Методика определения объемов



бет4/10
Дата07.01.2022
өлшемі81,73 Kb.
#20627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Методика 147 каз

3-параграф. Су ресурстары
15. Су ресурстарының жағдайы, оны пайдалану және қорғау статистикасының негізгі міндеті өзендерден, көлдерден, су қоймаларынан, арналардан, жерасты көкжиектерінен суды жинау бойынша; суды өндірістік, шаруашылық ауызсу қажеттіліктеріне, әртүрлі суару жүйелерінде, ауылшаруашылығы суымен жабдықтауда пайдалану бойынша ақпаратты жинау, жалпылау және жариялау болып табылады; суды қайта және айналымды пайдалану есебінен суды ысырап қылу және үнемдеу; жер үсті су объектілері мен жерасты көкжиектеріне ақаба суларды шығару; ағынды сулармен бірге шығарылатын ластаушы заттардың мөлшері.

Су ресурстарының жағдайы және оны қорғау жөнінде қоғамды ақпараттандыру үшін келесі негізгі көрсеткіштерді зерттейді:

1) тұщы судың жаңартылатын ресурстары;

2) тұщы суды жинау;

3) халықтың жан басына есептегендегі тұрмыстық тұтыну;

4) су ысырабы;

5) тұщы суды қайта және айналымды жолмен пайдалану;

6) ауызсудың сапасы;

7) оттегіні биохимиялық тұтыну (бұдан әрі – ОБТ) және аммоний азотының концентрациясы;

8) тұщы судағы биогенді заттар;

9) жағалауға жақын теңіз суларындағы биогенді заттар;

10) ластанған ағынды сулар.

16. Тұщы судың жаңартылатын ресурстарының маңызды экологиялық және экономикалық құны бар. Олардың бөлінуі елдер арасында және сол елдердің өзінде біркелкі емес.

Көрсеткіш табиғи жағдайларда тек қана ел аумағында жауын-шашынның түсуі және шекаралас елдерден өзен және жерасты су құйылымдарының нақты көлемі есебінен қалыптасатын өзен ағындыларының және жерасты суларының жалпы көлемінің сомасы ретінде анықталады.

Тұщы судың жаңартылатын ресурстары туралы деректерді жинау гидрологиялық станцияларда іске асырылады. Деректер өзендер мен көлдерде, жерасты су сақтағыш горизонттарда және бүкіл ел бойынша түскен жауын-шашын мөлшерін есепке ала отырып жүзеге асырылатын судың деңгейін, ағыс жылдамдығын, ысырабын ұзақ мерзімді өлшеулер негізінде есептеледі.

17. Тұщы суды алу көрсеткіші тұщы су көздерінен алынған су мөлшерін анықтауға, ресурстық тұщы суларды алуға байланысты қоршаған ортаға әсер етуін бағалауға мүмкіндік береді. Су ресурстарының шектеулілік дәрежесін және экономикалық қызмет түрлері бойынша алынған суды бөлуді көрсетеді.

Тұщы су ресурстарының маңызды экологиялық және экономикалық мәні бар. Тұщы су ресурстарына әсер ету көздері олардың шамадан тыс пайдаланылуы, қоршаған ортаның деградациялануы болып табылады. Судың сапасы едәуір дәрежеде оның мөлшеріне байланысты болғандықтан, тұщы суды олардың қорларын жаңартумен алуды байланыстыру, тұщы су ресурстарын тұрақты басқару шеңберіндегі негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Осы көрсеткіш тұщы су ресурстарын пайдалану масштабын сипаттайды суды алу және оны пайдалануды қадағалау бойынша әрекеттерді түзетудің қажеттілігін анықтайды. Су ресурстарын пайдалану индексінің (СРПИ) өзгеруі негізінде тұщы су ресурстарына әсер ететін су алудың серпініне талдау жүргізіледі. СРПИ индексінің шекті мәні қауырт және қауырт емес өңірлер арасындағы айырмашылығын көрсету үшін негіз болады және шамамен 20% құрайды. Жоғары қуаттылық СРПИ 40%-дан асқан жағдайларда белгіленеді. Көрсеткіш жылына миллион метр кубпен өлшенеді.

Көрсеткіш барлық су пайдаланушылардың жерүсті және жерасты тұщы суды алудың жыл сайынғы жалпы көлемі ретінде анықталады.

Көрсеткіш су алуды жүзеге асыратын субъектілердің негізгі қызмет түрлері бөлінісінде тұщы суды алу туралы деректерді көрсетеді. Су алудың көлемі өлшенеді немесе кәсіпорын сорғы қондырғылары мен энергияны тұтыну көрсеткіштері негізінде есептейді. Су пайдаланушылар (үй шаруашылықтары және ауыл шаруашылығы) үшін модельдерді қолдануға негізделетін есептеу әдісін пайдалану қажет.

СРПИ су алудың жалпы жылдық мөлшерінің пайызбен көрсетілген тұщы судың жаңартылатын ресурстарының ұзақ мерзімді орташа жылдық көлеміне қатынасы ретінде анықталады.

Бұл көрсеткіш су алу, пайдалану және суды бұру туралы жыл сайынғы ведомстволық статистикалық байқаудың негізінде қадағаланады және қалыптастырылады.

18. Халықтың жан басына есептегендегі тұрмыстық су тұтыну көрсеткіші әртүрлі көздерден суды алуға байланысты қоршаған ортаға әсер ететін ықпалды анықтауға мүмкіндік береді.

Әртүрлі өңірлерде тұрмыстық суды тұтыну көрсеткіші біркелкі болып табылмайды және көптеген экологиялық және экономикалық факторларға байланысты. Көрсеткіштің өлшем бірлігі халықтың жан басына м3/жыл және халықтың жан басына литр/тәулік болып табылады.

Көрсеткіш халықтың жан басына есептегендегі (кәсіпорын қызметкерлерін қосқанда) шаруашылық-ауызсу және басқа да халық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылатын су көлемі ретінде есептеледі.

Тұрмыстық суды тұтыну көлемі орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету желілері арқылы берілетін су көлемін өлшеу арқылы анықталады. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қолжетімділігі жоқ халықтың суды тұтынуы есептеу арқылы анықталады. Халықтың жан басына шаққандағы тұрмыстық суды тұтыну, суды тұтыну көлемін халықтың тұрақты санына бөлу арқылы есептеледі. Көрсеткішті анықтау үшін халықты сумен қамтамасыз етумен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері және жергілікті билік органдарының деректері пайдаланылады.

19. Су ысырабы көрсеткіші елдегі су шаруашылығы жүйесін жақсартуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін анықтайды.

Пайдалану жерлеріне тасымалдау барысындағы су ысырабы, су құбырлары жүйелеріне әсер ететін техникалық жағдайларды, судың бағалары және елдегі халықтың хабардарлығын қоса алғанда, суды тұтыну жүйесінің тиімділік көрсеткіші болып табылады. Көрсеткіш млн. м3/жыл, сондай-ақ алынған судың жалпы көлеміне пайызбен есептеледі.

Көрсеткіш суды алу пункті мен оны пайдалану пункті арасындағы тасымалдау барысында ысырапқа ұшырайтын тұщы су көлемі ретінде анықталады.

Осы көрсеткішті қалыптастыру барысында тұрақты инфрақұрылым арқылы суды жинаумен, тазалаумен және бөлумен айналысатын су шаруашылығы кәсіпорындарының тасымалдау барысында тұтынушыларға түгелдей жеткізілмеген тұщы су көлемі туралы деректері пайдаланылады. Көрсеткіш сумен қамсыздандыру секторындағы кәсіпорындардың суды алу көлемі және тұтынушыларға (үй шаруашылықтарына; ауыл, орман және балық шаруашылығына; өңдеу өнеркәсібіне, электроэнергетика; шаруашылық қызметтің басқа да түрлеріне) жеткізілген су көлемі арасындағы айырма ретінде есептеледі және анықталады. Жалпы ысырапты буланумен байланысты және ағып кетумен байланысты ысырапқа бөлген жөн. Суды заңсыз алумен немесе заңсыз басқа да пайдалану түрлерімен байланысты ысырап есепке алынбайды.

Бұл көрсеткіш су алу, пайдалану және суды бұру туралы жыл сайынғы ведомстволық статистикалық байқаудың негізінде қадағаланады және қалыптастырылады.

20. Тұщы суды қайталама және айналымдық пайдалану көрсеткіші өндірістік қажеттілікке суды тиімді пайдалану жүйесін жақсартуға бағытталған ден қою шараларының тиімділігін анықтайды.

Су ресурстарын тұрақты басқару жалпы тұрақты дамудың басты міндеттері болып табылады. Ысырапты қысқарту, аса тиімді технологияларды енгізу, тұщы суды айналымды және қайталама пайдалану-кәсіпорынның жұмысы тиімділігі міндеттерінің бірі болып табылады. Көрсеткіш жылына млн. м3 өлшенеді.

Көрсеткіш кайта пайдаланылатын және айналымды су көлемімен айқындалады және оның өндірістік қажеттіліктерін жабу үшін пайдаланылатын жалпы су көлеміндегі үлесі. Жалпы ел бойынша және экономикалық қызмет түрлері бойынша суды айналымды және қайталама пайдаланудың жүйелерін қолданудың арқасында үнемделген судың пайыздық үлесін анықтау мүмкіндігі бар.

Судың қайталама пайдаланылатын және айналымдық үлесі судың жалпы пайдалану көлемінде өндірістік қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдаланылатын суды айналымдық және қайталама көлемінің қатынасы ретінде анықталады. Көрсеткіш келесі формуланы пайдалану арқылы есептеледі:


(Qайналым. + Q қайт.пайд.)*100

% айналым./қайт. пайд. =

(Q айналым. + Q қайт. пайд.) + Q өндіріс

мұндағы,



% айналым./қайт. пайд.



айналымдық және қайта пайдаланылған қолдану судың үлесі;

Qайналым.



айналымдық су көлемі;

Q қайт. пайд.



суды қайта қолдану көлемі;

Q өндіріс



өндірістік қажеттілікке пайдаланылған судың көлемі.

21. Ауызсу сапасының көрсеткіші адам денсаулығына сапасыз ауызсудың кері әсер ету қаупін анықтауға мүмкіндік береді, ауызсудың санитарлық талаптарға және нормаларға сай келу дәрежесін сипаттайды.

Таза ауыз судың жеткілікті көлеміне қол жеткізбейінше халық денсаулығын жақсарту мүмкін емес. Осы көрсеткіш ауызсудың химиялық заттармен және микробиологиялық организмдермен ластану дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді, қосымша терең зерттеуді және тиісті шараларды қолдануды талап ететін, алдын ала ескерту механизмі ретінде қызмет етеді.

Көрсеткіш, түрлі бұлақтардан алынған (алдын ала су дайындаудан өткен, ашық су алудан, ұңғымалардан және осыған ұқсастардан) ауызсу сынамасының жалпы санында, ауызсу сапасының нормаларына сай келмейтін сынама үлесі ретінде анықталады. Пайызбен өлшенеді.

Бұл көрсеткіш ауыз судың адам денсаулығымен тікелей байланысты параметрлерге сай келуі туралы қолда бар деректер негізінде есептеледі.

Әр параметр үшін математикалық көрсеткіш сәйкес нормативтерге сай келмейтін сараланған ауызсу сынамасының үлесі болып табылады. Деректерді жинау ауызсу сапасын мониторингілеу жөніндегі ресми ұйым немесе соған Өкілеттік берілген жеке ұйым белгіленген аумақтық бірлік (сумен қамту немесе реттеу мақсаттары үшін белгіленген өңірлік бірлік аймағы) шекарасында берілген уақыт кезеңі ішінде (мысалы, бір жыл) (Т), сынама қағидаларымен көзделген жалпы санға сондай-ақ осы аумақтық бірлікте сәйкес келмейтін сынама қолданылады. «Пайыздық қатынас» көрсеткіші келесі формула бойынша есептеледі:

Сынама қатынасының көрсеткіші = ((Т - Е) / Т)*100
Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі сынама алу нүктелері саны мен сынама алу жиілігі нормаға сай келмейтін сынама санына қатысты статистикалық анықтығын қамтамасыз етеді.

22. Өзен суларындағы оттегінің биохимиялық тұтынылуы (бұдан әрі – ОБТ) және амонийлік азоттың концентрациясы көрсеткіші өзендердің тез қышқылданатын органикалық заттар және амонийлік азоттың ластану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Органикалық заттардың үлкен мөлшерінің болуы (микроорганизмдер және органикалық қалдықтардың іріп шіруі) өзен суларының химиялық және биологиялық сапасының төмендеуіне су бірлестіктерінің биоалуандығының азаюына, микробиологиялық ластануға әкеп соғады, ол пайдаланып жүрген су сапасына кері әсерін тигізеді. Органикалық заттардың көзі ретінде су тазалау имараттарының төгінділері өнеркәсіптік ақаба сулар мен ауыл шаруашылығы алқаптарының ағындылары болып табылады. Органикалық ластану оттегіні қажет ететіндер үшін айналым процесінің жылдамдауына ықпал етеді. Бұл оттегі жетіспеушілігіне әкеп соғады (анаэробтық жағдай). Азоттың анаэробты жағдайда өз қалпына келген түрге өзгеруі, өз кезегінде амоний азоты концентрациясының жоғарылауына әкеп соғады, ол температураға байланысты концентрацияда белгілі бір деңгейді минерализациялар және су рh көрсеткішін жоғарылататын су бірлестіктері үшін улы болып табылады.

Көрсеткіш су тоғандарындағы оттегі көлемі ретінің болу деңгейі немесе ОБТ ретінде айқындалады, яғни органикалық заттардың қышқылдануы үшін қажетті көміртегіне организмдердің қажеттігі және өзендердегі аммоний иондарының концентрациясы. ОБТ орташа жылдық шамасы 5-7 күндік инкубациялық кезеңнен ОБТ5/ ОБТ7) кейінгі 1 литрге О2 мкг-да; амоний иондарының концентрациясы 1 литрге амоний иондарының мкг-да көрсетіледі.

Осы көрсеткіш өзендердегі ОБТ және NН4 қатысты ағымдағы жағдайды және трендіні сипаттайды. Бақылау бекеттерінің саны және оларды орналастыру су ағынының негізгі морфологиялық типтері бойынша және антропогендік жүктемені өткізетін осы учаскелердегі осы көрсеткіштің мәндеріндегі ОБТ фонының шамасы туралы ақпарат алуды қамтамасыз ету қажет. Бақылаудың уақыт параметрлері гидрологиялық фазаларға сәйкес келуі қажет, ал бақылау жиілігі анық статистикалық ақпаратты алу қажеттілігінен анықталуы тиіс.

Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі өлшемшарттары балық шаруашылығы, шаруашылық-ауызсу және коммуналдық-тұрмыстық су пайдаланудың су қоймалары үшін ластаушы заттардың ШРШ мәні болып табылады. Құрғақ жерлердегі беткі сулардың ластану деңгейі ерітілген оттегі және ОБТ5 қоса алғанда, алты көрсеткіш үшін формула бойынша есептелетін судың ластануының кешендік индексінің шамасы бойынша (СЛИ6) бағаланады:


СЛИ6 = (qср.i/ ШРШi)/6
мұндағы,


q ср.i



i-затының орташа концентрациясы;

ШРШi



i-затының орташа тәуліктік шекті рұқсат етілетін концентрациясы;

6



олар ШРШ асу немесе аспауына қарамастан, ең көп мәні бар есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің-ингредиенттердің (пестицидтерден басқа) қатаң шектелген мөлшері.

СЛИ шамасы бойынша су сапасының жіктелуі анықталады:

1) 0,3 аз немесе тең – таза;

2) 0,3-1,0 аса – салыстырмалы таза;

3) 1,0-2,5 аса – орташа ластанған;

4) 2,5-4,0 аса – ластанған;

5) 4,0-6,0 аса – лас;

6) 6,0-10,0 аса – өте лас;

7) 10,0 аса – тым лас.

23. Тұщы судағы биогендік заттар көрсеткіші тұщы судағы биогендік заттар құрамы тұрғысынан алғандағы оның жай-күйін анықтауға (өзен, көл жер асты сулары) мүмкіндік береді.

Қала, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы аудандарынан тұщы су қоймаларына көп көлемде биогендік заттардың келіп түсуі осы су қоймаларының эвтрофикациясына әкеледі. Бұл өсімдік және балық түрлерін (экологиялық жағдайдың төмендеуі) жоғалтумен байланысты және адамның тұтынуы және басқа да мақсаттар үшін суды пайдалануына жағымсыз әсер ететін экологиялық өзгерістерді туғызады. Бұл көрсеткіш биогендік заттардың концентрациясының ағымдағы деңгейін және олардың ұзақ мерзімді өзгеруінің үрдісін көрсету үшін пайдаланылады.

Көрсеткіш өзендердегі фосфаттар және нитраттар концентрациясымен, өзендердегі фосфор мен азоттардың және жер асты суларындағы нитраттардың жалпы құрамымен анықталады. Нитраттар концентрациясы литрге N03 мкг, фосфор және ортофосфат концентрациясы литрге мкг белгіленеді.

Тұщы су қоймаларында биогендік заттарды мониторингілеу бағдарламасы осы ингредиенттердің кеңістіктік және уақыт серпінінің сипатын ескере отырып құрылуы қажет. Бақылау пункттерінің саны және оларды орналастыру су ағынының негізгі морфологиялық типі бойынша нитраттар және фосфаттардың фондық құрамы туралы (органикалық заттардың табиғи құлдырау үдерісіне негізделген), нүктелік және диффузиялық көздерден антропогендік жүктемеге ұшырайтын учаскелердегі олардың концентрациясының шамасы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Бақылаудың уақыт параметрлері гидрологиялық фазаларға сәйкес келеді, ал бақылау жиілігі анық ақпарат алу қажеттілігімен анықталады.

Бақылаудың және ақпаратты өңдеудің әдістемелік және метрологиялық бірлігін қамтамасыз ету қажет; химиялық талдау бойынша жұмыстар өзгеріс сапасын бақылау жүйесі бар аккредиттелген зертханаларда өткізіледі.

24. Теңіз жағалауы суларындағы биогендік заттар көрсеткіші биогендік заттардың концентрациясы тұрғысынан алғанда теңіз жағалауы суларының жағдайын анықтайды.

Осы көрсеткіш өсімдіктерге және автотровтық бактерияларға өмірін сақтау және жағалау суларының биологиялық өнімділігіне және экологиялық жағдайына әсер етуі үшін қажетті теңіз жағалауы суларында биогендік заттардың болуын көрсетеді және негізгі биогендік заттардың концентрациясы ретінде литрге мгк-мен (нитраттар және фосфаттар) анықталады.

Мониторингінің негізгі бағдарламасында биогендік заттарды және негізгі өлшенетін көрсеткіштер тізбесін анықтау қажет. Бақылау пункттерінің саны және олардың кеңістіктік орналасуы жүктемелердің барлық градиенті бойынша –маңызды антропогендік (әсіресе ауыл-шаруашылық) және коммуналды-тұрмыстық жүктемеге ұшырайтын теңіз фондық жағалауы акваториясынан теңіз жағалауы суларының учаскелеріне дейін биогендік заттардың құрамы туралы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді. Бақылаудың уақыт параметрлері биогендік заттар концентрациясының уақытша өзгергіштігін ескереді. Бақылаудың және ақпаратты өңдеудің әдістемелік және метрологиялық бірлігі қамтамасыз етіледі; микробиологиялық және химиялық құрамын талдау бойынша жұмыстар өлшеу сапасын қамтамасыз ету жүйесі бар аккредиттелген зертханаларда өткізіледі.

Каспий теңізінің теңіз жағалауы суындағы биогендік заттар Орта Каспий (Қаламқас, Форт Шевченко, Фетисово) және Солтүстік Каспий (атыраулық бөлігі және Орал өзенінің жағалауы) теңіз жағасы станциясының деректері бойынша анықталады.

25. Ластанған ақаба сулар көрсеткіші табиғи су қоймаларында антропогендік әсердің деңгейін және сипатын және қоршаған ортаны қорғау механизмін әзірлеу үшін қажетті ақпаратты алуға, сондай-ақ ақаба суларды басқару жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша қабылданған шараларды бағалауға мүмкіндік береді.

Көрсеткіш су объектілеріне шығарылған ластанған ақаба судың көлемі және олардың жылына елдегі ақаба судың жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Млн. м3/жыл-мен өлшенеді.

Бұл көрсеткіш су алу, пайдалану және суды бұру туралы жыл сайынғы ведомстволық статистикалық байқау нысаны бойынша қадағаланады және қалыптастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет