Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет53/68
Дата03.11.2023
өлшемі3,63 Mb.
#122018
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
«Бұл балаларға, әрине, көп уақыт бөлінеді. 
Қараңыздаршы, біздер осы бір үш мүгедектігі 
бар бала үшін бәріміз жиналып отырмыз. Өз 
балаларымызға бола емес, осы үш бала үшін 
жиналдық. Әрдайым кейбір көрсеткіш сынып-
тар ұйымдастырылады.. біздің балаларымызға 
емес, осы балаларға арнап. Бұл балаларға, 
әрине, біздің балаларымызға қарағанда көп 
көңіл бөлінеді». (3-ата-ана; ФГ7). 
Мұндай қарым-қатынастар мүгедектігі бар ба-
лалар мен сау балалар арасындағы достыққа 
әсер етуі мүмкін. Мүгедектігі бар балалардың, 
дәл сол сияқты мүгедек емес балалардың 
көпшілік ата-аналары мүгедектігі бар 
балалардың мүгедектігі жоқ балалармен тығыз 
достық қарым-қатынас жасауы өте сирек боа-
тынын айтады. Бірақ бұл дерек бойынша нақты 
түсініктер берілмегенімен, ата-аналардың 
қарым-қатынасы белгілі бір рөл атқаруы мүмкін. 
Дәл сол уақытта мүгедектігі бар балаларға бай-
ланысты табу мен стигманың кейбір белгілері 
азайғаны да байқалады. Бірнеше респондент 
мемлекеттік қызмет көрсетуді мысал ретінде 
келтірді. Оқытушылар сыныптағы балалардың 
әлеуметтік ұйымшылдығын арттыру үшін 
даярлық қажеттілігі туралы талқылап жатқанда, 
басқа респонденттер мүгедектікті әлеуметтік 
тану тәсілі дәрежесінде әлеуметтік қызметтерді 
арттыруды ескертті:
«Бәлкім, әлеуметтік жағдайлар біршама 
жақсарған да шығар; олар балалармен жұмыс 
істей бастады, күндізгі стационарлар ашыл-
ды, балаларға үйде қызмет көрсетіле баста-
ды. Бұрынғы балалар, өздеріңіз білетіндей .... 
үйде отырған, «оқытылмайтын балалар» де-
ген анықтама болды, олар қалыпты мектепке 
бармайтын және қамауда отыратын. Қазіргі 
уақытта әлеуметтік қызметкерлер олар-
мен жұмыс істей бастады, біршама қарым-
қатынас түрлері жасалуда. Олар күндізгі күтім 
жасалатын балалар орталығына барады, бұл 
балалар бақшасы сияқты мекеме... Қазіргі 
уақытта Қазақстанда инклюзивтік білім 
беруді енгізуге қатысты ауқымды жұмыстар 
атқарылуда, яғни мүгедек балалар сау бала-
лармен бірге бір мектепке баратын болады». 
(Үкімет аппаратының өкілі; ИН26)
Мүгедектігі бар балалар, сөз жоқ, оқшаулауға 
ұшырап отыр, терминология өзгерістері 
(«оқытылмайтын балалар» деген анықтаманың 
қолданылмауы) қоғамдастықтың мүгедектікке 
қатынасының өзгергенін білдіреді. Мүгедектігі 
76


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
жоқ балалардың мүгедектігі бар балаларға олар 
өздерін «қалыпты» сезінетіндей қарым-қатынас 
жасауды ұсынуы да қоғамның қатынасының 
өзгерген симптомы болып табылады. Үкіметтік 
мекеме директорының орынбасары ата-
аналардың өздерінің қатынасы мүгедектігі бар 
балалардың қоғам өміріне интеграциялануына 
әсер ететінін атап көрсетті: 
«...ата-аналарды мұндай балалармен жұмыс 
істеуге тарту қалыптасқан менталитетке бай-
анысты қиын болды, ата-аналар мұндай бала-
ларды жасырып ұстайды... Яғни олар жабық 
ортада өмір сүреді. Бірақ қазір ата-аналар 
бұл жағдайға дұрыс түсінікпен қарайды, 
олар балаларын қоғамға араластыруда және 
өздері де оған қуанышты. Ең алдымен олар 
жақтастарын табады және бұл өте пайдалы 
шара». (Директордың орынбасары; ИН7)
Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының 
бір-бірін табу және бір-бірімен қарым-қатынас 
жасау мүмкіндіктері жағымды қоғамдастық 
құру арқылы табуды жоюда маңызды қызмет 
атқаруы мүмкін. Мүгедектігі бар балалардың 
қоғамдық өмірге араласу мүмкіндігін артты-
ру арқылы ата-аналар бір-бірімен пікір ал-
масу үшін және қарым-қатынас жасауы үшін 
қолайлы орын табар еді. Бұл баланың және 
ата-ананың оқшаулану және шеттетілу сезімін 
азайтар еді және осы арқылы ол отбасылар мен 
балалардың қоғам өміріне етене аралсуына 
жол ашар еді. Фокус-топтардың қатысушылары 
бөліскен идеялар және сұхбаттар, бірқатар 
факторлардың мүгедектігі бар балалардың 
қоғам өміріне араласуына мүмкіндік беретінін 
көрсетеді.
1. Мүгедектік айналасындағы әлеуметтік стиг-
ма мен табу, өздеріңіз көріп отырғандай, аза-
юда, мемлекет пен азаматтық қоғам институт-
тары мүгедектік туралы хабардарлықты арттыру 
бойынша жұмыстарды жалғастыруы маңызды. 
Мұндай ақпараттық-ағартушылық қызметтер 
төмендегілерді нақты бейнелейтін түсіндіру-
тәрбиелеу кампанияларынан тұруы мүмкін:
а) мүгедектігі бар балалар мүгедектігі жоқ ба-
лалар мұқтаж болатын ресурстарға мұқтаж 
бала болып қала береді. Десек те, сыныпқа 
қабылдау белгілі бір қиындықтармен қатар 
жүруі мүмкін, білім алуда оладан да басқа 
бала сияқты кепілдік алынады. Мүгедектігі 
бар баланы сыныпқа қабылдау басқа баалар 
үшін де құнды білім алу мүмкіндіктерін ұсынуы 
мүмкін;
б) Мүгедектігі бар балалар қоғамның толыққанды 
мүшесі бола алады. Мүгедектігі бар бала-
лар болашақта өнімді өмір сүре алады, бірақ 
олай болуы үшін болашақтағы мүмкіндіктер 
мен варианттарды іске асыру үшін әр балаға 
арнап ұзақ мерзімді жоспар әзірлеу керек. 
Әлеуметтік қолдау жүйесінің жұмыс істеп 
жүрген дәрігерлері, педагогтары және басқа 
да агенттері осы жоспарлау үдерісінде ба-
сты рөл атқарады. Олардың ақпараттық-
насихаттау қызметтерінің маңызы орасан зор.
2. Мүгедектігі бар балалардың ата-ана-
лары және отбасының басқа да мүшелері 
баланың ұшырасуы мүмкін қиындықтарына 
басынан бастап-ақ дайын болулары керек. Өз 
балаларының мүгедектігі туралы отбасының 
неғұрлым көбірек мүшелері хабардар болса, 
олар мүгедектікке байланысты өз мүдделерін 
қорғай алар еді. Баланың отбасы мүшелеріне 
психология және өмірді жоспарлау бойынша 
кеңес беру ұсыну баланың қоғамға болашақта 
интеграциялануына көмектесу мақсатында 
олардың бірге жұмыс істеуіне көмектеседі.
3. Мүгедектігі бар баланың отбасының 
қоғам өміріне қатысуына қолдау білдіру ке-
рек, себебі оларды қоғамға араластыру 
олардың балаларының да қоғам өміріне ара-
ласуына мүмкіндік береді. Қолдау көрсететін 
қарым-қатынас алаңын құру мақсатында 
мүмкіндіктерді ұлғайту осы үдерісте маңызды 
рөл атқара алады. Емханалар мен мектептер, 
мысалы, мүгедектігі бар балалардың ата-ана-
ларына бір-бірімен кездесуі және ақпарат ал-
масуы үшін қолайлы орын бола алар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет