Хұдайбияға сапар
Күн ұясына батуға таяп, қас қарая бастағанда
Аллаһ расулы:
– Оңға бұрылып, анау тұрған қорымға қарай
жүріңдер, – деп бұйырып, артынан «Затул-Ханзал»
төбесін білетін адам бар ма?» деп сұрады. Көздегені
– Халид ибн Уәлидке білдірместен жолға аттанып,
22
«Ниса» сүресі, 4/102-104.
70
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
меккеліктердің төбесінен түскендей үстерінен түсіп
бару болатын. Осы кезде Бурәйд ибн Хусайб:
– Уа, Аллаһтың елшісі! Мен ол жерді білемін, –
деді. Осыдан кейін пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хазірет Бурәйдқа қарап:
– Олай болса алдымызға түсіп, жол баста! – деді.
Түн қараңғылығын жамылып, осы ұрымтал сәтті
пайдаланған мүміндер жылдам қозғала бастады.
Қолдың басында хазірет Бурәйда, оның соңынан ілесіп
мұсылман әскері келе жатты.
Мұсылмандар батысқа қарай жол тартты. Олар
Сәрауи таулары жақтан Асал деген жерде еді.
Халид ибн Уәлид болса, сарбаздарымен бірге
мұсылмандардың кетіп қалғанынан бейхабар сол
орындарда қала берді. Мұсылман әскері өте машақатты
жолмен жүріп келе жатты. Тіпті бір жерге келгенде,
хазірет Бурәйданың аяғы қан-жоса болып, жүре ал-
майтын халге жетті. Осыдан кейін Аллаһ расулы
оны түйеге міндіріп, жолды жақсы білетін басқа бір
кісіге бастауды бұйырды. Бұл жолы алдыға суырылып
шыққан сарбаз Хамза ибн Амр деген сахаба болатын.
Ол да қолды біраз жерге дейін бастап алып келіп, белгі-
лі бір тұстан кейін жолдан адасты. Діттеген межеге
жету үшін тағы да бір жол бастаушыға мұқтаждық
туды. Бұл жолы жолды Амр ибн Абдинухм әл-Әсләми
бастады. Ол Аллаһ расулының алдына түсіп алып,
жол көрсетіп келе жатты. Жол ауыр болатын. Жағдай
тіптен қиындай түсті. Тікенді ағаштарға денелерін
жарақаттап алмас үшін мұсылмандар еңкейіп жүруге
мәжбүр еді. Сәтін салғанда мүміндердің ниеті шынайы
болғандықтан, Аллаһтың да қамқорлығы анық көрініс
тапты. Түннің қою қараңғылығында толған айдың
71
Ұмра сапары және Хұдайбия
жарығы жолдарын жарқыратып, ең бір қиын сәтте
майда қоңыр самал есіп, мүміндерді сергітіп тастады.
Белгілі бір тұсқа келгенде пайғамбарлар сұлтаны
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
алдыңғы жақтан қарауытып
көрінген бір төбені нұсқап:
– Мына төбе Затул-Ханзал төбесі емес пе екен? –
деп үн қатты. Хазірет Амр:
– Уа, Аллаһ расулы, дәл соның өзі. Затул-Ханзал
төбесі деген осы, – деп жауап қатты. Осыдан кейін
сүйікті пайғамбарымыз сахабаларына қарата:
– Мирар
төбесіне
кім
шығатын
болса,
Исрайлұлдарының күнәларынан арылып, тазарғаны
секілді күнәлары кешіріледі, – деді. Аллаһ расулы
осындай сүйінші хабарды айтқаннан кейін сахабалар
да қарап қалмай құдды бір-бірімен жарысқа түскендей
барлығы бірден төбеге қарай жапа-тармағай жүгірді.
Осы көрініске дән риза болған Аллаһ елшісі:
– Бүгін осы төбе құдды Исрайлұлдарына
Аллаһтың «Қаланың қақпасынан еңкейіп өтіңдер.
Кіріп бара жатып: «Уа, Раббым кешір мені!» деңдер.
Осылайша қателіктеріңді кешірейін» деп бұйырған
қақпасы сынды, – деген еді.
Қиындықтардың барлығы артта қалып, мүміндер
қауіпсіз жерге келіп орнықты. Осы кезде пайғамбарлар
сұлтаны
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– «Аллаһтан кешірім тілеп және Оған тәуба айту
арқылы шынайы көңілмен бет бұрдық!» деп айтыңдар,
– деп бұйырды. Сахабалар барлығы бірауыздан
кешірім тілеп, тәуба ете бастады. Содан кейін Аллаһ
расулы:
– Күдіксіз, бұл Исрайлұлдарына бұйырылған,
алайда олар оны айтудан бас тартқан кешірім тілеу мен
72
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
тәуба ету үлгісі, – деді де сахабаларына қарап тұрып
тағы бір сүйінші хабарды жеткізеді:
– Бұл түнді осы төбеде түнеп өткізгендер міндетті
түрде Аллаһ тағаланың шарапатына бөленіп, күнәлары
кешіріледі! – деді.
Иә, мұсылмандар діттеген межеге жеткен болатын.
Олар осылайша біраз тынығып, тамақтанып, әлденіп
алды. Бірақ жағылған отты құрайыштықтардың
байқап қалып, өздеріне тұтқиылдан шабуыл жасауы-
нан қауіптеніп, сақтық танытты. Осыны уайымдаған
кейбір сахабалар өз қауіптерін Аллаһ расулына айтып
келгенде:
– Олар сендерді көре алмайды, – деді Расулаллаһ.
Таң қылаң бере Аллаһ расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы жерде сахабаларына таң намазын оқытты. Соны-
мен қатар, қызыл түйесі бар бір кісіден басқа осында
түнегендердің барлығының Аллаһтың кешіріміне
бөленгендігіне қатысты сүйінші хабарын айтты. Саха-
балар бұл хабарға мәз-мейрам болып қатты қуанды. Де-
генмен, барлығы кешірілмеген қызыл түйелі адамның
кім екенін ойлаумен болды. Бұл кісі түйесін жоғалтып
алып, сахабаларға жолай қосылған Дамрәұлдары
тайпасының өкілі еді. Өзіне мән-жай түсіндіріліп,
Аллаһ расулының алдына бару ұсынылғанда ал бұл
ұсыныстан да бас тартып, түйесін тауып алғаннан
басқа маңызды шаруасы жоқ екенін айтқан еді
23
.
Достарыңызбен бөлісу: |