МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет89/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Мәдинадан шығу
Хижретке сегіз жыл өтіп, пайғамбарлық үндеумен 
мүминдер Мәдинаға топ-тобымен ағылып жатты. Сол 
күнге дейін мұсылман болғандардың барлығы келмей 
қалмады. Әрине, бәрі де ауыз бекітті. Расулаллаһ әуелі 
жамағатына бұрылып: 
– Қалағандарың 
оразасын 
жалғастырсын, 
қалағандарың бұзса болады, – деп дауыстады. Өзі 
болса, оразасын бұзбастан жалғастырды. 
Бұл кезде Зүбәйір ибн Аууамның басшылығымен 
екі жүз кісілік жасақты алғашқы күш ретінде жіберді. 
Артынан сахабаларымен бірге екінді намазын 
оқығаннан кейін қозғалуға бұйрық беріп, өзі де жолға 
шықты. Маңайында өзімен бірге селдей болып Меккеге 
қарай ағылған Ансар, Мұһажир және басқа тайпалар-
дан құралған тұп-тура он мың кісілік әскер бар еді
103

Жол алыс болғандықтан, аттарды жетектеп, түйелерге 
мініп жүріп отырды. Еш аялдамастан Сулсул деген 
жерге жеткенде, бір бұлтты көрсеткен Пайғамбарымыз: 
– Мен бұлттың Бәни Қағыбтың жеңісін қуана 
жеткізгенін көріп тұрмын, – деді. Күн қатты ыстық еді. 
Аржқа келген кездерінде Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) 
кішкене салқындау үшін басына су құйғызып, 
жүзін шайды. Сонымен қатар бұл өткел хижрет кезінде 
таңдалған жол еді. Кейіннен Табул бағыты бойынша 
ілгерілей берді. Сапар барысында Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
103
Жолдан қосылғандармен бірге бұл сан он екі мыңға жеткендігі ай-
тылады. Құртуби, әл-Жами ли ахкамил-Құран, 8/97; Ибн Қайим, 
Задул-Мағад, 3/411; Ибн Әсир, әл-Камил фит-Тарих, 1/335; Салихи, 
Субулул-хүда уәр-рәшад, 5/266. 


255
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
аләйһи уә сәлләм) 
жүз аттыны бөліп, оларға өздерінен бұрын 
жүріп отыруды тапсырды. Көп өтпей бұл аттылар 
Хауазиндықтардың бір жансызын кезіктіріп, олар сол 
жансызды ұстап Аллаһ елшісіне әкелді. Әлгіні сұраққа 
алған пайғамбарлар төресі Хауазиндықтардың өзіне 
қарсы әскер жинап жатқанын білгенде: – Аллаһ бізге 
жеткілікті, ол қандай тамаша өкіл, – деп жанына Халид 
ибн Уәлидті шақырып, барып хабар жеткізбеу үшін бұл 
жансызды қадағалауды тапсырды. 
Осы сәт жол бойынан күшіктерін емізіп жатқан 
итті байқады. Күшіктерін емізіп жатқан әлгі ит 
өзіне қарай беттеп келе жатқан адамдарға ырыл-
дап айбат көрсетті. Ұрғашы иттің аналық мейірімі 
Пайғамбарымыздың да мейірімін қозғады, сол себепті 
дереу сахабалардан Жәмил ибн Сұрақаны шақырды. 
Қалың әскердің итке де, күшіктеріне де зияны тиіп 
кетпеуі үшін оған сол жерде қарап тұруды табыстады. 
Жол бойы әлі де келіп мұсылмандар қатарына 
қосылулар азаймады. Осы кезде келіп мұсылмандықты 
қабылдап жатқандар да кездесті. Мәселенің тосын 
жағы сахабалардың басым көпшілігі әлі де кімдермен 
соғысқа бара жатқандарын білмеді. Алдарында үш 
балама жол тұрды: Құрайыш, Хауазин және Сақиф 
тайпасы. Алдыңғы қатарлы Қағыб ибн Малик 
секілді сахабалардың өзі Пайғамбарымызға келіп 
жолығып, осы үш елдің қайсысымен қиян-кескі 
соғысатындықтарын білуге тырысты. 
Құдай деген жерге келгенде Сүләймді 
жолықтырды. Осы жерге келгенде Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тулар мен байрақтарды алдырып, 
тайпалар арасына таратты. Әр тайпа өз туларының 
астына ұйымдасты. Соғысқа да осы жүйемен бармақ 
болды. Тіпті әскер ішінде отыздан астам ту болды. 


256
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Жүхфаға келгенде, өздерін бір тосын қуанышты 
хабар күтіп тұрды. Пайғамбарымыздың көкесі хазірет 
Аббас жүгін арқалап, Мәдинаға келе жатыр екен. Аллаһ 
елшісінің жүзінен күлімсірегені байқалды. Әуелі 
хазірет Аббастың жүгін Мәдинаға жөнелтті. Сөйтті 
де: – Менің елшілігім қалайша пайғамбарлықтың соңы 
болса, әй, көке, сенің хижретің де хижреттің соңы, – 
деп ілтипат көрсетті. Бұл ілтипат бір жағы Меккенің 
мұсылман қаласына айналатынын әрі бұдан кейін 
хижреттің аяқталатынын ұқтырды. 
Меккеге таяу Мәрруз-захран деген ойпатқа 
барғанда, қараңғылық түсіп, әскерге тынығуға рұқсат 
берілді. Алайда бұл жерде Расулаллаһ тағы бір бұйрық 
берді. Әр мүмин шөп-шалам жиып, өзі тұрған жерде 
бір от жағуы тиіс болды. Қарауылдарды қадағалау 
тағы да хазірет Омарға тапсырылды. 
Бұл кезде сахабалардың кейбірі әрак деп аталатын 
мисуактың жемістерін жинай бастады. Оларды көрген 
Расулаллаһ: – Сендер олардың қарайып кеткендерін 
алыңдар. Қарайып піскендері анағұрлым тәттірек, 
– деді. Бұны естігенде сахабалар: – Уа, расулаллаһ, 
бұлардың піскен, піспегенін малшылар жақсы біледі, 
жоқ әлде сіз де қой бағып па едіңіз? – деп сұрады. 
– Иә, – деді сонда Расулаллаһ, – Барлық 
пайғамбарлар қой баққан. Мен де Әжуадта үйіміздің 
қойын баққанмын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет