Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Тәрбие беру тәжірибесін алмасу жөніндегі конференциялар



бет44/48
Дата20.05.2023
өлшемі0,87 Mb.
#95526
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Семинар 9

Тәрбие беру тәжірибесін алмасу жөніндегі конференциялар. Конференцияда жанұя тәрбиесінің барлық мәселелері жөнінде емес, нақтылы тақырыптар бойынша әңгіме өткізген жөн. Мәселен, конференцияларды мынандай тақырыптарға өткізуге болады. «Балаларды еңбекке қалай баулу керек?», «Жақсы оқу үшін біз балаларға қалай көмектесеміз?», «Мектеп оқушысының режимі», «Мектеп оқушысының мінез-құлық мәдениеті», «Мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуі», «Бейімділік және мамандық таңдау», «Балалардың жазғы демалысы» т.б
Конференциялар шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі:

  1. Кіріспе сөз. Конференция өткізудің міндеттері мен тәртібі туралы сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.

  2. Баяндама. Бала тәрбиесінің нақтылы мәселелері жөнінде ата-аналардың қысқаша баяндамалары.

  3. Пікір айтушылар. Тақырып бойынша ата-аналар өз пікірлерін айтады.

  4. Қорытынды. Мектеп директоры немесе сынып жетекшісінің конференция қорытындысын шығаруы.

Кейде конференцияға қатысушылар үшін тәрбие мәселелеріне арналған педагогикалық және көркем әдебиет көрмесі ұйымдастырылады, нұсқау материалдары баяндалады.
Ата-аналардың назарын қызу талқылауға аудару үшін конференцияға шақыру хатта талқыланатын негізгі мәселелерді атаған жөн.
Мәселен, егер конференция мектеп оқушыларының жанұядағы еңбек тәрбиесіне арналатын болса, шақыру қағазда мынандай мәселелерді атап көрсету керек:

  1. Мектеп оқушысы үйде қандай міндеттер атқарады?

  2. Бұл міндеттерді бала қалай орындайды?

  3. Дене еңбегінің дағдылары қалай қалыптасады?

  4. Балалар еңбекте елгезектікке, ұқыптылыққа қалай үйретіледі?

  5. Жанұядағы еңбек міндеттері қалай бөлінеді?

  6. Ашық есік күнін өткізу

1 Аптасына бір рет ашық есік күнін өткізген жөн. Өзім жетекшілік ететін үшінші сыныпта ашық есік күні деп сәрсенбі күнін белгілегенмін. Сол күні ата-аналар балаларының сабағына енеді, тәрбие сағаттарын көреді. Және әр балаға арналған «Ата-анамен байланыс» дәптеріне сабақ жайлы, баласы жайлы пікірлерін жазып кетеді. Ашық есік күніне барлық ата-аналар қатысу мүмкіндігі бар.
2 Бала тәрбиесі қай уақытта болсада өзекті мәселе болып келе жатыр.
3 Нұр Отан партиясының ХІІІ сьезінде ел басымыз, президент Н.Ә. Назарбаев «Баланың бас ұстазы ата-ана» дей келе бала тәрбиені ең алдымен ата- анадан алатынын нұсқады. Ел басы сөзін жалғай келе ауылда өскен бала
4 мен қалада өскен баланың тәрбиесінде айырмашылық бар екенін салыстыра келіп, қалада өскен балаға ата-ананың қарауға уақыттарының аз екендігін айтып, бала тәрбиесінің ата-ананың назардан тыс қалдырмауының қажеттігін түсіндіреді. Ғалымдардың дәлелдеуінше бала өміріне қажаттіні мектепке дейінгі отбасындағы тәрбиеден алады, мектеп соны дамытады, санаға сіңіреді, өмірге дайындайды.
5 Халық даналығында: «Баланы әуелі мейір – шапағатқа, онан соң ақыл – парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы», - дейді. Осы қағидаға орай дана бабамыз Бұқар жырау: «Баланы туғаннан бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай
6 сырлас» - деген екен. Баланың ақыл –парасатын дамыту үшін әрбір атқармақ жұмысты ата-ана, мұғалім баламен ақылдасып мәслихатқа тартып отыру керек.
7 Ақылдасуда баланың оның ыждағаттылықпен тыңдап, дұрыс ойын қабылдап, бұрыс ойына ақыл-кеңес беріп, түзетіп отыру қажет. Бұл айтылғандардың қай –қайсы да жүйелі білім алуға, тәрбие бастауларын ерте бастан сіңіріп қабылдауға оң ықпал етеді. Асылы, жас ұрпаққа отбасында берген тәлім –тәрбиенің өміршеңдігін уақыт, тәжірибе көрсетіп жүр. Әдептілікті балаға үйрету үшін ата-ана, мүғалім әуелі өзі әдепті болуға міндетті. Өйткені, он айтқаннан гөрі өздерінің бір рет көрсетуі әлдеқайда әсерлі болады. Ақылды да парасатты, мәнді де мағыналы тәрбие алған жастарымыз көп болғай, әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет