МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет86/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   155
Әбу Суфиян Мәдинада
Қайта жолға шыққан Әбу Суфиян Мәдинаға жетті. 
Күні кешеге дейін өзі өкшелеп аңду салған адамдарға 
бүгін енді жалынышты болып бармақ, екі араны 
жұмсартуға тырыспақ. Ол үшін әуелі туыстық жағын 
алға тартқысы келді. Қызы Үммү Хабиба анамыздың 
қасына келіп, бір орындыққа отырмақ болғанда, тосын 
қимылға тап болды. Үммү Хабиба ол орындықты 
былай алып, әкесін отырғызбады. Туған қызы бола 
тұра, әкесінен Расулаллаһты артық көрді. Әбу Суфиян 
таңғала қызына қарап: – Әй, қызым, – деді. – Сонда сен 
осы орындықты маған лайық көрмей тұрсың ба, жоқ, 
ол орындыққа мені лайық көрмей тұрсың ба? Үммү 
Хабибаның берген жауабы Әбу Суфиянның таңғалысын 
98
Жолда кетіп бара жатып, Усфан деген жерде Бүдайл ибн Уарақаға 
жолықты. Олардың өздерінен бұрын Мәдинаға хабар жіберіп-
жібермегенін білу үшін қанша әрекет жасап көрсе де нәтиже шығара 
алмайды. Соңында қолындағы таяқпен түйелерінің тезегін түртіп 
көріп, арасынан ажуа деп аталатын құрма мен құс тұмысығы деп 
аталатын құрма сүйектерін байқағанда,олардың Мәдинадан келгенін 
біледі. Ибн Хишам, Сира, 5/50; Уақиди, Мағази, 1/792; Табари, Тарих, 
2/154. 


244
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
одан әрмен асырды. Қызы: – Орындыққа сені лайық 
көрмедім. Өйткені ол орындыққа расулаллаһ отыра-
тын.Сен болсаң мүшрік әрі нәжіс адамсың. Осы себепті 
сенің Расулаллаһтың орындығына отырғаныңды 
қаламадым. 
Әбу Суфиян әлі де таңданысын бас алмады. – 
Әй, қызым, – деді содан соң. – Менен кейін оңбай 
жамандыққа ұрыныпсың. 
Қызы: – Жоқ, әке, қайта керісінше Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
мені Исламның абыройына бөледі. 
Сен болсаң, әй, әкешім, әлі күнге меңіреу тасқа табы-
нып келесің. 
Әбу 
Суфиян 
қызының 
жібімесін 
білді. 
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасына барғысы 
келді. Мешітте екен. Жанына барды да: – Уа, Мұхаммед! 
– деді, – Мен Хұдайбия келісіміне қатыспағанмын. Кел, 
сол келісімді жаңалайық та, мерзімін ұзартайық. 
Ештеңе болмағандай келісімді жаңалап, мерзімді 
ұзартуды сұрап тұрған оған пайғамбарлар падишасы: 
– Әй, Әбу Суфиян, сен шынымен осы үшін келдің 
бе? – деді. 
– Иә, – деді Әбу Суфиян. 
Расулаллаһ оны негізгі мәселеге тартқысы келіп: 
– Бұған дейін бір оқиғаға шатыстарың болмап па еді? 
– деп болған жайттарды құлақ қағыс етті. Осыған 
қарамастан Әбу Суфиян: – Аллаһ сақтасын, – деді. – Біз 
әлі де Хұдайбияда қол қойған келісімді ұстанып отыр-
мыз. Оны өзгертпек те, бұзбақ та емеспіз. 
Сөзбұйдалықпен осы айтқаннан асырып ештеңе 
айтпады. Хұзалықтардың қайғысын естіп, жолдаста-
рын сөккен, Мекке жуандарымен отырып жағдайды 
талқыға салған, содан кейін кесімді сөзін айтып 
мұсылмандардың елшісі хазірет Дамраны Мәдинаға 


245
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
жолға салған, артынан келісімді бұзғандары үшін 
алаңдап, Мәдинаға осыны жаңалау үшін келіп отырған 
тура Әбу Суфиян емес секілді. Келісімді бұза тұра 
әлі де Хұдайбия келісімін ұстанып отырғандарын 
айтуда еді. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бұрылып: 
– Негізі Хұдайбия келісімін ұстанып отырған, 
бұзбағандар біздерміз, – деді. Қайта-қайта Хұдайбия 
келісімін жаңалауды сөз етіп, Хұзалықтарға істеген 
айуандықтары туралы жақ ашпаған Әбу Суфиянның 
бұл қылығын ұнатпады әрі ендігі сөзді артық деп білді. 
Сндықтан сөзді бұдан ары созбау үшін орнынан тұрды 
да кетіп қалды. 
Меккенің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс 
құдіретті билеушісі Әбу Суфиянның дегені болма-
ды. Дереу хазірет Әбу Бәкірдің қасына жүгірді, ұқсас 
жайттарды оған да айтып, Пайғамбарымызды соған 
көндіруді өтінді. Алайда одан да оң нәтиже болма-
ды. Сол күні Әбу Суфиян хазірет Омар, Осман, Али, 
Сағыд ибн Үбада бастаған Ансар мен Мұһажирлердің 
алдыңғы қатарлы кісілеріне жеке-жеке жолықса да, 
дегеніне жете алмады
99
.
Соңғы рет хазірет Алидың қасына келіп: – Уа, 
Әбал-Хасан, – деді. – Байқаймын, іс насырға шауып 
бара жатқан сияқты. Тым болмаса маған бір пікір 
қосып, жөн сілте?
– Уаллаһи, бүгін сені құтқаратындай жағдайды 
көре алмай тұрмын, – деп бастады сөзі хазірет Али. 
Артынан оның Бәни Кинаның басшысы болып-
99
Сол күні тауы шағылып, тауаны қайтқан Әбу Суфиян үмітін үзгісі 
келмей Пайғамбарымыздың қызы, хазірет Алидың жары Фатима 
анамызға да барып жолығып, әкесімен мәмілеген келуге ықпал етуін 
өтінеді. Бірақ ол дегені де іске аспайды. Тіпті сол күні әлі бала хазірет 
Хасаннан да араға дәнекерлік жасауын өтінуге дейін барады. Ибн Хи-
шам, Сира, 5/51; Табари, Тарих, 2/154; Сүхәйл, Раудул-ұнф, 4/148. 


246
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
болмағанын сұрады. «Иә, мен олардың басшымын» 
деді Әбу Суфиян. 
Хазірет Али оған мынандай ұсыныс айтты: – Онда 
бар да, халыққа Бәни Кинаны қорғауыңа алғаныңды 
жар сал. Сөйт те еліңе қайт. 
– Бұның маған пайдасы болады деп ойлайсың 
ба? – деп сұрады Әбу Суфиян. Үмітсіз еді, бірақ басқа 
шарасы қалмады. Суға кетіп тал қармағанның кейпі еді 
бұл. Хазірет Али де бұны білді, сөйте тұра: – Жоқ, – 
деді, – бірақ сенің бұдан басқа шараң қалмады.
Ұхыдта атой салып, Бәдірде қайта кездесуді 
талап еткен, адам салып Расулаллаһты өлтіруге 
әрекет жасаған, Хандақта кәкір-шүкірді жиып келіп, 
Пайғамбарымызға шабуыл жасаған Әбу Суфиянның 
салы суға кетті. Үміт күтіп тағы да мешітке келді. 
Соңғы әрекетін жасамақ адамша: – Уа, халайық! – деді, 
– Естеріңде болсын, мен олардың арасын жарастыру 
үшін қорғауыма алдым. Уаллаһи, бұл мәселеде ешкім 
менің келісімімді аяққа таптамас деп ойлаймын. 
Іле соңғы рет Аллаһ елшісінің қасына барып: – Уа, 
Мұхаммед! – деді, – Адамдардың арасын жарастыру 
үшін оларды мен қорғауыма алдым. 
Келуін келгенмен, ішкі үнін сыртқа шығармастан, 
тек құрайышты ойлап, басына келетін жағдайлардан 
сенімді болғысы келді. Бұған қоса, бүгін бұл сөзді 
айтқанмен ертең осы сөзде нық тұратындай жағдайы да 
жоқ еді. Уәдеден таюды әдетке айналдырған адамның 
бұдан кейінгі сөзіне сенім жоқ. Тіпті Әбу Суфиян 
уәдесінде тұрғанның өзінде Меккеліктердің бір пікірге 
тоқталуы қиын еді. Сол үшін пайғамбарлар мырзасы 
оған қарап: – Бұны өзің ғана айтудасың, әй, Әбу Ханза-
ла, – деді. Бұл оның соңғы сөзі еді.


247
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Бұдан кейін орын алуы мүмкін жағдайлардың ауыр 
салмағын сезінген Әбу Суфиянға Меккеге қайтудан 
басқа жол қалмады. Түйесіне мінді де Меккеге бет 
алды
100



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет