МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет53/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

ішімдікке тыйым салу
Исламға дейін де Хижаз аймағында ішімдікті 
харам санап, ішпейтін кісілер кездескен. Мәселен, 
алғаш рет ішімдік ішуге өзіне тыйым салғандар 
Амир ибн Зариб немесе Афиф ибн Мадикариб және 
пайғамбарымыздың атасы Абдулмутталип және 


152
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Абдуллаһ ибн Жүдан болса, одан кейінгі кезекте хазірет 
Әбу Бәкір, Осман ибн Мазун, Осман ибн Аффан,
Абдуррахман ибн Ауф, Аббас ибн Мирдас және Кайс 
ибн Асымдар тұрды. Тіпті, Аббас ибн Мирдасқа: 
– Мына ішімдіктен алсайшы, бойыңа күш-қуат 
береді, –деген кезде, ол:
– Мен таңертең қауымымның мырзасы болып 
тұрып, кешке олардың алдында қор болуды 
қаламаймын. Жоқ, ішпеймін! Мені ақылдан айыратын 
бұл нәрсені ішпеймін, – деп, адамды басқалардың ал-
дында масқаралайтын ішімдікке қолын да тигізбеген
48

Хижреттен бұрын Меккеде түскен бір аятта жүзім 
және құрманың ішімдік секілді адамды ақылынан 
адастыратын зиянымен бірге пайдасы да бары айты-
лып, бірақ ашық түрде тыйым салынбаған еді. Осыған 
қарамастан, аталмыш аятта құрма мен жүзімнен 
жасалған ризық «жақсы» деп сипатталып, сусын 
жағының жалаң түрде берілуі және соңында ақылды 
алып қоятындығы адамдарды ойландыра бастады
49

Сахабалар өздері алаңдаған ішімдік мәселесінде де 
Аллаһ расулына сұрақтар қойып, одан бір анықтама 
күтті. Көп өтпей түскен аятта оның әрі пайдалы, әрі 
зиянды жағының бар екендігі, алайда пайдасынан 
зиянының көп екендігі айтылды
50
. Алайда, бұл аят та 
нақты үкім бермеді, хазірет Омар секілді адамдар тағы 
да күтуді жөн көріп: 
– Аллаһ тағалам! Ішімдік мәселесінде бізге кесімді 
үкім бере гөр, – деп Жәбірейіл Әминнің хабарын күтті. 
Бұдан кейінгі мас кезде намазға жақындамау туралы 
бұйрық та
51
олар үшін нақты шешім болған жоқ, өйткені, 
48
Ибнул-Әсир, Усудул-Ғаба, 3\168
49
«Нахл» сүресі, 16\67
50
«Бақара» сүресі, 2\219
51
«Ниса» сүресі, 4\43


153
Елшілер және Исламды тарату кезеңі
әлі нақты тыйым салынбағандықтан сахабалардың 
біразы намаз арасында ішімдік ішуді жалғастырды
Негізінде ішімдікке қатысты орын алған осы 
жағдайларға қарап, түбі неге апарып соқтыратын шама-
лап, одан іргесін аулақ салған адамдар да болды, бірақ 
үкім жалпылама сипатта болғандықтан мәжбүрлеу де 
дұрыс емес еді. 
Содан бір күні Жәбірейіл Әмин ішімдік 
мәселесіндегі соңғы үкімді Аллаһ расулына жеткізді: 
– Ей, иман келтіргендер! Шарап, құмар, пұттарға 
шалынған құрбандықтар және бал жебелері – шайтанға 
тән лас істер. Олардан сақтаныңдар, сонда дұрыс 
жолды табасыңдар. Өйткені, шарап пен құмар арқылы 
шайтанның істегісі келген жалғыз нәрсесі – араларыңа 
дұшпандық пен өшпенділік салу, сендерді Аллаһты 
еске алудан және намаздан бездіру!
Бұл сөзден сахабалар қатты әсерленді, өйткені 
аят ішімдікке қатысты нақты да кесімді үкім айтқан 
еді. Енді ешкім екі ұдай ойға салынбайтын болды. 
Өйткені аят соңында Ұлы Жаратушы өзіне бет бұрған 
құлдарына «Енді бұл лас нәрселерден бас тарттыңдар, 
солай емес пе?!»
52
деп, иман мен ішімдіктің бір арада 
болмайтынын білдірді.
Осы кезде Әбу Талханың үйінде бас қосып 
отырғандар бар еді. Бір кезде Аллаһ расулының 
хабаршысының даусы естілді. Хабаршы түскен 
аятты дауыстап оқып, бұдан былай ішімдікке тыйым 
салынғанын жариялады. Бұны ести сала Әбу Талха 
хазірет Әнасқа: 
– Қараңдар, ішімдік харам етіліпті, – деді. 
Барлығы сілейіп, отырған жерлерінде қатты да қалды. 
Қолында тостағаны барлардың тостағаны жерге түсіп, 
52
«Маида» сүресі, 5\90, 91


154
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
аузына апарғандар дереу арағын жерге төкті. Аллаһ 
расулының хабаршысының даусы естілген бойда есік 
пен терезелерден далаға ішімдіктер төгіле бастады. 
Мәдинаның көшелерінде шарап сел болып ақты. Әр 
босағадан: 
– Бас тарттық, уа, Раббымыз! – деген дауыстар 
шығып жатты.
Бұл сахабалардың асқан мойынсұнғыштығы еді. 
Дереу сұрақтар қойыла бастады. Бұрын ішімдік ішкен 
күйінде майданда (Бәдірде, Ухудта, Хандақта) шейіт 
болғандардың, үйінде қайтыс болғандардың жай-
күйіне алаңдаушылық туды. Аят бұл сұрақтарға да 
жауап берді: 
– Иман келтіріп, жақсы және пайдалы істер 
істегендерге, бұдан былай Аллаһқа қарсы келуден 
сақтанып, имандарында тұрақты болып, жақсы және 
пайдалы істер атқарып, тақуалықтары мен иманда-
ры нығайып, сосын осы тақуалығымен басқаларға 
жақсылық жасаған және әр ісін кемеліне жеткізіп 
істеген жағдайда, бұрынғы ішкен-жегендеріне байла-
нысты оларға күнә артылмайды. 


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет