Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.
Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне, кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу жатады.
Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.
37. Магистратураның жалпы білім беру бағдарламасының (ЖББ) "жоғары білім"дайындық бейіні бойынша мақсаты (миссиясы). Жоғары білім берудің мақсаты – қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін тандауға кеңінен мүмкіндік беру. Іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек нарығы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
Жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;
Студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу және енгізу. Жоғары білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір білім реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалға байланысты. Білім беру мазмұны оқытушыларға “Нені оқыту керек?” деген сұраққа жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |