Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет19/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
15 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ауызша дәстүрлі: ұғымы және тәпсілеу мәселесі .
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрі туралы түсінік беру .
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазақ халқының тарихына қатысты тарихи деректердің кешенінде ауызша дәстүрдің алатын орыны аса маңызды. Ақселеу ағамыздың «ауызша тарих» дегені ең алдымен Қазақтың және Ұлы дала белдеуін қазаққа дейін мекендеген қыр халықтарының ауызша тарихи шығармашылығы. Әдеби шығармашылықтың бір саласы және тарихи жадының қоры есебінде бұл білімдер көбінесе бір ұрпақтан екіншісіне ауызша беріліп отырған. Ауызша шығармашылықтың жалпы нобайы тарихи аңыздар мен әңгімелердің тұтас циклдарын, көпшілікке танымал эпикалық жырларды, мақалдар мен мәтелдерді, ал кейде тарихи оқиғалар мен оған қатысушылар туралы орынды айтылған қанатты сөздерді де қамтиды. Ауызша дәстүрдің әр түрлі ескерткіштерінде сақталған аса құнды мағлұматтардың тарихи өткен шақты қайта қалпына келтіру мүкіндігі шексіз.
Жоғарыда аттары аталған түрлі ауызша дәстүр деректерінің ішінде қазақ қоғамының өткен жолын жазуға Шежіре аса маңызды қызмет жасайды. Тым алыс емес заманда бір жағынан марксизм-ленинизмнің методологиялық ережелерінің үстемдігіне, екінші жағынан біздің ерекше отаршылдық жағдайымыз, «кіші туыс» болғанымыз себепті, ұлттық дәстүрлерге деген нигилизм жайлап, ұлттық тарихымыздың қайнар көзі шежіре «кертартпа –клерикалды білім» ретінде ғылыми мәселе қатарынан шығарылды. Күні бүгінге дейін Қазақстан тарих ғылымында Шежіренің теориялық-методологиялық мәселелеріне арналған зерттеулер жоқ. Алыс қашықтықтан байқастау, кейбір тақырыптар игермек ниет, насаб-нама, яғни ата тарату сызба-схемаларын ғана бар. Осы себепті қазақ шежіресінің шынайы мәнін түсінуге, өзіне дейін және өз кезеңінде пайда болған сан қилы ғылыми тұжырымдарды қорытындылап, шежіретануға қажетті ұғымдар мен терминдерді жүйелі түрде қалыптастыруға күш салған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегі ерекше. 
Еуропалық ғылымда ауызша тарихи дәстүрді ғылыми сараптау және оны жазба дәстүрлері жоқ халықтардың тарихын жазуда қайнар көз ретінде қолдану талпыныстары ХХ ғасырдың басында басталды. Бұл әрекеттер өз кезегінде тарихтың осыған дейін даму нәтижелеріне сүйенді, тарих қашанда жеке ғылым саласы ретінде тарихи аңыздарды, эпикалық немесе лиро-эпостық жырларды, мифтер мен әртүрлі әңгімелерді белсене пайдалануға негізделді. Бұған көз жеткізу үшін Геродоттың «Тоғыз кітапты тарихын» немесе антика дәуірінің кез келген тарихшысының еңбектерін ашып көрсек жеткілікті. Бұл дәстүр антика әлемімен және оған көршілес региондармен шектелмейді. Шығыстың ерте тарихнамасы да ауызша тарихи дәстүрді пайдалануға құрылды. Алайда уақыт өте келе жазба деректер көбейді де батыс тарихшылары жазба деректерге негізделмеген тарихи зерттеулердің шынайылығына күмән келтіре бастады. Бұл көзқарастар Африка тарихын ауызша деректер арқылы жазбақ болған ғалымдардың еңбектеріне қатысты айтылған ағылшын зертеушісі Хью Тревор-Ропердің: «Мүмкін, болашақта әйтеуір бір Африка тарихы жазылар... Қазір ол жоқ, тек еуропалықтардың Африкадағы тарихы ғана бар. Одан басқасы қараңғылық..., ал қараңғылық тарихтың пәні болып табылмайды» деген пікірінен анық сезіледі.
Ауызша дәстүр қазіргі тарихнамаға тән оқиғаларға таңылу, эмпиризм гегемониясы және бір жазылғанды екінші рет көшіру сияқты қағидаларын тіпті де ескермейді. Оқиға және факт –қазіргі тарих ғылымы бірнеше жүз жыл өз жұмысына пайдаланып келе жатқан құрылыс материалдары. Алайда еуропалық ғылым өзінің аяғындағы шідерден құтылуға тырысатыны байқалады. М.Блок бір еңбегінде «Мәселе Исаның (Иисус пайғамбар-Ж.А.) креске керіп шегеленгенінің болған болмағанын, одан кейін қайта тірілуін анықтау емес. Бізге маңыздысы біздің жан-жағымыздағы осыншама адамның керу мен тірілуге қалайша сенетінін түсіну» .
Еуропа ғалымдарының ауызша тарихқа бет бұруы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. 1948 жылы Америка Құрама штаттарында Колумбия университетінің профессоры Алан Невинс сейсмологиялық және теңіз геодезиялық жұмыстарының негізін салушы пионерлердің өмірін зертеуге арналған «Ауызша тарих проектін» ұйымдастырды. Ауызша тарих зерттеу әдістерін әлеуметтік және жеке бас қарым-қатынастарын қайта қалпына келтіруге қолдану ауызша тарих табиғатының ыңғайлылығына байланысты. Қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, ал кез келген қоғамның өмірі қызықты, бұл жолдың негізгі қағидалары да осында. Қазіргі ауызша тарих ілімінің негізін салушылардың бірі Пол Томпсон атап көрсеткендей «қоғам мен тарих арасындағы қарым-қатынас кез келген жағдайда бір жақты болмауы керек, бұл дегеніңіз үздіксіз айырбас, ақпаратпен оны тәпсірлеу, оқытушы мен аудитория арасындағы өзара диалектикалық байланыс »
Соныменен, еуропалық ғылым өткен тарихты қайта қалпына келтіру үшін ауызша дәстүрге байсалдылықпен бет қойды. Бүгінгі күні ең күрделі зерттеулер мына сұрақтардың маңында өрістеуде: а) ауызша дәстүр қоғамдағы әр қилы идеологиялық, сонымен бірге ресми мәселелерді қаншалықты көрсете алады, ә) ауызша тарихи дәстүрге тән қарапайым циклдық, жабықтықты қазіргі күні барлығымыз қабылдаған бір түзудің бойындағы жылсанаумен қалай қабат қарастыруға болады, б) кей кейде өте көне заманның тарихи шындығына негізделген ауызша тарихи дәстүрге тән аңыздық (әфсана-жыр) тәпсірлеу қосымша дәлелдемелерді керек етеді, егер ол заман туралы біздің қолымызда аңыз ғана болса, біз басқа дәлелді қайдан таппақпыз ? Алайда, осы сияқты сұрақтарды тарихтың жазбаша негізделген дәстүрлері де қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет