Мұғалімдер үшін марапаттың ең кереметі Ы



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата08.01.2017
өлшемі2,85 Mb.
#1464
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

                                                                                                                            Қ.Ә.Байдалиев 

63 


«Болашақ   маманның тұлғалық құзыреттілігі».                                           К. У.Ишанова

 

65 



 

Сабақтан тыс шара

 

 



«Ана - ӛмірдің шуағы».                                                                               

С. И. Раймкулова

 

68 



Интеллектуальная игра «Умники и умницы».                                         Г. М. Сагидуллина

 

71 



Ғашықтар күніне арналған  «Азамат жігіт – Ару қыз» топаралық сайысы.

 

                                                                                                                Ж. А. Таттигалиева

 

74 



 

Толғаныс

 

 



Наурыз  мерекесі  қалай   ӛткіземіз?                                                    Н. Т. Есенаманова

 

77 


«Ұстаз» №1 (66) 2015 

 

84 



 

«Ӛрлеу»    біліктілікті  арттыру  ҧлттық  орталығы»  АҚ  филиалы  «Батыс  Қазақстан  облысы 

бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру   институты» 

   


ustaz.jurnal@rambler.ru

                                                                 тел:. 8(7112)24-13-70 

 

 

 



 

                                                     Ғылыми-әдістемелік «Ұстаз»  журналының қосымшасы

 

 

Сіздерді шұғылалы кӛктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен 

және кӛктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс тіршілігін табиғат 

анамен тығыз байланыстырған - 22 наурыз мерекесімен шын жүректен 

құттықтаймын! 

Біздің  қазіргі  қоғамымызда  әйел  тек  отбасының  береке-бірлігін  ойлайтын  тұлға 

ғана  емес,  ол  мемлекеттің  ӛмірге  және  саяси  мәселелерге  белсене  араласатын  қоғам 

мүшесі.  Сондықтан  біздің  елімізде  әйел  адамның  әлеуметтік  қорғалуына,  олардың  ӛмір 

сүру деңгейін арттыруға ерекше маңыз беріледі. Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, 

отбасының, Отанның мерейі. 

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі 

биік  елдіктің  іргесі  сӛгілмес  бірліктің,  ырыс  пен  ынтымақтың  мерекесі  болып  келген. 

Тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем кӛгеріп, кӛктейтін шақ. 

Қыстың  қыспағынан  құтылып,  арқа-бас  кеңейетін,  мейрам-шаттыққа  кенелетін  осынау  жайдарман 

шаққа жеткен әрбір жанды шығыстың жаңа жылымен құттықтаймын! 

Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Әрқашанда аспанымыз 

ашық,  кӛк  туымыз  кӛкте  желбіреп  тұра  берсін.  Қой  жылы  ел  тыныш,  туған  жер  аман  болып,  әр  отбасында 

шат кӛңіл, бақыт пен береке шаттық құрсын! 

Ұлыс оң болып, Қыдыр ата қолдап жүрсін! Мерекелі тірлік, берекелі бірлік жасай берсін!

 

 



Құрметпен,  

институт директоры С. С. Измуханбетова 

  

 

«Әйел  –  Ана,  әйел  – 

бақыт,  әйел  –  жыр...»  

осы 

сӛздердің 

астарында  қаншама 

мағына 

жатыр 

десеңізші...    Ҥнемі 

дӛңгелек 

жҥзінен 

мейірімділіктің  лебі 

есіп,  жайдарлы  да 

әдемі 

келбетімен 

дараланып 

тҧратын, 

тамаша 

ҧстаз, 

әріптесіміз,  тақырыбымыздың  арқауы  болар 

жан – Кҥләш Мҥбәрәкқызы Мҧратова бҥгінде 

зейнеткерлік жасқа жетіп отыр.        

          Тәуелсіз  ел  атанып,  тӛбемізге  ту  тігіп, 

тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды 

танытып  жатқан  кезеңде  ҧлттың,  елдің 

болашағы  –  жас  ҧрпақ  тәрбиесіне  кӛңіл 

бӛлінген  шақта    ғҧмырының  35  жылын 

педагогикалық 

салаға 

арнаған 

Кҥләш 

Мҥбәрәкқызының  кәсіби  шыңдалған  ҧстаз 

екенін  ӛмір  жолдарының  ӛзі    дәлелдеп 

тҧрғандай.    

«Ұстаз» №1 (66) 2015 

 

85 



 

       Күләш  Мүбәрәкқызы  1957  жылдың  18 

наурызында  Батыс  Қазақстан  облысы,  Чапаев 

ауданы  (қазіргі  Ақжайық),  Бітік  ауылында 

дүниеге  келген.  Қарапайым  отбасында  жарық 

дүние  есігін  ашқан  Күләш  апай  үлкен 

шаңырақта  тәрбиеленді.  Сыныптай  сырғыған 

оқушылық 

ӛмірін 

Первомай 



совхозының 

мектеп-интернаты 

қабырғасында 

ӛткізіп, 

аталған 

білім 


ошағын 

1974 


жылдары 

тәмамдайды.  

-Сол кездері тек қана екі-ақ мамандықты 

таңдаушы едік. Біреуі дәрігер мамандығы болса, 

екіншісі  –  мұғалім.  Мен  ӛзім  бала  кезімнен 

дәрігер  болуды  армандап  едім.  Қазақ  тілі 

пәнінен Марияш Оспанқызы деген ӛте ұлағатты 

ұстаз 


сабақ 

берді. 


 

Осы 


пәнге 

қызығушылығымды  оятқан да сол кісі. Ол мені 

жалпы  қазақ  тілі  пәні  бойынша  дайындады.  

Мектеп  қабырғасында  жүріп,  олимпиадаларға 

қатысып, 

жүлделі 


орындардан 

кӛрініп, 

мазмұндама,  шығармалардан  үнемі  бестік  баға 

алатынмын. Оныншы класта мамандық таңдаған 

кезде  қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің  мұғалімі 

боламын  деп  шештім.  Марияш  Оспанқызы 

маған:  «Сенен  жақсы  тіл  маманы  шығады»,  - 

дейтін.  

      Сӛйтіп,  кейіпкеріміз    онжылдық  мектепті 

аяқтап,    бұрынғы  А.Пушкин 

атындағы 

педагогикалық  институтқа  құжат  тапсырады. 

Ондағы ойы – тіл маманы болу еді. 

–  1974  жылы  қалаға  келген  кезде, 

Жүрсін деген құдашам  қарсылап, пәтеріне алып 

барды.  Мектепті  жаңа  бітірген  кезім,  қаланы 

жетік  білмеймін.  Құдашам  екеуіміз,  институтқа 

бет  алдық.  Құжат  тапсыратын  тізімге  қарап 

тұрсақ,    қазақ  тілі  мен  әдебиеті  және  тарих 

пәніне  қабылдау  емтихандары  бірдей,  алайда 

қазақ  тіліне  құжат  тапсырғандардың  саны 

басымырақ  болды.  Содан  құдашам  қазақ  тілі 

бӛліміне  кісі  кӛп,  ӛте  алмай  қаласың,  одан  да 

тарихқа  тапсыр,  –  деді. Сӛйтіп,  тарихқа  тапсыр 

дегенге,  мен  де  тапсыра  салыппын.  Әрине, 

тарихты  жақтырмаймын  деп  айта  алмаймын. 

Тарих пәнінен де жақсы мұғалімдер сабақ берді.  

Сӛйтіп тарихшы болып шыға келдім.  Мектепте 

оқып  жүргенде  Баян  деген  құрбым  екеуіміз 

Алматыға  барамыз  деп  дайындалдық.  Ӛкінішке 

орай,  онжылдықты  аяқтар  шақта  ол  ауырып 

қалды да, Алматы қаласына бара алмай  қалдық.  

Мен    де  бір  ӛзім  үлкен  қалаға  аттануға  бата 

алмадым, – деді ұлағатты ұстаз.  

      Күләш  Мүбәрәкқызы  1979  жылы    Орал 

қаласындағы 

А.С.Пушкин 

атындағы 

педагогикалық 

институттың 

тарих 

және 


педагогика  факультетін  тарих,  қоғамтану  пәні 

мұғалімі  және  тәрбие  әдіскері  мамандығы 

бойынша  бітіріп,  алғашқы  еңбек  жолын 

Жаңақала  ауданы,  Жаңақала  орта  мектебінде 

бастады.    Жоғары  оқу  орнын  бітіріп,  жастық 

жігерімен  жұмысқа  кіріскен  жас  маман,  1983 

жылға  дейін  Жаңақала  ауданында    мамандығы 

бойынша еңбек етті.  

   1983-92 

жылдары 


отбасы 

жағдайымен 

Жезқазған  облысының  Жайрем  қаласында 

тұрып,  мектепте  орын  болмауына  байланысты 

Жайрем 

кен 


байыту 

комбинатында 

ведомстволық  балабақша  тәрбиешісі,  кейін  аға 

тәрбиеші-әдіскер ретінде жұмыс жасады.  Қазақ 

мектептерінде  орын  болмағандықтан,    1983-86 

жылдары  орыс  балабақшасында  жұмыс  жасап,  

1986  жылы  тұңғыш  «Қарлығаш»  деген  қазақ 


«Ұстаз» №1 (66) 2015 

 

86 



 

балабақшасы  ашылып,  сонда  әуелі  тәрбиеші, 

одан  кейін  әдіскер  болып  еңбек  жолын 

жалғастырды. 

      Күләш Мүбәрәкқызы 1992 жылдары қасиетті 

туған  жер  топырағына  оралып,    орта    мектепте 

тарих 

пәнінің 


мұғалімі 

және 


интернат 

тәрбиешісі болып еңбек етеді. 1995 жылы облыс 

орталығына  қоныс  аударған  Күләш  апай  2003 

жылға    дейін  М.Ықсанов  атындағы  №36  орта 

мектепте  тарих  пәнінен  дәріс  береді.  Ортасына 

сыйлы, 


ӛз 

ісіне 


тиянақты, 

жүктелген 

жауапкершілікті  абыроймен  атқарған  ол  2003-

2006 


жылдар 

аралығында 

«Ақ 

ниет» 


гимназиясында  мамандығы  бойынша  еңбек  ете 

жүріп, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс 

бойынша    орынбасары  міндетін  қоса    атқарды. 

2007-2008  жылдары  азаматтық  білім  беруден 

«Азамат  Жобасы»  бағдарламасы  бойынша 

Батыс Қазақстан аймағында тренер болды.  



    Ұлағатты  ұстаз,  тәжірибелі  маманның 

жеке  ӛміріне  тоқталатын  болсақ,  ата-анасы 

қарапайым  ауыл  еңбеккерлері.  Күләш  апай  он 

баланың  екіншісі.  Ол  Жаңақалада  тұрмыс 

құрып,  екі  баланың  анасы  атанады.  Жолдасы 

қарапайым  еңбек  адамы,  жүргізуші  болып 

жұмыс  жасайды.    1981  жылы  дүниеге  келген  

ұлы    Жаңақалада,  ал  1984  жылғы  ұлы 

Қарағанды  облысында  дүниеге  келеді.  Екі 

баласы  да    отбасын  құрып,  ӛз  алдарына 

шаңырақ  түтетіп  отырған  бір-  бір  үйдің 

отағасы.  Бір  баласы  сауда  саласында  еңбек 

етсе,  екіншісі  КПО.б.в  компаниясында  Ақсай 

қаласында 

қызмет 

етуде. 

Тәтті 

қылықтарымен сүйсіндірер Айлана, Илана және 

Алияр атты немерелері бар. Келіндері де білімді 

мамандық иелері.  

-Тұңғыш немерем Айлана алты жаста, даярлық 

тобына барып жүр. Орысша, ағылшынша онға 

дейін 

санайды. 

Ағылшынша 

тақпақты 

тақылдап  тұрып  айтады,  -дейді  сүйікті  әже 

немересінің бал қылығына сүйсініп.   

  1995  жылы  білікті  ұстаз  М.  Ықсанов 

атындағы  №36  мектепте  алтыншы  класқа 

жетекшілік  жасап,  2001  жылы  алғашқы 

түлектері  мектеп  бітірерде  Тәуелсіздіктің  10 

жылдығы  қарасаңымен  тұспа-тұс  келіп,соңғы 

қоңырау  салтанатына      облыс  әкімі 

Қ.Кӛшербаев, қала әкімі В.Мұқатаев, облыстық 

білім  басқармасының  басшысы  Е.Қасымбеков 

келіп,  қатысты.    Күләш  апай  әлі  күнге  дейін 

білім  ұясынан  түлеп  ұшқан  қарлығаштарымен 

тығыз  байланыс  орнатып  келеді.  Қазір 

түлектері  әр салада жемісті еңбек етуде.  

     2006  жылдың  шілде  айынан  БҚО  педагог 

кадрлардың  біліктілігін  арттыру  және  қайта 

даярлау 


институтына 

келеді. 


Әлия 

Борисқызымен  бірге  түрлі  олимпиадалар, 

ғылыми  жоба    ұйымдастырып,      озат  тәжірибе 

мектебін  басқарды.    Ол  әдіскер  болғандықтан  

тәрбие  жӛнінде  кӛптеген  басылымдарды  оқып, 

оның  сан  саласы  бойынша  дайындалды.  2012 

жылдан  бастап  кафедраның  аға  оқытушысы, 

2013  жылдың  наурызынан  бастап  тұлғаны 

тәрбиелеу  және  әлеуметтендіру  кафедрасының 

меңгерушісі  қызметін  үлкен  жауапкершілікпен 

атқарып келеді. 

    -    2007-2011  жылдан  бастап    патриотизм, 

адамгершілік,  тәрбие  саласында      облыстық 

конференциялар 

ӛткіздік. 

2006 


жылы 

институтқа  келгенде тәрбиеге қатысты  «Құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу»,  «Толиранттылық 

сабақтары», 

«Жас 

ұрпақты 


тәрбиелеу», 

«Азаматтық  және  патриоттық  тәрбие:  жағдайы, 

мәселелері  және  шешу  жолдары»  т.б.  шаралар 

және  дәстүрлі  түрде  ӛтетін  «Алтын  ұя» 

байқауын институт ұйымдастыратын, ал бүгінгі 

таңда  облыстық  білім  басқармасы  қолға  алды. 

Жыл  сайын  облыс  педагогтерінің  басын  қосып, 

республикалық, 

халықаралық 

деңгейдегі 

конференциялар мен семинарлар  ұйымдастыру 

жолға  қойылды.  Осындай  түрлі  шараларға 

республика  кӛлемінде  қонақтарда  шақырылып 

тұрады, – дейді К.Мұратова. 

       Күләш  Мүбәрәкқызының  2006  жылдан 

бастап 


бірқатар 

әдістемелік 

жинақтары, 

әдістемелік  құралдары,  ұсынымдары  және 

мақалалар  жинақтары  жарық  кӛрді.    Сонымен 

бірге  тәжірибелі  ұстаздың  институт  жанынан 

шығатын  «Жайық  ұстазы»  және  «Ұстаз» 

журналында  және  облыстық,  республикалық 

басылымдарда  тәрбиеге  қатысты  сан  алуан 

мақалалары жарияланып келеді.  

-

 

2013  жылы  Астана  қаласында  болып, 



Білім 

және 


ғылым 

министрлігінің 

тапсырмасымен  12  жылдық  оқыту  аясында  бес 

облыстан 

Астана, 

Қарағанды, 

Ақтӛбе 

қалаларынан  келген  мамандар  ҚР  Білім  және 



ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта 

білім  департаментінің  директоры  Жонтаева 

Жаңыл Алпамысқызының қабылдауында болып, 


«Ұстаз» №1 (66) 2015 

 

87 



 

жаңа  тұжырымдаманың  жобасын  жасадық,  – 

дейді кейіпкеріміз.    

   Ӛз  ісінің  маманы  Күләш  Мүбәрәкқызы 

қалалық  білім  беру  бӛлімі,  облыстық  білім 

басқармасының 

«Құрмет 

грамотасымен», 

ОПКБА және ҚДИ-дың «Алғыс хатымен» және  

«Ӛрлеу»  БАҰО  АҚ  филиалы    БҚО  ПҚБАИ 

«Құрмет грамотасымен» маратталды. Жаңа әдіс-

тәсілмен  түрлендіріп  жұмыс  істейтін,  білікті, 

шебер  маманды  ұжымы,  кӛпшілік  қауым  әр 

уақытта үлгі тұтады.   

–  Қазір  «Ӛрлеу»  болып  құрылымы  ӛзгерді. 

Бұрын  орталық  болатын,  қазір    кафедраға 

айналды.  Алғашында  әрине  қиындау  болды, 

қазір 


ӛз 

жұмысымызға 

әбден 

тӛселдік. 



Міндетімізді  жақсы  түсінеміз.  Ӛзіміз  де  кӛп 

нәрсені  үйрендік.    2013  жылдан  бастап 

меңгеруші  болып  жұмыс  жасаймын.  Ӛте 

жауапты  іс.  Негізгі  міндетіміз  –    дәріс  беру, 

білімімізді,  біліктілігімізді  облыс  педагогтеріне 

тарату.  Кафедраның  бір  ерекшелігі  –  бірнеше 

категория  бойынша  жұмыс  жасайтыны.    Біздің 

кафедра  мектеп  директорларынан  бастап, 

әлеуметтік  педагог,  қосымша  білім  беру, 

колледж,  дене  тәрбиесі,  сынып  жетекшісі, 

музыканттар,  тәлімгерлер  т.б.  категориялармен 

жұмыс  жасайды.  Оған  қаншама  дайындық 

керек.  Әріптестерім  туралы  айта  кетсем,  Сайра 

Кировқызы  менен  бұрын  жұмыс  істеп  келеді. 

Ақжарқын 

Жексенбайқызын 

ӛзімнің 

кафедрамның  мүшесі  деп  санаймын.    Жеміс 

Әнесқызы, 

Зайлағи 


Валиұлы, 

Рысханым 

Жолбосынқызы  ӛз  ісінің  білікті  мамандары. 

Әскербек Тұрланұлының келгеніне кӛп болмаса 

да,  ӛте  еңбекқор  екенін  байқатты.    Институтта 

ұйымдастырылатын 

іс-шаралар 

Сайра 


Кировқызысыз,  спорттық  сайыстар  Зайлағи 

Валиұлысыз  ӛтпейді.  Қандай  сайыс  болмасын 

барлығы  бір  кісідей  атсалысады,  ән  де  салады, 

доп та ойнайды, –  деп, кейіпкеріміз ұжымының 

ұйымшылдығын мақтанышпен жеткізді.   

          Шәкірттерін  білім  нәрімен  сусындатып, 

тәлім-тәрбие  беру,  жақсы  қасиеттерді  бойына 

дарытып,  адамгершілік  рухта  бағыт-бағдар 

беруде  ұстаздың  еңбегі  зор.  Сондықтан  бүгін 

әңгімеге 

тартқан 

Күләш 


Мүбәрәкқызы 

әріптестері арасында да әрдайым қасиетті тұлға 

ретінде ерекшеледі.    

     


Толқын ЗӘКӘРИЯҚЫЗЫ  

 

 

 

 Б.С.Туржанова, 

 

«Ӛрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»    

АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ», 

Талдау және мониторинг бӛлімінің басшысы

 

 

Күләш Мүбәрәкқызы - асыл жар, қадірлі ана, мейірімді ене, сүйікті әже.  

«Тәрбиелі  бала  инабатты  анадан  шығады»,-  демекші  екі  ұлына  берген    тәрбиесін  

еңбекпен  жалғастырып  отырған  Күләш  Мүбәрәкқызы  үш  немеренің  әжесі,  берекеті  мен 

шаттығы тасыған отбасының ұйтқысы. 

Еңбек  жолын  қарапайым  мұғалімдіктен  бастаған  Күләш  -  әдіскер,  тренер,  аға  оқытушы,  кафедра 

меңгерушісіне  дейінгі  аралықта  айтқан  уәдесіне  берік,  берілген  тапсырманы  уақытында,  табандылықпен  

орындайтын,  жұмыс  бабында  жолдастық  қарым-қатынасты,  адамгершілікті,  жауапкершілік  пен  адалдықты   

ылғи биік ұстай алатын - ұстаздардың ұстазы.  

 Кәсіби  шыңдалу  жолындағы  іс-тәжірибелері,  әдістемелік  құралдары,  тест  жинақтары,  авторлық 

бағдарламалары республикалық, халықаралық деңгейдегі конференциялар мен семинарларда талқыланып, үздік 

бағаларға  қорғалды.  Нәтижесінде  қалалық,  облыстық,  республикалық  марапаттауларға  ие  болды.  Сонымен 

қатар  облыс  педагогтеріне  де  іс-тәжірибелерін  таратуда    үлгі  насихат  жүргізіп,  кӛмегін  аямаған,  түрлі 

байқаулар мен сайыстарға жетелеген – ӘРІПТЕС. 

Әріптесіміздің  алдынан  ӛткен  жүздеген  шәкірттері  де  ғылыми  жобалар  мен  олимпиада  жүлдегерлері, 

жоба жұмыстарының жеңімпаздары, қазіргі білім мамандары әр салада еңбек етеді. Ұстазының жеке баланың 

қабілетін ашуда ерінбей шығармашылыққа баулып тәрбиелегенін мақтанышпен айтады. 

Құрметті  зейнетке  шығу  жолында  жалпы  педагог  қауымға,  болашақ  жас  ұрпаққа  берген  тәлім  –

тәрбиесі,    игі  істері,  адал  еңбегін  мақтан  тұтқан,  әріптесімізге  «аяулы  әже»  ретінде  немере  тәрбиесінде  игі 



істердің жаршысы болуына тілектестік білдіреміз!

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет