Методикасы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#21642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ 

 

 

Тақырыптың  өзектілігі.  Бесінші  сыныптарда  қазақ  тілі  жүйелі  курстың 

дайындығы  болғандықтан,  бұл  курс  практикалық  курс  екендігі  бастауыш 

сынып бағдарламысында атап көрсеткендігін айта кеткен жөн. 



 

Бесінші  сыныптардағы  қазақ  тілі  курстың  негізгі  мақсаты  оқушыларды 



қажетті дағдыларды меңгеруге үйрету, оқу мен жазуға үйретуде оқушылардың 

көргені  мен  білгенін  пайдалана  отырып,  олардың  өзін  қоршаған  орта  туралы 

түсініктерін  қалыптастыра  түсу,  сол  арқылы  өз  ойларын  келтіруде,  тілін 

дамыту, оқушыларды бақылағыштыққа, ана тіліне деген сүйіспеншілікке, әдеби 

тіліміздің  байлығын  кеңінен  пайдалана  білуге  үйрету  және  т.б.  мақсаттарды 

көздейтінін бағдарлама анықтап толық белгілеп берген. Осы негізгі мақсаттар 

оқушының  сөз  қорын  кеңейту,  сөз  байлығын  арттыру  сияқты  мәселелермен 

тығыз ұштасып жататынын ескере кеткен жөн [1]. 

Сауат ашу, оқу, бағдарлама, емле бөлімдерін оқыту барысында дыбыс пен 

әріп, буын мен тасымал, диктант пен шығарма үстінде ұйымдастыру барысында 

да оқу материалының негізгі өзегі сөз екендігі айқын. 

Сондықтан сөз және оның мағынасы, формалары жөнінде де бағдарламада 

кеңінен орын берілген. 

Біз сөз еткенде айтылған зат есім туралы тісінік бірінші – сыныптан бастап 

оқушылар санасында қалыптаса бастайды. 

Бірінші  сыныпта  әліппені  оқыту,  үйрету  барысында,  нақтылы  заттар 

әріптерді үйрету негізінде жалпы түсінік береді. 2 – ші, үшінші сыныптарда, зат 

есімді таныту ретінде оқыту, үйрету кеңейе түседі. Мектепте өткізген практика 

барысында оқушылар білімін, зат есім жөніндегі оқу материалдарын игеру зат 

есімді  және  оның  грамматикалық  формаларын  дұрыс  та  анық  қолдана  білу 

мәселелерін  бақылау  нәтижесінде  олардың  білімі  мен  оқу  дағдыларын,  әлі  де 

олқылықтар мен қателіктер кездесетініне көзіміз жетті. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет