Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет13/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұратқан хан ақымақпа?
2.​ Манчестер (Англия) университетінің профессоры Теодор Шаниннің жобасында болып жұмыс істеді. Қай жылдары ?
IV. Қорытындылау
9 – сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ақселеу және тарих ақауы
Сабақтың мақсаты: Ақселеу және тарих ақауы туралы мағлұмат алады.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
1. Ақселеу Сейдімбек фоль­клор­лық­ мұра – шежіре жанрында
Қазақ халқының түп тарихы­ – ше­жі­ре.­ Қасиетті рухани күш шежірешілдік түр­кі­нің­ бір бұ­та­ғы­ қа­зақ­тар­дың ге­­не­­­ти­­ка­­лық­ бол­мы­сын­да­ әлі терең сақ­тал­ған. Шежірені ұмыту, хан жар­лы­­ғы­­­мен­ бекіген жеті атаға толмай­ қыз­­ ал­ыс­пау дәс­тү­рін­ жо­ғалтып алу­ – ұлт­ ре­тін­де­ құ­руғ­а бастайтын қа­тер.­ Біз шежірелік сипатымызды жан­-тә­ні­міз­бен сүйетін халықпыз.
Сондықтан ға­­лам­­ бір­­тұ­­тас­­тан­ған,­ қа­ра­бай­ыр то­­­быр­­­­лан­­­­ған­­ сай­­­ын­ ше­жі­рені ғылым ре­­тін­де дамыта түсіп, жер тұр­ғанша жо­­ғал­­т­­пау­ы­мыз керек.
Ше­жі­ре­ – қа­зір­ әл­ем­ге­ ық­па­лы зор­­ бо­­лып­ от­ыр­ған еврей елі үшін де аса­­ ма­ңыз­ды. «Тау­рат. Көне өсиет» – бұл­ Из­раиль­дің­ 12 бу­ы­н­ының ше­жі­ре­­лік жылнамасы. Еврейлер Мы­сыр­ құлдығынан құтылып, халық ре­тін­де­ күшеюіне, қайта өрлеуіне ық­пал­ жа­са­ған жасампаз күш – ел бас­­та­­ған­ дін­­ба­сы­ла­ры һәм көсемдері ар­қы­лы мызғымаған шежірелік жады мықтылығының әсері. Тектен ай­рыл­мау­дың артықшылығын олар білген.
Ақселеу Сейдімбек – қазақ хал­қы­ның­ ше­жі­релік тарихын бергі заманда клас­сификациялап, энциклопедия тү­рін­де­ бір­ жүйе­ге келтіріп, ұлтқа ұйт­қы­ еке­нін­ ай­қын­дап,­ бабымен жи­нақ­тап­ кеткен асылдың сынығы. XX­ ғасыр басында ұлт көшбасшысы Ах­мет Байтұрсынов: «Қазақ жоқ із­деу­ші» ­дегенде, сол ізгі мұратқа адал бол­ған­дар­дың бірі Ақселеу Сейдімбек екені дау­ ту­дырмас.
Тексіздік нағыз қазақ жи­ре­нетін ұсақталу, азып-тозумен тең.
Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менім несібем!
XVI ғасырда өмір сүрген ноғай­лы­ның­ Доспамбет жырауы теңдік салтанат құрған дәуірдің азаттығын қалай асқақ сезінеді, шір­кін!­ Сол қасиет қа­зақ­тың қанында, құ­дай­ға шүкір, әлі бар,­ жоғалмайды.
Ақселеудің қазына ұстаушылығы – жыр­ бұ­ла­ғы­ жы­рау­лар­дан­ жал­ғас­қан­ құ­діретті рух­ты­ өл­тір­меу­ді, фоль­клор­лық баянды жаң­ғыр­ту­ды­ мұ­рат­ ет­­кен мирасқорлық. Ол­-дағы бір ке­руен­ба­сы. Көш-керуенін ұзатып, кейінгі ұрпаққа аманаттап тапсырушы.­ Кө­не­нің көрікті дүниесінен басы бү­тін­­ айырылуды жаны қаламаушылық. Ел­ үмі­тін­ ақтаған ер атағын енді елі сақ­­тай­ды. Ақселеу миссиясы осындай биік.­ Оның ең бас­ты кітабының бірі – «Қа­зақ­тың­ ауыз­ша тарихы».
… Осы аса улы саяси ас­си­ми­лияцияның кесірінен қазақ ұлтында ұлтсыздану қасіреті төбе көрсете бас-тады» деп налиды. Советтік заманда өскен Ақселеу Сланұлы ұлтсыздануға іштей наразылығын өзіндік пафос-пен, қазақтың өзінен туған ұлға тән түйсікпен берді.
Жазушы, зерттеуші Мырзакелді Ке­мел­ «Ақселеу асу» атты танымдық ең­бе­гінде: «Ақ­се­леу­ Сей­дім­бек­тің­ жан­­ры­ алуан стиль­ге­ толы. Мұнда да­ла­ әң­гі­ме­лері де, қор­ған­дар­ мен дін­­дер­ аң­ыз­дары да, күй ше­жіресі де, қа­зақ­тың­ ауызша шежіре-та­ри­хы да, жүз-тай­па­-ру таралымдары да, ер­те­к­тер де,­ мақал-мәтелдер мен қазақ бол­мы­сын­ ашып көрсететін аңызға бергісіз бас­тан­ өт­кен­ді әңгімелеу де, қара өлең де,­ ес­те­лік­тер­ де, аудармалар да бар», – деп­ шын­дық­ты саралап жазады. Со­ны­мен­ қо­са,­ ол­ Ақселеу Сейдімбек мұ­ра­сы­ның­ не­гіз­гі тұ­жы­рым­дарын тер­ме­лей­ді.­ Со­ның­ бір­-екі­сін­ қай­та­ла­сақ:­ «Ақселеу Сейдімбек қазақ эт­но­логиясының ғылыми терминологиясын қалыптастырды. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» арқылы қа­зақ мемлекеттігінің құрылымын ғы­лы­ми­ не­гіз­де­ді. Жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін ұстанатын қазақтан басқа этносты жер бетінде бар екенін біз біле алмадық» деп ұлтымыздың бұл­ ер­ек­шелігінің қасиетін дәріптейді. Бұл­ тыйымның қазақтардың тұқымдық сұрыпталуына себепші болумен бірге, эт­но­мә­дени біртұтастығын сақтаудың бірден-бір тетігі болғандығын айтады».
Әлхисса, бұл кітапта не жоқ, қазақ үш­ін­ қасиетті һәм қастерлі саналатын дү­ние­та­ным­дық ұғым-идея, белгі-ны­шан­ның бәрі бар. Кең даламызда өсіп-өнген тайпалар мен рулар, ұлыстардың бір-бірімен тамырласқан, будандасқан, қап­тал­дас­қан,­ бау­ыр­лас­қан­ шы­найы­ тарихы бар. Оқылуы кей сәт мың бір түндей көркем шежіре әдебиеттегі не­бір­­ жанрлардың бір ар­на­да­ то­ғыс­қан­ды­ғы­мен­ озық. Оның мазмұны тым­ терең, іші толы құнды деректер, кісілік келбет, қилы жазмыш. Қазақ ас­қан­ философ халық екенін бұл кітап аша түседі.
Ақселеутану – өзтану. Қазақтыққа тағзым. Ал қазақтық еркіндік аңсаудан, азаттыққа сүйіспеншіліктен туғанын қазір ұмытсақ та, түйсіктегі ұлы зердеміз, жадтық таңба, ұлттық код ұмыттырмайды.
«Көшпелі өмір-салт Ұлы дала (Қа­зақ­ да­ла­сы­ деу­ге­ де болады) тұр­ғын­да­ры үшін ұзақ уақыт тиімді өмір сү­ру­дің­ бір­ден­-бір­ оң­тай­лы үлгісі болды» («Қазақтың ауызша тарихы»,
«Алаш үстірті – Ресей Федерациясы­на­ қа­рас­ты Тыба республикасының жеріндегі Батыс Саян тау сілемдері. Бұл тау сілемдерінен ағатын ең бір арналы өзен – Сүткөл (Сут-Холь)» .
Қазақ біледі, қазір Тыба атанған ел­ бұ­­рын­­ғы­ ұран­қай­лық­тар,­ дә­лі­ре­гі, қалмақтың бір атасы. О баста мон­ғол­данған түркінің бір бұтағы болуы керек. Бірақ бейбіт ел жиі ша­был­ған­ бұ­л­ғақ­та қазақты қан қақсатқан тай­па­ның бірі. Ал мынау этнотопоним­нен­ көрініп тұрғандай, жер атауы та­за­ қа­зақ­ ті­лін­де. Осының бәрі кейінгілерді ойландырары сөзсіз. Сүткөл деген атауда тұнып тұрған өлең бар. Сүт та­ғам­да­ры – сүттен таза, судан ақ уыздай дүниені сүйетін малқор қазақтың ұлттық асы.
«Арғын тайпасының таңбасы «көз таң­ба»­ немесе «күн таңба» деп атала­ды. Севан көлінің байырғы атауы – Көк­ше (Гокча)».
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.​ 1929 жылдың өзінде Қазақстанда қаншадан дан астам халық наразылығы,толқулары,бой көтерулері болды?
2.​ Қай жылдың 7 ақпанында ашынған халық Тама руының көрнекті азаматы сұлтанбек Шолақұлы бастаған шаруалар көтерілісі бұрық ете қалды?
IV. Қорытындылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет