Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет54/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68
Байланысты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар ҚР

3.5. адекватты өмір сүру 
деңгейі және әлеуметтік 
қорғау
Бала құқығы туралы конвенцияда және 
Мүгедектер құқығы туралы конвенцияда «то-
лымды және лайықты өмірге» кепілдік беру үшін 
мүгедектігі бар балаларды ерекше күтіммен 
және қажетті әлеуметтік көмекпен қамтамасыз 
ететін мемлекеттің міндеті нақты мазмұндалады
4

«Толымды және лайықты өмірді» әр баланың 
әлеуметтік интеграцияланған өмірі ретінде 
түсіндіруге болады және осы үдерісте мемлекет 
тарабынан көмек ұсыну нақты рөл атқара алады.
Әртүрлі мүдделі топтар мүгедектігі бар балаларға 
жасалатын күтім көп отбасын өз бетінше көтере 
4 БҚК 23-бабын қараңыз.
77


алмайтын көп шығынды қажет ететінін құптады. 
Сырттан көмек алмайтын және отбасының бір 
мүшесі ақы төленетін жұмыстан балаға күтім жа-
сау үшін бас тартатын отбасыларға әлеуметтік 
жәрдемақылар, маңызды ресурс болып табы-
лады. Бір фокус-топқа қатысқан мүгедектігі 
бар баланың ата-анасы, мемлекет беретін 
әлеуметтік жәрдемақыларға қарамастан, көп 
шығындарды өз қалтасынан төлеу керек бо-
латынын атап көрсетті. Бір ата-ана былай деп 
атап көрсетті:
«Мен бар ақшамды дәрі-дәрмекке жұмсауға 
мәжбүрмін» (1-ата-ана; ФГ5). 
Екіншісі былай дейді: 
«Ауруханаға барғанда барлық ем ақысыз 
негізде ұсынылады, бірақ одан шығарғаннан 
кейін барлық дәрі-дәрмекті өз қаражатымның 
есебінен сатып алуға тура келеді» (5-ата-ана; 
ФГ5).
Көптеген қажетті шығындар мемлекет 
ұсынатын ақшалай жәрдемақы немесе 
жабдықтар/қызметтер есебінен өтелгенімен
көптеген респонденттер дәрі-дәрмек және 
профилактикалық (паллиативтік емес) ем 
сияқты шығындар санатына ол ақшаның жет-
пей жататынын атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет