МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет133/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Дырар мешіті
Қайтар жолда пайғамбарымыздың алдынан 
қордалып қалған бірқатар мәселелер шықты. Тәбүкке 
жылжыған уақытта тұрғызылған екіжүзділердің 
мешіті, сылтау айтып Тәбүкке бармай қалғандардың 
жағдайы, өзі жоқ кезде Мәдинада туындаған пробле-
малар, шешім үшін тікелей Пайғамбарымыздың өзінің 
келуін күтіп тұрды. 
Пайғамбарымыз Мәдинаға жақындағанда, қасына 
келген Жәбірейіл әмин Аллаһтың кесімді үкімін 
жеткізіп, Тәбүкке шықпай тұрып «Намаз оқытып 


390
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
кетсеңіз» деген өтінішке, «Бәлки қайтарда» деп кеткен 
Дырар мешітінде намаз оқымауды жеткізді
150

Мәселенің шынайы жағын енді елдің бәрі көрді. 
Бұндай қайырлы іске Пайғамбарымыздың өте бір бай-
ыппен қарағанын көріп, өз іс-әрекетінен ұялғандар
аяттың түсуімен бірге Аллаһ елшісі басқан әр 
қадамда қанша хикмет барын көріп Аллаһқа мақтау 
айтуда еді. Өйткені екі арада Аллаһ пен расулына 
қарсы әрекет жасау үшін тұрғызылған мешіт бар еді. 
Пайғамбарымыздың бұл жерде намаз оқуына арналған 
бұл орын бұдан кейін назар аударылатын орынға айна-
лып, аты мешіт болса да үнемі күпірлікке қызмет етпек 
еді. 
Аят түсіп, мәселенің астары әшкере болғаннан 
кейін ендігі кезек екіжүзділердің қаскөй әрекетін осы 
жерден жасамақ болған бұл ғимараттың көзін құртуға 
келді. Пайғамбарлар падишасы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
са-
хабаларынан кейбірін жанына шақырып, осы міндетті 
оларға бергенде, кідірместен солай қарай жөнелді. Әлгі 
ғимаратты өртеп, күлін көкке ұшырды
151

Екіжүзділердің тағы бір жымысқы әрекетіне жол 
берілмеді. Хижаз аймағын екіжүзділіктен тазартуға 
тағы бір қадам жасалды. Бұдан кейін Мәдина 
мұнафықтарға анағұрлым қысым жасала түскен қалаға 
айналды. 
150
«Тәуба» сүресі, 9/107-110. 
151
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Дырар мешітінің орнын 
сахабаларының біріне берген. Сахабалардың айтуынша, бірақ ол үйде 
сәби дүниеге келмеді, құс та ұя салып, тауық та балапан баспай қойды. 
Уақиди, Мағази, 1/1046; Салихи, Субулул худа уәр-Рәшад, 5/472. 


391
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет