Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі



бет38/48
Дата28.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#130932
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Сонымен, сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге (бұйымды жасау үшін қолданылатын материалына қарай, бұйымдарды қолдануына қарай; дайындау әдісіне қарай; көркемдік әшекейленуіне қарай; мағынасына қарай) септігін тигізді.
Анықтау экспериментінің нәтижесі оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерінен білімінің төмендігін, «Технология» пәні сабағында сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиясын жан-жақты меңгеруге, технологиялық мәдениетті қалыптастыруға байланысты жұмыс формалары мұғалімдердің бұл саладан арнайы даярлықтарының жоқтығына байланысты ішінара қарастырылатынын көрсетеді.
Бұны мұғалімдердің сауалнамаларға берген жауаптары дәлелдейді. Мысалы, «Технология» пәні бағдарламасында берілген қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиялық мәдениет проблемасын толығымен шеше алады деп ойлайсыз ба?» деген сауалға: 15% - «иә», 52% - «жоқ», 20% - «ойламаппын» деп жауапсыз берсе, 10% - сұрақты жауап қалдырды. Мұндай көрініс мұғалімдердің бағдарламаға енгізілген тақырыптармен ғана шектелетінін, оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің шешімін өздігімен дербес іздестірмейтіндігінен туындап отыр. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына жасаған талдау да қарастырылып отырған мәселеге аса мән бермейтінін айғақтайды.
Біз осының бәрін ескере отырып оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында бүгінгі негізге алынып жүрген 8-ші сыныпқа арналған «Технология» пәні бағдарламасының «Сәндік-қолданбалы өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері», «Түксіз кілем тоқу» бөлімдеріне педагогикалық талаптарды, оқушылардың меңгеретін білім, іскерлік, дағдысын ескере отырып қосымшалар жасадық. Бұл бөлімдерге не бәрі 16-20 сағат көлемінде уақыт бөлінетіндіктен (бұл әрине аз) біз қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін оқушыларға меңгертуді үйірме сабағы арқылы жүзеге асыруды жөн көрдік. 5-9 сыныптармен кезеңдеп өтетін үйірме жұмысының жылдық жоспарын жасадық.
Бағдарламаларға ендірілетін сәндік-қолданбалы өнер түрлері тақырыптарының мазмұнын нақты өлшемдер арқылы (қарастырылатын мәселенің баланың жасына қарай түсінікті болуы, көркемдік құндылығы, орындалу технологиясының жеңілдігі) сұрыптадық.
Қалыптастыру эксперименттің бірінші кезеңінде «Технология» пәні бағдарламасының бөлімдеріне арнап жасаған қосымшалар жүзеге асты. Оқушылардың анықтау эксперименті кезінде берген жауаптарының нәтижесі, ұсыныстары ескерілді, сабақты меңгеру барысында киім тігу, кілем тоқу технологиясына, аса назар аударылды. Оқушылардың техникалық-технологиялық білімі мен іскерлігін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілді. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделін кезеңдеп жүзеге асыратын (ұйымдастыру даярлық кезеңі, көркем-конструкторлық, технологиялық кезең, қорытынды кезең) сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жобалау кезеңдері айқындалды (2-сурет). Бұл кезеңдер оқудың барлық сатыларынан өтеді, оқушылардың дербестілік деңгейі мен оқу материалының күрделілігі сыныптан-сыныпқа өсіп отырады. Сәндік қолданбалы өнер технологиясы іс-әрекеттің нақты нәтижесін, оқушылардың танымдық және әлеуметтік қызығушылық бағдарын болжайтын практикалық-бағдарлық тәсілге негізделеді.
Қалыптастыру экспериментінің осы кезеңінде мектеп мұғалімдеріне арнап «Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиясының өзіндік ерекшеліктері» тақырыбы бойынша семинар жүргізілді (10 сағат, оның 4 сағаты лекция, 6 сағаты лабораториялық-практикалық сабақтар). Мақсаты-мұғалімдерді қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің жасалу технологиясымен, технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктерімен таныстыру және оларды оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануға үйрету.
Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде үйірме жұмысының жоспарына енген тапсырмалар қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға, жалпыдан жекеге қарай үйрету қағидалары арқылы жүзеге асырылды. Оны оқушылардың үйріме жұмысы барысында меңгерген білім мазмұны айғақтайды. Мәселен, егер «Ынталылар тобы» (5-6 сынып) үйірме жұмысында: құрақ құрау, кестелеу, бастырмалау технологиясын меңгерсе, «Іскерлер тобы» (7-8 сынып) ши тоқу, сырмақ сыру, киіз, текемет басу технологиясының қыр-сырын меңгеріп, оны өздері дербес жасауға талпынды, ал «Шеберлер тобы» (9 сынып) кілем (түкті, тақыр) тоқу, ұлттық бас киімдер жасау технологиясын меңгерді, оларды жасауда шығармашылық ізденіске бағдарлады. Оқушылардың меңгерген білім, іскерлік деңгейі кішігірім (естелікке ұсынатындай) «құрақ көрпе» жасау, «ши тоқу», «тақыр кілем тоқу», «Қазақтың дәстүрлі қолөнері» тақырыбына шығарма жаздыру арқылы айқындалды. Тапсырмалар бойынша жасалған бұйымдардың мазмұны оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолөнеріне қызығушылығын арттырып, оларды жасау технологиясынан іскерлігін шыңдаса, шығармалардың мазмұны «қол өнер», «ою-өрнек», «сәндік өнер» ұғымы саласынан теориялық, технологиялық білімінің тұрақтала түскенін, оларды күнделікті өмірде еркін пайдалана алатынын көрсетті. Алынған нәтиже оқушылардың «Технология» пәнінен алған білім, іскерлігін міндетті түрде үйірме жұмыстарында логикалық бірізділікте жетілдіріп отыру қажеттігін дәлелдейді.
Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыс формалары мен әдістері (шеберлермен кездесулер, пікір-талас, дөңгелек стол, «Ою-өрнек өнері әлемінде» апталығы, «Ою-өрнек сыры» диспут және т.б.) оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда елеулі рөл атқарды, жұмыс нәтижесі диссертацияда баяндалады.
1. Ғылыми әдебиеттерге (философиялық, психологиялық-педагогикалық, мәдениеттану) жасаған талдау әлемдегі әлеуметтік экономиканың түрленіп дамуына, әрбір адамның іс-әрекетін түрлендіруге талаптардың артуына және проблеманың теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуіне байланысты жеткіншектердің технологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасының көкейкесті екенін дәлелдейді.
2. Оқушы тұлғасының технологиялық мәдениеті дегеніміз – оқушының түрленген іс-әрекетті тиімді жүзеге асырудағы субъективті шарттары болып табылатын жеке басына тән психологиялық ерекшелігі. Ол мотивтер мен құндылықтар жүйесін, қайта өңделген іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті ғылыми және технологиялық білім, іскерлік, дағды жүйесін, сондай-ақ осы іс- әрекетке ендіруге қажетті тәжірибені қарастырады.
Технологиялық мәдениетің құрылымдық компоненттері болып: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттер саналады. Бұл компоненттердің өзара байланысы практикада анықталған, зерттеліп отырған проблеманың тұтастығын сипаттайды. Эмоционалдық-мотивациялық компонентінің қалыптасуына байланысты білім саналы түсінікпен, тиянақты меңгеріледі және іс-әрекет тиімді ұйымдастырылып, орындалады; мазмұндық компонент іс-әрекеттің болашағын, оқушылардың өзара қарым-қатынас сипатын анықтайды; іс-әрекеттік компоненттің мазмұны мотивациялық саланың, құндылық бағдардың, адамгершілікті-еріктік қасиеттерінің дамуына ықпал етеді, ойлау әрекетін белсендендіреді.
3. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге септігін тигізеді және оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратынын айғақтайды.
4. 5-9 сынып оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға жасаған талдау оқу-тәрбие процесінде қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында жан-жақты пайдалануға болатынын дәлелдейді.
5. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру моделінің тиімділігі тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелерімен дәлелденеді.
6. Ұсынылған модельді төрт кезең арқылы жүзеге асыру (ұйымдастыру-даярлық кезеңі, көркем-конструкторлық кезең, технологиялық кезең, қорытынды кезең) оқушылардың өздігімен дербес жұмыс істеу деңгейінің өсуіне, оқу материалдарын сыныптан-сыныпқа біртіндеп күрделендіріп отыруға мүмкіндік берді.
7. Айқындалған және эксперименттік тексерістен өткен педагогикалық шарттар (қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер негізінде құрылған оқу материалдарының мазмұнын оқушының қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне қарай сұрыптау; оқытудың белсенді формаларын, әдіс-тәсілдері мен құралдарын пайдалану; оқушылардың өзара әрекетін ынтымақтастық, өзара көмек, жұмысты бөліп беру (тапсыру) принциптеріне негіздеу) модельді тиімді жүзеге асыруда қажет болып саналады.
8. Тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижелілігі қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениеті қалыптасуының өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері бойынша айқындалды.
9. Бағдарламаларға жасалған қосымшалар, әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар мұғалімдерге оқу-тәрбие процесінде қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін меңгерту жағдайында оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлкен септігін тигізді.
10. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалануға байланысты мұғалімдермен өткізген семинар жұмысы олардың осы проблема саласынан білім, іскерлігін айтарлықтай жоғары деңгейге көтерді.
Жүргізілген зерттеу жұмысы күрделі де көпсалалы болғандықтан, оның бағытының бәрі шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері негізінде оқушылардың технологиялық мәдениетін сыныптан тыс іс-әрекеттерде қалыптастыру; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға оқытушыларды даярлау және т.б. мәселелер зерттеуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет