МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет84/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

пайғамбарымыздың іс-әрекеті
Бергі жақта Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
айтылған жайттарды тыңдап болғаннан кейін: – Саған 
көмек болады, уа, Амр ибн Салим, – деп, Хұзалық 
басшының көңілін біршама орнына түсірді. Алайда 
өз басы қатты жабырқады, ашуланды да. Өйткені бір 
түнде әйел, бала-шаға, қарт кісілер бар, жиырма үш 
кісіні аяусыз өлтіріп кеткендердің әрекетін кім дұрыс 
дей алсын. Әсіресе, бұны жасап отырған адамдар 
келісім шартқа қол қойып, арада он жыл соғыс бол-
майды деген өз одақтастарың болса. Түсінікті болған 
жайт, құрайыштардың түсініксіз осындай басқыншы 
әрекеттерінен бас тартпайтындығы. Бұл кезде аспан-
да бір бұлт пайда болып, көктің күркірегені байқалды. 
Уахидан басқа сөзге мән бермейтін Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оқиғалардың астарынан бір мағына 
шығарып: – Бұл бұлт Бәни Қағыб жеңісін сүйіншілеуде, 
– деп бұйырды. 
Бастапқы уақыттан бері Хижаз аймағында 
бейбітшіліктің үстемдік етуіне талпынған пайғамбарлар 
падишасы басқа салалардағы қарақшылық пен 
тонаушылықтың алдын алу үшін шағын жасақ 
ұйымдастырып, сахабаларын әр аймақтарға жіберіп 
жатқан кезде, бұндай тосын әрекеттің Меккеде орын 
алғанына: – Ол кісілерге міндетті түрде көмектесемін, 
егер бүгін Бәни Қағыбқа көмек бермесем, Аллаһ та 
маған көмектеспейді. Шыбын жанымды құдіретті уы-
сында ұстаған Жаратушыға ант етейін, оларды мен 


241
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
өзімді, отбасымды әрі шаңырағымды қорғағандай 
қорғаймын, – деп, елдің алдында бұл шешімге та-
банды екенін көрсетті. Өзінен пана сұрап келген бұл 
кісілерге міндетті түрде көмек беру керек еді. Бірақ 
шабуылдағандардың кімдер екенін тағы да анықтап 
алғысы келді. Амр ибн Салим мен жолдастарынан 
сұрады: 
– Сендер кімнен көресіңдер, осыны кімдер жасады 
деп ойлайсыңдар?
Бәни Бәкір, – десті олар. 
Қайта сұрады:
– Олардың бәрі ме?
– Жоқ, әсіресе, Бәни Нүфасаның басшысы Нәуфал 
ибн Мұғауия, – деді. Осыны естігенде былай деді:
– Бұлар Бәни Бәкірдің бір руы. Мен қазір Меккеге 
бір кісі жіберіп жағдайды олардың өзінен сұратамын. 
Әрі оларға үш таңдаудың бірін жасауды ұсынамын. 
Сөйтті де сахабалар арасынан Дамра атты бір 
кісіні шақырып, мәселенің мән-жайын анығырақ 
біліп келуге жұмсады
97
. Расулаллаһтың тапсырмасын 
алған хазірет Дамра Меккеге келіп, құрайыштармен 
сөйлесті. Алайда олар соңғы сөз ретінде: – Біз оған 
арадағы келісімнің күшін жойғанын айтқымыз келеді, 
– деген сөздерінен танбады. Бұл құрайыштықтардың 
да соғысты таңдағанын білдірді. 
97
Хазірет Дамра арқылы құрайыштарға үш талап қойды: 1. Өлген 
Хұзалықтардың құнын төлеу. Бұны істеген жағдайда мәселе құн 
төлеумен шешілмек. 2. Бәни Нұфасалықтармен арадағы келісімдерін 
бұзу. Бұл жағдайда мұсылмандар қарақшылық, тонаушалық жасаған 
Бәни Нұфасалықтарға еркін шабуыл жасай алады. 3. Мұсылмандармен 
арадағы Хұдайбия келісімінің күшін жою. Бұл оларды ашық соғысқа 
шақыруды білдіреді. Уақиди, Мағази, 1/787; Салихи, Субулул-худа 
уәр-рәшад, 5/204-205. 


242
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет