105
Ұмра сапары және Хұдайбия
расулының серт беруге жылдам жиналғанын сөз
етті. Олар сахабалардың бар қиындыққа қарамастан
соғысудан да тайсалмайтын ержүректігі
мен қайтпас
қайсарлығын да куә болып, іштей кәдімгідей сескеніп,
үрейленгендерін де жасырмады. Мұсылмандардың
соғысқа әзірлік жасай бастағанын естіген кейбір пара-
сатты құрайыштықтар:
– Біз үшін осы жылы мұсылмандарды Бәйтуллаһты
тауап етуден бас тартқызып, кері қайтару шартымен
Мұхаммедпен бейбіт келісім жасасудан басқа амал
жоқ, – деп ойларын айта бастады. – Мұсылмандардың
осы жерге дейін келгенін естігендер біздің оларды
Бәйтуллаһқа кіргізбей
кері қайтарғанымызды да
еститін болады. Олар келесі жылы келіп, үш күн
бойы осында тұрақтап, құрбандықтарын шалып, кері
қайтсын. Осыны ұсынып көрейік. Осылайша, елімізге
баса-көктеп кірмей, осы жерде бірнеше күн ғана
тұрақтайтын болады, – деп сөзін түйіндеді.
Осы ұсыныс құрайыштықтардың көкейіне қонып,
Суһәйл ибн Амрдың басшылығында Хуәйтыб пен
Микрәзді да жанына қосып, қайтадан мұсылмандарға
елші етіп аттандырды. Атқа қонған Суһәйлге:
– Мұхаммедпен
келісім
жаса.
Келісімде
мұсылмандар биыл Меккеге кірмейді деген
шарт болсын. Уаллаһи әйтпесе, ертең-ақ арабтар
мұсылмандардың елімізге
баса-көктеп кіргені жайлы
өсек-аяң тарай бастайды. Біз бұған жол бермейміз, –
деген ескертулерін шегелеп тапсырып жатты.
Суһәйл мен жанындағы жолдастары қайтадан
Хұдайбияға, Аллаһ расулына келді. Олардың келе
жатқанын алыстан бақылап тұрған ол:
106
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Мыналарды қайтадан жіберуіне қарағанда
құрайыштықтар бейбіт мәмілеге келуді қалайтын
болса керек, – деді.
Пайғамбарымыздың көкейінде
үміт оты тұтана бастады, өзінің ішкі қалауы да осы
болатын. Өйткені, Мекке мүшріктері мен Хайбардағы
яхудилер өзара бас қосып, келісім-шарт жасасып,
Мәдинадағы мұсылмандарға қарсы одақтастық
келісімін жасасқанын жақсы білетін.
Енді міне, тым
болмағанда осы дұшпандардың бірімен бейбіт келісім
жасасып, белгілі бір деңгейде олардың сағын сынды-
ратын мүмкіндігі туып отыр. Осы мүмкіндікті хақ дін
Исламды уағыздау жолында ұтымды пайдалана білу
керек.
Суһәйл жерде малдас құрып отырған Аллаһ
елшісінің жанына таяп келіп, өзі де жерге тізе бүгіп
отыра кетті. Аббад ибн Бишр және Сәләмә ибн Әсләм
ибн Хариш сауыттарын киіп, қару-жарағын асынып
алып Аллаһ елшісін күзетіп тұрған болатын. Өзге
сахабалар болса айналаны түгел қоршап, үнсіз ғана
жағдайды бақылап тұрды.
Екі жақтың адамдары ұзақ сөйлесті. Екі жақ
та
барын салып өз шарттарын айтып, келісімді өз
мүдделеріне барынша ыңғайлы етуге тырысып бақты.
Кейде бір-біріне дауыс көтере сөйлесе, енді бірде дау-
ыстарын бәсеңдетіп сөйледі. Бірде Суһәйлдің дауысын
көтере сөйлегеніне шыдай алмаған Аббад ибн Бишр
оған:
– Аллаһ расулына дауыс көтеріп сөйлеме! – деп
ескерту жасап, пайғамбарымыздың алдында әдептілік
сақтау қажеттігін ұқтырды. Ұзақ сөйлесіп, ауызша