Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



жүктеу 5.11 Kb.

бет15/30
Дата22.12.2016
өлшемі5.11 Kb.
түріМетодическое пособие
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
125 
мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу 
материалының көлемі ретінде ұсынылады.  
Модуль  –  оқу  мазмұны  мен  технологияны  біріктіріп  тұрған  мақсатты 
функционалды байланыстырушы. Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспе, 
сөйлесу және қорытынды бөлімінен тұрады.  
Модульдік  оқыту  технологиясы  –  жеке  тұлғаның  өзін  өзі  дамытуға, 
шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті шеберліктері мен дағдыларын 
қалыптастыратын технология. 
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:  
-
 
қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 
-
 
 
оқушылардың  әрбір  сабақта  іс-әрекетін  бағалау  үшін  диалогтық  қарым-
қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру; 
-
 
 
барлық тақырыптар бойынша сынақ жүргізу [21]. 
Мазмұны  жаңартылған  білім  беру  бағдарламаларында  негізінен 
оқушылардың  ойлау  қабілетін,  ізденушілік,  өзбетінше  талдау  жасау,  өз 
көзқарасын  дәлелдеу,  өзіне-өзі  баға  беру  қабілеттерін  дамытатын  жобалау-
зерттеушілік технологиясына басым көңіл аударылады.  
Жобалау әдісі – бұл оқу үдерісін тұлғаландыруды мүмкін қылатын, білім 
алушының  өз  бетінше  жоспар  құруына,  өз  іс-әрекетін  ұйымдастыруына  және 
бақылауына  жағдай  жасайтын  кешенді  оқыту  әдісі.  Оқушылар  жобалық 
практикалық  тапсырмаларды  жоспарлау  және  орындау  барысында  өз 
беттерінше  білім  алады.  Жобалық  әдістің  басты  мақсаты  –  білім  алушының 
практикалық міндеттерді немесе проблемаларды шешуі барысында түрлі білім 
салаларынан  алған  білімдерін  кіріктіру  арқылы,  өз  бетінше  білімін 
толықтыруына жағдай жасау.  
Жобалық  оқыту  технологиясы  –  бұл  белгілі  бір  нәтижеге  қол  жеткізуге 
бағытталған  оқушының  өзіндік  іс-әрекетін  ұйымдастыру  тәсілі.  Ол  тұлғаның 
шығармашылық  дербестігіне,  қызығушылықтарына,  өзін  қызықтыратын 
мәселенің  шешімін  табу  жолындағы  іс-әрекет  үстінде  оның  интеллектуалдық 
және  дене  мүмкіндіктерінің,  еріктік  қасиеттері  мен  шығармашылық 
қабілеттерінің дамуына бағытталған.  
Заманауи  педагогикада  жобалық  оқыту  жүйелі  пәндік  оқытудың  орнына 
емес, сонымен қатар білім беру жүйелерінің компоненті ретінде қолданылады.  
Жобалық  оқыту  технологиясы  оқу  жобасын  орындау  барысында 
оқушының  қиыншылықтарды  жеңу  үшін  нақты  жағдаяттарды  басынан 
кешіруді, құбылыстың, үдерістің түбіне жетуді қатыстыруды көздейді.  
Оқу жобасына қойылатын талаптар: 
1.
 
Әлеуметтік  маңызы  бар  зерттеушілік,  ақпараттық,  тәжірибелік 
міндеттің (мәселенің) бар болуы қажет. 
2.
 
Жобаны  орындау  мәселені  шешу  бойынша  іс-әрекетті  жоспарлаудан, 
басқаша  айтқанда  –  жобаны  жобалаудан,  атап  айтқанда  –  өнімнің  түрі  мен 
презентацияның түрін анықтаудан басталады.  
3.
 
Әр  жоба,  міндетті  түрде,  оқушылардың  зерттеушілік  жұмысын  талап 
етеді.  

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
126
 
Жобалық іс-әрекеттің басты ерекшелігі – ақпарат іздеу. Ол кейін өңделеді, 
зерделенеді және жобалау тобының қатысушыларына ұсынылады. 
Жоба бойынша жұмыстың нәтижесі өнім болып табылады 
Кешенді және көп мақсатты әдіс ретінде оқыту жобасының түрлері де көп. 
Жобадағы іс-әрекет түрінің басымдылығына қарай олар: 

тәжірибелік бағытты; 

зерттеушілік; 

ақпараттық; 

шығармашылық; 

рөлдік болып бөлінеді. 
Жобаға қатысушылар санына қарай: 
-
 
 
жеке-дара 
-
 
 
топтық болады. 
Ұзақтығына қарай: 
-
 
 
шағын жобалар (1 сабақ көлемінде орындалады); 
-
 
 
қысқа мерзімді (3-4 сабақ); 
-
 
 
орта мерзімді; 
-
 
 
ұзақмерзімді болып бөлінеді.  
Отандық  және  шетелдік  педагогтар  мен  психологтардың  пікірлерімен 
келіспеуге  болмайды.  Олардың  пайымдауынша  «жобалық  оқыту  сыныптық-
сабақтық жүйені ығыстырып тастамау керек, оны «оқытудың тура және жанама 
түрлеріне» қосымша ретінде қолданған жөн». 
Жобалық  технологияның  тиімділігі  мен  7-10  жасар  оқушылардың  жас 
мүмкіншіліктерін  ескере  отырып,  оны  мектептік  оқытудың  бастауыш 
буынында  қолдана  бастаған  жөн.  Соған  байланысты  жобалау  әдісінің 
ерекшеліктері  мен  оны  бастауыш  мектеп  оқушыларымен  ұйымдастырудың 
нұсқаларын қарастыру қажет. 
Орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  аясында  әзірленген  «Көркем  еңбек» 
пәні  оқу  бағдарламасының  «материалдар  және  шығармашылық  жұмыс 
техникалары»  бөлімшесіндегі  «әр  түрлі  әдістер  мен  тәсілдерді  пайдаланып, 
өздігімен таңдалған материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды 
қолданып, эксперемент жүргізу» мақсатын жобалық технология арқылы жүзеге 
асыруға болады. Тапсырма: табиғи материалдардың қандай түрлерін және қай 
жерлерде  қолдануға  болатынын  анықтау;  табиғи  материалдарды  қолданып 
ойыншықтар жасау. 
Мысалы: оқушылар жаңғақтар туралы мәліметтер жинайды. 
-
 
 
жаңғақтардың  түрлері  (грек  жаңғағы;  орман  жаңғағы;  жер  жаңғағы; 
самырсын жаңғағы т.б.); 
-
 
 
олардың өсетін жерлері, өсуіне қажетті жағдайлар; 
-
 
 
көркем  еңбекте  қолданылуы  (қандай  бұйымдар  жасауға  болады). 
Самырсын  жаңғақтарын  аңдардың  аяқтарын,  орман  адамдарын  жасау 
барысында  қолдануға  болады.  Бұл  жаңғақтарды  бізбен  тесуге  болады,  жеңіл 
желімденеді. 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
127 
Көркем 
еңбек 
туындыларын 
жасауда 
сандық 
компьютерлік 
технологияларды  қолданудың  негізінде,  Д.Дьюидің  оқу  іс-әрекетін 
ұйымдастыру  бойынша  күнделікті  өмірден  алынған  практикалық  мәселелерді 
шешу  идеялары  жатыр.  Д.Дьюи  білім  мазмұнын  стандарттаудың  қажеттілігін 
теріске  шығарады  және  оқытуды  балалардың  қызығушылығына  бағытталуы 
тиіс деген көзқарас айтады. 
Жоба  –  бұл  ой,  жоспар;  бір  құрылыстың,  механизмнің  алдын  ала 
әзірленген планы; кезкелген бір құжаттың алдын ала әзірленген мәтіні. 
Жобаның түрлері: пәнаралық, көппәндік болады.  
Жобалық  технологияның  мәні:  оқушылардың  нақты  мәселелерді  шешуге 
деген қызығушылығын арттыру. Мәселенің шешімін табу үшін оқушының сол 
саладан  жинақтаған  білімі  болуы  және  ол  мәселені  шешу  үшін  білім  мен 
тәжірибелік  іс-әрекеттерді  сабақтастыра  отырып  нәтижесін  практикалық 
жолмен көрсете білуі тиіс. 
Сонымен  жобалық  оқыту  технологиясы  өнім  ала  отырып  оқыту  идеясын 
жүзеге асырудың тәжірибелік нұсқасының бірі болып табылады. Өнімді оқыту 
дегеніміз  –  оқыту  үдерісі  барысында  орындалған  іс-әрекеттің  жеке  нәтижесін 
көрсету арқылы түсіндіріледі.  
Ойын технологиясы. 
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы 
сабақ.  Сабақ  барысында  бастауыш  сынып  оқушылардың  білімі,  біліктілігі, 
іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Кез келген сабақтың басты мақсаты – 
оқушы  білімінің  сапасын  арттыру,  яғни  түпкі  нәтижені  көре  білу,  сабақ 
барысында  берген  білімнің  қайтарымын  көру.  Ол  үшін  сабаққа  сыныптағы 
оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Әр оқушының жас 
және  даму  ерекшелігіне  байланысты  сабаққа  қызығушылығы,  дүниетанымы, 
даму  ерекшеліктері  әртүрлі  болады.  Сондықтан  оқушылардың  осы  топтарына 
әртүрлі  деңгейде  талап  қоюға  тура  келеді.  Ал  ойын  элементтері  кез-келген 
оқушының  қызығушылығын  тудырады.  Бастауыш  сынып  оқушылары  ойын 
арқылы  берілген  тапсырмаларды  асқан  қызығушылықпен,  белсенділікпен 
орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі – 
дидактикалық ойындар. 
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген 
қызығушылығын,  зейінін  арттырады.  Атап  айтқанда,  мұғалім  ойын 
жағдаяттарын  туғыза  отырып,  әртүрлі  заттарды  қолдану  арқылы  сұрақтар 
қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Бастауыш сынып 
оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім 
оларды  жалықтырмай  әртүрлі  ойындарды  қолдану  арқылы  сабақты  қызықты 
өткізуге тырысуы қажет. Бастауыш сыныптардың барлық пәндерінде, сонымен 
қатар  «Көркем  еңбек»  сабақтарында  да  дидактикалық  ойындарды  жаңа 
тақырыпты  түсіндіру  барысында,  қайталау,  пысықтау,  сурет  салу,  құрастыру, 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
128
 
желімдеу  т.б.  жұмыс  түрлерін  ойын  элементтерін  пайдалану  арқылы  өткізуге 
болады.  
Ойын технологиясы оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін дамытып, ойлау 
қабілетін  арттырумен  қатар,  тақырыптарды  саналы  да  берік  меңгеруге  үлкен 
әсер  етеді.  Шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар,  сөздік 
қорларын  молайтып,  сауатты  жазуға  да  баулиды.  Ойын  ойнау  барысында 
үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын 
да  біледі.  Ойын  оқу  пәндерінің  мазмұнымен  тығыз  байланыста  жүргізілгенде 
ғана дұрыс нәтижелер береді. 
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді? 
Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді. 
Оқушылар  тек  бақылаушы  ғана  емес,  өздері  қатыса  отырып  қиын 
мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйренеді. 
Оқу  процесінде  алған  білімдерін  нақты  істе  қолдана  білуге  мүмкіндік 
алады. 
Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 
Уақытты үнемдеуге үйренеді. 
Психологиялық жағымды ортада білім алады. 
Шешім қабылдауға, жауапкершілікке үйренеді. 
Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйренеді. 
Ойын арқылы оқушылар өздері жеткен жетістіктері, әсерлері, алған білімі 
туралы ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен бөлісе алады.  
Ойын  технологиясын  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлілігін, 
тартымдылығын 
күшейтеді, 
оқушылардың 
сабаққа 
ынтасы 
мен 
қызығушылығын арттырады. 
Педагогикалық  технологиялардың  мәні  оқушыны,  оның  қабілеттерін, 
қажеттіліктерін  дамыту  және  сол  арқылы  оның  қоршаған  ортада  еркін  және 
өздігінше өмір сүруге бейімделуін қамтамасыз ету.  
Сонымен,  кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәнін  оқыту  барысында  пән 
бойынша білім стандарты және оқу бағдарламалары қойған мақсаттарға жетуге 
жағдай жасайтын, яғни оқушылардың бойында: 
-
 
 
топта жұмыс істеу шеберлігін; 
-
 
 
өз ойын дәлелді және ашық айту дағдысын
-
 
 
сыныптастарының, достарының ойын тыңдау дағдысын; 
-
 
 
қолайлы  психологиялық  жағдай  қалыптастыра  алатын  технологиялар 
қолданылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
129 

«КӨРКЕМ  ЕҢБЕК»  КІРІКТІРІЛГЕН  ПӘНДЕРІ  БОЙЫНША 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ 
 
Бағалау – оқытудың тиімділігін арттыратын ықпалды шаралардың бірі.  
Бағалау  мақсаты:  білім  алушылардың  оқу  уәждемесі  мен  оқу  дербестігін 
арттыру;  білім  алушылардың  теориялық  және  практикалық  білімнің,  олардың 
оқу жоспарының міндетті компонент пәндері бойынша білігі мен дағдысының 
нақты деңгейін белгілеу; білім алушылардың білім сапасын арттыру.  
Білім  берудің  жаңартылған  мазмұндағы  стандарты  тек  білім  мазмұнын 
саралау принциптеріне ғана емес, білім алушылардың білімін бағалау жүйесіне 
де  әсер  етті.  Білім  беру  стандартында  көрсетілген  маңызды  ережелердің  бірі 
бағалаудың әділдігін арттыру қызметі болып табылады. Қазіргі мектепте білім 
алушылардың  жұмысын  бағалаудың  критериалды  тәсілі  кеңінен  танылған, 
себебі  осындай  тәсіл  ең  алдымен  процеске  қатысушылардың  барлығына 
зерделенген  материалды  меңгеру  деңгейін  түсінуге  мүмкіндік  беретін  кері 
байланысты  жүзеге  асыруға  көмектеседі.  Кері  байланыс  мазмұнды  болған 
сайын, оған реакция конструктивті болуы мүмкін. Критериалды бағалау – бұл 
өлшемшарттар  бойынша  бағалау,  яғни  оқушылардың  оқу-танымдық 
құзыреттілігін  дамытудың  әр  түрлі  бағыты  бойынша  олардың  жетістігін 
көрсететін баға құраушылардан (өлшемшарттардан) құрылады.  
Критериалды  бағалау  жүйесі  білім  беру  процесіне  қатысушылардың 
барлығына  әр  оқушының  оқудағы  жетістіктерін  қадағалап  отыруға,  сонымен 
қатар мұғалімге: 
-
 
 
сапалы нәтижелер алуға жағдай жасайтын критерийлер әзірлеуге; 
-
 
 
өз іс-әрекетін жоспарлау және талдау үшін қажетті ақпаратты меңгеруіне; 
-
 
 
оқыту сапасын жақсартуына; 
-
 
 
әр  оқушының  тұлғалық  қабілеттері  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып 
оқытудың тұлғалық траекториясын құруына
-
 
бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануына
-
 
 
оқу  бағдарламасын  жетілдіру  бойынша  өз  ұсыныстарын  жасауға 
мүмкіндік береді. 
Білім алушыларға: 
-
 
оқудың түрлі әдістерін, ойлау әрекетінің түрлерін және өз түсінігін айту 
қабілеттерін дамытуына; 
-
 
өзінің  оқу  нәтижелерін  және  жетістіктерін  болжау  және  түзету  үшін 
бағалау критерийлерін білуі және түсінуіне; 
-
 
өзін және достарын бағалай отырып рефлексияға қатысуына; 
-
 
білімін  нақты  мәселелерді  шешуге  қолдануына,  өзінің  түрлі 
көзқарастарын айтуына, сыни ойлауына жағдай жасайды. 
Ата-аналарға: 
-
 
өз баласының білім деңгейінің нақты дәлелдерін алуларына; 
-
 
бала оқуының үдерісін қадағалауына; 
-
 
оқу үдерісі барысында балаға қолдау көрсетуіне; 
-
 
мұғаліммен және мектеп әкімшілігімен кері байланыс жасауларына; 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
130
 
-
 
баласының  мектепте  және  сыныпта  өзін  жайлы  сезінетіне  сенімді 
болуына мүмкіндік береді. 
Оқу мақсаттарына жеткендікті бағалау үшін бағалаудың формативтік және 
ішкі суммативтік түрлері қолданылады.  
Формативтік  бағалау  –  ағымдағы  бағалау,  оны  оқу  бағдарламалары  мен 
оқу  жоспарларының  мақсаттарына  сәйкес  мұғалім  жүргізеді  және  бағалаудың 
бұл түрі оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. 
Формативті  бағалауды  жүргізу  алдында  оқушыларды  оқу  мақсаттарымен 
және жетістік критерийлерімен таныстырып отыру өте маңызды. Мысалы, егер 
«
Әр  түрлі  тәсілдермен  материалдарды  және  компоненттерді  өлшеу,  белгілеу, 
қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру» мақсатын қолданатын 
болса, онда бұл мақсатқа жету жетістік критерийлері келесідей болуы мүмкін: 
-
 
 
табиғи  материалдарды  анықтай,  іріктей,  топтастыра  алу,  қолданылу 
аясын білу, 
-
 
 
олардың қасиеттерін білу т.б. 
Бастауыш  сынып  оқушыларына  түсінікті  болу  үшін  мұғалім  жетістік 
критерийлерін  және  жұмыс  істеу  барысында  нелерге  аса  көңіл  аудару 
қажеттігін түсіндіруі тиіс. 
«Көркем  еңбек»  пәнінің  бағдарламасы  оқушылардың  түсінуін,  өз 
қобалжуларының  мәнін  түсінулерін  дамытуды  басты  мақсат  ретінде 
қарастырады.  Аталған  бағдарлама  бойынша  жұмыс  істейтін  мұғалімдер 
балалардың  суреттерін,  қолдан  жасаған  бұйымдарын  бағалау  барысында 
баланың  туа  біткен  тұлғалық  қасиетін  көрсететін  қоршаған  ортамен 
байланысын  көрсететін  шығармашылығы  ретінде  қарайды.  Бір  мұғалімдер 
баланың жұмысын бағалауда бейнелеу сауаттылығы негізіне қараса, басқалары 
– 
баланың  қоршаған  әлемге  қатынасы  бойынша  авторлық  негізіне  көңіл 
аударады. 
Оқушылардың 
сабақтағы 
көркем-шығармашылық 
іс-әрекеттерін 
бағалаудың  проблемалы  маңызды  аспектілерінің  бірі  қолданыста  жүрген 
бағалау  жүйесі.  Қолданыстағы  бағалау  жүйесінде  оқушылардың  сабақтағы 
танымдық әрекеттері есепке алынбайды, тек соңғы нәтиже ретінде дайын сурет 
немесе бұйым бағаланады.  
Сондықтан да оқушылардың көркем шығармашылық жетістіктерін бағалау 
жүйесін  қайта  қарау  мәселесі  туындап  отыр.  Баланың  шығармашылық 
мүмкіндіктерінің  дамуы,  сондай-ақ  оның  өз  бетінше  еңбек  ету  белсенділігін 
арттыру (өз бетінше бақылау-бағалау іс-әрекеттері элементтерінің қалыптасуы 
және  дамуы)  туралы  мәселелер  туындайды,  бұл  оның  есеюінің  негізгі  белгісі 
болып табылады. Бұл қолданыстағы «Технология және өнер» білім саласының 
міндеттерін  түбегейлі  өзгертуге  әкеледі.  Жалпы  сауаттылық  пен  түзетуді 
қалыптастыру  және  оқушылардың  табиғи  қасиеттерінің  дамуы  мәселелерінің 
арасында,  соңғысы  басым  болып  табылады.  Әрине  бұл  мұғалімнің  бақылау-
бағалау әрекетіндегі рөліне жаңаша көзқарас тудырады. 
Көркем еңбек сабақтарында осындай бағалау жүйесін қолдану, қажеттілігі 
туындайды,  ол  өзінің  бойында  бақылау  мен  диагностиканы  үйлестіреді,  яғни 

«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ
 
ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
 
131 
мұғалім,  мектеп  әкімшілігі,  ата-аналар  тарапынан  болатын  бақылауды 
шеткерілетпей, керісінше оқушының өздігінен бақылау және өзін-өзі бағалауын 
күшейтер еді.  
Жоғарыда  айтылғандардың  негізінде  бастауыш  сыныптардың  мұғалімі 
«Көркем  еңбек»  пәнінен  оқушылардың  көркем  шығармашылық  жетістіктерін 
бағалау жүйесін алдын ала анықтаулары тиіс. Заманауи білім беру жағдайында 
бағалау жүйесі келесі құрылымнан шығуы тиіс: 
-
 
 
нені бағалау керек (нақты нені бағалау керек); 
-
 
 
қалай  бағалау  керек  (бағаланатын  нәтиже  қандай  құралдармен  және 
қандай критерийлер бойынша бағалануы тиіс); 
-
 
 
қандай  жағдайда  бағалау  керек  (бағалау  дегеніміз  не  және  қандай 
кезеңдерден тұрады).  
Сабақта  оқушының  көркем  еңбекке  қатысты  арнайы  қабілеттерін  ғана 
бағалап  қоймай,  оның  шығармашылығын  да  бағалау  қажет.  Әсіресе  өнердің 
өмірмен  байланысын  есепке  алатын  болсақ,  онда  оқушының  мектептен  тыс 
танымдық  әрекетін  де  бағалауды  назардан  тыс  қалдырмау  керек.  Оқушы  үй 
тапсырмасын  орындау  барысында  іздеу-зерттеушілік  қызметпен  айналысуы 
мүмкін немесе шығармашылық жұмыстың өз үлгісін көрсетуі де мүмкін. 
Оқушылардың  көркем  шығармашылығын  бағалаумен  қатар,  олардың 
шығармашылық  интеллектуалдық  бастамаларын:  оқушының  қойған 
сұрақтарының  бірегейлігі,  қосымша  материалды  өз  бетінше  іздеуі,  оқушы 
тарапынан айтылған қызықты көзқарастар және т.б. бағалау өте маңызды 
Бағалаудың  бұл  жүйесі  бойынша  жұмыс  істеу  барысында,  мұғалімнің 
оқушылармен  бірлесе  отырып  шығармашылық  жұмыстың  орындалу 
критерийлерін  талқылауы  маңызды  болып  табылады.  Танымдық-
шығармашылық  жетістіктерді  ағымдық  бағалау  жоғарыда  айтылған,  яғни 
оқушының  өзін-өзі  бағалауына,  оның  өздігінен  дамуына  ерекше  назар 
аударылатын әдіспен жүзеге асырылады. 
Оқушының  сабақтағы  барлық  танымдық  және  жасампаз  қызметін  төрт 
критерий бойынша бағалау ұсынылады:   

мұғаліммен серіктестікке дайындығы; 

балалардың  көркем  шығармашылықта  көрінетін  (оның  ішінде  өзін-өзі 
текксеруде) қарым-қатынасы, қызығушылығы, қабілеті

балалар  еңбегінің  сапасын  есепке  алумен  шеберлігі(шығармашылық 
әрекет тәсілдері); 

нәтиженің  мәнін  оқушыларды  және  айналадағыларды  дамыту  ретінде 
қарастыратын  оқушылардың  көркем  еңбек  нәтижесінің  қоғамдық-пайдалы 
мәні.  
Мұғаліммен  серіктестікке  дайындық  критерийі  қажетті  көркем 
материалдардың,  орындалған  үй  тапсырмасының  көпдеңгейлі  көлемінің, 
ізденушілік-зерттеушілік қабілетінің  бар болуын айқындайды. 
Екінші  критерий  –  қарым-қатынас,  қызығушылық  –  оқушылардың 
деңгейлерді  анықтау  арқылы  жұмыстағы  қабылданған  және  бейнеленген 

МЕТОДИЧЕСКОЕ
 
ПОСОБИЕ
 
ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ
  
 
132
 
құбылыстарға  өздерінің  көзқарастарын  білдіруге  әуесқойлығы,  шабыттануы 
мен ынталылық деңгейін бейнелейді:  

қабылданған  және  бейнеленген  құбылыстарға  (әрекет  мотиві,  олардың 
өзгерісі,  егер  балалардың  жұмыстары  сүйсінуге  және  өз  нәтижелеріне 
қанағаттануға мүмкіндік беретін болса) эмоциялық қарым-қатынасы

шығармашылық ойларын (жаңа шығарма шешімін іздеудегі табандылығы 
мен  қайсарлылығы)  тәжірибеде  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ететін  тұлғаның 
еркітілік қасиеті; 
Үшінші  критерий  –  шеберлік  (шығармашылық  әрекет  тәсілдері)  – 
оқушылардың  сызықтар  мен  шектерден  тұратын  форманы  беру  арқылы 
бейнелік  сауаттылыққа  қатысты  көркемдік  қабілеті  мен  суреттің  және  осы 
форманы берудегі кескіннің бейнелік құралын қолдану мен қажетті дағдыларды  
меңгеру деңгейін анықтауға арналған. 
Төртінші критерий – оқушылардың көркем еңбек нәтижесінің  қоғамдық 
пайдалы мәні – төмендегілерді құрайды: 

балалар  жұмысының  тақырыпқа,  белгілі  бір  идеяға  (егер  тақырып  пен 
идея  берілген  болса)  сәйкестігі,  танымдық  және  жасампаздық  қызметте 
(оқушылар  бағаланады)  қолданылған  көркем-шығармашылық  жетістіктерге 
талдау; 

оқушылардың  өзін-өзі  бағалауын  мұғалімнің  бағалауымен  салыстыру 
(осы құрамдас бөлік мұғаліммен бағаланады). 
Осы  критерий  бойынша  бағалау  оқушының  тұлғалық  жетістігі,  оның 
көркем-шығармашылық  дамуы,  орындалған  жұмысының  әртүрлі  деңгейдегі 
көрмелерге  қатысу  мүмкіндігі  арқылы  жүргізіледі.  Ол  қорытынды  болып 
табылады,  балалар  жұмысының  (оның  құндылығы)  мәні  туралы,  олардың  сол 
немесе  басқа  да  көрмелерге  қатысу  мүмкіндігі  жөнінде  толық  түсінік  береді, 
онсыз шығармашылық қызмет толық емес, яғни аяқталмаған деп саналады. 
Сонымен  қатар,  балалардың  көрмелерге  қатысуы  балалар  ұжымының 
(студиялар,  үйірмелер,  көркемөнер  мектептері)  шығармашылық  қызметін 
бағалау  критерийлерінің    міндетті  шарты  болып  табылады.  Оның  бейнелеу 
әрекеті  (сурет  салуға,  телехабар  көруге,  мұражайға  және  т.б.  баруға  кететін 
уақыт  көлемі)  саласындағы  әуестігі  көрсетілетін  «оқушылардың  жеке 
жетістіктерінің  портфелін»  енгізу.  «Портфель»  жеке  жұмыстар  жиынтығын 
көрсетеді.  
Сонымен,  осы  критерийлерді  қолдану  жиынтығы  оқушының  танымдық 
және  жасампаздық  әрекетін  бағалауға  мүмкіндік  беретін  болады,  яғни 
орындаушының өзі емес, орындаған жұмысы бағаланады. 
 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал