Методикасы кафедрасы


   Зат есімнің морфологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#21642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.2  

Зат есімнің морфологиялық ерекшеліктері 

 

 

Зат  есімнің  морфологиялық  сипатын  сөз  етекенде,  біріншіден,  зат 

есімдердің құрылымы туралы, екіншіден, жасалу тәсілі туралы, үшіншіден, зат 

есімдердің түрлену (өзгеру) жүйесі туралы мәселелер талдануға тиіс.  

Құрылымы жағынан зат есім жалаң да күрделі болады. 

Жалаң  зат  есімдер  екі  түрге  болінеді:  біріншісі  –  түбір    зат  есімдер, 

екіншісі – туынды зат есімдер.  

Түбір  зат  есімдер  деп  қазіргі  кезде  тиісті  морфемаларға  (түбір  және 

жұрнақ)  бөлшектенбейтін,  тек  бір  ғана  түбір  морфема  (сөз)  ретінде 

қабылданатын заттық атауларды атаймыз.  

Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде морфемаға және қосымша (жұрнақ) 

морфемаға бөлшектенеді, демек түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық 

атауларды айтамыз.  

Күрделі  зат  есімдерге  кемінде  екі  я  онан  да  астам  түбір  морфемадан 

құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі: 

1. 


Біріккен зат есімдер. 

2. 


Қосарланған зат есімдер. 

3. 


Құрама зат есімдер. 

4. 


Қысқарған зат есімдер. 


 

12 


1.

Біріккен  зат  есімдерге  кемінде  екі  түбір  морфемадан  бірігу  арқылы 

жасалған  зат  есімдер  жатады.  Мысалы:  байтерек,  бәйшешек,  белбеу, 

көкпар, қолқанат т.б. 

2.

Қосарланған зат есімдерге тек түбір морфемадағы қосарланып жасалған 



зат  есімдер  жатады.  Мысалы:  абысын-ажын,  ақыл-айла,  ата-ана,  әл-құат, 

ас-су, жауын-шашын, отын-су, ұрыс-керіс т.б. 

3.

Құрама зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір сөздерден әр қилы 



жолмен  тіркесу  арқылы  жасалған  зат  есімдер  жатады.  Мысалы:  ауыл 

шаруашылығы, балалар бақшасы, күн тәртібі, сары май т.б. 

4.

Қысқарған зат есімдерге бірнеше сөзден құралып қысқарған зат есімдері 



жатады, Мысалы: КазМИ, Пединститут, ем, мм, га, т, кв, т.б. 

Сөйлемдегі өзге сөздермен грамматикалық қарым-қатынасқа түсуіне орай 

зат  есімге  тәуелдік,  жіктік,  септік  жалғаулары  жалғанып  отырады,  сондай-ақ 

олар  сөйлем  ішінде  не  жекеше,  не  көпше  тұлғада  айтылады.  Осыған  сәйкес 

оның  өзгерілу  жүйесін  зат  есімнің  жіктелуі,  тәуелденуі  көпше  түрде 

қолданылуы  деп  аталатын  ірі-ірі  категорияларға  бөліп  көрсетуге  болады. 

Сонымен  бірге  тән  басты  грамматикалық  категориялар  қатарында  жалқылық 

пен  жалпылық  (яки  жалқы  есім  мен  жалпы  есім)  жақтылық  пен  жақсыздық 

категорияларын  өз  алдына  бөліп  атаудың  орны  бар.  Төменде  осы  аталған 

категориялардың әрқайсысы өз алдына жеке-жеке сөз болмақ.  

Өзге сөз таптары сияқты зат есімнің жасалуы да тіліміздегі сөз тудырушы 

тәсілдерінің жәрдемі арқылы болады. Олар:  

1.

Морфологиялық тәсіл немесе синтез тәсіл. 



2.

Синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі. 

Морфологиялық  тәсіл  деп  сөздердің,  жұрнақтардың  көмегімен  жасалуын 

айтады. 


Зат есім тудыратын жұрнақтардың белгілі тобы бар. Олардың бір қатары 

есімдерден  зат  есім  тудыратын  жұрнақтар.  Жұрнақтардың  осы  тәрізді 

қызметіне орай зат есімдердің жасалуын есімдерден жасалған зат есімдер деп 

аталатын екі топқа бөліп қарауға болады.  

 

Есімдерден жасалған зат есімдер 



 

Есімдерден  зат  есім  тудыратын  жұрнақтардың  саны  біраз  бар.  Олардың 

басты-бастылары  мыналар;  -шы,  -ші  бұл  жұрнақ  есім  түбірлер  мен  етістіктің 

туынды  түбірлеріне  жалғанып,  адамның  кәсібін,  мамандығын,  қабілетін, 

әлеуметтік  күйін  білдіретін  зат  есімдер  жасайды.  Мысалы:  еңбекші,  етікші, 

сауыншы,  барлаушы,  домбырашы  т.б.  (-лық,  -лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік).  Бұл 

жұрнақтар  құралдың  атын  білдіретін  зат  есімдер  мен  адамның  мекен  жайын, 

тұрғанын, шыққан жерін білдіретін нақтылы мағыналы зат есімдерден бастап, 

жинақтық,  молшылық  бір  нәрсеге  төнділік,  молшылық  тәрізді  абстракциялы 

ұғымды білдіретін зат есімдер жасайды. Мысалы, оқулық,  ауыздық, кедейлік, 

достық,  жетілік,  кербездік  т.б.  –шылық  (-шілік).  Бұл  құранды  жұрнақтар 

арқылы  абстракциялы  мағынадан  түрлі  зат  есімдер  жасалады.  Мысалы: 




 

13 


молшылық,  кеңшілік,  айырмашылық,  жоқшылық  т.б.  –шық,  -шік,  -шақ,  -шек 

бұл  жұрнақтар  есімдерден  кішірейтпе  мағыналы  зат  есімдер  тудырады. 

Мысалы,  үйшік,  қапшық,  түйіншек,  келіншек,  жұтқыншақ  т.б.  –ша,  -ше  есім 

сөздерден кішірейтпе мағыналы зат есім жасайтын құнарлы жұрнақтардың бірі. 

Мысалы, кітапша, сандықша, көрпеше т.б. –кер, -гер адамның кәсібі қызметін, 

әлеуметтік  күй  –  жайын  білдіретін  туынды  зат  есімдер  жасайды.  Мысалы, 

қызметкер, дәрігер, саудагер т.б. –дас, -дес, -тас, -тес бұл жұрнақ адамдардың 

арасындағы  жақындық,  туыстық  қарым  –  қатынасты  білдіретін  зат  есімдер 

жасайды. Мысалы, аталас, әріптес, жолдас, отандас т.б. 

-

дана, -деме, -нама. Мысалы: баяндама, жарнама, сәлемдеме т.б. 



-

кеш. Мысалы: арбакеш, кірекеш т.б. 

-

қор. Мысалы: бейнетқор, шайқор т.б. 



-

паз. Мысалы: аспаз, өнерпаз т.б. 

-

хана. Мысалы: асхана, кітапхана т.б. 



-

ғой, -кей. Мысалы: ақылғой, демеғой т.б. 

-

тай,  -қай,  -жан.  Мысалы:  апатай,  көкетай,  еркетай,  балақай,  апажан, 



ағажан т.б. 

-

ек. Мысалы: тікенек т.б. 



-

лақ. Мысалы: тайлақ т.б. 

 

Етістіктен жасалған зат есімдер 



 

Етістік  сөздерден  зат  есім  тудыратын  жұрнақтардың  негізгілері  деп 

төмендегі бір топ жұрнақты айтуға болады, -мақ (-мек,  -бақ, -бек, -пақ, -пек). 

Етістік  түбірлерге  жалғанып,  көбіне  абстракциялы  мағыналы  зат  есімдер 

жасайды.  Мысалы,  табыспақ,  ажыраспақ  т.б.  Жоғарыдағы  көрсетілген 

абстракциялы  зат  есімдерден  тыс  тілімізде  қазір  бірлі  –  жарым,  нақтылы 

мәндегі  сөздердің  құрамында  да  ұшырайды.  Мысалыс,  құймақ,  ілмек,  сырмақ 

т.б.  –іс  етістіктен  қимылдың,  істің  атын,  процесті  білдіретін  зат  есімдер 

жасайды.  Мысалы,  жүріс,  тұрыс,  ағыс,  таныс,  кіріс  т.б.  –ым,  -ім  іс  әрекеттің 

нәтижесін,  қимылдың,  істің  атын,  өлшемді  білдіретін  зат  есім  тудырады. 

Мысалы, білім, құрылым, бөлім, өрім, ұғым, бойлам, жұтым т.б. –ма, -ме бұл 

жұрнақтардың жәрдемімен нақтылы және абстракциялы ұғымды білдіретін зат 

есімдер жасалады. Мысалы, тартпа, бөлме, жарма, көшірме, басқарма, аялдама 

т.б. [7].  

-

қы, -ғы, -кі, -гі жұрнағы арқылы жасалған зат есімдер құрал – сайманның, 



нәрсенің, іс - әрекеттің процестің атын білдіреді. Мысалы, қондырғы, ашытқы, 

күлкі,  ұйқы  т.б.  –шылық  (-шілік)  мысалы,  тамыздық,  жыртық,  көрік,  білік, 

сезік,  тесік,  кірпі,  емзік  т.б.  –кіш  (-гіш,  -қыш,  -ғыш  мысалы,  көрсеткіш, 

жыртқыш,  басқыш,  тұтқыш,  қысқыш  т.б.)  –мыс  мысалы,  қылмыс,  тұрмыс, 

болмыс т.б. –қын мысалы, тасқын, басқын т.б. 

-

қан мысалы, қапқан, тышқан т.б. 



-

ін, ын, -н мысалы, жиын, жауын, боран, тығын, түйін, егін т.б. 

-

ман мысалы, аларман, берермен, көрермен, оқырман, өлермен т.б. 




 

14 


-

ақ, -ек, -ік мысалы, бұтақ, қонақ, тарақ, құшақ, пышақ, орақ, төсек, тілек, 

күйрек, жүрек, түнек т.б. 

-

ыш, -іш мысалы, таяныш, сүйеніш т.б. 



-

дық, -лық мысалы, қолдық, құлдық т.б. 

-

ды мысалы, қиындық, жуындық, шайынды т.б. 



-

дақ мысалы, қуырдақ т.б. 

Сөздерді синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі арқылы жасалуының үш 

түрлі жолы бар:  

1.

Сөздердің бірігуі. 



2.

Сөздердің қосарланып айтылуы. 

3.

Сөздердің тіркесуі. 



Сөздердің  бірігуі.  Қазақ  тілінде  біріккен  сөздердің  дені  –  зат  есімдер. 

Сөздердің    тілімізде  қабысу,  меңгеру,  қиысу,  матасу  тәрізді  синтаксистік 

байланыс  тәсілдері  арқылы  бірігеді,  яғни  сөздердің  бірігуі  жолы  мен  тіркесу 

жолының арасындағы принциптік айырма жоқ. Кейде сөздердің біріккен сөз я 

сөз  тіркесі  екенін  ажыратудың  қиындық  келтірудің  де  осыдан.  Алайда 

сөздердің  жалпы  табиғатындағы  заңдылықтардың  сонда-ақ  емле  – 

ережелеріндегі  шарттарды  жақсы  білген  ережелердегі  сөздердің  бірігуі  мен 

тіркесуіндегі шекті ажырата әбден білуге болады.  

Бірігу  арқылы  жасалған  зат  есімдерді  олардың  құрамындағы 

сыңарларының түстаңбасына қарай мынадай жіктерге көрсетуге болады: 

1.

Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы  жасалған сөздер: болауыз, 



егеу құйрық, итқонақ т.б. 

2.

Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: керіқыз, 



қарасаң, сарысу, ақсу т.б. 

3.

Сын  есім  мен  зат  есімнің  бірігуі  арқылы  жасалған  сөздер: 



қырықбуын, қырықсаяқ, жетіқарақшы, жетісу т.б. 

4.

Зат есім мен етістіктің бірігуі арқылы жасалған сөздер: орынбапсар, 



күнбағыс, атбасар, құланетпес, қалмақырған т.б. 

Жоғарыдағы  біріккен  сөздердің  құрамындағы  сыңарларының  дербес 

айтылғандығы күйінен ешбір өзгеріссіз қолданылып тұрғанын көреміз. Біріккен 

сөздердің  бұдан  басқа  да  тобы  бар.  Олардың  жоғарыдағы  біріккен  сөздердің 

айырмашылығы құрамындағы сыңарларының фонетикалық тұрғыдан өзгеріске 

(деформация) ұшырауы. Мысалы, белбеу сөзінің екінші сыңардағы беу әуелдегі 

бау  сөзінен  шыққан,  яғни  бұрын  белбеу  айтылған  сөз  тілімізде  бертін  келе 

белбеу  болып  өзгерген.  Осы  тәрізді  қазақ  тіліндегі  беуыр,  қарағұс,  ағайын, 

алабұға сөздері де басында екі сөздің бірігуі арқылы жасалғанымен, бір сыңары 

фонетикалық  деформацияға  ұшырағандықтан  қазір  этимологиялық  жағы 

көмескілене бастаған. 

 

Сөздердің қосарланып айтылуы 



 

Қазақ  тіліндегі  қос  сөздердің  де  дені  зат  есімдер.  Қос  сөздер  мағына 

жағынан  бір-бірімен  тең  келетін  сөздердің  қосарланып  айтылуы  арқылы 



 

15 


жасалады.  Осы  жағынан  алғанда  қос  сөздер  –  сыңарлар  бірінің  бірі  синоним 

есепті [8]. Қос сөз тұлғалы зат есімдер сыңарларының мағыналық ерекшелігіне 

қарай тілімізде төмендегідей болып бөлінеді: 

1. 


Дербес алғанда екі сыңарының да мағынасы бар қос сөздер: ыдыс – аяқ, 

тамыр-таныс, ойын-сауық, той-думан, ел-жұрт т.б. 

2. 

Бір сыңарының мәні бар, бір сыңарының мәні жоқ қос сөздер: жүн-жұқа, 



майда – шүйде, тері – терсек, шай – пай т.б.  

3. 


Соңғы  сыңары  бірінші  сыңарының  еліктеуі  түрінде  айтылатын  қос 

сөздер: жігіт – мігіт, түйе – мүйе, ат – мат т.б.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет