151
Елшілер және Исламды тарату кезеңі
жерлерінде жасаған
әрекеттерінен аңғарылатыны
секілді Аллаһ расулының елшілері де уағыздау ісі
тұрғысынан өте маңызды қызметтер атқарды. Өздеріне
қойылған сұрақтарға ұтымды жауап беріп, алдындағы
адамдардың ой-санасын сезініп, солардың түсінетін
тілімен сөйлесіп, сол күнге дейін үйренген нәрселерін
ол адамдармен барынша бөлісе білді.
Бұл кезең Хирада
туған нұрды жан-жаққа та-
рататын кезең еді. Сол үшін де пайғамбарымыз әр
түрлі кезеңдерде әр түрлі мәселелерді назарға ала
отырып
хаттар хазып, оларды елшілері арқылы та-
ратуды көздеді. Мысалы, мұсылман болған Амр ибн
Асты Аллаһ расулы
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
Оман патшасы
Жәйфар және бауыры Абдқа жіберді. Күні кешеге дейін
қарсыласып келген хақ дінді бүгін қорғап, басқаларға
уағыздауға жіберу
арқылы хазірет Амрдың саяси
даналығын осы жолда кәдеге жаратуды қалады.
Әрине, хатты алған билеушілердің барлығы
мұсылман бола салған жоқ. Біразы Исламды қабылдаса,
енді бір бөлігі күпірлікке салынып, өз орнында қалып,
алдына келіп тұрған мүмкіндікті бағаламады. Ба-
ра-бара Араб түбегінде Исламның ықпалы күшейді.
Дінді қабылдамағандар да бұл ақиқатты көріп тұрды.
Ендігі жерде Аллаһ расулының көзқарасымен санасу
қалыпты жағдайға айналды.
Адамдардың көңіліне
жол таба білген Аллаһ расулының
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
тұлғасы айқындала түсті.
Достарыңызбен бөлісу: