МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет50/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Пайғамбарымызға жіберілген хат
Арада бірнеше күн өткеннен кейін грек патшасы 
көптеген сыйлықтар беріп, хат жазып, хазірет Дыхи-
яны шығарып салды. Хатта былай деп жазылған еді:
44
Мұны естіген Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы Ускуфты 
меңзеп, «Ол жалғыз өзі бір үмбет ретінде шақырылады» деп 
сүйіншіледі. Қараңыз: Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 11\355


145
Елшілер және Исламды тарату кезеңі
«Иса сүйіншілеген Аллаһтың расулы Мұхаммедке 
грек билеушісі Гераклийден... Елшің жіберген хатыңды 
маған әкелді. Өз басым куәлік етемін, сен – Аллаһтың 
расулысың. Негізінде біз сені қолымыздағы Інжілден 
де білетінбіз, Мәриямның ұлы Иса да өзің туралы 
сүйінші хабарлар айтқан болатын! Саған иман келтіруге 
қанша шақырсам да гректер бұдан бас тартты, мені 
тыңдағанда әрине өздері үшін жақсы болар еді. Мен 
сенің қасыңа барып, жаныңда болып, аяғыңды жууды 
қалар едім!»
Алайда, хазірет Дыхия жолға шығып, Хымса деген 
жерге жеткен кезде Жүзамның бір топ адамы жолын 
кесіп, барлық нәрсесін тартып алды. Осы себепті Аллаһ 
расулының елшісі Мәдинаға тек үстіндегі ескі-құсқы 
киімдерімен ғана оралды. 
Хазірет Дыхия Мәдинаға кіре сала тіке 
пайғамбарымызға барды. Гераклийдің хатын берді 
де Аллаһтың расулына басынан өткен жағдайларды 
айтып берді. Пайғамбарымыз хатты оқып, Гераклий 
туралы естігеннен кейін Дыхиятул-Кәлбиге қарап:
– Менің хатым оларда тұрған кезде оның 
сұлтандығы жалғаса береді, – деді. 
қыптилердің патшасы Муқауқыс 
Аллаһ расулының хатын Мысыр мен Александрия 
патшасы Муқауқысқа апарған сахаба Хатиб ибн Әби 
Бәлтәа болатын. Бұны да дәл Гераклийге жазылған 
хаттың мәтініндей жазылып, Мысыр қыптилері 
Исламға шақырылды. Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
бұл хатқа да әһли кітапты тауһидке шақыратын аятты 
жазып, олардың маңызды деп санаған мәселелеріне 
тоқталып, назарларын Исламға аударуға тырысты. 


146
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Муқауқысты Александриядан тапқан хазірет 
Хатиб оған хатты бергенде, араларында мынадай 
әңгіме болды. Муқауқыс:
– Түсінгім келген біраз нәрселерді сенен 
сұрамақпын. 
– Жауап беруге дайынмын.
– Сенің мырзаң пайғамбар емес пе? 
– Иә, ол – Аллаһтың елшісі!
– Егер Мұхаммед шынында да пайғамбар болса, 
неге өзін елден қуған адамдарға қарғыс айтпады?
– Сен Мәриямұлы Исаның пайғамбар екеніне 
сенесің, солай емес пе? Ендеше, Иса пайғамбар бола 
тұра өзін ұстап дарға асқысы келген кезде қауымына 
қарғыс айтса болмас па еді?
Бұған Муқауқыстың айтатын уәжі жоқ еді, үнсіз 
қалды. Біраз үнсіздіктен соң қайтадан хазірет Хатыбқа 
қарап:
– Сөзіңді тағы бір қайталашы.
Хатыбтың сөздерін тағы бір рет тыңдаған соң тағы 
да үнсіз қалып, терең ойға берілді. Сосын оған қарап 
былай дейді: – Шынында да өте жақсы айттың, сен өте 
орынды сөйлейтің данышпансың, әрі сен хакім және 
орынды сөйлей білетін адамнан келдің.
Оның осылай жұмсара бастағанын көрген 
мұсылман елші хазірет Хатыб сөзін былай 
жалғастырды.
– Сенен бұрын да бұл жерлерде «Мен сендердің 
ең ұлы раббыларың емеспін бе?» деген адамдар өткен. 
Алайда, Аллаһ олардың бұл дүниеде де, о дүниеде де 
жазасын берді. Сен де солардан ғибрат ал, басқалар 
сенен ғибрат алатындай жағдай болып жүрмесін. 


147
Елшілер және Исламды тарату кезеңі
– Біз өз дінімізден артығын таппайынша дінімізді 
өзгертпейміз, – деп жауап берді Муқауқыс. Сонда оған 
мынаны айтты:
– Мен сені Аллаһ жіберген және одан басқаны 
қажет етпейтіндей дәрежеде кемел болған Ислам дініне 
шақырамын, күмәнсіз, соңғы нәби де адамдарды соған 
шақырады. Мына нәрсе де ақиқат, Мұхаммедке ең көп 
қарсы шыққандар – құрайыштықтар, ең көп дұшпандық 
жасағандар – яхудилер, ең жақын болғандар – христи-
андар. 
Өміріммен ант етемін, Исаның Мұхаммедті 
сүйіншілеуі Мұсаның Исаны сүйіншілегені сияқты, 
біздің сені Құранға шақыруымыз сенің әһли Тәуратты 
Інжілге шақырғаның сияқты! Әр пайғамбар сол кезде 
қандай қауымға тіл қатса, сол қауым оның үмбеті 
болған, оған бағыну олардың міндеті, ендеше сен 
де осы пайғамбарды қабылдаған болып табыласың. 
Әрі біз сені Ислам дініне шақыру арқылы Иса 
пайғамбардың дінінен алыстауға шақырмаймыз, 
керісінше Мұхаммедке бағынуға және Мұхаммедтің 
уағыздаған ақиқатымен өмір сүруге шақырамыз!
– Аллаһ расулының елшісінен бұларды естігеннен 
кейін Муқауқыс: бұл пайғамбар туралы мен біраз 
ойландым. Ол дүниеден мүлдем бас тартуды да 
бұйырмайды, әрі баршаның ұнатқан, талап еткен 
нәрселеріне тыйым да салмайды. Сонымен қатар, 
Мұхаммедті адамдарды адастыратын сиқыршы 
немесе жалғаншы көріпкел ретінде де көріп тұрған 
жоқпын. Керісінше, одан мен топырақтың астындағы 
тұқымдардан хабар беріп, жасырын сөйлескендерді 
әшкерелеу секілді пайғамбарлыққа тән кейбір 
белгілерді көріп тұрмын, бірақ әлі де ойланамын, – 
деді.


148
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Қызық жағдай туындаған еді, ол не иман 
келтіргенін айтпады, не қарсы да шықпады. 
Сосын Аллаһ расулының хатын пілдің тісінен 
жасалған әшекейлі қорапқа салып, бетіне мөр басып, 
қызметшілерінің біріне берді. Сосын қасына хатшысын 
шақырып, арабша былай деп жаздырды:
«Бисмилләхир-рахманир-рахим... 
Абдуллаһтың 
ұлы Мұхаммедке қыптилердің ұлығы Муқауқыстан... 
Сөздің қысқасы, хатыңды оқыдым және мұрат еткен 
ойыңды түсіндім. Мен де білемін, бір ғана хақ нәби 
бар, бірақ мен оны Шамнан шығады деп ойлаған едім. 
Күмәнсіз, мен сенің елшіңе жақсылық жасадым, өзіңе 
Мария және Сирин деген екі күң мен мінетін қашыр 
беріп жібердім. Сәлемімді қыбыл ал!»
45
Хатты хазірет Хатыбқа ұстатып тұрып: 
– Енді бар, алайда қыптилерге тіс жарушы 
болма, – деп ескертті. Аллаһ расулының елшісін 
сыйлықтарымен бірге Мәдинаға шығарып салды. 
Хатыб ибн Әби Бәлтаа Мәдинаға барып, Мысырда 
өткізген бес күні туралы айтқан кезде пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
: «Не деген бақытсыз! Билігін 
қимады, қимаған билігі енді оған бұйырмайды», – 
деді
46
.
45
Кейіннен пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мұқауқыстың 
сыйға тартқан осы күңдерінен Сиринді Хассан ибн Сабитке сыйлады. 
Хазірет Марияға өзі үйленді және одан Ибрахим атты ұл сүйді. 
Мұқауқыс сыйлаған қашырды «Дүлдүл» деп атады. Қараңыз: Ибн 
Сағыд, Табақат, 1\134-135; Табари, Тарих, 2\141, 218
46
Мұқауқыс жіберген сыйлықтардың ішінде бір дәрігер де бар болатын. 
Онымен кездесіп, сөйлескен Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған: «Үйіңе қайта бер, өйткені, біз қарнымыз ашпайынша тамақ 
жемейтін, тамақ жеген кезде тоймай тұрып дастарханнан тұратын 
қауымбыз» деген екен. Қараңыз: Халаби, Сира, 3\251


149
Елшілер және Исламды тарату кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет