Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет25/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
Х.Әлімжан атындағы №12 Ең үздік әдістемелік басылымдар Тарих

IV. Қорытындылау
21 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздерге тән ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:  Досбол ауылдық аймағына кіретін ауылдармен,
халық және отбасы сандарымен және ауылдың нысандарымен танысады;
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін.
Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді.Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Айтыс– шешендік өнердің шыңы. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.
Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеденқалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған", – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.Кезінде Ахмет Байтұрсынов: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді",– деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң, келеке қылады. -Досбол шешен Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ! Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем, нағыз бағасын бергенім ғой. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті. Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды. Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет