Методикасы кафедрасы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#21642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Зерттеудің әдістері:  

 



зерттеу 

мәселесі 

бойынша 

философиялық, 

педагогикалық, 

психологиялық  ғылыми  -  әдістемелік  еңбектерге  теориялық  тұрғыдан  талдау 

жасау;  

мектеп құжаттарымен танысу; 



сауалнама,  әңгімелесу  және  педагогикалық  бақылау,  іс-тәжірибелерді 

сараптау; 

математикалық, статистикалық сараптаулар жүргізу.  



Диплом  жұмысының  құрылымы  кіріспеден,  үш  тараудан, 

қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 





ЗАТ 

ЕСІМНІҢ 

ЛЕКСИКА 

– 

ГРАММАТИКАЛЫҚ, 

МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

1.1 

Зат есімнің лексика – грамматикалық ерекшеліктері 

 

 

Бесінші сыныптарда қазақ тілі негізінде практикалық курс болғаныменен 

мазмұны  мен  структурасы  ғылыми  негізінде  құралатынын  ескере  отыра, 



 

диплом жұмысының І – бөлімінде теориялық мәліметтер беріліп, практикалық 



жұмыс  барысында  сол  негізінде  ұйымдастыру  керек  екендігін  ескере  кетуді 

жөн  көрдік,  сондықтан  бұл  бөлім  зат  есімнің  лексика  –  семантикалық, 

морфологиялық  және  синтаксистік  ерекшеліктеріне  сипаттама  беруге 

бағытталған. 

Зат  есім  дегеніміз  –  лексикалық  тұрғыдан  алғанда  өз  алдына  мағыналық 

дербестігі  бар  сөздер.  Өзімізді  қоршаған  дүниедегі  зат  пен  жан-жануар 

атаулыға  барша  құбылыс  оқиға  болмыс  атаулыға  есім,  атауыш  болып  келетін 

сөздердің бәріде зат есімдер [2]. 

Зат  есімдер  тікелей  сезім  арқылы  тануға  болатын,  дүниедегі  нақтылы 

заттардан (тағам, жылқы, су, жұлдыз, жел, көйлек, терек, түтін, қайың) бастап 

адамның тек ақыл-ойы қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі 

абстракциялы  ұғымдардың  (мінез,  ырым,  ұялшақтық,  пікір,  наным,  шама, 

нарық, ынсап, жоқшылық, күдік, ырыс) аттарын да білдіре алады. 

Зат есімнің семантикалық өрісі мейлінше кең екендігін аңғарту үшін бұл 

тұста  оның  қамтуына  кіретін  сөздердің  мына  секілді  лексикалық  топтарын 

ішінара  атап  өтудің  өзі-ақ  жеткілікті.  Мысалы,  оған  тұрмыстағы  түрлі  заттар 

мен нәрселердің аттары да (қасық, үй, қалам, асық, жүген, тұз, ерік, жан-жануар 

аттары  да  (түйе,  бөрі,  ара,  шіркей,  балық,  үйрек,  лашын)  өсімдік  атаулары 

(

терек, шынар, қайың, тобылғы) табиғат денелері мен құбылыстарыны аттары 



(тас,  дауыл,  боран,  қар)  адамның  кәсібін,  мамандығын,  тегін  қоныс-тұрағын 

білдіретін  сөздер  де  (етікші,  шопан,  дәрігер,  ғалым,  ақын,  суреткер,  өзбек, 

қыпшақ), әдеп-ғұрыпқа, салтқа, ойын-сауыққа байланысты айтылатын сөздерде 

(той, шілдехана, аужар, айтыс, көкпар) жатады. 

Тұлғасы  жағынан  зат  есімдердің  бір  қатары  түбір  сөздер  болып  келетін 

болса  (көз,  ат,  мал)  бір  қатары  әр  түрлі  сөз  табынан  жұрнақтар  арқылы 

жасалған  туынды  сөздер  болып  келеді  (аңшы,  тебінгі,  білім).  Сол  сияқты  зат 

есімнің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалғсан түрлері (кері қыз, бірқазан, баспа 

сөз)  мен  қос  сөз  тұлғалы  түрлері  де  (жүн-жұрқа,  сай-сала,  келін-кепшік)  бар. 

Екі  сөздің  тіркесі  белгілі  заттың  атаушы  ретінде  қолданылғанда  да  ондай 

лексикаланған  тіркестер  (көк  құтан,  теке,  тікен)  зат  есім  қатарында  танылады 

[3]. 


Зат  деген  ұғым  тек  күнделікті  өмірде  кездесетін  әдеттегі  жай  нәрселерді 

ғана  емес,  табиғат  пен  қоғамдық  өмірдегі  ұшырасатын  әр  алуан  құбылыстар 

мен  уақиғаларды,  ұғымдар  мен  түсініктерді  қамтиды.  Бұдан  зат  есімнің 

лексикалық, семантикалық сипаты салалы да, қарымды да байқалады. Зат есім 

деп  аталатын  сөздердің  өздеріне  тән  морфологиялық  ерекшеліктері  бар.  Олар 

өздерінің лексика семантикалық сипаттарына қарай, сөйлемдегі өзге сөздермен 

еркін  қарым-қатынасқа  түсетіндіктен,  сол  қатынастарға  аса  қажетті,  тәуелдік, 

көптік, септік, жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады, екіншіден зат 

есімдердің сөз тудыратын және тудыратын арнаулы жұрнақтар бар. 

Зат есімдердің қай-қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар 

негізінен  алғанда  біркелкі  болғандарымен  іштей  нақтылық  және  абстрактілік, 

жалпылық,  даралық  және  жинақтылық  сияқты  семантикалық  категорияларды 




 

да қамтиды. Мысалы, ағаш, су, темір, шөп тәрізді сөздер әдетте көзбен көріп, 



қолмен  ұстап  тануға  боларлықтай  нақтылы,  деректі  заттармен  байланысты 

ұғымдарды білдірсе, ақыл, сана, ой, ықпал, әсер, жақсылық қабілеттері арқылы 

танылатын  абстракты  (дерексіз)  заттар  мен  байланысты  ұғымдарды  білдіреді. 

Осы  себептен  қазіргі  тілдегі  абстракты  ұғымдарды  білдіретін  көп  сөздердің 

мағыналары  конкретті  ұғымдармен  түйісіп  те  отырады.  Сонымен  қатар  тілде 

бастапқы  ақықат  нәрсенің  атынан  туғанымен,  одан  мүлдем  қол  үзіп,  тіпті 

алыстап кеткен абстракты ұғымдарды білдіретін сөздер де көп. 

Сол  сияқты,  керісінше,  бастапқы  абстракты  ұғымдардан  туғанымен, 

мағына жағынан тіпті конкреттеніп кеткен сөздер көп. Сол сияқты, керісінше, 

бастапқы абстракты ұғымдардан туғанымен мағына жағынан тіпті конкреттеніп 

кеткен  сөздедер  де  көп.  Сөйтіп,  сөз  мағынасының  конкретсіз  я  абстрактану 

(деректену  я  дерексіздену)  дәрежесі  әр  қилы  және  әр  түрлі  болады.  Бұған 

оқыту,  оқушы,  оқушылық,  жүріс,  құбылыс,  құбылмалық,  білім,  білімділік, 

ұйым, ұйымшылдық тәрізді зат есімдер толық айғақ бола алады. 

Зат  есімдерді  іштей  семантикалық  өзара  аралас  аттас  болуларына  қарай, 

зат  іштей  жануар  атаулары,  өсімдік  атаулары,  құрт-құмырсқа  атаулары,  қора-

қопсы атаулары және үй мүліктерінің атаулары, қоғамдық тұрмыстық, саяси - 

әлеуметтік  саласында  қолданылатын  атаулар  деген  сияқты  неше  алаун  топқа 

жіктеуге әбден болады, дегенмен, зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық 

және  грамматикалық  ерекшеліктері  бар  кейбір  топтарда  да  жоқ  емес.  Ондай, 

семантикалық,  грамматикалық  ерекшеліктері  бар  топтарға  адамзат  (кімдік) 

және  ғалым  зат  (нелік)  есімдерді,  көптік  мәнді  есімдерді,  эмоциялы 

эксперессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жатқызуға болады [4]. 

Тіліміздегі  зат  есімдерді  семантикалық  және  грамматикалық  сипаты 

жағынан  талдап  қарасақ,  олардың  бір  саласы  адам  атаулары,  екінші  саласы 

адамнан    өзге  жан  –  жануарлар  ме,н  заттардың  атаулары  болып  келеді.  Осы 

аталған екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бірі тек кім?  

Деген грамматикалық сұрауға жауап берсе, екіншісіне қатысты сөздердің 

бәрі  де  тек  не?  деген  грамматикалық  сұрауға  жауап  береді.  Кім?  деген 

грамматикалық  сұрауға  жауап  беретін  зат  есімдерге  жалпы  адам  атаулары 

жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, шал, 

көке, бөпе, кемпір, келіншек, әйел, еркек, қалындық т.б.), туыс атауларын (әже, 

шеше, әке, ата, аға, іні, сіңлі, немере, шөбере, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, 

құдаша),  іс-әрекет  пен  кәсіп,  мамандық  иелерінің  атаулары  (әнші,  атшы, 

арбашы, егінші, суреткер, диқан, ғалым, мұғалім, дәрігер, композитор, сатушы 

т.б.)  әр  алуан  қызмет  баптары  мен  лауазым  атаулары  (директор,  лейтенант 

ұлық,  бастық,  төре,  ханым,  мырза  т.б.)  кісі  аттарын  (Нұрсұлтан,  Роза,  Марат, 

Талғат,  Камила,  Мереке  т.б.)  және  басқа  да  осылар  сияқты  адамдарға  тән 

атауларды айтамыз.  

Зат  есімнің  бұл  тобына,  жалпы  алғанда,  адам  атауларымен  байланысты 

ұғымдардың  аттары  және  кісі  аттары  енетіндіктен,  оларды  осы  семантикалық 

ерекшеліктеріне  қарай  адамзат  есімдер  деп  атауға  болады.  Ал  формальдық 

жағынан  кім?  деген  грамматикалық  сұрау,  әдетте  адамнан  өзге  барлық  жан 



 

жануарлардың  және  күллі  заттар  мен  нәрселердің  атауларына  қойылады.  Не? 



деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге я деректі я дерексіз 

заттар  мен  заттық  ұғымдардың  атаулары  (мысалы:  құм,  шаш,  тас,  темір, 

топырақ, су, ойын, күйініш, құаныш, реңіш, ақыл, әлем т.б.) өсімдік атаулары 

(ағаш,  шөп,  жусан,  қарағай,  тобылғы,  жүзім,  алма,  жиде  т.б.)  ас  пен  ішімдік 

атаулары (ет, сүт, май, ірімшік, қымыз, айран, қаймақ т.б.) хайуанаттардың аң 

мен  құстардың  атаулары  (жылқы,  қой,  сиыр,  ешкі,  құлан,  бекен,  киік,  арқар, 

жолбарыс, ғаз, үйрек, бүркіт т.б.) балық аттары (сазан, шортан, көксерке т.б. ) 

жәндік  аттары  (кесіртке,  шыбын,  ара,  сона  т.б.)  қора-қопсы,  құрал-жабдық 

атаулары (ай, дала, терезе, қора, астау, табақ, қасық т.б.) тағы басқа неше алуан 

нәрселер мен заттық ұғым атаулары жатады.  

Сөйтіп,  зат  есімдердің  бұл  тобы  адамнан  өзге  жан-жануарлардың  заттар 

мен нәрселердің, заттық ұғымдардың атауларын түгел қамтитындықтан оларды 

семантикалық  ерекшеліктеріне  қарап  ғаламзат  есімдері  деп  атауға  болады,  ал 

формальдық жағынан олар не? деген грамматикалық сұрауға жауап береді. 

Егерде әдет бойынша кім? деген сұрау қойылатын кісі атын (ономастика) 

дейтін жағдайларға сәйкес, жер-су я мекен атауына (топонимика) ауысса, соңғы 

атауына  кім?  деген  сұрау  қойылмайды,  не?    деген  сұрау  қойылады.  Мысалы, 

Төребай  жаңа  ғана  оқу    бітірген  жас  инженер,  Төребайда  білім  де  бар 

дегендердегі Төребай сөзіне кім? деп, Төребай да сөзіне кімде? деп сұрау қойса 

болады.  Керісінше  не?  деген  жауап  беретін  жайғана  жалпы  есім  (мысалы, 

Марат,  Мұрат  т.б.)  кісі  аты  ретінде  қолданылатындай  болса  (мысалы,  Мұрат 

Қасымұлы  т.б.)  тек  қана  кім?  деген  сұрауға  жауап  беретін  болады.  Сөйтіп 

бұлардың кім? Я не? деген сұраудың қайсысына жауап беретініне қарамай, зат 

есімдердің семантикалық және грамматикалық жағынан іштей екі үлкен топқа 

бөлінетіндігі айқын көрінеді.  

Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат 

есімдер, әдетте жалпы есімдер деп аталады. Мысалы, ағаш, ат, арал, ас, арба, 

бас, бала түсінік, ер, су, көмір сияқты зат есімдердің бәрі де жалпы есім болады. 

Ал заттар мен заттық ұғымдарды жалпылама түрде осындай жалпы есімдермен 

қатар  белгілі  бір  ғана  зат  арнайы  даралай  атайтын  жалқы  зат  есімдер  де  бар. 

Оларға  кісі  аттары  (мысалы,  Асқар,  Арқалық,  Ағыбай  т.б.),  үй  хайуандарына 

берілген  арнаулы  заттар  (мысалы,  Тайбұрыл,  Теңбілкөк  т.б.)  өндіріс,  мекеме, 

ұйым  аттары  «Еңбек»,  «Қайрат»  т.б.  газет,  журнал,  кітап  аттары  мен  жеке 

шығармалардың  аттары  «Ботагөз»,  «Сергер»  т.б.  географиялық  атаулар 

(мысалы, Алатау, Қаратау, Ертіс т.б.) қала, көше, өлең аттары (Алатау, Алматы, 

Теміртау, Амангелді алаңы, Абай) тағы басқа жалқы атаулар жатады.  

Жалқы  есімдер  мағына  жағынан  белгілі  бір  ұғымды  білдірмейді,  тек  бір 

жеке дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі ат ретінде ғана 

жұмсалады.  

Жеке дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есімдер дейміз.  

Сөйтіп,  жалқы  есімдер  деп  жалпы  есімдерден  ажырату  үшін  қойылатын 

арнаулы  атауларды  айтамыз.  Жазу  дәстүрімізде  жалқы  есімдер  бас  әріппен 

басталып жазылады да, жалпы есім бірыңғай  кіші әріппен жазылады. Тілімізде 



 

жалпы есімнен жалқы есім, жалқы есімнен, жалпы есім туа береді. Бірақ жалқы 



есімдердің  жалпы  есімдерден  жалқы  есімдердің  жасалуы  көбірек  кездеседі. 

Мысалы, Алатау, Ақтөбе, Қарағанды сияқты жер су, мекен аттарын білдіретін 

жалқы  есімдер  әуелі  жалпы  есімдерден  туған.  Керісінше,  ақтөбелілік, 

қарағандылық, мичуринші сияқты жалпы есімдер бастапқы жалқы есімдерден 

жасалған. 

Жалқы  есімдердің  жалпы  есімдер  категориясына,  жалпы  есімдердің  

жалқы  есімдер  категориясына  осылай  келуі  сөздердің  қызметтерінің,    соған 

сәйкес,  олардың  мағыналарының,  кейде  тіпті  формаларының  өзгеруіне 

байланысты болады. 

Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз еткенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-

үлкен  екі  салаға  бөлінеді:  оның  біріншісі  кісі  аттары  (ономастика),  екіншісі 

географиялық  атаулар  (топонимика).  Жалқы  есімдердің  осы  екі  саласының 

екеуіне де ортақ жалпы сипаттарымен қатар, әр саласының өзді-өзіне ғана тән 

ерекше сипаттары да бар.  

Кісі аттарына да, жер-су аттарына да әдетте көптік жалғау жалғанбайды.  

Егер  оған  қосымша  жалғанбайтындай  болса,  ондай  жалқы  есімнің  мәні  я 

өзгереді, я оған үстеме семантикалық рең жасалады. Бірақ жер-су атауларынан 

да,  сондай-ақ,  жалпы  есімдердің  өзге  топтарына  да  кісі  аттарының 

ерекшеленетін  кейбір  грамматикалық  айырмашылықтары  бар.  Мысалы,  Ертіс 

жағасы, «Мәдениет және тұрмыс» журналы дегендегі жалқы есімдер өздеріне 

анықтайтын  сөздерге  ілік  формасы  (жалғаудың  түсу  я  түспеуі  шарт  емес) 

арқылы  тіркессе,  кісі  аттары  өзі  анықтайтын  сөздерге  ілік  септік  формасы 

арқылы  да  (Бейсеннің  баласы,  Асанның  Үсен  т.б.)  атау  түрінде  де  тіркесе 

береді. Мысалы, Қажымұқан балуан, Тапрғын батыр, Байжан ұста т.б. сонымен 

қатар, белгілі бір адамның өз аты, әкесінің аты, фамилиясы бірін – бірі анықтау 

қатар, бәрі құрылып бір күрделі есім де бола береді. Мысалы, Әмре Жақсыбай 

ұлы,  Тәжібай  Жанбота  ұлы,  Сапарғали  Алтынбек  ұлы  т.б.  Жалқы  есімдердің 

өзге  топтарына  кісі  аттарының  ерекшеленетін  тағы  да  бір  айырмашылығы  – 

адам  аттарына  тән  категориясы.  Кісі  аттары  қалпындағы  атау  күйінде 

қолданумен қатар, атау формасына арнаулы қосымша жалғанып та жұмсалады. 

Мысалы,  Қали  деген  аттарды  құрметтегенде,  сыйлағанда,  я  үлкен  тұтып 

аталғанда,  Себе,  Қалеке  деп  атауға  болады  да  Әли,  Сәуле  деген  аттарды 

еркелете, кішірейте сөйлегенде, Әлкен, Сәулеш деп атауға болады. Рас кейбір 

жалпы  есімдерді  де  осылай  қолдануға  болады.  Мысалы,  Құлыншақ,  інішек, 

балақай, көкешім т.б. 

Бірақ  жалқы  есімдермен  адам  аттарындағы  бұл  категорияның 

семантикалары да, қолдану өрістері де бірдей емес.  

Зат есімдердің көпшілігі тікелей атау формада тұрып, белгілі бір бірыңғай 

заттардың бәріне тән жалпы атау ретінде жұмсалуымен қатар, тиісті заттың бір 

данасының  ғана  атауы  есебінде  қолданылады.  Егер  осы  атаулар  арқылы 

аталатын заттар біреу емес, әлде нешеу, я көп екенін білдіргіміз келсе, осы зат 

есімдерге көптік жалғауын жалғап айтамыз. Мысалы, кісілер, сөздер, балалар, 

көлдер т.б.  



 

10 


Сонымен  қатар,  атау  формада  тұрғанда,  өзі  арқылы  аталатын  заттың 

біреуін емес, жиінін топтап я қамтып атайтын зат есімдер де бар. Мысалы, сүт, 

жүн,  алма,  ақыл,  өмір,  шындық,  алтын  деген  зат  есімдерді  алсақ,  бұлардың 

әрқайсысы белгілі бір жеке-дара ғана атамайды, оны тобымен атайды. 

Осындай затты жеке даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат 

есімдерді көптік мәнді есімдер деп атаймыз.  

Көптік  мәнді  есімдердің  ерекшедіктері  семантикасында  ғана, 

грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл 

тәрізді  көптік  мәнді  есімдерді  алсақ  осылардың  бәрі  де  практикалық  тілде 

көптік  жалғауы  жалғанбай  жұмсалады.  Сондықтан,  өздеріне  тән,  осындай 

семантикалық  ерекшеліктері  мен  грамматикалық  өзгешіліктеріне  қарай,  зат 

есімдердің бұл тобы өз алдына категория делініп танылып, жоғарыдағы көптік 

мән есімдер деп аталады [5].  

Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады: 

1. 

Сұйық заттардың аттары: айран, шай, тұздық, ауқат т.б. 



2. 

Газ тектес заттардың аттары: қан, бу, түтін, тұман т.б. 

3. 

Уақ,  ұнтақ  заттардың  ұйымдасқан  майда  заттармен  бытыранды 



(тарынды), үгітінді заттардын аттары: ұн, бетеге, жусаң, жүн, түбіт, шаш, кірпік 

т.б. 


4. 

Дерексіз  ұғымдарды  білдіретін  заттардың  атаулары:  айла,  ақыл,  дау, 

қайрғы, қасірет т.б. 

5. 


Өздігімен  табиғий  бөлшектенбейтін  кесек  заттардың  атаулары:  алтын, 

қала, шойын  т.б. 

6. 

Жаратылыс  құбылыстарының  атаулары:  боран,  жаңбыр,  қар,  жел, 



құйын, т.б. 

Бұлардың басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін 

зат есімдер бар. Мысалы, табиғий жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, 

пайпақ,  құлақ,  етік,  туфли,  кебіс,  шаңғы  т.б.).  Сондай-ақ  нәрсенің  я  заттың 

бөлінбейтін  табиғи  бөлімі  я  бөлшегі  ретінде  түсінілетін  субстантивтік 

ұғымдардың атаулары да көбінесе, көмекші есімдер, мысалы, асты, үсті, жаны 

т.б. негізінде осы топқа жатады.  

Зат есімдердің ішінде затты я заттық ұғымды әдеттегінше атаумен қатар, 

сол  аталған  заттың  сын  сипаты  жағынан  қандай  екендігін  қоса-қабат  білдіре 

атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын нақтылай түсіп, әсерлеу не бейнелеу 

жолымен  сезімді  түрде  қолданылатын  топтары  бар.  Мысалы,  қол,  тау,  төбе, 

арба  деген  сияқты  жалпы  есімдердің  көлшік,  таушық,  төбешік,  арбашық  т.б. 

деген  тәрізді  зат  есімдердің  отанша,  өгізше,  кітапша  деген  түрлері  бар.  Осы 

аталған екі топ сөздің көлсымақ, төбесымақ, кітапсымақ деген түрлері де бар.  

Сол  сияқты  адамға  байланысты  әке,  шеше,  апа,  тәрізді  туыс  атауларын 

әкей,  шешей,  әпке  деп  те,  шешетай,  әкетай,  апатай  деп  те,  шешежан,  әкежан, 

апажан деп те қолдану үйреншікті әдет.  

Сондай-ақ  бала,  бота,  лақ  сөздерін  балақан,  ботақан,  лақан  деп  те  айту 

қандай  үйреншікті  болса,  бөпе,  қалқа,  сәуле  секілді  жалпы  есімдер  мен 



 

11 


Сапарғали, Қали, Әлия тәрізді жалқы есімдерді бөпеш қалқаш, Сапаш, Қалыш, 

әлкен деп айту да соншалықты дағдылы нәрсе.  

Сөйтіп  кейбір  зат  есімдердің  әдеттегінше  бейтарап  (қалыс)  түрде  жалпы 

қолдануларымен  бірге,  үлкен  тұтып  құрметтеу  я  сыйлау  кіші  тұтып  еркелету, 

кем  тұтып  қамсыну  тәрізді  эмоциялық  әсер  экспрессивті  рең  бере 

қолданылатын формалары болады. Бұл формалар мен жай түрде табылған сөз 

формалардың  негізгі  лексикалық  мағыналары  бір  болғанымен,  араларында 

өзара  ерекшеленетін  семантикалық  айырмашылық  болады,  ал  формалардың 

араларындағы  семантикалық  айырмашылықты  мазмұн  ерекшелігі  деп 

түсінумен 

бірге, 

олардың 


сыртқы 

формаларының 

аралығындағы 

айырмашылықты  сол  мазмұнның  формасы  деп  есептеуге  болады.  Дегенмен, 

жоғарыдағы  мысалдарда  ұшырасатын  –шық,  -шік,  -ша,  -ше,  -сымақ,  -й,  -еке,      

-

ке,  -тай,  -жан,  -қан,  -қай,  -ш,  -ыш,  -ни,  -кен  жұрнақтары  сол  аталған 



мазмұнның тілдік формасы есебінде қызмет етеді. Осындай жұрнақтар арқылы 

жасалған  зат  есімдер  туынды  зат  есімдер  болғандарымен,  жаңа  сөздер  емес, 

олар өздері туған төркіндерінен тек сол басқаша айтылған формалар есебінде 

жұмсалады. Ендеше бұл формалар арқылы жасалған сөздер зат есімнің ішінде 

ерекше  сезім  реңкі  сөздер  ретінде  қаралуға  тиіс.  Бұл  сияқты  сөздер  тобы  зат 

есімнің  эмоциялық  және  экспрессивтік  реңдерді  білдіретін  ішкі  категория 

есебінде есептелуі керек [6]. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет