Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна



бет26/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
IV. Қорытындылау
22 - сабақ


Сабақтың тақырыбы: Шешендік және сөз мәдениеті тарауымен қайталау, қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шешендікті, шешендіктің қазіргі түрлерін, шешендік сөздердің сапаларын, сөз мазмұндылығы, сөз дәлдігі, тіл тазалығы, тіл көрнектілігі туралы білімдерін мысалдармен дәлелдеп, қайталау, пысықтау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
- Алдымен ертерек қазақ сахарасында болып, халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерді жете көріп, терең түсініп, ерекше сүйіспеншілікпен тамашалай білген шетел саяхатшыларының жазба - естеліктерінен үзінді тыңдап көрейік (интерактивті тақтадан көрсетілді, мәнерлеп оқып беремін).
- Міне, осылайша шетел саяхатшы - ғалымдары ата - бабаларымызға баға беріп жатса, шешендік өнер қазақтың қанына сіңген қасиет екендігіне дау жоқ.
- Бүгінгі сабақ кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І. Қайталау - оқу анасы.
ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой.
ІІІ. Даналық сөзден дән ізде.
ІV. Кешенді талдау - кемел білім.
V. Көркем сөзім - көрікті ойым.
І. «Қайталау - оқу анасы.» (сұрақ - жауап).
Сұрақтар:
1. Шешендік өнер дегеніміз не?
2. Шешендік сөз дегеніміз не?
3. Шешен дегеніміз кім?
4. Шешендерге қойылатын қандай талаптар бар?
5. Қазіргі шешендіктің түрлерін ата (оқушылар жауабы тыңдалады).
Қазіргі шешендіктің түрлері
1. Білім - ғылым мазмұнды шешендік.
2. Әлеуметтік - саяси мазмұнды шешендік.
3. Әлеуметтік - тұрмыстық мазмұнды шешендік.
4. Діни мазмұнды шешендік.
5. Сот ісі шешендігі.
ІІ. « Ұтымды пікір - ұтқыр ой».
- Иә, балалар, қазақ халқы - сөз өнерін ерекше қадірлеген халық. Сөзге тоқтау - ежелден үзілмей келе жатқан дәстүріміздің бір көрінісі. Шешендердің ең негізгі құралы - сөз. Сол сөзі арқылы тыңдаушысын өзіне тартып, жүрегін толқытып, бойын балқытады. Бұл асқан өнерпаздық дарыннан туады. Олай болса, мынадай сұрақтарға жауап беріп көрейік:
- Біздің заманымызға шешендік қажет пе? (оқушы жауабы).
- Қазіргі таңда елімізге танымал шешендер бар ма? Бар болса кімдер деп ойлайсыңдар? Мысалдармен дәлелде, өз мысалың қазіргі шешендіктің қай түріне жатады деп ойлайсың?
(оқушылар жауабы тыңдалады, оқушылар Н. Ә. Назарбаевты, Ә. Кекілбаевті, Қ. Сәтбаевті, Ә. Қажы Дербісәліні, М. Әуезовті, Абайды, Жамбыл Дүйсеновті бүгінгі таң шешендері деп танып, олардың сөздерінен үзінділер келтіріп, дәлелдермен сөйлейді және сот ісі шешендігі, білім - ғылым мазмұнындағы шешендікке де мысалдар келтіреді).
ІІІ. «Даналық сөзден дән ізде».
(Семантикалық карта 10 оқушыға таратылады).
ІV: «Кешенді талдау - кемел білім».
1. Фонетикалық талдау - Тұрысбек Қуаныш.
2. Лексикалық талдау - Каиртаева Луиза.
3. Морфологиялық талдау - Керімтаева Динара.
4. Синтаксистік талдау - Акчалова Ақерке.
(Оқушылар тақтаға кешенді талдауға дайындалғанша, қалған оқушылар сұрақтарға жауап береді).
-«Сапалы сөз - саналы ойдың жемісі» демекші шешендік сөздің сапалары туралы білімдеріңді байқап көрейік:
1. Шешендік сөздің мазмұндылығы.
2. Сөздің дәлдігі - ойдың айқындылығы.
3. Тіл тазалығы.
4. Тіл көрнектілігі.
«Кім тапқыр?» ойыны.
«Билер сөзі - ақылдың кені» - деп дана халқымыз бекер айтпаған, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіндейтін, от ауызды, орақ тілді би - шешендеріміздің сөздерінен берілген үзінділердің кімнің сөзі екенін табу.
V. «Көркем сөзім көрікті ойым» (Бұл кезеңде казіргі шешендік үлгіде қолданып жүрген фразеологизмдердің сыңарын оқушылар табады). «Тәуелсіздікке бес жыл» кітабынан алынды (Н. Ә. Назарбаев).
Сабақты бекіту: Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
(топтастыру стратегиясы)
Қорытынды: Ойтолғау. Ғаппарова Назым
«Сегіз серінің жастарға берген батасы» (Бауыржан бата береді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет