Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет12/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.​ Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты кітабы – ұлттық құндылықтарымызды сақтауға бағытталған аса зәрулі еңбек. Бұл еңбектері
2.​ Данышпан Абай өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде
IV. Қорытындылау
8 - сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тарихтың артықшылықтары
Сабақтың мақсаты: Оқушылар тарихтың артықшылықтары туралы түсініп, қосымша материалдар іздеп, нақты пікірлерін айтуға дағдыланады;
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазақ тарихында ауызша тарихтың бір ерекшелігі үлкен-үлкен тарихи кезеңдерді, оқиғаларды «өнер алды қызыл тілдің» арқасында қысқа да нұсқа жеткізе білуінде. Мысалы: мектеп оқулығынан белгілі ханның бұйрығымен Жиренше шешеннің домалап бара жатқан қақбақты найзасымен тоқтатып, ханға: 
Сұратқан хан ақымақпа?
Сұраған сен ақымақпа? – деп жауап әкелуі алғаш қарағанда сөз сайысы, шешендік өнер жарысы сияқты. Шынтуайттына келсек Қазақ хандығы құрылғаннан бастап хан мен оның қоластындағылардың өзара қарым – қатынасында демократия, адам теңдігі, азаматтың қоғам көрністері айқын көрінеді. Қазақ хандығында әубастан батыстың да, шығыстың да, орыстың да деспотиясы болмаған дала демократиясы осы оқиғадан көрнеді. Бұл оқиға шын болған. Хан деп отырғанымыз Керей мен Жәнібектің біреуі, Асанқайғы, Жиренше шешен осы дәуірде өмір кешкен тарихи қоғам қайраткерлері. Патшаны, коральді дәл осылай сынау батыс, ресей қоғамынында болған емес, олай дейтініміз корольге, царьға былай сөйлеу өлім жазасымен тең болған. 
«Асанқайғы 3-жыл қазаққа лайықы қоныс іздеп елді Жиделібайсайға көшіреміз – деп тоқтауға келіп, көш алдында үш жыл қойға қошқар салғызбасын, биеге айғыр шаптырмасын, әйелге еркек қатыспасын» - деп ханға айтып әмір қылдырыпты. Менің ойымша бұл оқиғанда үлкен бір кезеңді бейнелейтін шындық жатыр. Бұл Алтын орда құлап, Алтынорданың қойнынан туған жас Қазақ хандығына лайық жер іздеп, ел бастаған азаматтар мен Асанқайғының шарқ-ұрып Еуразия далалары мен тауларын шарлаған кезбен тұспа - тұс келеді. 
Енді келесі бір төрт жол тартхи өлеңге назар аударайық!
Тәке болып ханымыз
Рахат тауып жанымыз
Он сан алаш бірігіп
Ойран болды жауымыз .
Осы төрт өлең жолдарын 1987 жылы Орал облысынан жазып алғанымда археологтардың алтын қазып алғанындай қуанышымда шек болған жоқ. Кейінірек 1992 жылы қазақтың тарихи тулары атты мақаламда жарияладым. Кейін көрнекті заңгер – ғалым С. Өзбекұлы Тәуке хан туралы монографияларына этиграф етіп алды. Тәукенің заманын қазақтар «боз торғай қой үстіне жұмыртқалаған заман» - деп қарттар жылап есіне алатынын көптеген зерттеулершілер жазды. Тәуке өлген соң хандық үшке бөлінді, оған біз тоқталмаймыз. Менің ойымша бұл өлең шумақтары Тәуке туралы поэманың не болмаса үлкен тарихи өлеңнің бізге жеткен үзіндісі болса керек, әрине тегінде өлеңнің авторы болған, бірте – бірте халық өлеңіне айналып кеткен. 
Қазақ жерін 1,5 ғасыр бойы алдымен мысықтабандап кіріп, артынан қазақты қан қақсатқан орыс отарлаушылығын төрт жолмен бейнелеген өлең бүкіл бір дәуірді көрсетеді. 
Көрінісі орыстың,
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жауыздық,
Жарадан аққан іріңдей .
1986 жылы Омбы облысы, Шарбакөл ауданына барған сапарымда Кошке Кемеңгерұлының әйелімен және ұлы Нарынбаймен жолығып, ол кісілер маған Кошкені түрмеге алып кетіп, үйді НКВД – ның қызметкерлері тексеріп қағаздарын алғанда, баспа бетін көрмеген бір қолжазбасын жүн көрпенің тысын сөгіп, ішіне тығып алып қалғандарын айтып, қолжазбаны маған көрсетті. Қолжазбаның аты « Қазақ тарихына кіріспе» деп аталады екен. Алып оқи бастағанымда жоғарыдағы өлең жолдары көзіме бірден басыла кетті. Кошке ағамыз өлеңді Шортанбай Қанайұлынікі деп жазыпты. К. Кемеңгерұлында «ойлағаны жауыздық» дегені, «ойлағаны жамандық» - деп жазылыпты. Мұныңда себебі бар. 1,5 ғасыр орыстың тепкісін көрген ел «жамандықты жауыздыққа» айналдырған, тегінде орыс отаршылдығының айырықша қатыгездігін атап көрсеткен Халел Досмұхамедов: «..... Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының сауда капиталымен жауласам деп, кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды».
1980 жылдардың ортасынан бермен қарай батыс және американ тарихнамасында ауызша тарихтың артықшылықтары көптеп жазылып, айтыла бастады. АҚШ – та Вьетнам соғысына қатысушылардан сұрақ – жауап алу, естеліктер жинау дәстүрлі құрғақ (сухой) тарихқа күтпеген нәтижелер берді. Ауызша тарихтың бір ерекшелігі оқиғаға қатысушы адам, оқиғаның бел ортасында жүреді, көзімен көрген қолымен атқарған нәрсені жүрегімен сезіп аузымен айтқанда, дәстүрлі тарихқа қарағанда фактілері анағұрлым нақты дәл және қызықты болады. 
1991-1994 жылдары осы жолдардың авторы Манчестер (Англия) университетінің профессоры Теодор Шаниннің жобасында болып жұмыс істеді. Т. Шаниннің жобасы бойынша Орта Азия республикаларының шаруаларының ( бұл жобаға Тәжікстан кірген жоқ, себебі бұл кезде азамат соғысы жүріп жатқан) 70-80 жыл бойы айта алмай келе жатқан дауыстарын жазып алу көзделді. Әрбір ғылыми қызметкер қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен шаруасының кеңес өкіметі орнағанға дейінгі және одан кейінгі оқиғаларды рет – ретімен диктафонға жазып алу, екі мыңдаған сұраққа жауап алу, сөйтіп бірнеше ұрпақтың тағдырын сөзбен айтып жеткізу үлкен нәтижелер берді. Жобаның авторы Т. Шанинның сөзімен айтсақ: бүгін керегі «бір ғасырға жуық кептеліп қалған шаруаның дауысы бәрінен қымбат». Ғылыми қызметкерлер жұмыс тыңғылықты болу үшін 3 – 4 ай бойы ауылдарда, селоларда, қышлақ – қыстақтарды тұрып селолықтармен күнделікті қарым – қатынаста болып жұмыс істеді. Т. Шанин бұл жұмысты тек Орта Азияда емес, Ресейде, одан бұрынырақ оңтүстік – шығыс Азияда, Иранда атқарған екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет