Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет27/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
Х.Әлімжан атындағы №12 Ең үздік әдістемелік басылымдар Тарих

23 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Қазақ шежірелерінің қалыптасу кезеңі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар қазақ шежірелері мен тарихи ескерткіштермен таныстыру,
тарихи маңызын түсінеді.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Қазақ шежіресі қазақ тарихи жадының өзегі десек артық айтқандық емес. Алайда, сол қазақ шежіресі қазақ тарих ғылымында әлі күнге өз орнын ала алмай келеді. Өйткені, шежіре өз дәуірінде қандай қызмет атқарды, несімен құнды болды, халық санасынан әлі күнге өшпей келе жатуының себебі неде?-деген сұрақтарға қазіргі тарих ғылымының жауап беруге қауқары жоқ. Қазақ шежіресі осы күнге дейін қанша зерттелсе де өзінің ішкі мәнін ашпай келеді. Оның себебі, зерттеушілердің шежірені бір ғана тұрғыдан – этникалық үдерістер тұрғысынан қарастыруы, сол бойынша байлам жасауы болып табылады. Ал, шежіре тек этникалық үдерістермен ғана байланысты емес, қоғамдағы барлық үдерістермен тығыз байланыста қалыптасқандығын, атап айқанда: діни, саяси үдерістер шежірелердің түзілуіне ықпал еткен факторлар болғандығы ескеріле бермейді. Оның үстіне шежірелердің бірін-бірі қайталамай, әртүрлі болып келуінің өзі зерттеушілерді адастырары немесе зерттеушінің шежірені тарихи құжат екендігіне күмәнмен қарауына ықпал етері анық. Алайда, шежірелердің әртүрлі болып келуі астарында қазақ (түрік) халқының басынан өткерген тарихи кезеңдерінің сырлары жатқандығын қазақы дүниетанымнан хабарсыз, танымы евроцентристік көзқараста қалыптасып, тарихқа материалистік тұрғыдан баға беретін тарихшылар қазақ шежірелерінің ішкі мәні мен мазмұнын танып-білуі қиын немесе мүмкін емес.
Қазақ шежіресінің пайда болуы қазақ халқының қоғамдық құрлысымен, мемлекеттік жүйесімен тікелей байланысты және сол шежіре түзілген дәуірдегі қоғамның құрылымдық жүйесінің сызба түріндегі бейнесі, әрі негізгі реттеуші басты құжаты болды.
Қазіргі бізге дейін жеткен қазақ шежірелерінің қашан түзілгендігі туралы бізде нақты дерек жоқ. Бір шежіре Өзбек ханнан басталса, екінші шежіре Алаша ханнан бастау алады. Үшінші шежіре Өзбек ұлысының ханы Әбілхайыр ханнан басталады. Ал төртінші шежіре әріге кетіп, Мұхаммед Пайғамбардың сахабасы Аннас сахабадан бастау алады. Алайда, сол шежірелердің ішкі мазмұны сырттай қарағанда бірдей болып көрінеді. Сонда қайсысы дұрыс? Бұл шежірелерді бір-бірінен ажыратып тұрған не нәрсе? Бұл да әлі қазақ шежірелерінің ашылмаған құпиясының бірі. 
Қазақ шежіресінде күдік тудырып жүрген тағы бір мәселе – ол Ата Қазақтан қазіргі біздің замандасымызға дейін ары кетсе 22 ата немесе 11-13 атамен шектеліп жатады. Мұны жылға шағар болсақ, арысы 600-660 жыл шамасында. Берісі 390-330 жыл шамасы болады. Сонда, оған дейін қазақ қайда болды? Қайсы халықтан бөлінді? Әлде жер бетіне шежіреде көрсетілген кезеңде түсті ме? Неге бұлай? Бұл сұрақтар жауап беруді талап етеді. Бұл сұрақтарға жауап берілмейтін болса, онда біз шежірені ешқашан таныдық деп айта алмаймыз. Сондықтан, қазақ шежіресін тану жолындағы ізденісімізді біз бұрынғы зерттеушілер жүрген жолмен емес, басқа бағытта жүргізгенді дұрыс санаймыз. Ол қазақ халқының басынан өткерген діни, рухани үдерістер тарихы мен олардың қазақ шежіресімен байланысын анықтау бағытындағы ізденістерге ден қоямыз. Әрине, осы күнге дейін қазақ шежіресін зерттеп жүрген зерттеушілердің қазіргі қазақ халқы құрамындағы ру, тайпаларды көне дәуірдегі ру, тайпалармен байланыстырып, солардың тікелей ұрпақтары екендігін дәлелдегісі келетін ойлары да бар. Алайда, бұл тұжырыммен толық келісе қою қиын. Қазіргі рулар мен көне дәуірдегі рулардың арасындағы генетикалық байланысты толығымен жоққа шығаруға болмас, дегенмен солардың тікелей ұрпағы еді дегенді айту артық болары сөзсіз. Мысалы, X-XI ғғ. араб деректеріндегі оғыздар құрамындағы 24 ру, тайпаның қайсысы қазақ халқы құрамында бар? Жоқ немесе ірі рулық, тайпалық құрылымдар ішінде кішкентай аталарды ғана құрайды. Ал кейбір ру, тайпалардың аты сол кезеңнен бері әлі күнге өшпей сақталып келеді. Бірақ, сол атауды сақтап келе жатқан руларды сол көне дәуірдегі халықтың тікелей ұрпақтары, ізбасарлары деп атау қиын. Оның есесіне қазіргі қазақ халқының негізін құрап отырған ірі тайпалардың атаулары негізінен Шыңғыс ханмен бірге келген ру, тайпа атаулары екендігін де естен шығармауымыз керек. Бұл жерде тағы да «Сонда қалай, біз мына қазіргі қазақ жеріне Шыңғыс ханмен бірге келгенбіз бе?», - деген заңды сұрақ туады. Олай болса, осы күнгі «Қазақ автохтонды халық емес», - деп жалаулатып жүрген кейбір тарихшылардың айтқандарының дұрыс екендігін мойындаудан басқа шара қалмайды. Сол себепті, қазіргі бізге дейін жеткен қазақ шежірелерінің түзілу заңдылықтарын түсініп алмайынша, дәстүрлі қазақ қоғамындағы шежіренің де, ру, тайпалардың да халқымыз тарихындағы орнын анықтай алмаймыз. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін халқымыз VIII-XII ғасырлар аралығында басынан өткерген тарихи оқиғаларға талдау жасаудан бастағанымыз дұрыс. Сонда ғана біз қазақ шежірелерінің Шыңғыс ханнан кейін бастау алу себептерін түсінеміз.
Түркілер ислам дінін VIII ғасырдың екінші жартысында қабылдады. Алғаш рет осы кезеңде түркі–ислам мемлекеттері тарих сахнасына шықты. Ол Қарлұқ-Қарахан, Оғыз мемлекеттері еді. Бұл мемлекеттердің дүниеге келуімен ислам діні түркі халықтарының дәстүрлі қоғамына өз ықпалын біртіндеп тигізе бастады. 951 жылы Сатуқ Бұға хан Абд ал-Каримның ислам дінінің дәстүрлі бағытын қабылдауы түркілерді ислам әлемінің құрамдас бөлігіне айналдырды.. Өйткені, рулық, тайпалық жүйелер түркі мемлекеттігінің іргетасы болатын. Дін тілінің түркі тілінде сөйлеуі ғылым, білім, мәдениет, әдебиет тілінің түркіленуіне әкелді. Мемлекет тілі де түркі тілінде сөйлей бастады. Түркі қоғамынан аластатылған сыртқы неке қайта қалыптастырылды. Рулық тайпалық жүйелер біртіндеп қайтадан қалпына келтіріле бастады. XIII ғасыр басында Шыңғыс ханның келуі, Жошы ұлысының қалыптасуы түркінің мемлекеттік жүйесін толығымен қайта қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жошы ұлысында түрік мәдениетінің қалыптасуына Йасауи жолы өкілдері аянбай еңбек етті.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
1.​ Алайда, сол шежірелердің ішкі мазмұны сырттай қарағанда бірдей болып көрінеді. Сонда қайсысы дұрыс? Бұл шежірелерді бір-бірінен ажыратып тұрған не нәрсе? Бұл да әлі қазақ шежірелерінің ашылмаған құпиясының бірі. 
2.​ Берісі 390-330 жыл шамасы болады. Сонда, оған дейін қазақ қайда болды? Қайсы халықтан бөлінді? Әлде жер бетіне шежіреде көрсетілген кезеңде түсті ме? Неге бұлай?
IV. Қорытындылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет