МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет88/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Жеке әрекет
Пайғамбарымыздың Меккеге бағыт түзегені 
анықталғанда, Хатыб ибн Балта атты бір кісі бір 
әйелге он динар төлеп, хат ұстатып, оны Меккедегі 
жақындарына беруді тапсырады. Мәселенің тосын 
жағы бұны Пайғамбарымыздан да, сахабалардан да 
жасырып: – Бұны ешкімге тіс жарма, – деп шегелеп, 
бұған қоса, қарауылдар болғандықтан, негізгі жолдар-
мен емес жанама жолдармен баруды тапсыруы бола-
тын. 
Хатты алған Сара атты әйел ол хатты шашының 
арасына жасырып, үстіндегі шаштарды өріп тастай-
ды. Жолға шығарда хазірет Хатыбтың айтқанындай 
негізгі жолға емес, белгісіздеу жанама жолға түсті. 
Махажжаның сол жағымен Фулуққа, одан Ақыққа 
қарай бет алды. 
Сырттай қарағанда бәрі дұрыс еді. Ешкім көрмеді. 
Алайда бәрін білетін Алламул-ғуюб Аллаһтан 
ешкімнің еш нәрсені жасыра алмасы анық. Мәдина 


251
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
тағы да Жәбірейіл-әминмен құрметке бөленді. Періште 
хаттың хабарын жеткізді. 
Хазірет Жәбірейілден жағдайдың егжей-тегжейіне 
қаныққан Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
дереу 
жанына хазірет Али мен хазірет Зүбәйірді шақырып, 
«Дереу жолға шығыңдар» деді. – Біздің Меккеге жолға 
шығуға жиналып жатқан хабарымызды барып айтуға 
жолға шығып, Хатыбтың берген хатын апара жатқан 
әлгі әйелге тездетіп жетіңдер!
Аллаһ елшісі осыны ғана айтып қоймай, әлгі 
әйелді Хан бақшаларының тұсында кезіктіретіндерін 
де оларға хабарлады. 
Бұйрықты алған екі сахаба суыт жолға шығып, хазі-
рет Хатыбтың хатын апара жатқан әлгі әйелді расын-
да да айтылған жерде қуып жетті. Алаңдаушылықты 
артқа тастап жайбарақат кетіп бара жатқан Сара 
күтпеген жерден аттылардың қуып келгенін көргенде 
есі шығып кетті. Келе сала екі кісі хатты сұрады. Әйел 
бірақ жұмған аузын ашпады. Хазірет Али мен Зүбәйір 
әйелді көлігінен түсіріп, жүктерін тінтіп қарай баста-
ды, бірақ хатты таба алмады. Барлық жерді қарады, 
бірақ хат табылар емес. Осыдан кейін хазірет Али түсін 
суытып әлгі әйелге былай деді: – Аллаһқа ант етейін, 
Расулаллаһтың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
аузынан ешқашан 
өтірік сөз шыққан емес. Біз де саған өтірік айтатын 
адамдар емеспіз. Ендеше, не сен өзіңнің разылығыңмен 
хатты бізге тауып бер, не біз сені шешіндіріп тінтісек 
те ол хатты таппай қоймаймыз. 
Әйелдің жүрегі аузына келді. Маңайда өзіне 
көмек беретіндей де ешкім жоқ. Мәселе ушығып 
барады. Өзі тауып бермесе де мына екеуі бәрібір хатты 
таппай қоймайды. Әуелі: – Арырақ тұрыңдар, – деді 


252
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
де, шаштарының арасына тыққан хатты алып хазірет 
Алиге берді. 
Хатты ала сала Мәдинаға құстай ұшқан екеуі 
хатты апарып Пайғамбарымызға ұстатты. Әуелі алды 
да Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оқыды. Хатта 
Меккеліктерге Расулаллаһтың қалың қолмен шығатын 
хабары жазылыпты. Дереу хазірет Хатыбты жанына 
шақырды: – Әй, Хатыб! – деп дауыстады. – Не үшін 
бұндай әрекетке бардың?
Онсыз да істеген қателігін біліп, ұяттан өртене 
жаздаған хазірет Хатыб пайғамбар төресінің алдында 
кірерге тесік таппай: – Уа, расулаллаһ, – деді, – Аллаһқа 
ант етейін, жүрегім Аллаһ пен елшісіне деген иманға 
тола. Сенімім де өзгермеді, көздеген басқа мақсатым да 
жоқ. Бала-шағам мен туыстарым Меккеліктердің ара-
сында. Басқа жақыны жоқ адам ретінде оларға алдын 
ала ескерткім келді. 
Хазірет Хатыбты тыңдаған Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
: – Бұл сендерге расын айтып отыр, – деді. 
Жіберген қателігі сол, ешкіммен ақылдаспауы әрі жеке-
дара өзінше әрекет етуі еді. Жалпыға қатысты мәселеде 
жеке өзі шешім қабылдап, нәтижесі баршаға қатысты 
сындарлы сәтте ойланбастан асығыстық жасады. 
Бұл жағдай хазірет Омардың ашуын туғызғаны 
сөзсіз. Сондықтан ол: – Аллаһ жаныңды алғыр! – деді 
дүрсе қоя беріп, – Расулаллаһтың бүкіл жолдарға 
бақылау орнатқанын біле тұра қалай сен Құрайышқа 
хат жазып, оларға ескерткің келді?! Сөйтті де 
Пайғамбарымызға бұрылып: – Маған рұқсат етіңіз, 
бұның басын шауып тастайын, өйткені ол екіжүзді 
болды, – деді арынын баса алмай. Алайда Расулаллаһ 
олай ойламады. Мейіріммен хазірет Омарға қарап: – 
Қайдан білесің, әй, Омар? Аллаһ Бәдір күні Бәдірге 


253
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
қатысқан ерлерге қарап «Ендігі жерде сендер 
қалағандарыңды істеңдер, бәріңді кешірдім» демеп пе 
еді? Бұны қайда қоясың? 
Мәселенің мән-жайы белгілі болғанда, дереу кері 
шегіне білетін хазірет Омар осы сөзді естігенде тәуба 
етіп, көзіне жас алды. Өйткені хазірет Хатыб Бәдір 
шайқасына қатысқан сахабаның бірі еді. Мәселенің 
басқа қырлары да болатын, хазірет Омар олардың бәрін 
біле бермейтін. Көп өтпей Аллаһ елшісіне Жәбірейіл 
періште келіп, бұндай жағдайда не істеу керектігін 
білдірді
102

Бәдірдің арыстандарының бірі хазірет Хатыб 
осылайша көктен үкім түсуіне себеп болды. Соның 
дәнекерлігімен жалпыға қатысы бар мәселеде 
адамдардың жеке пікірімен әрекет етпеуі қажеттігіне 
өткір мысал бола білді. 
Пайғамбарымыздың бұл мәселеде тағы бір 
сақтығы бар еді: сахабалардан Әбу Қатада ибн Рабиды 
басшылығына жасақ беріп, Шам жолы бойындағы 
Батны-Изам деп аталатын бағытқа жіберді. Ондағы 
көздегені дайындық жасап жатқан әскер сол бағытқа 
барады екен деген ой туындату болатын. Бұл Меккеге 
бет алмақ деген хабарларды теріске шығару үшін жа-
салды. Бұл уақытта барлық жаққа шабармандар жіберіп 
хабар салды: – Аллаһ пен елшісіне иман еткендердің 
барлығы Рамазан айының келуімен Мәдинада дайын 
болсын! 
Сахабалар топ-топ күйде Мәдинаға қарай ағылып 
жатты. Әбу Инаба құдығының басына жиылып, 
келгендердің бәрі сонда орналасып, қозғалуға бұйрық 
күтті. Бұл кезде Хассан ибн Сабит секілді ақындар 
өлеңдерімен сахабалардың көңіліне дем беріп, Аллаһ 
102
«Мүмтахина» сүресі, 60-1-3. 


254
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
дұшпандарына қарсы соғыстарда әскерлерге керекті 
жігерді жанып, өлеңдерін оқып жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет