МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет87/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Хабардың ықпалы әрі 
пайғамбарымыздың ақылдасулары
Әбу Суфиянның кеткеніне біршама уақыттан кейін 
пайғамбарлар төресі жары Айшаға бұрылып: 
– Жол азығымызды дайында әрі бұл істі жасырын 
ұста, – деп ескертті
101

Бұл өзі сындарлы уақыттар болғандықтан, қателік 
жіберіп алмау үшін асқан мұқияттылықты қажет етті. 
Аллаһ уәде еткен Меккеге бармақ. Бірақ қан төгілгенін 
қаламады. Олардың қарсылық білдіруге шамасын 
келтірмейтіндей күшпен барғанды жөн көрді. Сол үшін 
бүкіл жолдарды бақылап, Мәдинадағы оқиғалардың 
Меккеліктерге жетпеуіне көңіл бөлді. Өйткені күресте 
хабар алу маңызды болатын. Ең айтулы соғыстардың 
100
Меккеге келіп, Мәдинадағы оқиғаларды бөліспек болған Әбу Суфиян-
ды алда қиын күндер күтіп тұрды. Әбу Суфиянның кешіккеніне қарап 
Меккеліктер ол да мұсылман болған шығар деп алаңдаулы болатын. 
Келіп жағдайды баяндағанда, сөздерін ұнатпай, оны тықсырып ала 
жөнелді. Меккені үмітсіздік баса берді. Әбу Суфиянға: «Сен ешкімге 
ұнамсыз іске келісіпсің. Өзіңе де, өзгеге де пайдасы жоқ нәтижемен 
келіпсің. Аллаһқа ант етейік, сенің қорғауыңның не мән бар, оларға 
соны бұзу да сөз болып па?! Али болса, сені мазақ етіпті» деді. Ибн 
Кәсир, әл-Бидая уән-Нихая, 4/322; Сира, 3/534; Ибн Қайим, Задул-
мағад, 3/347. 
101
Осы ескертуінен кейін Айша анамыздың жанына әкесі хазірет Әбу 
Бәкір (р.а.) келеді. Дайындықтарының себебін, Расулаллаһтың қайда 
бет алғанын сұрайды. Бірақ Айша анамыз Пайғамбарымыздың өзіне 
айтқан сырын тіс жарып айтпайды. Қанша сұраса да өз әкесіне де 
ештеңе айтпай, үндемегенді жөн санайды. Бірақ кейінірек жандарына 
келген хазірет Әбу Бәкірмен ұзақ сөйлескеннен кейін өте құпия ұстау 
шартымен Пайғамбарымыз әлгі жағдайды оған да айтып, дайындық 
жасауын тапсырған. Уақиди, Мағази, 1/796. 


248
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
өзінде кішкене ғана хабар жағдайды тұтастай 
өзгертетін. Болмайды дегендердің өзін боладыға ай-
налдыратын. Ендеше, Меккеге кіргенге дейін хабар-
ды жіті қадағалау қажет болды. Осы себепті маңызды 
өткелдердің барлығына адам қойғызып, барлығын 
бақылауды хазірет Омарға тапсырды. Хазірет Омар 
әлгі өткелдерді аралап жүріп бейсауыт жүргіншілерді 
сұраққа алып, мақсатын білместен өткізбеуді шегелеп, 
қолдағы мәліметтерді Расулаллаһқа жеткізіп отырды. 
Себептер тұрғысынан осыншалықты мұқият 
сақтық шараларын жасаған Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
осы құпияның сақталуы үшін себептерді 
үйлестіруші Мүсәббибул-әсбабқа қолын жайып, былай 
деп дұға етті: – Аллаһ тағалам, Құрайыштықтардың 
көзі мен құлағын бітеші, бізді ойламаған кезде бір 
демде көрсін. Тура желке тұсына дейін келгенімізді ал-
дарына шыққанда барып бір-ақ білсін. 
Бір күні құтты бөлмесінен шығып, есігінің ал-
дында отырды. Бұлай отырған кездері ешкім өзін 
шақырмастан жанына бармай әдеп сақтайтын. Ойла-
нып отырып: – Маған Әбу Бәкірді шақырыңдар, – деп 
бұйырды. Әбу Бәкірмен ақылдасқысы келгені белгілі. 
Көп өтпей келген Әбу Бәкірмен оңашада ұзақ уақыт 
сөйлесті. Сөйлесіп болған соң оң жағына отыртты. 
Сөйтті де: – Маған Омарды шақырыңдар, – деп дау-
ыстады. Ол да ести сала демде жетті. Хазірет Әбу 
Бәкірдің жанына отырған хазірет Омармен де ұзақ 
сөйлесті. Алайда хазірет Омардың ішкі жай-күйі дау-
ысына да әсер ететін. Сол себепті ол: – Уа, расулаллаһ, 
олар күпірліктің басы емес пе? Сізді сиқыршы, 
көріпкел, өтірікші, жалақор дегендер де солар ғой, – 
деп, Меккеліктердің сол күнге дейін жасаған істерін 
жеке-жеке санамалап айтып жатқаны маңайдағыларға 


249
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
да естілді. Соңында Аллаһ елшісі оны сол жағына 
отыртты. Оң жағында хазірет Әбу Бәкір, сол жағында 
хазірет Омар есіктің алдында отырды. Содан кейін 
барып сахабаларына дауыстады. Олар да бұл кезде бері 
қарай жақындай түскен. 
– Сендерге мына екі досымның жағдайын айтай-
ын ба? – деді. 
– Уа, расуллаһ, әрине, айтсаң, – деді жамағат. 
Әуелі хазірет Әбу Бәкірге бұрылып: – Күмәнсіз, 
хазірет Ибраһим Аллаһқа майдан да жұмсақ еді, – деп 
бұйырды. Артынан хазірет Омарды назарға беріп: – 
Күмәнсіз, хазірет Нұһ та Аллаһтың құқы турасында 
тастан да қатты еді, бірақ іс Омардың айтқанындай. 
Осы себепті бір-біріңді қолдаңдар! – деді. 
Иә, алдарында жаңа бір жиһад жағдайы туып 
тұрғаны анық, алайда сахабалар бұл жихадтың кімдерге 
және нелерге қарсы жасалатынына таңырқап, хазірет 
Әбу Бәкір, хазірет Омарлармен не сөйлескендерін 
білгілері келді. Сол үшін Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
сол жерден кетпей тұрып дереу хазірет Әбу 
Бәкірдің жанына жүгірді: 
– Уа, Әбу Бәкір, – деді, – Расулаллаһтың не дегенін 
Омардан сұрауға батпай тұрмыз. Сізбен не сөйлескенін 
бізге айтып берсеңіз? 
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) айта бастады: 
– Менен «Меккеге қарсы соғысуға қалай 
қарайсың?» деп сұрады. Мен «Уа, расулаллаһ, олар 
өз жұртың ғой» дедім. Осы пікірімді таңдар дедім. 
Алайда ол Омарды да шақырып, оның да пікірін 
сұрады. Омар «күпірліктің басы солар ғой» деп 
Меккелік мүшріктердің күні бүгінге дейін істеген 
жамандықтарын айтып берді. Сөйтті де «Аллаһқа 
ант етейін, Меккеліктердің тауын шақпай арабтар 


250
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
бағынбайды» деді. Осыдан кейін Расулаллаһ 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
сендерге Меккеліктерге қарсы соғысуды 
бұйырды. 
Сол сәтке дейін бір соғысқа дайындалып 
жатқандарын, алайда ол соғыстың кімдермен бола-
тыны жайында әртүрлі пікір өрбітіп жатқан саха-
балар істің мәнін енді түсіне бастады. Демек, ендігі 
жерде Хұдайбиядан қайтқанда Жәбірейілдің жеткізген 
қуанышты хабары жүзеге аспақ. Бұл хабар әсіресе 
мұһажирлардың арасында айтып жеткізу мүмкін емес 
қуанышқа себеп болды. Үйлеріне, бала-шағаларына, 
туыстарына, өз елдеріне, бұрынғы естеліктеріне, 
бәрінен де маңыздысы, енді қоштаспайтындай қасиетті 
Қағбаға қайтып бармақ еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет