Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет10/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Х.Әлімжан атындағы №12 Ең үздік әдістемелік басылымдар Тарих

Қорытынды
«Қазақстанды жаңа ғасырға білімді жастар бастап барады» Н. Ә. Назарбаев Дарынды да талапты жастар - бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Осыған орай, Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Бізге керегі - шын дарындылар. Нарық қол - аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»- деп жеткіншектер болашағына үлкен мән бергенді. Баланы дарынды, бойында күш - қуаты жеткілікті екендігіне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш. Өйткені, сенім үлкен жеңіске жетелейді. Терең біліммен қоса, саналы тәрбие беру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Шәкіртіне деген мейірімділік пен сүйіспеншілік болған жерде ғана іс нәтижелі болады. Ия, «Сенің елдігің - тарихыңды зерттеуден басталады»,- деген Қадыр Мырзалиев сөзі де адамға көп ой салады. Сондықтан шәкірттерімді тарихи саналы, құқықтық тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу міндет. Ол үшін оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз. Дарын иелерін таңдау, талантты оқушылардың білімін жетілдіру, келешегіне жол сілтеу, құқығын қорғау басты мақсатым. Өйткені талантты, шығармашыл оқушы басқалармен салыстырғанда қоғамға көп пайда әкеледі.
Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру - қазіргі оқу үрдісінің ең басты талаптарының бірі. Шығармашылық тұлға қалыптастырудың бір жолы ең алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
6 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі
Сабақтың мақсаты: «Қазақтың тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі деген ұғымын
Сабақтың барысы: 
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазіргі қазақ қоғамында адамдар арасында байырғы дәстүрлі қарым-қатынас іздерінің жойылып бара жатқан кезеңінде оқырман қолына тиген Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбек – алдымен, тарихшыға, содан соң әдебиеттанушыға, тілшіге, өнертанушыға, өлкетанушыға, саятшыға, саяхатшыға, саясаттанушыға, әлеуметтанушыға бірдей қажет әрі тарихи, әрі этнографиялық, әрі философиялық пайымды туынды. Рухани өмірімізде үлкен жаңалық болып саналатын «Қазақтың ауызша тарихы» – біріншіден, қазақтың өзіне, одан кейін, елімізде мекен ететін барша ұлт өкілдеріне, Қазақстан деп аталатын мемлекетке керек дүние. 
Данышпан Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде былай жазады: «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен» . Қай заманда да ойшылдар өзіне дейінгі дәуірге шолу жасап, өмір тынысын, қоғам мұңын түсінгісі келген. Ол өткен өмірдегі ата-баба тірлігі мен өз дәуірінің шындығын салыстыруға тырысқан. Өзі өмір сүретін ортаның дертін тауып, соны емдеудің жолдарын көрсетуге жолдар іздеген. Ұлы Абайдай ұлт қамын, ел мен жер тағдырын ойлап, Ақселеу Сейдімбек те өзінің соңғы кітабында терең пайымдаулар жасап кетті. 
Қазақ ұлтының біртұтас бөлінбейтін этнос екендігін құрамындағы рулар мен тайпалар тарихын зерделеу арқылы көз жеткізген Ақселеу Сейдімбек өзінің фундаменталді зерттеуінде трайболизм секілді етегімізге жабысқан кеселдің тамырына балта шапқандай болады. Бүгінгі таңда рушылдық пен жүзшілдіктің отын үрлеуге тырысып жүрген кейбіреулердің бейшара әрекеттеріне аталған ғылыми дәйекті кітап тосқауыл болады. Себебі қазақ үшін рулық, тайпалық қоғамда өмір сүру табиғаттың өзінен дарыған нәрсе. Осы жөнінде алаш оқымыстысы Қошке Кемеңгерұлы былай деп жазады: «Ресейге бағынбай тұрғанда таңбасыз тайға, енсіз қойға ие болған қазақ елі – киіз үйді ғана мекендеген, толық көшпелі еді. Жекелену, хатте үй ішіне бөліну мүмкін болмаған көшпелі тұрмыстың арқандалған кіндік қазығы – ру еді. «У жесең – ­ руыңмен», «Ордалы құлан ақсағанын білмейді» деп ақсақал аузына қараушы еді. Көшіп қону, кек алу, жаудан қорғану, көптен құн алып, құн төлеу, немеурін қосу, жылу жинау бір рудың ішінде міндет еді... Бір рудың ішінде талас-тартыс болмаған, бір рудың ішінен өзара қыз алдырмау – жанжал шығармау мақсатынан еді. Қазақтың жеті атадан беріден қыз алмауы, бір руға жеті атаға шейін өрбігендердің кіргенін көрсетеді. Және әр руды бір атадан өрбіген қан жақындығымен байланысқан деп қарауға болмайды, өйткені руынан кемдік көргендерден, жауда қолға түскендерден басқа руға мүше болып кеткендер көп. Сондықтан қазақтың руын – саяси-шаруа ұйымы деп қарау керек» .
Кітаптың ұлт үшін құнды болатын тұсы – ол сол ұлтты ұйыстыруға, бар қазақтың басын біріктіруге үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі таңда қазақстандық ұлт идеясын насихаттап жүрген саясаттағы шолақ атқамінерлерге бұл еңбек тойтарыс береді. Қазақстан мемлекетін мекен ететін басқа ұлт өкілдеріне де аталған еңбектің пайдасы зор деп білеміз. Себебі олар Ақселеу Сейдімбектің кітабынан мемлекеттің титулдық ұлты – қазақтың болмыс-бітімін, өзіндік ерекше сипатын, мәдениеті мен дүниетанымын жете түсінеді. Олар қазақ жайында орыс, кеңес тарихнамасы арқылы айтылып келген кейбір жалған түсініктің сырын ашады. Жеті атаны білу институты мен жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрінің қыр-сырын ұғады. Ағайын арасындағы сыйластық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы қарым-қатынас қалай болғанына көздері жетеді. Сондықтан аталған еңбекті алдымен орыс пен ағылшын тілдеріне, одан кейін өзге тілдерге аударып, кең насихаттағанымыз міндет. 
Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри еңбектерінде қазақтың түп тарихы туралы таңбаланып қалған тарихи деректер бертінгі заманда алаш қайраткерлерінің зерттеулерінде біршама тиянақталып жазылды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басынан бастап қазақ тілінде кітап шығару ісі жандана түскен кезеңнен ауызша сақталып келген тарихи дерек бірте-бірте қағазға түсе бастады. Әрине, оған дейін де кітапқа жазылған кейбір тарихи мәліметтер болды. Алайда олардың мазмұны мардымсыз, саны аз еді. Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж.Көпейұлы, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, О.Әлжанұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышпайұлы, С.Асфендиярұлы, М.Шоқайұлы, М.Дулатұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, С.Садуақасұлы сынды қазақ оқымыстыларының еңбектерінде төл тарихымызға қатысты құнды дүниелер мол жинақталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет