Методикасы кафедрасы


Қойым өрді өріске,   Қозыларым салды ойнақ...  Колхоз менің бұлағым (Жамбыл).     Оңаша тәуелдік



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#21642
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
 

Қойым өрді өріске,  

Қозыларым салды ойнақ... 

Колхоз менің бұлағым (Жамбыл).  

 

Оңаша тәуелдік морфологиялық көрсеткіштері: -м, -ым, -ң, -ың, -ің, -сы, -



сі, -ы, -і.  

   


 

 

Қонаққа келді міне Жамбыл атаң, 



   

 

Сан жылдар жүк көтерген бүкіл жотам, 



   

 

Қарт бабаң дәуірінен мейірі қанған, 



   

 

Қуанып жастығына сендей ботам (Жамбыл).  



 

Тәуелдік  жалғауының  оңаша  түрінің  қосымшалары  зат  есімнің  негізгі 

түбіріне  де,  туынды  түбіріне  де,  көптік  жалғаулы  сөзге  де  жалғана  береді. 

Мұндай  тұлғалы  сөзде  жекеше,  көпше  тәуелдік  жалғаудың  өзінде,  яғни 




 

19 


қосымшасында  болмайды,  жалғанатын  сөзінің  көптік,  жекелігіне  байланысты 

болады:  

Жекеше:  бөлмем,  қағазым,  мектебім,  бөлмең,  қағазың,  мектебің,  бөлмесі, 

қағазы, мектебі. 

Көпше:  бөлмелерім,  қағаздарым,  мектептерім,  бөлмелерің,  қағаздарың, 

мектептерің, бөлмелері, қағаздары, мектептері. 

Ортақ тәуелдік. Зат құбылыс т.б.  бір кісіге ғана тән болмай, бірнеше кісіге, 

коллективке не бірнеше затқа ортақ болып келеді. Мұндай мағыналы сөз жасау 

үшін ол сөздерге тәуелдік жалғауының мынандай көрсеткіштерін жалғаймыз: -

мыз, -міз, -ымыз, -іміз, -ыңыз,      -іңіз, -сы, -сі, -ы, -і.  

Жекеше: машынамыз, үйіміз, машинаңыз, үйіңіз, машинасы, үйі. 

Көпше:  машыналарымыз,  үйлеріміз,  машыналарыңыз,  үйлеріңіз, 

машыналары, үйлері. 

Тәуелденген сөздер бір заттың не бір тектес көп заттың тек бір адамға ғана 

емес,  көп  адамға  –  коллективке  меншіктігін  білдіретіндіктен,  оны  ортақ 

тәуелдік  дейміз. Сондай-ақ тәуелденген көптік жалғаулы зат есімге тіркесетін 

есімдіктері (біз, біздер, сіздер) ілік жалғаулы болып келсе, ол заттың көп адамға 

тәндігін білдіреді: біздің кітаптарымыз деуге де, біздердің кітаптарымыз деуге 

де  болады.  Осы  сияқты  сіздердің  кітаптарыңыз  деудің  орнына  екінші  жақтың 

ортақ түрінің көпшесін сіздердің кітабыңыз деп те атайды.  

Жіктеу,  сілтеу  есімдіктеріне  не  зат  есімге  –нікі  жұрнағы  қосылу  арқылы 

жасалынатын сөздер, ілік жалғаулы не тәуелдеулі сөздер, бір – бірімен тіркесе 

келуі мүмкін:  

 

Менің ұлым сенікі, 



Сенің ұлың менікі, 

Ер туған ұл елдікі, 

Бақытты біздің жердікі. (Жамбыл)  

 

Мұндай  тіркесте  келетін  (тәуелдік,  ілік  және  –нікі  жұрнақты)  сөздерді 



меншік категориялы сөздер деп атайды.  

Тәуелдік  жалғаулы  сөз  ілік  жалғаулы  сөзбен  тіркесе  келгенде,  олардың 

морфологиялық тәсіл деп атайды: Еріншектің ертеңі таусылмайды.  

Жамбылдың  шығармасы.  Ағаштың  жапырағы.  Бұған  қарама  –  қарсы 

жалғауы жасырыну (аморгно – синтетикалық тәсіл) арқылы тіркесетін қол сағат 

(қолдың сағаты)ғ ас қатық (астың қатығы), көз әйнек (көздің әйнегі) т.б. сияқты 

тіркестер бар. 

Жіктеу  есімдіктері  біз  сіз  ілік  жалғауында  анықтауыш  болып  келсе,  оған 

тіркесе  келген  зат  есім  тәуелдік  жалғауы  жалғанба-ақ  біздің  үйіміз  дегенді 

біздің үй, сіздің үйіңіз дегенді сөздің үй деп айтылса, біздің колхоз, сіздің сөз 

сияқты  тіркестермен  қатар  кейде  ілік  жалғаулы  сөз  айтылмай  ойда  сақталып, 

тәуелдеулі  сөздің  өзі  ғана  айтылады:  күшігім  мен  тұрымтайымды  сұрамаған 

екенмін (С.Мұқанов)  



 

20 


Егер  ілік  жалғауының  көрсеткіші  тасаланса,  мұндай  тұлғалы  сөз  біреуге 

меншіктіліктен  гөрі  жалпылама,  тұтас  бір  ұғымды  білдіреді:  Арал  теңізі 

дегенде  Аралдың  теңізі  болып  айтылмауы  ілік  жалғауының  көрсеткіші  түсіп 

қалып,  тәуелдік  жалғаулы  сөзбен  тіркесе  айтылуынан,  ол  бір-ақ  лексикалық 

единицаға айналған: Балқаш көлі, Абай көшесі т.б.  

Негізгі  және  туынды  түбірлі  сөздер  ешбір  жалғаусыз  тәуелденеді:  кітаб-

ым,  құс-ым,  бала-сы.  Көптік  жалғаулы  есім  сөздер  тәуелденеді:  балалар-ым, 

машиналар-ың,  кітаптр-ың.  Сондай-ақ  біріккен,  қысқарған  түбірлі есім  сөздер 

тәуелденеді:  қолқаб-ым,  қолқаб-ың,  колхоз-ым,  колхоз-ың.  осы  сияқты  қос 

сөздер де  тәуелденеді: бала-шаға-м, бала-шаға-ң, бала-шаға-сы т.б. 

Зат есімнің септік жалғауы. Басқа тілдер сияқты, қазақ тілінде де, белгілі 

бір  жүйемен  қалыптасқан  септік  категориясы  бар.  Сөйлем  мүшелерін 

анықтауда  және  оларды  бір-бірімен  байланыстыруда,  тіркестіруде  септік 

категориясы грамматикадан ерекше орын алады [11].  

Септік жалғаулары бір сөзбен екінші сөзді тіркестіру үшін грамматикалық 

байланыста жұмсалумен бірге, ол сөздер септелу арқылы өзінің грамматикалық 

қызметін өзгерт іп отырады. Мәселен, Асан институтка колхоздан келді десек, 

мұндағы  әр  сөз  айтайық  деген  ойымызға  лайық,  тиісті  қосымшалар  жалғаған. 

Егер  бұл  сөйлемдегі  сөздерді  қосымшасыз,  түбір  күйінде  жеке-жеке  айтсақ. 

Асан,  институт,  колхоз,  кел  болып,  бір-бірімен  байланыспай,  айтайық  деген 

ойымыз  түсініксіз  болар  еді.  Мұндағы  түбір  тұлғалы  сөздерді  грамматикалық 

қарым-қатынасқа  түсіріп,  олардың  қызметін  өзгертіп  тұрған-ақ,  -дан,  ді 

формалары.  Олай  болса,  белгілі  бір  сөзге  жалғанып,  оған  грамматикалық  мән 

беретін және олардың басқа сөздерге әр алуан қатынасын білдіріп, сөзді бір – 

бірімен байланыстыратн қосымшаны – септік жалғау дейміз.  

Септік  жалғауының  морфологиялық  көрсеткіштері  белгілі  бір  сөздерге 

жалғанып, дәнекер боуымен бірге, ол сөздерді өзара  бір  

 

Бірімен  мағыналық  жағынан  қиыстыру  арқылы  сиснтаксистік  қызмет  те 



атқарады: Теріскей жаққа қарай тартатын жолмен шұбала жөнелген арбалардың 

шағы аспанға көтерілді. Сіздің жақта жоқ па ондай ағаш. Отанымыз дүниенің 

көркіндей,  өмір  бар  ма  біздің  бақытты  өмірдей.  Жолдасын  жауға  қалдыру  – 

жамандықтың  белгісі,  жолдасын  жаудан  құтқару  –  адамдықтың  белгісі. 

Жаманды  жаман  десең,  бөркі  қазандай  болады.  Жоғарыдағы  мысалдарға 

қарағанда, септік категориясы зат есімге тән қасиет болуымен бірге, есімдікке 

де,  тұйық  етістік  тұлғалы  қимыл  есіміне  де,  сондай-ақ  септелу  арқылы 

субстантивтенетін  сын  есім,  сан  есім,  есімше  және  кейбір  модаль  сөздерге  де 

жалғанады. 

Зат  есімнен  басқаа  сөз  таптары  (есімдік  бұған  енбейді)  септелсе  өзінің 

негізгі номинативтік мағынасына үстеме мән қосып, субстантивтенетін, заттық 

мағынаға ие болады. Екіншіден, септелінген заттың сөйлемде қызметі өзгергені 

болмаса,  ол  сөздің  лексикалық  мәні  өзгермейді,  басқа  сөз  таптары  олай  емес. 

Сондықтан да септік жалғауы – зат есімге тән категория.  

Сөздерді грамматикалық қарым – қатынасқа түсііретін септік категориясы 

сөйлемдегі қызметіне және оған қо йылатын 

сұрауына 

қарай 


өзара 


 

21 


грамматикалық  (ілік,  табыс,  атау)  және  кеңістік  (пространственный, 

локативный – барыс, жатыс, шығыс, көмектес) септік болып екіге бөлінеді. Ілік 

(анықтауыш),  табыс  (тура  толықтауыш)  септігіндегі  сөздердің  сөйлемдегі 

қызметі  тұрақты  болса,  кеңістік  септікті  сөздер  беретін  мағынасмына,  

қойылатын  сұраудың  ыңғайына  қарай  бірде  толықтауыш,  бірде  пысықтауыш 

болады: Асанға бардым, колхозға барды.  

Тілге сымбатты сипат беретін, грамматикалық категория болып табылатын 

септік  жалғаулар  –  морфологиялық  көрсеткішсіз  болмайды.  Әрбір  септік 

жалғаудың  өзіне  тән  көрсеткіші  болады.  Осындай  формалар  грамматикалық 

мағына тудырып, олар сөздердің нақты, анық тұжырымдалуына көмек етеді.  

Әр  тілдің  өзіне  тән  даму  ерекшелігін  ескеретін  болсақ,  тіпті  бір    тектес 

тілдің  грамматикалық  категорияларының  өзі  де  бәрі  бірдей  болып 

келмейцтіндігін  тіл  фактілерінен  анық  көрінеді.  Мәселен,  көпшілік  түркі 

тілдерінде алты септік болса, қазақ тілінің өзінің ерекшеліктеріне орай, жетінші 

– 

көмектес  септігі  бар.  Ал  енді  өзбек  тілінде  бұл  септіктің  көрсеткіші  билан 



болып, шылаулық демеу арқылы беріледі.  

Атау. Арнаулы морфологиялық көрсеткіші болмайтын, бірақ басқа септік 

жалғаулардың  негіз  болатын  сөздерді  атау  тұлғалы  сөз  деп  атайды.  Ешбір 

жалғау  жалғанбаған  ол  сөздер  негізгі,  туынды,  біріккен,  қысқарған,  қосарлы 

түбірлі  және  көптік,  тәуелдік  жалғаулы  сөздер  атау  тұлғада  болады:  мал, 

малшы, белбеу, колхоз, аяқ-табақ, балалар, апам т.б. [12]. 

Атау тұлғалы сөздер Кім? Не? Кімдер? Нелер? Нелерім? Нелерің? Нелері? 

Кіміңіз?  Ненің?  Нелеріңіз?  деген  т.б.  сұраулардың  біріне  жауап  береді  де, 

өзінен кейін мынандай шылау сөздерді талап етеді: арқылы, жөнінде, туралы, 

үшін,  сайын,  сияқты,  тәрізді,  секілді,  шақты,  шамалы,  турасында,  бойы, 

бойынша, құрлы, түгіл т.б. 

Атау тұлғалы сөздер  сөйлемде бастауыш (Асан биыл оқуға түсті. Баламыз 

оқуда),  баяндауыш (Жамбыл – ақын. Студент – Асан), екі зат есім қатар келіп 

қандай?  деген  сұрауға  жауап  берсе,  анықтауыш  (Асан  темір  күрек  алды) 

болады.  

Ілік.  Ілік  септік  буын,  дыбыс  үндестік  заңы  бойынша  түбір  сөздің  соңғы 

буыны  мен  соңғы  дыбыстың  ыңғайына    қарай  құбылатын  ілік  жалғау 

көрсетікшінің  (-ның,  -нің,  -дың,  -дің,  -тың,  -тің)  біреуі  ғана  негіз  болады  да, 

қалғандары соның фонетикалық варианты болып саналады.  

Ілік  жалғаулы  сөз  өзінен  кейін  үшін  шылауынан  басқа  шылау    сөзбен 

тіркеспейді:  сенің  үшін,  менің  үшін  т.б.  синтаксистік  қызметі  жағынан  ілік 

жалғаулы  сөз  барлық  түркі  лілінде  ұқсас,  анықтауыш  болып  келеді,  бірақ 

олардың морфологиялық көрсеткіштерінде айырма бар. Мәселен, өзбек тілінде 

ілік  септіктің  негізгі  көрсеткіші  –нинг  болғанымен,  сөйлеу  тілінде  –нинг 

қосымшасының орнына –ни түрі қолданылады: укувчини (нг) дафтари. Отани 

(нг) хурмати. Бизди бйдай. 

Сондай-ақ түркі тілдерінде ілік фонетикалық вариантының қалыптасуы да 

біркелкі емес. Мәселен, башқұрт тілінің грамматикасын жазған Н.К.Дмитриев 

септік жалғауларын оңтүстік, солтүстік түркі тілдері деп екіге бөліп, оңтүстік 



 

22 


түркі тілдерінің барлық жалғауларының алдыңғы дыбысы әр уақытта дауысты 

дыбыстан  басталады  да,  солтүстік  түркі  тілдерінің  барлық  септік 

жалғауларының  алдыңғы  дыбысы  дауыссыз  дыбыстан  басталатындықтан,  ілік 

септіктің жалғауының          (-ның, -ң, -ың) түрінде қатарласып жүретіндігін 

айтады.  Сондай-ақ  қырғыз  тілінің  ілік  септігінің  көрсеткіші  –ың,  -ің,  (елің) 

түрінде жұмсалуы да, тарихи жағынан қарағанда, кездейсоқ нәрсе емес.  

Қазіргі  якут  тілінің  ілік  септік  жалғауының  көрсеткіші  жоқ,  бірақ  ол 

форманың ертеде болғандығы әр түрлі пікірлер бар.  

Кісі  атына,  қоғамның  не  қоғамдық  топтың,  мемлекеттің  атына,  не 

солардың  орнына  жұмсалатын  сөздердің  біріне  ілік  жалғауы  жалғанса,  ондай 

ілік  жалғаулы  сөздер  меншік,  өзіне  тәндік,  иелік  мән  береді:  Қазақстанның 

жері.  Абайдың  өлеңі.  Асанның  кітабы.  Сондай-ақ  осы  тіркестегі  сөздер 

коллективке,  мекемеге,  ұйымға  не  тағы  бір  басқа  затқа  қатысты  да  білдіреді: 

партбюроның секретары, колхоздың прелседателі, мұндай тіркестегі изофет екі 

заттың  арасында  болатын  табиғи  байланысты  көрсетеді:  жердің  қыртысы, 

өзеннің суы. Мұнда ілік жалғаулы сөз – меншіктеуші, тәуелдік жалғаулы сөз – 

меншіктелуші.  

Табиғи  байланыста  жұмсалатын  изафет  сөздердің    мағыналары  әр  түрлі 

болады, яғни бүтіннің бөлшегін білдіреді: ағаштың бұтағы, үйдің есігі, сондай-

ақ  көмекші  есім  сөздермен    қапастағы  жұмсалса,  мекендік  ұғымды  білдіреді: 

өзеннің  жағасы,  үйдің  жаны.  Заттың  мезгілдік  қарым  –  қатынасын  білдіреді: 

қыстың  бораны,  жаздың  желі.  Нәрсенің  сынын,  сапалық  қатынасын  білдіреді: 

ұнның  жақсысы,  қойдың  үлкені,  сиырдың  семізі,  мұндай  сапалық  қатынаста 

жұмсалатын екі сөздің екеуі де сын есім болса, күшейтпелі шырай мағынасын 

береді:  жүйріктің  жүйрігі,  күштінің  күштісі,  ердің  ері.  Зат  пен  заттың 

материалдық  қатынасын  білдіреді.  Мұның  екі  түрі  бар:  бірі  –  соңғы  заттың 

алғашқы  заттан  бөлшектеніп  пайда  болғандығын  білдірсе  (қардың  суы, 

күнбағардың  майы,  бидайдың  ұны)  екіншісі  –  ілік  жалғаулы  зат  тәуелдік 

жалғаулы  сөзден  болатындығын  (жасалатындығын)  білдіреді:  орындықтың 

тақтасы,  орақтың  темірі.  Мөлшерлік  сандық  қатынасты  білдіреді:  көптің  бірі, 

егіздің  сыңары,  екінің  бірі.  Қимыл  иесінің  өзіндік  сапасын  білдіреді:  аттың 

жорғасы,  Асанның  жүрісі.  Сонымен  қатар  сапалық  қатынаста  да  жұмсалады: 

сабынның иісі, адамның ақылы, халықтың бақыты.  

Ілік жалғауы жасырын түрде де, ашық түрдеде келеді. Мәселен, колхоздың 

егіні,  колхоз  егіні  ьолып  бірде  ілік  жалғаудың  көрсеткіші  тұсіп,  бірде  түспей 

келуі – оның грамматикалық және стильдік ерекшелігіне байланысты.  

Ілік  пен  тәуелдік  жалғауының  арасында  болатын  меншіктілік  өзара  бір  – 

біріне  жақын  болған  жағдайда  меншік  иесі  болатын  заттың  (жер  бөлімі,  қала 

халқы,  сөз  қоры,  мал  азығы,  тұқым  қоры)  ілік  жалғауы  түсіп,  оны  тәуелдеулі 

сөз  бағындырып  тұрады.  Мұндай  ілік  жалғауының  тасалануынан  жоғарыдағы 

екі  зат  есімнің  екеуі  де  меншікті  мағынасы  солғындап,  бір  заттың  аты 

сияқтанып  кетеді.  Бірақ  барлық  жағдайда  бұлай  бола  бермейді.  Егер  жіктеу 

есімдігі мен жалқы есімдер тәуелдік жалғаулы сөзбен жақ жағынан қиысса, ілік 

септіктің көрсеткіші тасаланбайды: менің кітабым, сенің кітабың, оның кітабы 




 

23 


деуге болады, бірақ мен кітабым, сен кітабың деуге болмайды. Ал енді біз, сіз 

сияқты  жіктеу  есімдері  ілік  жалғауын  жалғаса,  онда  кейінгі  сөз  тәуелдік 

жалғауын жалғама-ақ біздің іс, біздің мінез, біздің кітап, сіздің үй, сіздің бала, 

сіздің колхоз болып тіркесе береді.  

Жалпы  есімдермен  тіркесе  келген  тәуелдік  жалғаулы  сөздің  мағынасын 

дәл айқындау үшін ілік жалғауының көрсеткіші сақталады. Ондай тіркестегі ой 

екпіні  күшті  айтылады:  қойдың  терісі,  (басқаның  терісі  емес),  сиырдың  сүті 

(басқаның сүті емес), бидайдың ұны (басқаның ұны емес).  

Тәуелденген  зат  есім  ілік  сепетіктің  ашық  түрде  тұруын  талап  етеді: 

колхозымның малы, елімнің көркі. Осы сияқты субстантивтенген сөздердің де 

ілік септігінің көрсеткіші ашық түрде келеді: шебердің қолы ортақ, шешеннің 

тілі ортақ. Еріншектің ертеңі таусылмайды.  

Ілік жалғауының көрсеткіші тасаланып, тәуелдік жалғаулы сөзбен қабыса 

байланысқанда,  араларына  сөз  сала  бермейді.  Интернатта  оқып  жүр,  талай 

қазақ баласы (Абай)  

Георграфиялық  атаулар  мен  мекеме,  ұйым,  көше  аттарын  айтқанда,  ілік 

септіктің көрсеткіші жасырын келеді: Ойыл ауданы, Жамбыл колхозы тәріздес 

сөздердің  араларына  ілік  септік  жалғауы  түссе,  ол  сөз  жоғарыдағы  айтайық 

деген  мағынада  жұмсалмай,  басқа  бір  иелік  мағынаға  ауысады:  Арал  теңізі 

деген  Аралдың  теңізі  десек,  Арал  деген  бір  кісі  бар  екен,  соның  иелігінде, 

меншігінде теңіз бар деген ұғым туады. Сондай-ақ Жамбылдың колхозы десек, 

онда да Жамбыл деген кісінің меншігінде колхоз бар деген ұғым шығады.  

Барыс. Барыс септік жалғауының морфологиялық көрсеткіші –ға, -ге, -қа, -

ке,  -на,  -не,  -а,  -е.  Буын,  дыбыс  үндестік  заңы  бойынша  түбір  сөздің  соңғы 

буыны мен соңғы дыбысының ыңғайына қарай бұлардың варианттары өзгеріп 

отырады.  

Барыс  жалғаулы  сөздің  меңгеретін  бару,  жату,  келу,  отыру,  кету,  жету, 

сену,  налу,  ұмтылыу,  айту,  қамау,  шығу,    түсіну,  таяну,  қону  сияқты 

етістіктермен тіркесе келгенде, Кімге? Неге? Қайда? деген сұраулардың біріне 

жауап береді, сонда-ақ бұл жалғау өзінен кейін сын есімді де тілейді: Жамбыл – 

жер жүзінде даңқты ақын. Абай – елімізге әйгілі адам.  

Барыс  септікті  меңгеретін  шылаулар:  дейін,  шейін,  қарай,  қарап, 

таман,тарта,  таяу,  жарық,  жақын,  тақау,  қарсы,  қарағанда,  орай,  байланысты, 

болат т.б. сіздің айтуыңызға қарағанда осылай болуы керек. Жоғарыдағы таман, 

тарта,  таяу,  жуық,  жақын,  тақау  сияқты  демеулік  шылаулар  өзінен  бұрыңғы 

сөздердің көбінесе сан есім болуын керек етеді: жүзге жуық, мыңға таман.  

Барыс  жалғаулы  сөзді  меңгеріп  келетін  демеулік  шылаулар  өзінен 

бұрыңғы барыс септікті сөзбен тіркесе келіп, сөйлемнің бірақ мүшесі болады: 

Бұл екеуі көпке шейін үнсіз келе жатты. Колхоздың малы жайлауға қарай кетті.  

Табыс. Табыс жалғауының морфологиялық көрсеткіші –ды, -ді, -ты, -ті, -

ны, -ні, -н. Мұндай фонетикалық варианттар үндестік заңына байланысты: Біз 

Отанымызды сүйеміз. Бейбітшілік соғысты жеңеді.  

Табыс  септігінің  негізгі  сұраулары    -  кімді?  нені?  Болады  да  тәуелдік 

жалғауының үшінші жағына несін? кімін? Деген сұрау қойылады. Басқа септік 




 

24 


жалғаулар  іспен,  амалмен  тікелей  байланыспай,  жанамалап  барып 

байланысатын  болса,  табыс  септік  тікелей  байланысады:  Берген  сертті 

сақтаймын. Ел тілегін ақтаймын.  

Табыс септікті кес, ұр, шап, ал, бер, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста, 

көзде, қолда, кемі, азап, қында, жібер, қала, жама, тік, іш, же сияқты сабақты 

етістіктер  игереді.  Әр  түрлі  қатынаста  жұмсалатын  жоғарыдағы  сабақты 

етістіктер табыс септікті меңгергенде, оның жалғауы ашық түрде де, жасырын 

түрде де келеді.  

 

Москваға бардым, не көрдім,  



Туысқан, туған ел көрдім (Жамбыл)  

 

Мұндай  табыс  септігінің  тасалануы  –  сөйлемнің  стилдьдік  мәнін, 



грамматикалық қызметін өзгертпейді.  

Табыс  септігі  сөйлемде  істің  тура  объектісі  болатындықтан,  ондай  сөз 

заттың  белгілілігін  білдіру  үшін  жалғаулы,  белгісіздігін  білдіру  ү.шін  (тура 

толықтауыш) жалғаусыз өқолданылады деген пікір бар. Мәселен, белгілі бір сөз 

бір  етістіктің  меңгеруінде  тасаланбай,  екінші  бір  етістіктің  меңгеруінде 

тасаланып келеді: қоян аттым, түлкі ауладым, сиыр көрьдім, тәрізді адамның іс 

әрекетінің, қимылын білдіретін сабақты етістіктер, табыс септікті зат есімнің 



көрсеткіші ашық түрде тұрмайды. 

Жатыс.  Жатыс  септік  буын,  дыбыс  үндестігіне  қарай  жалғанатын 

морфологиялық көрсеткіш –да, -де, -та, -те, -нда, -нде: Сахарада қонысың. Алма 

оңаша үйде бой жазады.  

Тәуелдік жалғаулы сөздің ІІІ жағынан соң  нда, -нде болып жалғанады: жер 

жүзінде махаббатттың шаттық нұры жанып тұр.  

Жатыс  септікті  сөзді  меңгеретін  етістіктер:  отыру,  тұру,  жүру,  жату, 

сайрау,  жүзу,  тыңдау,  жолығу,  болу,  істеу  сияқты  сөздермен  байланысты 

жұмсалып,  кімде?  неде?  қайда?  Деген  сұраулардың  біріне  жауап  береді: 

Жылқыда өт болмайды, құста сүт болмайды. Сондай-ақ жатыс септіктегі сөздер 

бар, жоқ деген сөздермен де тіркесе алады: Күндіз бар да, түнде жоқ, бізде бар 

да,  сізде  жоқ.  Осы  тәрізді  жатыс  септігі  өзінен  кейін  –да,  -де,  -та,  -те 

шылауымен де тіркеседі. Сендей бір кемпір үйде де күтіп отырған шығар. Мал 

қораларында да су өзі келіп, сиыр сауылады.  

Жатыс  септікті  сөз  қимылдың,  мекендік  мағынасын  білдірумен  бірге,  ол 

істің және қимылдың болып жатқан мезгілін не орнын білдіреді: Кең дүниеде 

талай тамашалар болып жатыр.  

Сан есімге жатыс жалғауы жалғанса, мөлшерлік мағына береді: Тоқсанда 

қайтып  алып  жиырма  бесті,  жасырып  қарт  бабаңның  тұрған  кезі.  Сондай-ақ 

сөйлем  ішінде  жоғарыдағы  мөлшерлік  мағынадан  басқа  да  мағына  береді:  ол 

алтыда, мен он сегізімдемін болып, адамның жас мөлшерін көрсетеді.   

Есімшеге  жатыс  септігі  жалғанса,  істің  қайтіп,  қалай  орындалуының 

мерзімін,  уақытын  білдіреді:  Әбіштер  тысқы  шыққанда,  ұзын  кермеде  көп 

ерттеулі ат тұр екен. 




 

25 


Тұйық етістік тұлғалы қимыл есіміне  жатыс  септігі қосылса, ол  байырғы 

мағынасынан  басқа  грамматикалық  қызметте  жұмсалады:  шаруашылығымыз 

жылдан – жылға өсуде халқымыз қызықты өмір сүруде деген сөйлемде, жатыс 

септеулі сөздердің шақтық мағынада баяндауыш болып акелуі – грамматикалық 

формалардың  ілгеру  даму  процесі  нәтижесінде  пайда  болған  жаңа  амал, 

тәсілдері.  

Шығыс.  Шығыс  септіктің  көрсеткіші  –дан,  -ден,  -тан,  -тен,  -нан,  -нен 

сұраулары  кімнен?  неден?  қайдан?  дыбыс,  буын  үндестік  заңы  бойынша 

жалғанады: талдың бұтақтарынан жасалған биік, жасыл қабырғаларды көресің. 

Ұйқыдан оянып кеткендей болды. 

Шығыс септігі қимылдың, іс әрекеттің жерін, өкше ізін, мекенін көрсетеді. 

бұл мағына барыс септіктің негізгі мағынасына қарама – қарсы болып келеді: 

Екеуі де асығып үйден шықты. Теңізден соққан салқын леп.  

Заттың  неден  жасалған  материалдық  тегін  көрсетеді:  Өнер  –  білім  бар 

жұрттар, тастан сарай салғызды.  

Бір  нәрсенің  айырым  белгісіне  қарай  оның  басқа  заттан  ерекшелігін 

көрсетеді:  - Төлеубекпісің, - деді, Жанат дауысынан танып.  

Бір нәрсенің тең бөлшегін, бөлшектің тобын білдіреді: Әрқайсысында бір – 

бірден  автомат.  Сондай  ақ  мезгіл  мәнді  сөзге  жалғанса,  ол  жалғау,  жұрнақ 

қызметін атқарып, сан есім үстеуге айналады: Үшеуі бірден күліп жіберді.  

Мезгіл  мәнді  сөздерге  сан  есім  анықтауыш  болып  тікссе,  іс  -  әрекеттің 

басталу мерзімін көрсетеді: бір минуттан соң, екі жылдан кейін.  

Бір  нәрсені  екінші  бір  нәрсемен  салыстырып,  теңеу  мағынасында 

жұмсалады: жұлдыздан көп жарығы, Еңбек қымбат алтыннан.  

Есімшеге –дық жұрнағы қосылу арқылы  зат есімге айналған сөзге шығыс 

септігі  жалғанса,  қимыл  процесінің  себебін  білдіреді:  Абай  алғашқы  сөз 

Дәрменнен шыққандықтан әуелі соны мүдірткен ойларға тоқтады.  

Сонымен бірге, шығыс септігі өзінен кейін бастап, басқа, өзге, бұрын, бері, 

кейін, тыс, тысқары, гөрі, әрі, бетер, шет, шеткері т.б. сияқты шылау сөздермен 

тіркесе  келіп,  сөйлемде  толықтауыш,  пысықтауыш  болады:  үйде  Амантайдан 

басқа жат кісі жоқ. Сондай –ақ шығыс септікті сөз сөйлемнің бірыңғай мүшесі 

болып та келеді: тілінен, әдетінен, түсінен, туысқандағы көрініп тұрады.  

Көмектес. Көмектес септік – грамматикалық кейбір тұлғалардың өзгеріске 

түсіп,  жанама  мағынаға  ауысуын,  -  олардың  аз  да  болса,  баяу  өзгеріп 

отыратындығын көрсетеді.  

Түркі  тілдерінің  септік  жалғауларының  саны  да,  қосымшалары  да  үнемі 

бірдей бола бермей, әр алуан бола береді. Көпшілік түркі тілдерінде көмектес 

септік  жалғауы  жоқ,  оның  орнына  шылау  жүреді.  Бірақ  якут  тілінде  келетін 

(құралдық,  бірлестік  мағынада)  көмектес  септіктің  қосымшасы  қазақ  тіліне 

ұқсамайды.  Ал  ноғай  тіліндегі  көмектес  септіктің  көрсеткіштері  қазақ 

тіліндегідей  болғанымен,  үндестік  заңы  бойынша  –мен,  -бен,  -пен  түрлерімен 

қатар, жуан түрлері –ман, -бан, -пан болыпта келеді.  




 

26 


Көмектес септіктің көрсеткіші - -мен, -пен, -бен және мұның            –менен, 

-

пенен,  -бенен  түрі  әдеби  тілімізде  сирек  қолданылады  да,  оның  орнына 



ықшамдалған түрі жүреді.  

Көмектес  септігінің  жалғауы  буын  үндестігіне  бағынбай,  жуан  буыннан 

кейін  де,  жіңішке  буыннан  кейін  де  жіңішке  болып  жалғанады:  шындықты 

өмірмен өлше, әсіресе халық ойымен арманымен өлше.  

Көмектес  септіктің  қосымшасы  сыртқы  формасы  жағынан  жалғаулық 

шылауға  –  мен,  -бен,  -пен  ге  ұқсас  келеді,  Бірақ  бұлардың  сыртқы 

ұқсастығымен бірге, олардың айырмашылықтары да бар.  

Қазақ  тілінде  сөзге  тәуелдік  мағына  үстейтін  арнаулы  қосымшалар 

тәуелдік жалғауы деп атайды.  

Тәуелдік жалғауының әрқайсысы жіктеу есімдіктерімен (мен, сен, ол, біз, 

сіз) мағыналық іліктестікте айтылып грамматикалық үш жақтың үшеуіне де тән 

болып келеді.  

Тәуелдік жалғауларын өз ара екі топқа ажыратуға болады:  

       


Бірінші топ  

 

 



 

Екінші топ 

І. –м, -мыз, -міз, -ым, -ім, мек 

Анам  


 

 

 



 

 

Қолым  



 

 

           



Інім    

 

 



 

 

 



Жерім  

 

 



   

Анамыз    

 

 

 



 

Қолымыз    

 

        


Ініміз  

 

 



 

 

 



Жеріміз 

 

 



 

 

 



 

ІІ. –ң, -ңыз, -ңіз, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз  

Анаң    

 

 



 

 

 



Қолың  

 

 



 

Інің    


 

 

 



 

 

Жеріңіз    



 

 

Анаңыз  



 

 

 



 

 

Қолыңыз    



 

 

Ініңіз    



 

 

 



 

          

Жеріңіз    

 

 



 

 

 



 

ІІІ. –сы, -сі  

  

Анасы  


 

 

 



 

 

Қолы  



 

 

 



Інісі    

 

 



 

 

 



Жері   

 

 



Аталған екі топтан тек құрамында дыбыс бар тәуелдік жалғауларын бұдан 

әрі де ішінен жуан (-ым, -ымыз, -мыз, -ың, -ыңыз, -ңыз, -сы, -сі), жіңішке (-ім, -

іміз, -міз, -ңіз, -іңіз, -сі, -і) деп аталатын варианттарға ажыратуға болады.  

Зат  есімге  тән  грамматикалық  категориялардың  бірі  септік  категориясы. 

Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік 

жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады.  

Септіктің  грамматикалық  деп  аталып  отырған  тобына  жататын 

жалғаулардың  негізгі  қызметі  бастауышты  білдіру  (атау  септігі),  тәуелдікті 

білдіру (ілік септік), іс - әрекеттің объектісін білдіру (барыс, табыс септігі).  

 

Атау   



септік  

оқушы  



 

27 


Ілік    

септік  


оқушының 

Барыс  


септік  

оқушыға 


Табыс  

септік  


оқушына 

Жатыс  


септік  

оқушыда 


Шығыс  

септік  


оқушыдан 

Көмектес   септік  

оқушымен 

Зат есімнің көптік жалғауы. 

Көптік  жалғау  –түркі  тілдерінің  бәрінде  бар  категория.  Бірақ  оның 

атқаратын  қызметі  барлық  жерде  бірдей  емес.  Мәселе,  ұйғыр,  өзбек,  татар 

тілдерінде етістіктердің негізгі  түбіріне көптік жалғауы бірден жалғана беретін 

болса,  қазақ  тілінде  негізгі  түбір  етістікке  ол  тұрадан-тұра  жалғанбайды, 

жалғану  үшін  етістік  белгісі  бір  грамматикалық  категорияда  тұруы  керек. 

Мәселен,  етістік  жіктелу  арқылы  (сіздер  келіңіздер,  алыңыздар,  көріңіздер 

болып) көптеледі. 

 

Есім сөздерге қосылу арқылы көптік мағына тудыратын формалар (-лар, -



тар,  -тер,-дар,-дер).  Бұлар-әртүрлі  мағынада  жұмсалатын  бөлек-бөлек 

қосымшаның  көрінісі  емес,  бір  қосымшаның  дыбыс  үндестігі  мен  буын 

үндестік заңы бойынша түрленген фонетикалық варианты. 

 

Дыбыс  үндестігі  бойынша  түбірдің  соңғы  дыбысының  қатаң,  ұяң,  үнді 



болуына  қарай,  көптік  жалғаудың  көрсеткіші  жалғанып  отырады:  бала-лар, 

терезе-лер, кітап-тар, жүрек-тер, қаз-дар, сен-дер. 

 

Буын  үндестік  заңы  бойынша  көптік  жалғауы  бірде  жуан    дауысты  –а 



болып, бірде жіңішке –е болып келеді. 

 

Көптік  категория  үш  түрлі  жолмен  жасалады.  Соның  бірі  –қосымша 



(көптік жалғау) қосылу арқылы көптік мағына туғызатын морфологиялық тәсіл. 

 

Зат  есім  белгілі  бір  заттың  атын  білдіргенде,  ол  заттар  біріу  болуы  да  , 



бірнеше  болуы  да  мүмкін.  Мәселен,  көл  дегенде  бір-ақ  көл  жөнінде  аытылса, 

көлдер сөзі бір ғана көл емес, бірнеше көл жөнінде айтылады. Мұндағы заттың 

(көлдің) көптігін білдіруге негіз болып тұрған –дер морфемасы. Осындай көптік 

мағына  тудырушы  қосымша  сөйлемде  екі  түрлі  қызмет  атқарады.  Негізгі, 

туынды түбірлі етістікке қосымша қосылып барып көптелсе, сондай-ақ зат есім, 

есімдіктер  де  көптелсе,  бір  сөзді  екінші  бір  сөзбен  байланыстыру  үшін 

жұмсалып, жалғаулық қызметін атқарады: Сіздер келіңіздер, сендер өздерініңге 

міндеттелген  жұмысты  орындаңыздар,  колхоздарға  жәрдем  беріңіздер  деген 

сөйлемдегі көптік жалғаулары сөзді байланыстыру, қиыстыру үшін тұр. 

 

Көптік жалғауы сын есім, сан есім және есімшелерді субстантивтендіріп, 



жана  мағыналы  сөз  тудыру  үшін  жалғанса,  онда  –лар  морфемасы  жұрнақ 

қызметін атқарады: үлкендер, біріншілер, оқығандар т.б. 

 

Көптік  жалғауы  сөзге  тәуелдік  жалғауын  жалғап  айтқанда,  өзінің 



жалғанып тұрған сөзінің көптігін көрсетсе (менің балаларым, сенің кітаптарың), 

бірге  жалғанған  сөзінің  көптігін  көрсетпей,  тәуелдік  жалғауымен 

байланыстырып  ілік  жалғауы  сөздің  көптігін  білдіреді:    бұлардың  жас 

мқлшерлері  бір-біріне  жақын:Балтабек  жиырма  алтыда,  Балғабай  жиырма 

төртте,  Кенжетай  жиырма  екіде,  әкелері  Тұяқбай  ерте  өлген,  шешелері 



 

28 


Ұлберген  шаруадан  қалмаған,  жасы  қырық  бестегі  кісі  (С.Мұқанов)  деген 

сөйлемде бұлар тікелей көптік мағынаны берсе, мөлшерлері, әкелері, шешелері 

деген  сөздер  амалға  қатысушы  ағайынды  адамдардың    (Балтабек,  Балғабай, 

Кенжетайды) көптігін көрсетіп тұр. Сондай-ақ жатақхананның ішінде отырған 

он  шақты  адамға  қарап:  Жатақханаларыңызда  газет  барма?  Десек,  мұнда 

жатақхананың көптігін білдіріп тұрған жоқ, өзінен кейінгі тәуелдік жалғауы (-

ыңыз)арқылы  жатақханаға  ие  болып  тұрған  кісілердің  (сіздердің)  көптігін 

білдіріп тұр. Осы сияқты мектептеріңізде не бер? Кітапханаларыңызда қандай 

кітап  бар?  Десек,  мұндағы  көптік  жалғауы  жалғанып  тұрған  сөздер  бір  ғана 

мектеп, бір ғана кітапхананың көптігін көрсетіп тұрған жоқ, тәуелдік жалғауы 

(-

ыңыз) арқылы оған ие болып тұрған адамдардығ көптігін білдіреді. Сондай-ақ 



жоғарыдағы  аталған  заттар  бір  адамның  меншігі  емес,  көпке  ортақ,  бірақ 

мұндай ерекшелік әр уақытта да бола бермейді. Бірнеше адамға ортиақ нәрсені 

көрсететін  зат  есімдер  көптелсе,  ол  өзіннің  жалғанған  сөзінің  көптігін 

көрсетумен  бірге,  оның  иесі  болып  табылатын  сөздің  де  көптігін  білдіреді: 

Жұмыстарыңды аяқтаңдар. Кітаптарыңды оқып бітіріңдер. 

 

Туыстық қарым-қатынасты білдіретін тәуелдік зат есімге көптік жалғауы 



жалғанса,  ол  қасындағы  бір  тектес  адамдардың  көптігін  білдіреді:  Апамдар, 

әжемдер, әкемдер. 

 

Көптік жалғауы жалқы есімдерге жалғанса,ол жалғанған сөзінің көптігін 



көрсетпей, қасындағы адамның көптігін көрсетеді: қалаға Абайлар жүріп кетті 

деген сөйлемде, жалғыз Абай жүріп кеткен жоқ, оның қасында өзге адамдар да 

жүріп кетті деген ұғым. 

 

Біреудің жасын анық көрсетпей, шамамен айтқанда, сондай-ақ мезгілдік 



мәнде  зат  есімнен  кейін  келетін  сан  есімдерге    көптік  жалғауы  жалғанады: 

Оның үлкен баласы отыздарға келген жігіт. Жиналыс сағат жетілерде болады. 

Осы  сияқты,  мезгіл  мәнді  үстеулер  көптелсе,  шамалау,  болжау  мағынасын 

береді: Былтырлары (ы), биылдары (ы), ертеңдер (і), бүгіндері (і).  

 

Тәуелдік  жалғаулы  қалам-ың-ыз,  қалам-ым-ыз  дегенді  –ың  көрсеткіші 



ескі жазуларда көптік жалғаудың көне түрі болғандығы айтылады. Олай болса, 

сі-з,  бі-з  сияқты  жіктеу  есімдігіндегі  ұяң  –з  дыбысы  ол  –сөздердің  көптігін 

көрсететін морфема деп жорамалдауға болады.  

 

Көптелмей-ақ кейбір сөздерді топтары көптік  мағынада жұмсала береді. 



Мәселен,  өзінен-өзі  белгілі  болып  тұрған  жалпы  есімнің  бәрі  бірдей  көптік 

жалғауын жалғай бермейді:  Түйе боздап,  қой қоздап, қорада  шу (Абай) деген 

сөйлемде  қой,  түйе  біреу  емес,  бірнешеу.  Бұл  сөздерде  көптік  мағына  белгілі 

бір форма арқылы берілмей, қайта сөздің өзінің мәні арқылы берілген. Әдетте 

көптік  мағынаның  мұндай  тәсілін  лексикалық  жолмен  берілуі  деп  атайды. 

Сондай-ақ  географиялық  жер-су  аттарына  көптік  жалғауы  жалғанбайды 

(Москва,  Ленинград,  Ташкент,  Алматы  Алатау,  Сырдария)  ал  жалғанса, 

мәселен,  Біз  Москваларды  арладық  десек,  Москва  сияқты  қалаларды 

аралағандығын  білдіреді.  Планета  ұғымын  білдіретін  Күн,  Ай,  Марс,  Жер 

жалқы есімдермен табиғат құбылыстарын білдіретін жаңбыр, қар, тұман, боран, 

шық, қырау сияқты есімдерге де көптік жалғауы жалғанбайды. 



 

29 


Зат  есімдерді  іштей  семантикалық  өзара  аралас  аттас  болуларына  қарай, 

зат  іштей  жануар  атаулары,  өсімдік  атаулары,  құрт-құмырсқа  атаулары,  қора-

қопсы атаулары және үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстық, саяси - 

әлеуметтік  саласында  қолданылатын  атаулар  деген  сияқты  неше  алаун  топқа 

жіктеуге әбден болады, дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық 

және  грамматикалық  ерекшеліктері  бар  кейбір  топтарда  да  жоқ  емес.  Ондай, 

семантикалық,  грамматикалық  ерекшеліктері  бар  топтарға  адамзат  (кімдік) 

және  ғалым  зат  (нелік)  есімдерді,  көптік  мәнді  есімдерді,  эмоциялы 

эксперессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады [13]. 

Тіліміздегі  зат  есімдерді  семантикалық  және  грамматикалық  сипаты 

жағынан  талдап  қарасақ,  олардың  бір  саласы  адам  атаулары,  екінші  саласы 

адамнан    өзге  жан  –  жануарлар  ме,н  заттардың  атаулары  болып  келеді.  Осы 

аталған екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бірі тек кім?  

Деген грамматикалық сұрауға жауап берсе, екіншісіне қатысты сөздердің 

бәрі  де  тек  не?  деген  грамматикалық  сұрауға  жауап  береді.  Кім?  деген 

грамматикалық  сұрауға  жауап  беретін  зат  есімдерге  жалпы  адам  атаулары 

жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, шал, 

көке, бөпе, кемпір, келіншек, әйел, еркек, қалындық т.б.), туыс атауларын (әже, 

шеше, әке, ата, аға, іні, сіңлі, немере, шөбере, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, 

құдаша),  іс-әрекет  пен  кәсіп,  мамандық  иелерінің  атаулары  (әнші,  атшы, 

арбашы, егінші, суреткер, диқан, ғалым, мұғалім, дәрігер, композитор, сатушы 

т.б.)  әр  алуан  қызмет  баптары  мен  лауазым  атаулары  (директор,  лейтенант 

ұлық,  бастық,  төре,  ханым,  мырза  т.б.)  кісі  аттарын  (Нұрсұлтан,  Роза,  Марат, 

Талғат,  Камила,  Мереке  т.б.)  және  басқа  да  осылар  сияқты  адамдарға  тән 

атауларды айтамыз.  

Зат  есімнің  бұл  тобына,  жалпы  алғанда,  адам  атауларымен  байланысты 

ұғымдардың  аттары  және  кісі  аттары  енетіндіктен,  оларды  осы  семантикалық 

ерекшеліктеріне  қарай  адамзат  есімдер  деп  атауға  болады.  Ал  формальдық 

жағынан  кім?  деген  грамматикалық  сұрау,  әдетте  адамнан  өзге  барлық  жан 

жануарлардың  және  күллі  заттар  мен  нәрселердің  атауларына  қойылады.  Не? 

деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге я деректі я дерексіз 

заттар  мен  заттық  ұғымдардың  атаулары  (мысалы:  құм,  шаш,  тас,  темір, 

топырақ, су, ойын, күйініш, құаныш, реңіш, ақыл, әлем т.б.) өсімдік атаулары 

(ағаш,  шөп,  жусан,  қарағай,  тобылғы,  жүзім,  алма,  жиде  т.б.)  ас  пен  ішімдік 

атаулары (ет, сүт, май, ірімшік, қымыз, айран, қаймақ т.б.) хайуанаттардың аң 

мен  құстардың  атаулары  (жылқы,  қой,  сиыр,  ешкі,  құлан,  бекен,  киік,  арқар, 

жолбарыс, ғаз, үйрек, бүркіт т.б.) балық аттары (сазан, шортан, көксерке т.б. ) 

жәндік  аттары  (кесіртке,  шыбын,  ара,  сона  т.б.)  қора-қопсы,  құрал-жабдық 

атаулары (ай, дала, терезе, қора, астау, табақ, қасық т.б.) тағы басқа неше алуан 

нәрселер мен заттық ұғым атаулары жатады.  

Сөйтіп,  зат  есімдердің  бұл  тобы  адамнан  өзге  жан-жануарлардың  заттар 

мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитындықтан оларды 

семантикалық  ерекшеліктеріне  қарап  ғаламзат  есімдері  деп  атауға  болады,  ал 

формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді. 




 

30 


Егерде әдет бойынша кім? деген сұрау қойылатын кісі атын (ономастика) 

дейтін жағдайларға сәйкес, жер-су я мекен атауына (топонимика) ауысса, соңғы 

атауына  кім?  деген  сұрау  қойылмайды,  не?    деген  сұрау  қойылады.  Мысалы, 

Төребай  жаңа  ғана  оқу    бітірген  жас  инженер,  Төребайда  білім  де  бар 

дегендердегі Төребай сөзіне кім? деп, Төребай да сөзіне кімде? деп сұрау қойса 

болады.  Керісінше  не?  деген  жауап  беретін  жайғана  жалпы  есім  (мысалы, 

Марат,  Мұрат  т.б.)  кісі  аты  ретінде  қолданылатындай  болса  (мысалы,  Мұрат 

Қасымұлы  т.б.)  тек  қана  кім?  деген  сұрауға  жауап  беретін  болады.  Сөйтіп 

бұлардың кім? Я не? деген сұраудың қайсысына жауап беретініне қарамай, зат 

есімдердің семантикалық және грамматикалық жағынан іштей екі үлкен топқа 

бөлінетіндігі айқын көрінеді.  

Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат 

есімдер, әдетте жалпы есімдер деп аталады. Мысалы, ағаш, ат, арал, ас, арба, 

бас, бала түсінік, ер, су, көмір сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады. 

Ал заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама түрде осындай жалпы есімдермен 

қатар  белгілі  бір  ғана  зат  арнайы  даралай  атайтын  жалқы  зат  есімдер  де  бар. 

Оларға  кісі  аттары  (мысалы,  Асқар,  Арқалық,  Ағыбай  т.б.),  үй  хайуандарына 

берілген  арнаулы  заттар  (мысалы,  Тайбұрыл,  Теңбілкөк  т.б.)  өндіріс,  мекеме, 

ұйым  аттары  «Еңбек»,  «Қайрат»  т.б.  газет,  журнал,  кітап  аттары  мен  жеке 

шығармалардың  аттары  «Ботагөз»,  «Сергер»  т.б.  географиялық  атаулар 

(мысалы, Алатау, Қаратау, Ертіс т.б.) қала, көше, өлең аттары (Алатау, Алматы, 

Теміртау, Амангелді алаңы, Абай) тағы басқа жалқы атаулар жатады.  

Жалқы  есімдер  мағына  жағынан  белгілі  бір  ұғымды  білдірмейді,  тек  бір 

жеке дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі ат ретінде ғана 

жұмсалады.  

Жеке дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есімдер дейміз.  

Сөйтіп,  жалқы  есімдер  деп  жалпы  есімдерден  ажырату  үшін  қойылатын 

арнаулы  атауларды  айтамыз.  Жазу  дәстүрімізде  жалқы  есімдер  бас  әріппен 

басталып жазылады да, жалпы есім бірыңғай  кіші әріппен жазылады. Тілімізде 

жалпы есімнен жалқы есім, жалқы есімнен, жалпы есім туа береді. Бірақ жалқы 

есімдердің  жалпы  есімдерден  жалқы  есімдердің  жасалуы  көбірек  кездеседі. 

Мысалы, Алатау, Ақтөбе, Қарағанды сияқты жер су, мекен аттарын білдіретін 

жалқы  есімдер  әуелі  жалпы  есімдерден  туған.  Керісінше,  ақтөбелілік, 

қарағандылық, мичуринші сияқты жалпы есімдер бастапқы жалқы есімдерден 

жасалған. 

Жалқы  есімдердің  жалпы  есімдер  категориясына,  жалпы  есімдердің  

жалқы  есімдер  категориясына  осылай  келуі  сөздердің  қызметтерінің,    соған 

сәйкес,  олардың  мағыналарының,  кейде  тіпті  формаларының  өзгеруіне 

байланысты болады. 

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз еткенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-

үлкен  екі  салаға  бөлінеді:  оның  біріншісі  кісі  аттары  (ономастика),  екіншісі 

географиялық  атаулар  (топонимика).  Жалқы  есімдердің  осы  екі  саласының 

екеуіне де ортақ жалпы сипаттарымен қатар, әр саласының өзді-өзіне ғана тән 

ерекше сипаттары да бар.  




 

31 


Кісі аттарына да, жер-су аттарына да әдетте көптік жалғау жалғанбайды.  

Егер  оған  қосымша  жалғанбайтындай  болса,  ондай  жалқы  есімнің  мәні  я 

өзгереді, я оған үстеме семантикалық рең жасалады. Бірақ жер-су атауларынан 

да,  сондай-ақ,  жалпы  есімдердің  өзге  топтарына  да  кісі  аттарының 

ерекшеленетін  кейбір  грамматикалық  айырмашылықтары  бар.  Мысалы,  Ертіс 

жағасы, «Мәдениет және тұрмыс» журналы дегендегі жалқы есімдер өздеріне 

анықтайтын  сөздерге  ілік  формасы  (жалғаудың  түсу  я  түспеуі  шарт  емес) 

арқылы  тіркессе,  кісі  аттары  өзі  анықтайтын  сөздерге  ілік  септік  формасы 

арқылы  да  (Бейсеннің  баласы,  Асанның  Үсен  т.б.)  атау  түрінде  де  тіркесе 

береді. Мысалы, Қажымұқан балуан, Тапрғын батыр, Байжан ұста т.б. сонымен 

қатар, белгілі бір адамның өз аты, әкесінің аты, фамилиясы бірін – бірі анықтау 

қатар, бәрі құрылып бір күрделі есім де бола береді. Мысалы, Әмре Жақсыбай 

ұлы,  Тәжібай  Жанбота  ұлы,  Сапарғали  Алтынбек  ұлы  т.б.  Жалқы  есімдердің 

өзге  топтарына  кісі  аттарының  ерекшеленетін  тағы  да  бір  айырмашылығы  – 

адам  аттарына  тән  категориясы.  Кісі  аттары  қалпындағы  атау  күйінде 

қолданумен қатар, атау формасына арнаулы қосымша жалғанып та жұмсалады. 

Мысалы,  Қали  деген  аттарды  құрметтегенде,  сыйлағанда,  я  үлкен  тұтып 

аталғанда,  Себе,  Қалеке  деп  атауға  болады  да  Әли,  Сәуле  деген  аттарды 

еркелете, кішірейте сөйлегенде, Әлкен, Сәулеш деп атауға болады. Рас кейбір 

жалпы  есімдерді  де  осылай  қолдануға  болады.  Мысалы,  Құлыншақ,  інішек, 

балақай, көкешім т.б. 

Бірақ  жалқы  есімдермен  адам  аттарындағы  бұл  категорияның 

семантикалары да, қолдану өрістері де бірдей емес.  

Зат есімдердің көпшілігі тікелей атау формада тұрып, белгілі бір бірыңғай 

заттардың бәріне тән жалпы атау ретінде жұмсалуымен қатар, тиісті заттың бір 

данасының  ғана  атауы  есебінде  қолданылады.  Егер  осы  атаулар  арқылы 

аталатын заттар біреу емес, әлде нешеу, я көп екенін білдіргіміз келсе, осы зат 

есімдерге көптік жалғауын жалғап айтамыз. Мысалы, кісілер, сөздер, балалар, 

көлдер т.б.  

Сонымен  қатар,  атау  формада  тұрғанда,  өзі  арқылы  аталатын  заттың 

біреуін емес, жиінін топтап я қамтып атайтын зат есімдер де бар. Мысалы, сүт, 

жүн,  алма,  ақыл,  өмір,  шындық,  алтын  деген  зат  есімдерді  алсақ,  бұлардың 

әрқайсысы белгілі бір жеке-дара ғана атамайды, оны тобымен атайды. 

Осындай затты жеке даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат 

есімдерді көптік мәнді есімдер деп атаймыз.  

Көптік  мәнді  есімдердің  ерекшедіктері  семантикасында  ғана, 

грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл 

тәрізді  көптік  мәнді  есімдерді  алсақ  осылардың  бәрі  де  практикалық  тілде 

көптік  жалғауы  жалғанбай  жұмсалады.  Сондықтан,  өздеріне  тән,  осындай 

семантикалық  ерекшеліктері  мен  грамматикалық  өзгешіліктеріне  қарай,  зат 

есімдердің бұл тобы өз алдына категория делініп танылып, жоғарыдағы көптік 

мән есімдер деп аталады.  

Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады: 

1. 


Сұйық заттардың аттары: айран, шай, тұздық, ауқат т.б. 


 

32 


2. 

Газ тектес заттардың аттары: қан, бу, түтін, тұман т.б. 

3. 

Уақ,  ұнтақ  заттардың  ұйымдасқан  майда  заттармен  бытыранды 



(тарынды), үгітінді заттардын аттары: ұн, бетеге, жусаң, жүн, түбіт, шаш, кірпік 

т.б. 


4. 

Дерексіз  ұғымдарды  білдіретін  заттардың  атаулары:  айла,  ақыл,  дау, 

қайрғы, қасірет т.б. 

5. 


Өздігімен  табиғий  бөлшектенбейтін  кесек  заттардың  атаулары:  алтын, 

қала, шойын  т.б. 

6. 

Жаратылыс  құбылыстарының  атаулары:  боран,  жаңбыр,  қар,  жел, 



құйын, т.б. 

Бұлардың басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін 

зат есімдер бар. Мысалы, табиғий жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, 

пайпақ,  құлақ,  етік,  туфли,  кебіс,  шаңғы  т.б.).  Сондай-ақ  нәрсенің  я  заттың 

бөлінбейтін  табиғи  бөлімі  я  бөлшегі  ретінде  түсінілетін  субстантивтік 

ұғымдардың атаулары да көбінесе, көмекші есімдер, мысалы, асты, үсті, жаны 

т.б. негізінде осы топқа жатады.  

Зат есімдердің ішінде затты я заттық ұғымды әдеттегінше атаумен қатар, 

сол  аталған  заттың  сын  сипаты  жағынан  қандай  екендігін  қоса-қабат  білдіре 

атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын нақтылай түсіп, әсерлеу не бейнелеу 

жолымен  сезімді  түрде  қолданылатын  топтары  бар.  Мысалы,  қол,  тау,  төбе, 

арба  деген  сияқты  жалпы  есімдердің  көлшік,  таушық,  төбешік,  арбашық  т.б. 

деген  тәрізді  зат  есімдердің  отанша,  өгізше,  кітапша  деген  түрлері  бар.  Осы 

аталған екі топ сөздің көлсымақ, төбесымақ, кітапсымақ деген түрлері де бар.  

Сол  сияқты  адамға  байланысты  әке,  шеше,  апа,  тәрізді  туыс  атауларын 

әкей,  шешей,  әпке  деп  те,  шешетай,  әкетай,  апатай  деп  те,  шешежан,  әкежан, 

апажан деп те қолдану үйреншікті әдет.  

Сондай-ақ  бала,  бота,  лақ  сөздерін  балақан,  ботақан,  лақан  деп  те  айту 

қандай  үйреншікті  болса,  бөпе,  қалқа,  сәуле  секілді  жалпы  есімдер  мен 

Сапарғали, Қали, Әлия тәрізді жалқы есімдерді бөпеш қалқаш, Сапаш, Қалыш, 

әлкен деп айту да соншалықты дағдылы нәрсе.  

Сөйтіп  кейбір  зат  есімдердің  әдеттегінше  бейтарап  (қалыс)  түрде  жалпы 

қолдануларымен  бірге,  үлкен  тұтып  құрметтеу  я  сыйлау  кіші  тұтып  еркелету, 

кем  тұтып  қамсыну  тәрізді  эмоциялық  әсер  экспрессивті  рең  бере 

қолданылатын формалары болады. Бұл формалар мен жай түрде табылған сөз 

формалардың  негізгі  лексикалық  мағыналары  бір  болғанымен,  араларында 

өзара  ерекшеленетін  семантикалық  айырмашылық  болады,  ал  формалардың 

араларындағы  семантикалық  айырмашылықты  мазмұн  ерекшелігі  деп 

түсінумен 

бірге, 


олардың 

сыртқы 


формаларының 

аралығындағы 

айырмашылықты  сол  мазмұнның  формасы  деп  есептеуге  болады.  Дегенмен, 

жоғарыдағы  мысалдарда  ұшырасатын  –шық,  -шік,  -ша,  -ше,  -сымақ,  -й,  -еке,      

-

ке,  -тай,  -жан,  -қан,  -қай,  -ш,  -ыш,  -ни,  -кен  жұрнақтары  сол  аталған 



мазмұнның тілдік формасы есебінде қызмет етеді. Осындай жұрнақтар арқылы 

жасалған  зат  есімдер  туынды  зат  есімдер  болғандарымен,  жаңа  сөздер  емес, 

олар өздері туған төркіндерінен тек сол басқаша айтылған формалар есебінде 



 

33 


жұмсалады. Ендеше бұл формалар арқылы жасалған сөздер зат есімнің ішінде 

ерекше  сезім  реңкі  сөздер  ретінде  қаралуға  тиіс.  Бұл  сияқты  сөздер  тобы  зат 

есімнің  эмоциялық  және  экспрессивтік  реңдерді  білдіретін  ішкі  категория 

есебінде есептелуі керек. 

 

Жұпталып келетін қолқап, галош, құлақ, көз, мұрын қас сияқты сөздерге 



көптік  жалғауы  мүлде  жалғанбайды  деп  түсінуге  болмайды.  Мәселен, 

мұғалімге  қара  көздер  қадала  қарады  дегенде,  жұпталып  келетін  көз  сөзіне 

көптік жалғауы жалғану арқылы оның мағынасы өзгеріп кеткен. Осы тәріздес 

жекелеп,  талдап  санауға  келмейтін  (шаш,  сақал,  ұн,  бидай)  жалпы  есімдерге 

көптік  жалғауы  жалғанбайды,  егер  жалғанса  жоғарыдағы  сяқты  да  мағынасы 

өзгеріп кетеді: талай шаштар ағарды. 

 

Жалпылық мағыналы мал, аң, хайуанат, өсімдік сияқты зат есімдер көптік 



жалғауын  жалғамай-ақ  көптік  ұғымды  білдіреді:  колхоз  жылқысы,  тоғайдың 

аңы, қырдың қояны. Сондай-ақ ру, ұлт атаулары да көптелмей-ақ көптік ұғымда 

қолданылады:  орыс, қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, Найман, Үйсін, Жаппас,Қаңлы.  

Заттың  көптігі  септік  сан  есім  арқылы  белгілі  болып  тұрғанда  көптік 

жалғауы жалғанатын бір орын бар. Мәселен,  

Мың-мың қолдар 

                                                 

Миллион милар 

                                                 

Милар  миллион  қимылда  (Т.Жароков)  деген 

сөйлемде зат есімдер көптік жалғауын жалғап, өз алдына ерекше бір стильдік 

мәнде  жұмсалуы-өте  орынды.  Мұндағы  қолдар,  милар  адам  мағынасында 

қолданылып, соның көптігін білдіріп тұр. 

 

Бірнеше  ,  әлденеше,  бірсыпыра,  талай,  бірталай,  аз,  көп  сияқты 



мөлшерлік  мәнде  жұмсалатын  сөздермен  зат  есім  тіркесе  келсе,  ондай  зат 

есімдерге  де  көптік  жалғауы  жалғанбайды:  бірнеше  кісі,  бірсыпыра  үй,  талай 

мал, көп кісі т.б. 

лық  (-лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік)  және  –шылық  (-шілік)  жұрнақтары 



қосылу  арқылы  жұмсалатын  абстрактылы  сөздер  көпше  ,  жекеше 

мағынада  жұмсала  беретіндіктен,  бұл  сөздерге  көптік  жалғауы 

жалғанбайды  және  бұл  сөздердің  анықтауышы  сан  есім  болып 

келмейді:  биіктік,  ұзындық,  үлкендік,  балалық,  оқушылық, 

адамщылық, егіншілік. 

           

Анықтауышы  қайталамалы  мәнді  қос  сөздер  көптелмей-ақ,  көптік 

мағынада  жұмсалады:  қора-қора  қой,  мая-мая  шөп.  Егер  жалпылық  мәнді  қос 

сөздерге  көптік  жалғауы  жалғанса,  ол  сөздер  өзінің  жинақтық  мағынасымен 

бірге  ,сол  сияқты  ұқсас  заттардың  көптігін  білдіреді:  бала-шағалар,  киім-

кешектер, азық-түліктер, көрпе-төсектер, қазан-аяқтар. 

Жоғарыда  айтылғандай,  қандай  сөзбен  тіркесуіне  және  орында  тұруына 

қарай, зат есім анықтауыш та, баяндауыш та бола береді.  

Зат  мен  олардың  грамматикалық  формалары  жөніндегі  ұғым,  түсінік  зат 

есімдерді  оқыту,  үйрену  барысында  сауат  ашу,  оқу,  жазу  емле  сабақтарында 

бірте  –  бірте  өалыптаса  береді.  Зат  есімдеді  оқушылардың  өз  сөздерінде 

қолдана  білу  дағдысы  тіл  дамыту  сабақтарында  біржолата  қалыптаса 



 

34 


баратынын  есекерген  жөн.  Сондықтан  да  диплом  жқмысын  орындау 

бырысында  осы  мәселеге  баса  көңіл  бөлініп,  оқыту  процесінде  оқушылардың 

зат  есімді  өз  сөздерінде  неғұрлым  жиі  қолдана  білу  қабілетін  қалыптастыру 

мәселесі  негізгі  мақсат  ретінде  белгіленіп,  оны  жүзеге  асыру  шаралары  мен 

жұмыс түрлері анықталды.  

Осыдан  кейін  мұғалім  оқушылардан  оларға  жаңа  таныс  болған  сөздерді 

сұрап,  олардың  мағынасын  қалай  түсіндіретіндігін  анықтайды.  Әр  оқушының 

сөз  білуі  әр  түрлі,  сондықтан  олардың  жаңа  деп  танитын  сөздері  де  ұқсас 

болмайды.  Оқушылардың  көпшілігіне  балықтың  түр  –  түрінің  аттары  қызық 

көрінуі  мүмкін.  Мұғалім  жиі  ұшырасатын  балықтарды  атап  еске  түсіріп, 

жүйелеп  айтқызады,  олардың  суретін  көрсетеді,  қажет  болса,  орысша 

баламасын  салыстырады.  Кейде  сөздердің  біріккен  сөз  я  сөз  тіркесі  екенін 

ажыратудың қиындық келтірудің де осыдан. 

Мысалы:  Біздің  болысқа  қаладан  өпкіл  келді.  (Б.  Майлин);  Түйелердің 

жанында нөкендерді қозылап жатыр (С. Сейфулин) деген сөйлемдердегі  

болысқа, қаладан, түйелердің жанында, нөгендерде деген пысықтауыштар 

зат  есімдерден  жасалған.  Сондай-ақ,  солқ-солқ  еткен  өрім  талмен,  жас  алма 

пісіп  тұрған  шекер  балмын  (С.  Торайғыров)  дегендегі  баяндауыштарда  зат 

есімдерден жасалған.  

Қазақ  тілінде  зат  есімнің  анықтауыш  болуын  оның  зат  есімінің  негізгі 

қызметі мен қабілетінің бірі негізгі синтаксистік сипатының бірі.  

Ал зат есімнің негізгі синтаксистік сипатының төркіні де, себебі де қазақ 

тілінде  (сондай-ақ  өзге  түрк  тілдерінде  де).  Зат  есімдер  тек  басқа  сөз 

таптарымен  ғана  емес,  өзді  -  өздері  де  бір  –  бірімен  тіркесе  беретін 

ерекшелігімен байланысты. Демек тілімізде зат есімге сын есімде (жақсы адам), 

сан есімде (бес адам), есімдікте (осы адам), есімше (оқыған адам) анықтауыш 

болумен қатар, бір зат есімге екінші бір зат есімде анықтауыш бола алады.  

Зат есімнің өзді өзі, бір – бірімен тіркесу жүйесі, әдетте түрк изафеті деп 

аталатынын өз алдына категория екені мәлім. 

Ал, бұл категорияның қалыптасқан заңы бойынша, бір зат есімнен екінші 

бір (басқа бір) зат есім үш түрлі жолмен тіркесетіні аян, оның бір жолы екеуіне 

де  қосымша  (алдыңғысына  ілік  септік  жалғануын,  соңғысына  тәуелдік 

жалғануын) қосылып тіркесу жолы (үйдің иісі, баланың киімі), екінші жолы зат 

есімнің  біреуіне  (тек  соңғысына)  қосымша  қосылып,  біреуіне  (алдыңғысына) 

қосылмай  тіркесу  жолы  (қала  азаматы,  үй  шаруашылығы),  үшінші  жолы  зат 

есімнің екеіуне де бірдей (алдыңғысына да, соңғысына да) еш қандай қосымша 

қосылмай тіркесу жолы (тас, үй, қой қора). 

Рас  изафетінің  үш  түрінің  мағынасы  мен  өрісі  бірдей  емес  және  бірдей 

болуы мүмкін де емес, өйткені оның әрқайсысы алды алдына жеке дара форма. 

Солай  болса,  ол  үш  форманың  мағыналарында  да,  қызметтерінде  де  өзді 

өздеріне  ғана  тән  ерекше  қасиеттері  болуы  тиіс  және  бар.  Олардың  мұндай 

ерекше  қасиеттері  бар  екенін  сол    изафеттің  белгілі  бір  түрін  жасауға  я 

қолдануға  болмаған  жағдайда  екінші  бір  (басқа  бір)  жасауға  я  қолдануға 

болатынын  көреміз.  Мысалы:  Тас  бақа  деп  те  тастың  бақасы  деп  те    я  тас 




 

35 


бақасы деп те айтуға болғанымен, бірінші тіркескен бақаның тасқа ұқсастығы 

аңғарылса,  кейінгі  тіркестерден  тасты  жердің  бақасы  я  тасты  жерде  өмір 

сүретін бақа деген мән түсініледі. Ал, қол арба, қол айна, қол ағаш, қол жаулық, 

қол диірмен, қол орамал, қол өнер, қол сағат, қол хат сияқтыларды алсақ, олар 

изафеттің  бірінші,  екінші  былай  тұрсын,  іштей  арақатнастары  жақтарынан 

бірдей емес. 

Тілімізде тас қақпа және қақпа тас, тасқорған және қорған тас, ағаш деген 

тіркестердің  қажетіне  қарай  қолдана  беруі  де  зат  есімнің  анықтауыш 

қабілетімен  өрісі  өзге  сөз  таптарының  қай  қайсысынан  болса  да  кең  емес 

екендігін дәлелдейді. Солай болса, зат есімнің осылайша озді - өзі, бір – бірімен 

тіркесіп  анықтауыш  болып  қызмет  ету  қабілеті  бұл  сөз  табының  өзіндік 

ерекшеліктерінің ең басты белгісінің бірі болып санауға тиісті.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет