктерге 
ие болуында. 
Осыған  орай  бастауыш  мектептегі  білім  мазмұнын  анықтауда  осы 
ұсынылған әдістер сақталса, оқу мақсатына жету шарты жүзеге асырылатыны 
сөзсіз. 
Сонымен,  оқытудың  барлық  принциптері  бір  бірімен  тығыз  байланысты: 
ғылымилық  принципі  жүйелілік  және  бірізділік  принципінсіз  мүмкін  емес, 
оқытудың  қолжетімділігіне  сүйене  отырып  қана  жүзеге  асырылуы  мүмкін. 
Қолжетімділікті  жүзеге  асыру  үшін  көрнекілікті  қолдану  оқу  материалын 
саналы және белсенді түрде меңгеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың жастық 
және  тұлғалық  ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін,  яғни  қолжетімді  материалдар 
берік меңгеріледі.  
Оқыту  принциптері  –  оқытудың  мақсаттарына  тәуелді  және  олардың 
өзгеруіне  байланысты  өзгеріс  отыратын  тарихи  санат.  Сонымен  бірге, 
кіріктірілген  пәндерді  оқыту  кезіндегі  тәсілдер  мен  принциптер  бірін-бірі 
толықтырып отырады және өзара тығыз байланысты болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
101 
6  «КӨРКЕМ  ЕҢБЕК»  КІРІКТІРІЛГЕН  ПӘНДЕРІ  БОЙЫНША  ОҚУ 
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ 
 
Техника  мен  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  дамып  отырған 
заманында  қоғамның  алдында  тұрған  ең  маңызды  және  жауапты  қызмет  дені 
сау,  жан  жақты  дамыған,  аса  өнегелі  адам  тәрбиелеу  болып  табылады. 
Қоғамдағы  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  шығармашыл  белсенді, 
күнделікті  өмірде  кездесетін  проблемаларды  тиімді  және  өздігінше  шешу 
қабілетіне ие тұлға қалыптастыру қажеттілігін туындатып отыр.  
Заманауи  педагогиканың  күрделі  де  қызықты  міндеттерінің  бірі  –  іс-
әрекетке  шығармашылдық  көзқарас  тәрбиелеу,  яғни  күнделікті  өмірде 
кездесетін  заттардың  әдемілігін  көре  білу  білігі,  еңбекке  араласу  үдерісінен 
қуаныш  сезіміне  бөлену,  әлемнің  құпиялары  мен  заңдылықтарын  білу 
ықыластарын  арттыру,  күнделікті  өмірде  кездесетін  қиындықтан  шығу 
жолдарын табу қабілеті. 
«Білгенім  –  бір  тоғыз,  білмегенім  –  тоқсан  тоғыз»  дегендей,  баланың 
өмірінде  негізгі  дағдылар  мен  біліктер,  солардың  ішінде  елестету,  қиялдау, 
жаңалыққа қызығушылық қалыптасатын кезеңді өткізіп алмау қажет. Баланың 
бойындағы бұл қасиеттерді мектепке дейінгі кезеңде дамытып бастап, мектепте 
оқыған кезінде жалғастыру арқылы шығармашылық ойлау мүмкіндіктерін, өнер 
мен шығармашылық іс-әрекет белсенділігін арттыруға болады.  
Француз психологы Т.Рибо шығармашылық дамуының негізгі заңдылығын 
үш кезеңге бөліп көрсеткен, олар: 
-
 
 
балалық және балдәурен шақ – ертегілер, қиял, ойын, ойдан шығарудың 
қожалық кезеңі; 
-
 
 
жастық шақ – ойдан шығару мен іс-әрекеттің үйлесімділігі, яғни «өткір 
ақыл-парасат» кезеңі; 
-
 
 
ер жету – қиялдың ақыл-парасатқа бағыну кезеңі.  
Баланың қиялындағы бейнелер түрлі жағдаяттарда өзіне тән мазмұны мен 
ерекшелігіне байланысты көрініс табады. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту 
оның  қоршаған  әлемді  қабылдауын  және  қоршаған  орта  туралы  көзқарасын 
нақтылауы,  сонымен  бірге  кеңейтуі  тиіс.  Балалардың  ақиқатпен  танысуына, 
оны  бейнелеуіне,  бейнелермен  жұмыс  істеу  қабілеттерін  дамытуға,  сол 
бейнелердің негізінде жаңа образдар жасай білу дағдыларын дамытуға жағдай 
жасау  қажет.  Балалардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру  өте 
маңызды болып табылады. 
Балалық  шақтан  бастап  шығармашылық  әлеуетті  дамыта  отырып,  біз 
балалардың  танымдық  қызығушылығы  мен  шығармашылық  қабілеттерін 
шыңдаумен қатар, баланың тұлғалық қасиеттерін де қалыптастырамыз.  
Әр оқушыны тұлға ретінде қалыптастыруда кіріктірілген «Көркем еңбек» 
пәнінің  маңызы  зор.  «Көркем  еңбек»  пәні  бойынша  оқу  жұмыстарын 
ұйымдастырудың  формалары  алуан  түрлі.  Солардың  бірі  «аппликация» 
(бастырма).  

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
102
 
Аппликация  –  түрлі-түсті  қағаз,  мата,  тері  қиқымдарынан  құрастырылған 
бейне  шығарма  (сурет,  өрнек).  Аппликацияны  негізгі  бір  түстің  (қағаздың, 
матаның,  терінің  және  басқа  да  материалдардың)  үстіне  басқа  түсті  қағазды, 
матаны,  теріні  және  басқа  да  материалдарды  жапсыру  немесе  тігу  арқылы 
орындалатын  жұмыстың  түрі.  Ерте  замандардан  бері  аппликацияны  киім-
кешекті, аяқ киімді, тұрмыс заттарын әшекейлеуге қолданған. 
Аппликация тәсілімен қағаз және қатырма қағаздан жасалған түрлі шырша 
ойыншықтарын, бетбелгі (кітаптың бетін белгілеуге арналған қағаз, бау немесе 
қандайда  бір  басқа  зат),  қорап  тәрізді  бұйымдарды  әшекейлеуге  болады. 
Мазмұнына  қарай  аппликацияны  бұйымдық  немесе  заттық,  сюжеттік,  ою-
өрнектік, шрифтік деп бөлуге болады.  
«Мамыргүл  бұтағы»  аппликациясы  (11-сурет).  Бұл  аппликация  гүлдері 
мен жапырағы бар бұтақтан тұрады. Гүлдерін ақ және ақшыл көк гофрленген 
немесе  папирос  қағазында  орындалады.  Ол  барлық  қабырғалары  5  мм  болып 
келетін қағаз шаршылардан жинақталады. Әр шаршы жұмсақ негізге қойылады 
және  қаламның  басымен  ортасынан  жаншылады.  Басудың  нәтижесінде 
шаршылардың шеттері жоғары қарай көтеріледі.  
Аппликацияның  негізі  барқыт  қағаз  немесе  түрлі-түсті  қатырма  қағаз 
болуы  мүмкін.  Оның  бетіне  қарындашпен  мамыргүлдің  гүлдерінің  кескінін 
салу  және  алдын  ала  әзірленген  ортасы  жаншылған  ұсақ  шаршылармен 
(желімдеп) толтыру қажет. 
Шаршыларды  бір-біріне  өте  жақын,  тығыз  орналастыру  керек.  Оларды 
қозғалту үшін қаламның өзегін қолдануға болады. 
 
 
11-
сурет – Мамыргүл ашықхаты 
 
Осы  тәсілді  қолдана  отырып  гүлдері  бір  шоққа  жинақталған  басқа  да 
гүлдерді  жасауға  болады,  мысалы,  сүмбілгүл,  гүлдеп  тұрған  шетенгүл 
ағашының  бұтағы,  қызыл  бүрген  бұтағы.  Төмендегі  суреттерде  осы  тәсілмен 
орындалған аппликация-мозаикалардың үлгілері берілген (12-сурет). 
 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
103 
 
12-
сурет – 
Аппликация-мозаикалардың үлгілері
 
 
Ашық  хат  әзірлеу  және  безендіру.  Мерекелік  ашық  хаттар.  Ашық  хат  – 
бұл өзіндік тарихы бар өнердің бір түрі. Оны оқушылар өздерінің туыстары мен 
достарына  арнап  өз  қолдарымен  жасай  алады.  Ашық  хат  жасау  барысында 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
шығармашылық 
экспериментпен 
айналысуларына  жағдай  жасалады,  себебі  балалар  мерекелік  ашық  хатты  өз 
қиялдарынан шығарып қолдарымен жасау арқылы өз шығармашылығын жүзеге 
асыра алады. Сонымен қатар мерекенің пайда болу тарихымен танысуларына да 
жағдай  жасалады.  Мысалы,  «Інжугүл»  құттықтау  ашық  хатын  әзірлеу 
барысында оқушыларды інжугүлдің өсетін жерлерімен таныстыра отырып, оны 
әсемдік  үшін  қыста  да  өсіруге  болатын  айта  кетуге  болады.  Оқушыларға 
інжугүл  туралы  қосымша  материалдар  іздеу  тапсырылуымен  қатар,  «ашық 
хатты қандай мерекеге және кімге сыйлар едің?», «неліктен?» сияқты сұрақтар 
қою арқылы балалардың сыни тұрғыдан ойлауына жағдай жасау 
«Інжугүл» құттықтау ашық хаты. 
Бұл ашық хат аппликациясы інжугүлдің қоңырауларын еске түсіретін екі 
жапырақтан  және  гүлдерден  тұрады.  Жапырақтар  ортасынан  екіге  бүктелген 
қою  жасыл  түсті  қағаз  кесіндісіне  інжугүлдің  жапырағына  ұқсас  жапырақтың 
кескінін  салу,  соңынан  сол  кескінді  қайшымен  қиып  алу  арқылы  әзірленеді. 
Жапырақтардың үстіне жапырақ талшықтарына ұқсас өрнектер салуға болады  
Інжугүлдің  гүлдері  5-7  кішкене  қоңыраулардан  тұрады.  Қоңырауларды 
әзірлей үшін диаметрі кішкентай күмістер қажет. Күмістің көмегімен жұқа ақ 
қағаздан  5-7  дөңгелекше  қиып  алынады.  Әр  дөңгелекшені  алақанға  салып 
қаламсаптың  жұмыр  жағымен  жаншу  қажет.  Қоңыраушалар  бір-бірінен  онша 
алыс  емес  қашықтықта  негізгі  қағазға  жапсырылады  (9-сурет).  Құттықтауға 
арналған «Інжугүл» ашық хаты дайын. 
Бастауыш мектептің алғашқы жылдарында орындауға болатын жұмыстың 
қызықты түрі  «аппликациялық мозаика». Аппликациялық мозаиканы орындау 
барысында «Математика», «Дүниетану» пәндерімен тығыз пәнаралық байланыс 
жүзеге  асырылады,  яғни  өлшем  жұмыстары  орындалады  және  гүлдің  өсу 
жағдайларымен таныстырылады.  
«Күзгі ағаш» аппликациялық мозаикасы (13-сурет) түрлі-түсті қағаздардың 
ұсақ қиындыларынан әзірленеді, оларды қайшымен қию немесе қағазды қолмен 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
104
 
үзу  арқылы  да  дайындауға  болады.  Түрлі-түсті  қағаздардың  қалдықтарын 
қолдануға болады.  
Нігізгі  түс  ретінде  қошқыл  түсті  қатырма  қағаз  пайдаланылады.  Жасыл 
түсті  қағаз  қиындыларынан  мозаика  тәсілімен  көгал  жасалады.  Көгал  жасау 
үшін  негізгі  түсті  қағазға  алдымен  желім  жағып,  содан  кейін  мозаиканың 
бөлшектері жапсырылады.  
Ақ түсті қағаз кесіндісінен еркін формада ағаштың (қайың ағашының) діңі 
кесіліп алынады. Оның үстіне қара қаламмен немесе қарындашпен қара дақтар 
немесе  бедерлер  салынады,  сондай-ақ  бұл  дақтарды  қара  түсті  қағаздан  ұсақ 
жолақтар кесіп алып, жапсыру арқылы да орындауға болады.  
 
13-
сурет – Күзгі ағаш 
 
 
Ағаштың  ұшар  басын  жасыл,  қызыл,  қызғылт  сары  түсті  қағаз 
қиындыларынан,  бір-біріне  жақын  орналастырылып,  арасында  саңылау 
болмайтындай  етіп  жапсыралады.  Парақтың  сол  жақ  немесе  оң  жақ  жоғары 
бұрышындасары  түсті  қағаз  қиындыларынан  шуағын  шашып  тұрған  Күннін 
көзі жапсырылады. 
Жұмыстың  бір  нұсқасы  ретінде  орман  әсерін  беру  үшін  бірнеше  ағаш 
жасауға болады. 
Қағаз пластика – бұл бейнелеу өнерінің мүсіндеу, аппликация, сурет салу, 
қағаздан қиып құрастыру, коллаж тәрізді әртүрлі түрлерінің синтезі деп санауға 
болады.  Орындалатын  жұмыстың  көлемділігі,  қолданылатын  материалдың 
әсемдігі оны мүсіндеумен және коллажбен, сондай-ақ жазық форманы бүктеу, 
қию  арқылы  алғашқы  түрін  өзгерту  –  қағаздан  қиып  құрастырумен 
жақындатады.  Нақты  немесе  ойдан  шығарылғанды  бейнелеу,  қосымша 
бөлшектерді салуды аяқтау сурет салуды қағаз пластикамен байланыстырады. 
Оқушыларды қағаз пластикаға үйретудің мақсаты мен міндеттері бейнелеу 
өнерінің міндеттерімен тығыз байланысты, олар: балалардың біліміне, білігіне 
және  ойлау  іс-әрекетіне  қажетті  қиялдау,  елестету  тәрізді  шығармашылық 
қабілеттерін дамыту.  

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
105 
Қағаз  пластика  техникасын  дайын  материалдарды  қолдану  арқылы  да 
жүзеге  асыруға  болады.  Ол  үшін  күнделікті  өмірде  бір-ақ  рет  қолданылатын 
қағаз  ыдыстарды  (тәрелкелер,  пластикалық  қасықтар,  шанышқылар  т.б.) 
қолдануға  болады.  Қағаз  ыдыстарды  әдемі  ашық  түстерге  бояу,  жасалатын 
заттың  бейнесін  салу  және  қиып  алып,  басқа  түсті  қағазға  жапсыру  арқылы 
жасауға  болады.  Мысалы,  14  -  суретте  қағаз  тәрелкеден  жасалған  құстың 
бейнесі берілген. 
 
 
 
14-
сурет – Қағаз тәрелкеден жасалған құс 
 
Қағаз  бұрау  –  бұл  ұзындығы  мен  ені  әр  түрлі  қағаз  кесінділерін  бумаға 
бұрау,  оларды  өзгерту  және  алынған  бөлшектерден  көлемді,  жазықтықтық 
композициялар  жасау  шеберлігіне  негізделген  жұмыс  түрі.  Көркем  еңбек 
сабағында  орындалатын  жұмыстың  бұл  түрі  оқушы  қолдарының  шағын 
моторикасын  дамытады,  кеңістіктік  ойлау  қабілетін  қалыптастырады, 
шыдамдылықты,  мақсатқа  жетуге  талпынушылықты,  білуге  құмарлылықты 
дамытады,  балалардың  қиялдау  және  елестету  қабілеттеріне  әсер  етеді, 
бақылауға,  салыстыруға,  талдау  жасауға,  соңғы  нәтижені  болжауға,  нақты 
заттармен ұқсастығын көре білуге үйретеді.  
Оригами  техникасының  көмегімен  аппликациялық  жұмыстар,  өз  ойынан 
шығарылған  ойыншықтар,  түрлі  кілемшелер,  фотосурет  жиектемелерін, 
суреттер жасауға болады. Ол бала қолының моторикасының, құрастырушылық 
ойлауының,  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына  ықпал  етеді.  Бастауыш 
сыныптардың  оқушылар  оригами  техникасы  арқылы  түрлі  заттар  жасап 
үйренеді, мысалы, 15-суретте ит жасаудың сызба-нұсқасы берілген. 
 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
106
 
 
15-
сурет – Ит жасаудың сызба-нұсқасы 
 
Коллаж  –  (француз  тілінде  collage  –  жапсыру,  желімдеу)  бұл  бейнелеу 
өнеріндегі  қызықты  техникалық  әдіс,  суретшілердің  шығармашылық  ізденісі 
кезінде  пайда  болған  бейнелеу  өнерінің  бір  тәсілі.  Бейнелеу  өнерінің  бұл 
түрінде  суретшілер  кескіндемесінде  қиялдарына  байланысты  өзіне  ұнаған  кез 
келген  заттарды  (түрлі  матаның,  қағаз,  газеттің  қиындыларын,  әйнек,  түйме, 
фольга,  ағаш  қалдықтарын)  жапсыру,  желімдеу  арқылы  шығармашылық 
жетістіктерге  жеткен.  Қазіргі  кезде  коллаж  балалар  шығармашылығында  кең 
қолдау  тапқан  өнер  түріне  айналды.  Коллаж  өнері  балалардың  ой-өрісінің 
шыңдалуына  үлкен  әсер  етеді.  Мектептің  бастауыш  сыныптарында 
орындалатын  коллажға  кәмпиттің  орама  қағаздарын,  ескі  газеттердің 
қалдықтарын, маталардың қиындыларын, түрлі ленталарды, пластмасс жайпақ 
ойыншықтарды және олардың қаптамаларын, ағаш жапырақтарын пайдалануға 
болады.  Себебі  коллаж  өнерінде  бастапқысында  бір  біріне  қатысты  болмаған 
элементтер қолданылады және қиыстырылады. Материалдар неғұрлым ерекше 
және стандартты емес болса, соңғы нәтиже соғұрлым қызықты болып шығады. 
Коллаж  балалардың  фантазиясын  және  шыдамдылығын  көрсетуге,  қиялын, 
салыстыру білігін дамытуға көмектеседі.  
Жіп сурет – техникасы көне өнердің бір түрі. Жіп сурет техникасын «жіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет