9-параграф. Қалдықтар
39. Қоршаған табиғи орта сапасының нашарлауымен байланысты өзекті мәселелердің бiрі қалдықтарды тиімсіз, экологиялық қауiптi және ұйымдастырылмаған орналастыру болып табылады.
Қоғамды қоршаған ортаны қорғау және оның жағдайы туралы қалдықтардың пайда болуы және оларды жою бөлігінде ақпараттандыру мақсатында мынадай негізгі көрсеткіштерді зерттейді:
1) қалдықтардың пайда болуы;
2) қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау;
3) қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану;
4) қалдықтарды түпкілікті жою.
Көрсеткіш елде пайда болатын қалдықтардың көлемін көрсетеді,
сондай-ақ ЖІӨ бірлігіне және экономикалық қызмет түрлері (өнеркәсіптік және қатты тұрмыстық қалдықтар) бойынша бөлінісінде және зиянды әсері (қауіпті қалдықтар) бойынша қалдықтардың жалпы көлемін көрсетеді. Тоннамен өлшенеді.
Қалдықтардың пайда болуының жалпы көлемінің қарқындылығы тұрақты бағалардағы ЖІӨ бірлігіне килограммен көрсетіледі (АҚШ долларында, сондай-ақ ұлттық валютада), ал қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болу қарқындылығы халықтың жан басына шаққандағы кг немесе м3 өлшенеді. Сонымен бірге көрсеткіш өндірілетін өнімнің бірлігіне (тонна, кВт-сағат және т.б.) пайда болған қалдықтардың (кг) бірлігінде көрсетіледі.
Алғашқы өнімдер (нарық үшін өндірілетін өнімдер) болып табылмайтын, кәсіпорында пайда болған, алдағы уақытта өндіріс, қайта өңдеу немесе тұтыну мақсаттары үшін пайдаланылмайтын, жоюға жататын материалдар қалдықтар деп есептеледі. Бұларға олар пайда болған объектіде тікелей қайта өңделетін немесе қайта пайдаланылатын қалдықтар, сонымен қатар су объектілеріне ақаба сулармен және атмосфералық ауаға түсетін ластағыш заттар жатпайды.
Өнеркәсiптiк қалдықтарға негізінен кен өндiру өнеркәсiбінде, өнеркәсiптің өңдеу салаларында, сонымен бiрге энергетика және құрылыс секторларында пайда болатын қалдықтар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың полигондарына шығарылатын өндiрiс қалдықтары есептілікте олар пайда болған экономикалық қызметтің тиiстi түрлерi бойынша бөлінеді.
Қатты тұрмыстық қалдықтар барлық жиналатын тұрмыстық қалдықтарды, сонымен бiрге қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметі қызмет көрсетпейтiн аумақтардан тұрмыстық қалдықтардың есептi санын қамтиды. Әдетте, үй шаруашылықтарында пайда болатын қалдықтарды және шағын кәсiпорындарда, офистік ғимараттарда және мекемелердегi (мектеп, аурухана, әкiмшілік ғимараттары) коммерция және сауда салаларында,
сондай-ақ бiрге көшелерді жинаудан пайда болатын оларға ұқсас қалдықтарды және қала қоқыстарын қамтиды.
Қалдықтардың пайда болуының жалпы көлемi өнеркәсiптiк қалдықтар, басқа да шаруашылық қызметі (мысалы, ауыл және орман шаруашылықтары) кезінде пайда болатын қалдықтар және қатты тұрмыстық қалдықтардың жиынтығы ретінде есептеледі.
Қатты тұрмыстық қалдықтар және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы деректерді СК жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар негізінде қалыптастырады.
40. Қауiптi қалдықтардың трансшекаралық тасымалдау көрсеткiші қауiптi қалдықтардың трансшекаралық орын ауыстыруын сипаттайтын қозғаушы күштердiң көрсеткiшi болып табылады. Қауiптi қалдықтарды елден шығару көлемiнiң өзгеру үрдістері, бар қауiптi қалдықтарды азайту және оларды елдiң iшiнде қайта өңдеу мен қайта пайдалану қажеттiлiгі туралы көрсетедi.
Уытты, жарылғыш қаупі бар, тотығатын, коррозиялық, өрт қауіпті, тітіркендіргіш әсер ететін, тератогендi, мутагенді, канцерогендi, экоуытты және жұқтырғыш қалдықтар қауiптi қалдықтар деп танылады. Жылына тоннамен есептеледі.
41. Қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану көрсеткіші қайта пайдалануға ұшырайтын барлық қалдықтардың немесе нақты санаттағы қалдықтарының үлесін көрсетеді.
Қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану – ресурстарды тұрақты пайдаланудың маңызды компонентi. Бұл көрсеткiш қатты қалдықтарды басқарудың маңызды компонентi болып табылады.
Көрсеткiш қайта өңделетін және қайта пайдаланылатын қалдықтардың көлемiн және оның экономикалық қызмет түрлері бойынша (өнеркәсiптiк және қатты тұрмыстық қалдықтар) және зиянды әсері бойынша (қауiптi қалдықтар) тұтастай елде пайда болатын қалдықтардың жалпы көлемiне пайыздық қатынасын көрсетеді. Тоннамен өлшенедi.
Қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану көрсеткiшi барлық қайта өңделетiн және қайта пайдаланылатын қалдықтардың немесе нақты санаттың қайта өңделетiн және қайта пайдаланылатын қалдықтарының санын барлық пайда болған қалдықтар және нақты санаттың пайда болған қалдықтарының жалпы санына бөлу арқылы алынады, нәтиже пайызбен көрсетіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтар үшiн қайта өңделетiн және қайта пайдаланылатын қалдықтардың үлесін қайта өңделетiн және қайта пайдаланылатын компоненттерiнiң, мысалы, металдардың, пластмасса, қағаз, шыны, тоқыма немесе органикалық материалдар пайызы түрінде көрсету қажет.
СК қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату көлемдері туралы деректерді өнімдерді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және жөнелту туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша қалыптастырады.
42. Қалдықтарды түпкілікті жою көрсеткіші қоршаған ортаға әсерін және қалдықтарды басқару (ден қою) жүйесiнiң тиiмдiлiгiн есепке алу дәрежесін өлшеуге мүмкіндік береді.
Көрсеткiш оларды рұқсат етілген полигондарда көму арқылы немесе өртеу арқылы (энергия алусыз) түпкілікті жойылған қалдықтардың көлемiн және оның экономикалық қызмет түрлері бойынша (өнеркәсiптiк және қатты тұрмыстық қалдықтар) және зиянды әсері бойынша (қауiптi қалдықтар) тұтастай елде пайда болатын қалдықтардың жалпы көлемiне пайыздық қатынасын көрсетеді. Тоннамен өлшенедi.
Әртүрлi тәсілдермен жойылатын қалдықтар үлесін өлшеу үшін бiрнеше әдiстердің үйлесімділігі пайдаланылады. Қосарлы есепке алуды болдырмау үшін қалдықтар қозғалысының жүйесiндегi есеп қайда жүргізілетінін бiлу маңызды.
Қалдықтарды түпкілікті жою туралы зерттеулермен қалдықтармен жұмыс істеу қызметін жүзеге асыратын барлық кәсiпорындар мен ұйымдарды (мысалы, қоқыс жағатын зауыттар және қалдықтардың рұқсат етілген полигондары, қалдықтарды жинау бойынша кәсiпорындар) қамту қажет.
Қалдықтар полигондарына шығарылатын қалдықтар көлемін есептеуде, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерге шығарылатын қалдықтар есепке алынбайды.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару туралы деректерді СК 1-қалдықтар және 2-қалдықтар жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары бойынша қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |