МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет54/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

даулы ХайБар Мәселесі
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
Хұдайбиядан 
келгелі жиырма күн өтті. Осы келісім арқылы 
Меккелік мүшріктерден келуі мүмкін қауіп-қатерлерге 
алаңдаудың қажеті қалмады. Өйткені, Хұдайбия 
арқылы Мекке мүшріктері мен Хайбар яхудилерінің 
бір-бірін қолдап, Мәдинаға шабуыл жасауға қатысты 
құрған одақтары жарамсыз болып қалды. Алайда, Бәни 
Құрайза, Бәни Қайнуқа және Бәни Надр жерлерінен 
қуылып Хайбарға келіп орналасты. Сондай-ақ ол 
жердегі арам пиғылды яхудилердің қай кезде, қандай 
әрекетке баратынын білу мүмкін емес. Әсіресе, Сәллам 
ибн Әби Хуаик, Кинана ибн Раби және Хуәйл ибн Ахтаб 
секілді яхудилердің беделді адамдары осы жерге келіп 
орналасып, Хайбардағы жақтастарынан қолдау тауып, 
мұсылмандардан кек алатындықтарын айта баста-
ды. Айналадағы тайпаларды да айдап салып, Мекке 
әскерінің Хандаққа дейін келуіне жағдай туғызды. 
Меккеге дейін келіп, мүшріктерді пайғамбарымыз 
бен мүміндерге қарсы қойған кеңестегі он тоғыз адам 
Хайбардың ең атақты адамдары болатын. Мәдинаға 
жорық 
ұйымдастырғаны 
үшін 
мүшріктерге
Хайбардың өнімдерінен мол өнім беруді уәде етті. 
Өшпенділікпен әрекет етіп, қолайлы сәтті күтіп 
жүрді. Әсіресе өздері үміт күткен Хандақтан да бос 
қайтқандарын көргенде қатты алаңдап, істеген істері 
үшін өздерінен есеп сұралатынын шамалап, алдын 
ала әрекет жасағысы келді. Расулаллаһ 
(саллаллаһу алейһи 


156
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
уәссәлләм)
пен сахабалары өздеріне қарсы әрекет жасамай 
тұрғанда тезірек әрекетке кірісуді және Тәйма, Фадак 
және Уадил Құра яхудилерін де қастарына алып, 
Мәдинаға тұтқиылдан шабуыл жасауды жоспарлады. 
Әсіресе, Әбу Рафиден кейін билікке келген Үсәйр 
ибн Зарим кек алуға ант ішіп, қауымын үгіттеді. 
Ғатафандықтармен де кездесіп, Мәдинаға шабуыл 
жасауға оларды да көндірді. Оның бұл табанды 
әрекеттерін қауымы да қолдап, жақтастарының өшін 
алатын жетекші ретінде қолдау көрсетті. Қысқаша 
айтқанда, Хайбар бүліктің ошағына айналып, 
жарылудың шақ алдында тұрған мәселе ретінде өз 
шешімін күтті.
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
мұндай 
жағдайларды жіті бақылады. Сенімді болу үшін са-
хабаларынан үш кісіні жағдайды біліп қайту үшін 
Хайбарға да жіберді, нәтижеде естігендерінің рас 
екенін білді. Хұдайбиядан қайтқанда түскен аяттар-
да уәде етілген молшылық пен жеңістен бұрын қолға 
түсетін олжаның
53
қандай болатыны да белгілі бола 
бастағандай еді. 
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
сахабалары-
на дайындық жасауды бұйырды, бірақ ешкімнің 
Хайбардың дүние-мүлкі үшін әрекет етпеу керектігін 
айтып, осы ниетпен жолға шыққандарға олжа 
берілмейтінін ашық айтты.
Пайғамбарымыздың Хайбарға шабуылдау ниетін 
сезген және араларындағы келісімге байланысты бірге 
тұрып келе жатқан Мәдина яхудилері арасында үлкен 
әбігер басталып, мүміндерді қиын жағдайға тап қылу 
үшін болмашы нәрсені сылтауратып, мерзімі жетпеген 
қарыздарын сұрай бастады. Тіпті Абдуллаһ ибн Әби 
53
«Фәтих» сүресі, 48\20, 21


157
Даулы Хайбар мәселесі
Хадрад сияқтылар Хайбардан бұрын қарыздарынан 
құтылу үшін үстіндегі киіміне дейін сатуға мәжбүр 
болып, соғысқа аманатқа алған киіммен шықты. Жолға 
шығатындай ешқандай мүмкіндігі жоқ Әбу Абс ибн 
Жабрге Аллаһ расулының өзі көмектесті. 
Хайбарды бағындыру мүмкін емес деп ойлаған 
Мәдинадағы яхудилер ол жердегі қамалдарды, сулары, 
әр түрлі жемістері, жауынгерлерінің батылдығы 
туралы айтып, мүміндерді моральдық тұрғыдан 
әлсіретуге тырысты. 
Ештеңеге қарамастан Аллаһ расулы мен екі жүз 
атты әскер, мың алты жүз сахаба Мәдинадан жолға 
шықты, нысана – бүліктің ордасы Хайбар бола-
тын. Расулаллаһ өзінің орнына Сиба ибн Уртуфаны 
тағайындады
54
.
Бұл жорыққа Аллаһ расулымен бірге мәдиналық 
он яхуди де қатысты. Жараларды таңу, жіп иіру, тамақ 
пісіріп, су тасу, қажет кезде соғыста мұсылмандарға 
көмектесу үшін жиырма шақты әйел сахаба да алынды. 
Жолға шықпай тұрып Аллаһ расулы 
(саллаллаһу 
алейһи уәссәлләм)
соғысқа дайындала алмағандар мен 
мініс малдары асау болып, жолда өздеріне қиындық 
тудыратындарға жолға шықпауды бұйырды. Бұл 
шешімді халыққа Біләл Хабаши жариялады. Тіпті,
біреудің аты түн қараңғысында бұлқынып, мөңкіп 
иесін құлатып, содан оның аяғы сынып, қансырап сол 
жерде жан тапсырды. Мұны естіген Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
Біләл Хабашиға қарап: 
– Ей, Біләл! Сен халыққа «Аты асау болғандар 
соғысқа шықпасын» деп хабарламадың ба? – деп 
сұрады. 
54
Бұл сахабаның Нумайла ибн Абдуллаһ әл-Ләйси екендігі туралы да 
айтылады. Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Нихая, 4\207; Сира, 3\345


158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет